"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі "Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" № 322 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4773 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қарасай ауданынң экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. Сейдақматовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің м.а. | Б. Ақылбек |
