Абай облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 30/200-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Абай облысында ортақ су пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Абай облысында ортақ су пайдалану ережелерін белгілеу туралы" Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 28/188-VIII шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы Ш. Байбеков

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу қорғау және
пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл
бассейндік инспекциясы" РММ-нің басшысы
____________________ С. Мейрамбеков
2025 жылғы "_____" _____________
"Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі Су ресурстарын реттеу,
қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу қорғау және
пайдалану жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы" РММ-нің басшысы
____________________ М. Жәдігерұлы
2025 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің Абай облысы бойынша
экология департаментінің басшысы
____________________ С. Сарбасов
2025 жылғы "_____" _____________
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
комитетінің Абай облысы бойынша
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысы
____________________ Н. Ноғайбаев
2025 жылғы "_____" _____________

  Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 30/200-VIII шешімімен
бекітілді

Абай облысында ортақ су пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Абай облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 14 шілдедегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36443 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және тұлғалардың Абай облысында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      5. Абай облысының қалалар мен аудандар әкімдіктері жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2) су объектілерін ластау және кірлету;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.

Об утверждении правил общего водопользования в области Абай

Решение маслихата области Абай от 30 сентября 2025 года № 30/200-VIII

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан, пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года № 171 "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36443), маслихат области Абай РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила общего водопользования в области Абай.

      2. Отменить решение маслихата области Абай от 25 июня 2025 года № 28/188-VIII "Об установлении правил общего водопользования в области Абай".

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата области Абай Ш. Байбеков

 

      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель РГУ "Балхаш-Алакольская
бассейновая инспекция по регулированию,
охране и использованию водных ресурсов
Комитета по регулированию, охране и
использованию водных ресурсов
Министерства водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан"
____________________ С. Мейрамбеков
"_____" _____________ 2025 года
Руководитель РГУ "Ертисская бассейновая
инспекция по регулированию, охране и
использованию водных ресурсов Комитета
по регулированию, охране и использованию
водных ресурсов Министерства водных ресурсов
и ирригации Республики Казахстан"
____________________ М. Жәдігер ұлы
"_____" _____________ 2025 года
Руководитель Департамента
экологии по области Абай Комитета
экологического регулирования и контроля
Министерства экологии и природных
ресурсов Республики Казахстан
____________________ С. Сарбасов
"_____" _____________ 2025 года
Руководитель Департамента
санитарно-эпидемиологического
контроля области Абай Комитета
санитарно-эпидемиологического контроля
Министерства здравоохранения
Республики Казахстан
____________________ Н. Ногайбаев
"_____" _____________ 2025 года

  Утверждены решением
маслихата области Абай
от 30 сентября 2025 года
№ 30/200-VIII

Правила общего водопользования в области Абай

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования в области Абай (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан, пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" от 11 июля 2015 года № 171 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36443) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования в области Абай на водных объектах общего пользования.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Акиматы городов и районов области Абай для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивают беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяют места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3) определяют участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивают информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, местными исполнительными органами устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе государственных органов и должна быть доступной к ознакомлению путем установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

      8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.