"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
3. "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдансын.
4. "Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар атқарылуы тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № А-9/307 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Степногорск қаласының әкімі | Г.Қасенов |
| Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № А – 10/342 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері
№ р/с | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 |
Аумақты абаттандыру: |
2 |
Абаттандыру объектілерін жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар: |
3 |
Экологиялық жұмыстар: |
4 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі жұмыстар: кіреберістерді, жертөлелерді, шатырларды тазалау және ұсақ жөндеу; тұрғын үй қорын және үй маңындағы аумақтарды бояу және қалпына келтіру; |
5 | Әлеуметтік мекемелерде, қала ұйымдарында және кәсіпорындарда қосалқы жұмыстар. |
6 | Уәкілетті жергілікті атқарушы орган айқындайтын және арнайы кәсіптік даярлауды талап етпейтін қоғамдық жұмыстардың өзге де түрлері. |
| Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № А – 10/342 қаулысына 2-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиісті ұйымдардың тізбесі
№ р/с | Ұйымның атауы |
1 | "ARB-СпецМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
2 | "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Степногорск-су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |