"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) және 14-9) тармақшаларына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалықының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді камтамасыз етсін.
3. "Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Абай облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
| Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы "19" желтоқсандағы № 220 қаулысына қосымша |
Абай облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар
р/с№ | Аса тапшы медициналық мамандықтар атауы |
1. | Жалпы дәрігерлік практика |
2. | Терапия |
3. | Педиатрия |
4. | Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
5. | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
6. | Неврология (ересектер, балалар) |
7. | Неонатология |
8. | Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) |
9. | Жалпы хирургия |
10. | Травматология-ортопедия (ересектер, балалар |
11. | Радиология |
12. | Пульмонология (ересектер, балалар) |
13. | Кардиология (ересектер, балалар) |
14. | Балалар хирургиясы |
