"Марал Ресорсез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылдың 11 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Марал Ресорсез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм жер қоры жерінен жалпы алаңы 8407,2173 гектар және Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мал айдау жолы жерінен жалпы алаңы 3841,6269 жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2031 жылдың 11 наурызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Марал Ресорсез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Карентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады