ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 628-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің "Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | Ш. Байбеков |
| Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 08 желтоқсандағы № 32/218-VIІI шешімімен бекітілді |
Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Арнаулы су пайдалану түрі (өлшем бірлігі) | ||||||
Өзендер, көлдер бассейні | Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (теңге/1000 текше метр) | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп (теңге/1000 текше метр) | Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр) | Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары (теңге/1000 текше метр) | Гидроэнергетика (теңге/1000 кВт.сағат) | Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр) |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні |
|
|
|
|
|
|
Ертіс өзені бассейні |
|
|
|
|
|
|