Об утверждении Правил подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 20 июля 2026 года № 134. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июля 2026 года № 39362

      В соответствии с подпунктом 65-26) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – Правила).

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа, представление информации об исполнении в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

  Утверждены приказом
Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
  от 20 июля 2026 года № 134

Правила подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 65-26) статьи 7 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) подушевой норматив финансирования в детско-юношеской спортивной школе – норматив финансового обеспечения гарантированной государственной стоимости обучения в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – ДЮСШ);

      2) объем подушевого нормативного финансирования в государственных ДЮСШ – гарантированный минимум финансирование расходов на одного обучающегося государственного ДЮСШ, определяемых исходя из подушевого норматива финансирования;

      3) государственный заказ в детско-юношеской спортивной школе – объем услуг, финансируемый государством в государственных детско-юношеских спортивных школах (далее – государственный заказ).

      3. Объем подушевого нормативного финансирования в государственных ДЮСШ определяется в соответствии с приказом Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 10 июля 2026 года № 120 "Об утверждении Методики подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 39274) (далее – Методика).

      4. Контингент государственной ДЮСШ – спортсмены, зачисленные приказом руководителя в постоянный состав в соответствии с приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 ноября 2014 года № 106 "Об утверждении перечня видов физкультурно-спортивных организаций и правил их деятельности, в которых осуществляется учебно-тренировочный процесс по подготовке спортивного резерва и спортсменов высокого класса" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10012).

      УчҰт фактического контингента государственных ДЮСШ осуществляется посредством цифровой платформы физической культуры и спорта.

Глава 2. Порядок подушевого нормативного финансирования в государственных детско-юношеских спортивных школах

      5. Подушевое нормативное финансирование в государственных ДЮСШ реализуется за счет средств местного бюджета в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.

      6. Подушевое нормативное финансирование в государственных ДЮСШ осуществляется местными исполнительными органами столицы, областей, городов республиканского значения, в пределах индивидуального плана финансирования или заключенных договоров на размещение государственного заказа на ежемесячной основе в объеме, рассчитанном за обучающихся, получивших указанные услуги в текущем месяце.

      7. Подушевое нормативное финансирование в государственных ДЮСШ осуществляется в следующем порядке:

      1) ДЮСШ в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения – ежемесячно согласно индивидуальным планам финансирования;

      2) ДЮСШ, созданные в форме государственного предприятия ежемесячно в пределах заключенного договора на оказание услуг в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственных закупках" в следующих объемах:

      с января по август – пропорционально плановому годовому контингенту;

      с сентября по декабрь – пропорционально фактическому среднегодовому контингенту.

      8. Изменение объема подушевого нормативного финансирования государственных ДЮСШ из местного бюджета в текущем финансовом году допускается только в случае изменения подушевого норматива финансирования и (или) при уточнении фактического контингента обучающихся, путем перерасчета в соответствии с Методикой.

Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 21 шілдеде № 39362 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 20 шілдедегі
№ 134 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-26) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (бұдан әрі – БЖСМ) оқытудың мемлекеттік кепілдендірілген құнын қаржылай қамтамасыз ету нормативі;

      2) БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне сәйкес айқындалатын, мемлекеттік БЖСМ-нің бір білім алушыға жұмсалатын шығыстарды қаржыландырудың кепілдендірілген ең төменгі мөлшері;

      3) балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).

      3. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі "Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39274 болып тіркелген) сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Әдістеме).

      4. Мемлекеттік БЖСМ контингенті – "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес, басшының бұйрығымен тұрақты құрам контингентіне қабылданған спортшылар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген).

      Мемлекеттік БЖСМ-нің нақты контингентін есепке алу дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылады.

2 тарау. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      5. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ай сайынғы негізде, қаржыландырудың жеке жоспары немесе мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы жасалған шарттар шегінде, ағымдағы айда көрсетілген қызметтерді алған білім алушылар саны бойынша есептелген көлемде жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы БЖСМ – ай сайын қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес;

      2) мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған БЖСМ – ай сайын Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қызмет көрсетуге жасалған шарт шегінде мынадай көлемдерде:

      қаңтардан тамызға дейін – жоспарлы жылдық контингентке пропорционалды;

      қыркүйектен желтоқсанға дейін – нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.

      8. Ағымдағы қаржы жылында жергілікті бюджеттен мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін өзгертуге жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі өзгерген және (немесе) білім алушылардың нақты контингенті нақтыланған жағдайда ғана, Әдістемеге сәйкес қайта есептеу жолымен рұқсат беріледі.