"CUPRUM MINING GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәуренқұлов Бақыт Бекетбайұлының өтінішін қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 68/05 "CUPRUM MINING GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы" келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Е. Темиров |
| Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "10" желтоқсандағы №112/02 қаулысына қосымша |
|
| Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "21" шілдедегі №68/05 қаулысына қосымша |
Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 шілдедегі № 2063-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
№№ | Кадастрлық нөмір | Участкенің орналасқан жері | Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га |
1. | 09-137-037-024 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "ЕвразияИнвест Ltd" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 178,8074 |
2. | 09-137-037-101 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Лега" фермер қожалығы | 222,033 |
3. | 09-137-037-119 | Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Нуртилеу" фермер қожалығы | 31,769 |
БАРЛЫҒЫ | 432,6094 |
