Об утверждении Правил и условий внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов с казахским языком обучения, нуждающихся в дополнительной языковой поддержке

Приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 29 мая 2026 года № 143-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2026 года № 38855

      В соответствии с подпунктом 42-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов с казахским языком обучения, нуждающихся в дополнительной языковой поддержке.

      2. Комитету среднего образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр просвещения
Республики Казахстан
Ж. Сулейменова

  Утверждены приказом
Министр просвещения
Республики Казахстан
от 29 мая 2026 года
№ 143-НҚ

Правила и условия внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов на казахском языке обучения, нуждающихся в дополнительной поддержке языка обучения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов на казахском языке обучения, нуждающихся в дополнительной поддержке языка обучения, разработаны в соответствии с подпунктом 42-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок и условия внедрения адаптационной программы для обучающихся первых классов на казахском языке обучения, нуждающихся в дополнительной поддержке языка обучения (далее – Адаптационная программа).

      2. Адаптационная программа реализуется педагогами, владеющими методиками преподавания казахского языка как языка обучения в рамках государственного общеобязательного стандарта начального образования, утвержденного приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 "Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 29031).

      3. Адаптационная программа реализуется через внеклассные занятия или классные часы с использованием реальных жизненных коммуникативных ситуаций, направленных на формирование практических навыков общения (в организации среднего образования, семье и общественных местах).

      4. Занятия проводятся в соответствии с приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 24 февраля 2026 года № 47-НҚ "Об утверждении адаптационной программы для обучающихся первых классов на казахском языке обучения, нуждающихся в дополнительной поддержке языка обучения".

      5. Организация образования обеспечивает информирование родителей или иных законных представителей обучающихся о:

      1) целях, задачах и содержании Адаптационной программы;

      2) порядке и условиях реализации Адаптационной программы;

      3) результатах освоения Адаптационной программы обучающимися.

      Информирование родителей или иных законных представителей обучающегося осуществляется посредством родительских собраний, консультаций, а также иных форм взаимодействия, не противоречащих законодательству Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок внедрения Адаптационной программы

      6. Адаптационная программа вводится по:

      1) заявлению родителей или иных законных представителей обучающегося;

      2) рекомендации педагога с письменного согласия родителей или иных законных представителей.

      7. Родители или иные законные представители обучающегося подают заявление в письменной форме на имя руководителя организации среднего образования.

      Руководитель организации среднего образования рассматривает заявление родителей или иных законных представителей обучающегося и в течение 3 (трех) рабочих дней доводит принятое решение до сведения родителей или иных законных представителей обучающегося.

      8. Педагог осуществляет наблюдение за адаптацией обучающихся первого класса к образовательному процессу посредством оценки понимания и навыков устной, письменной речи (начальный, базовый, средний) с использованием простых коммуникативных заданий.

      9. При выявлении обучающегося, нуждающегося в дополнительной языковой поддержке, педагог:

      1) составляет письменную рекомендацию о возможности зачисления обучающегося в Адаптационную программу;

      2) доводит указанную рекомендацию до сведения родителей или иных законных представителей обучающегося.

      10. По результатам рассмотрения заявлений родителей или иных законных представителей обучающихся, а также рекомендаций педагогов (при наличии письменного согласия родителей или иных законных представителей обучающихся) формируется список обучающихся, подлежащих зачислению в Адаптационную программу, и утверждается приказом руководителя организации среднего образования.

      11. Адаптационная программа реализуется в течение соответствующего учебного года в соответствии с планом и графиком, утвержденными руководителем организации среднего образования.

      12. Решение о досрочном прекращении участия обучающегося в Адаптационной программе до окончания учебного года принимается по заявлению родителей или иных законных представителей обучающегося.

      13. Организация среднего образования на основании заявления родителей или иных законных представителей обучающегося издает приказ о досрочном прекращении участия обучающегося в Адаптационной программе.

Глава 3. Условия реализации Адаптационной программы

      14. Адаптационная программа осуществляется при соблюдении следующих условий:

      1) наличие утвержденного списка обучающихся, зачисленных в Адаптационную программу;

      2) наличие плана и графика реализации Адаптационной программы, утвержденных приказом руководителя организации среднего образования;

      3) создание благоприятной образовательной среды, способствующей развитию коммуникативных навыков обучающихся;

      4) использование учебных и методических материалов, соответствующих целям и задачам Адаптационной программы;

      5) взаимодействие педагогов с родителями или иными законными представителями обучающихся по вопросам реализации Адаптационной программы.

Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 143-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 маусымда № 38855 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2026 жылғы 29 мамырдағы
№ 143-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру қағидалары мен шарттары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын ендіру тәртібі мен шарттарын (бұдан әрі – Бейімдеу бағдарламасы) айқындайды.

      2. Бейімдеу бағдарламасын "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қазақ тілін оқыту тілі ретінде оқыту әдістемесін меңгерген педагогтер іске асырады.

      3. Бейімдеу бағдарламасы сыныптан тыс сабақтар немесе сынып сағаттары арқылы қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған нақты өмірлік коммуникативтік жағдаяттарды (орта білім беру ұйымында, отбасында және қоғамдық орындарда) пайдалана отырып іске асырылады.

      4. Сабақтар "Оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығына сәйкес өткізіледі.

      5. Білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін:

      1) Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары, міндеттері және мазмұны;

      2) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру тәртібі мен шарттары;

      3) білім алушылардың Бейімдеу бағдарламасын меңгеру нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

      Білім алушылардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін хабардар ету ата-аналар жиналыстары, консультациялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де өзара іс-қимыл нысандары арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Бейімдеу бағдарламасын енгізу тәртібі

      6. Бейімдеу бағдарламасы:

      1) білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;

      2) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда, педагогтің ұсынымы негізінде енгізіледі.

      7. Білім алушының ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері орта білім беру ұйымы басшысының атына жазбаша өтініш береді.

      Орта білім беру ұйымының басшысы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне хабарлайды.

      8. Педагог бірінші сынып білім алушыларының білім беру процесіне бейімделуін қарапайым коммуникативтік тапсырмаларды пайдалана отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуді түсінуі мен дағдыларын (бастапқы, базалық, орта) бағалау арқылы бақылауды жүзеге асырады.

      9. Қосымша тілдік қолдауды қажет ететін білім алушы анықталған жағдайда педагог:

      1) білім алушыны Бейімдеу бағдарламасына қабылдау мүмкіндігі туралы жазбаша ұсыным ресімдейді;

      2) аталған ұсынымды білім алушының ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне жеткізеді.

      10. Білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініштерін, сондай-ақ педагогтердің ұсынымдарын (білім алушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша келісімі болған жағдайда) қарау нәтижелері бойынша Бейімдеу бағдарламасына қабылдауға жататын білім алушылардың тізімі құрылады және орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      11. Бейімдеу бағдарламасы тиісті оқу жылы ішінде орта білім беру ұйымы басшысы бекіткен жоспар мен кестеге сәйкес іске асырылады.

      12. Оқу жылы аяқталғанға дейін білім алушының Бейімдеу бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде қабылданады.

      13. Білім беру ұйымы білім алушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде білім алушының Бейімдеу бағдарламасына қатысуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

3-тарау. Бейімдеу бағдарламасын іске асыру шарттары

      14. Бейімдеу бағдарламасы мынадай шарттар орындалған кезде жүзеге асырылады:

      1) Бейімдеу бағдарламасына қабылданған білім алушылардың бекітілген тізімінің болуы;

      2) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру жоспары мен кестесінің орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілуі;

      3) білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал ететін қолайлы білім беру ортасының құрылуы;

      4) Бейімдеу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін оқу-әдістемелік материалдардың пайдаланылуы;

      5) Бейімдеу бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша педагогтердің білім алушылардың ата-аналарымен немесе өзге де заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы.