Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 348-VIII ҚРЗ.

      2026 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім ("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

  Бейресми аударма
  ҚАРЫЗ НӨМІРІ 99390-KZ

Қарыз туралы келісім

("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

және

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ

ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

      Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі ("Банк") арасындағы Бағдарламаны (осы Келісімге 1-қосымшада айқындалғандай) қолдау үшін қаржыландыруды ұсыну мақсатында қол қойылған күні қолданыста болатын келісім. Банк осы қаржыландыруды ұсыну туралы шешімді, атап айтқанда мыналардың: (і) Қарыз алушы Бағдарлама шеңберінде қабылдаған және осы Келісімге 1-қосымшаның І.А бөлімінде сипатталған іс-қимылдар; және (іі) Қарыз алушының макроэкономикалық саясаттың барабар шеңберін сақтауы негізінде қабылдады. Осылайша Қарыз алушы мен Банк осы арқылы төмендегілер туралы келіседі:

I бап

Жалпы шарттар. Анықтамалар

      1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге толықтырудағы анықтамаға сәйкес) осы Келісімге қолданылады және оның бір бөлігі болып табылады.

      1.02. Егер мәнмәтіннен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын, бас әріппен жазылған терминдер оларға Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге толықтыруда берілген мағынаға ие болады.

II бап

Қарыз

      2.01. Банк Қарыз алушыға ¥ 92316000000 (тоқсан екі миллиард үш жүз он алты миллион) жапон йені мөлшеріндегі соманы (бұдан әрі - Қарыз) беруге келісті, көрсетілген соманы Валютаны конвертациялау арқылы кезең-кезеңімен конвертациялауға болады.

      2.02. Қарыз бойынша біржолғы комиссия Қарыз сомасының төрттен бір пайызын (0,25 %) құрайды.

      2.03. Қарыз қаражатын резервке қою үшін комиссия жылына Қарыздың алынбаған қалдығының төрттен бір пайызын (0,25 %) құрайды.

      2.04. Пайыздық мөлшерлеме референттік мөлшерлеме сомасына және ауыспалы спредке немесе конвертациялағаннан кейін қолданылуы мүмкін осындай мөлшерлемеге тең; Жалпы шарттардың 3.02 (е) бөліміне сәйкес айқындалады.

      2.05. Әр жылдың 15 сәуірі мен 15 тамызы төлем күндері болып табылады.

      2.06. Қарыздың негізгі сомасы Жалпы шарттардың 3.03-бөліміне және осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес өтеледі.

      2.07. Жалпы шарттардың 5.05-бөлімінің ережелерін шектемей, Қарыз алушы II баптың ережелеріне қатысты осындай ақпаратты Банкке жедел беруге тиіс, оны Банк кезең-кезеңімен негіздеп сұратуы мүмкін.

III бап

Бағдарлама

      3.01. Қарыз алушы өзінің Бағдарламаға және оның орындалуына бейілді екенін мәлімдейді. Осы мақсатта және Жалпы шарттардың 5.05-бөлімі негізінде:

      (a) Қарыз алушы мен Банк кез келген тараптың сұрау салуы бойынша Қарыз алушының макроэкономикалық саясаты және Бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізілген прогресс жөнінде кезең-кезеңімен пікір алмасып отыруға тиіс;

      (b) әрбір осындай пікір алмасу алдында Қарыз алушы Банкке қарау және комментарийлер беру үшін Бағдарламаны орындау барысында қол жеткізілген прогресс туралы есепті Банк негіздеп сұрата алатындай егжей-тегжейлеп беруге тиіс; сондай-ақ

      (c) осы бөлімнің (а) және (b) тармақтарын шектемей, Қарыз алушы Банкке Бағдарлама мақсатының айтарлықтай өзгеруіне алып келетін кез келген жағдай немесе осы Келісімге 1-қосымшаның I бөлімінде көрсетілген кез келген іс-қимылды қоса алғанда, Бағдарлама шеңберінде қолданылатын кез келген іс-қимыл туралы жедел хабарлауға тиіс.

IV бап

Банкті құқықтық қорғау шаралары

      4.01. Іс-қимылды тоқтата тұрудың қосымша жағдайы мынаны: Бағдарламаны немесе оның елеулі бөлігін орындау екіталай болатын ахуалдың туындауын қамтиды.

      4.02. Жеделдетудің қосымша оқиғасы мыналардан тұрады, атап айтқанда осы Келісімнің 4.01-бөлімінде көрсетілген оқиға Банк Қарыз алушыға оқиға туралы хабарлама жібергеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде орын алады және жалғасады.

V бап

Күшіне ену. Бұзу

      5.01. Күшіне енудің қосымша шарты мынадай: Банк Қарыз алушы Бағдарламаны орындау барысында қол жеткізген прогреске және Қарыз алушының макроэкономикалық саясатының дұрыстығына қанағаттанады.

      5.02. Қол қойылған күннен кейін 180 (бір жүз сексен) күн өткен соң басталатын күн күшіне енетін соңғы мерзім болып табылады.

VI бап

Өкіл. Мекенжайлар

      6.01. Қарыз алушының өкілі - оның Қаржы министрі.

      6.02. Жалпы шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін:

      (a) Қарыз алушының мекенжайы:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      Қазақстан Республикасы

      Астана, 010000

      Мәңгілік Ел даңғылы, 8; және

      (b) Қарыз алушының электрондық мекенжайы:

      Факс: 7 (7172) 750201

      6.03. Жалпы шарттардың 10.01-бөлімінің мақсаттары үшін:

      (a) Банктің мекенжайы:

      Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі

      Америка Құрама Штаттары

      Вашингтон, Колумбия округі, 20433

      1818 Н, N.W. көшесі; және

      (b) Банктің электрондық мекенжайы:

      Телекс:      Факс:

      248423(МСІ) немесе 1-202-477-6391

      64145(МСІ)

  Қол қойылған күні
  КЕЛІСІЛДІ
  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
  Уәкілетті өкіл
  Аты және тегі: Мәди Такиев Лауазымы: Қаржы министрі
  Күні: 2026 жылғы 20 мамыр
  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ ҮШІН
  Уәкілетті өкіл
  Аты және тегі: Андрей Михнев
  Лayазымы: Қазақстандағы тұрақты өкіл
  Күні: 2026 жылғы 20 мамыр

1-ҚОСЫМША

Бағдарламаның қолданылуы. Қарыз қаражатының қолжетімділігі

I бөлім. Бағдарлама шеңберіндегі іс-қимылдар

      А. Бағдарлама шеңберінде қабылданған іс-қимылдар. Бағдарлама шеңберінде Қарыз алушы қабылдаған іс-қимылдар мынаны қамтиды:

I компонент. Неғұрлым экологиялық және тиімді энергетиканы дамыту

      1. Елде жаңартылатын энергетиканы одан әрі дамыту үшін Қарыз алушы үшінші тараптарға жаңартылатын көздерден энергияны жеке үлестірілген өндіруге ашық және бәсекеге қабілетті кол жетімділікті ұсынды, бұл туралы № 96-VIII Заңда және № 328, 349 және 350 бұйрықтарда көрсетілген.

      2. Энергетикалық субсидияларды алып тастау және тарифтік базаны нығайту үшін Қарыз алушы шығындарды толық өтеу деңгейіне жетудің жаңа әдіснамасына сәйкес электр энергиясының тарифтеріне жүйелі түрде түзету енгізді, бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хатында көрсетілген.

      3. Энергетикалық субсидияларды алып тастау және тарифтік базаны нығайту үшін Қарыз алушы шығындарды толық өтеу деңгейіне жетудің жаңа әдіснамасына сәйкес жылу тарифтеріне жүйелі түрде түзету енгізді, бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хатында көрсетілген.

      4. Энергия тиімділігін арттыру үшін Қарыз алушы энергия сыйымдылығы ең жоғары бірінші деңгейдегі тұтынушылар үшін энергия тиімділігінің нысаналы көрсеткіштерін қатаңдата отырып, энергияны үнемдеуге қойылатын неғұрлым қатаң стандарттар мен талаптарды қабылдады, бұл туралы № 322 бұйрықта көрсетілген.

      5. Шығарындыларға арналған квоталармен сауда жүйесі ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті (ҰДАҮ) орындауға ықпал етуі үшін Қарыз алушы: (а) ҰДАҮ нысаналы көрсеткішіне сәйкес келетін 2026 - 2030 жылдарға арналған шығарындылардың шекті мәндерінің жиынтығын жариялады, бұл туралы Үкіметтің № 1209 қаулысында көрсетілген; және (б) шығарындылардың өлшенуін және есептілікті тексеру процесін күшейту үшін нормативтік актілерді жаңартты, бұл туралы № 49 бұйрықта көрсетілген.

II компонент: Цифрлық және қаржы нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сатып алудың ашық практикасын ілгерілету

      6. Кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және цифрландыруға деген сенімді арттыру үшін Қарыз алушы: (а) "Байланыс туралы" № 86-VIII Заңға сәйкес көппәтерлі үйлердегі кең жолақты қолжетімділік желілері үшін инфрақұрылымды бірлесіп пайдалануды міндеттеді; (б) дербес деректер иелері мен операторларға дербес деректердің бұзылуы туралы хабарлау құқығын енгізді және уәкілетті органдарды қозғалған дербес деректер иелеріне хабар беруді міндеттеді, бұл туралы № 44-VIII Заңда көрсетілген; және (с) жасанды интеллект жүйелерінің иелері мен операторларын деректерді пайдаланушыларды деректерді автоматтандырылған өңдеу туралы хабар беруге және мұндай өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігін беруге міндеттейді, бұл туралы № 231-VIII Заңда көрсетілген.

      7. Кредиттік нарықтағы сәйкессіздіктерді азайту және өнімді кредиттеуді ынталандыру үшін Қарыз алушы Үкіметтің № 400 "жасыл" жобаларды атаулы қолдауды сақтай отырып, мемлекеттік қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қайта құрылымдау туралы қаулысын шығарды.

      8. Мемлекеттік сатып алу практикасының ашықтығын күшейту үшін Қарыз алушы: (а) электрондық сатып алу жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға арналған келісімшарттарды ұтып алатын фирмалардың бенефициар иелері туралы ақпаратты ашуды міндеттей отырып, Мемлекеттік сатып алу қағидаларына түзетулер енгізді, бұл туралы № 687 бұйрықта және 243-нұсқалы электрондық сатып алу жөніндегі нұсқауда көрсетілген; және (б) жаңа Мемлекеттік сатып алу туралы заңды қабылдау арқылы климаттық жағдайлар, сондай-ақ жеке сектордың қатысуын кеңейту ескерілетін сатып алудың орнықты практикасын қабылдады.

III компонент: Халықтың кедей тобын қорғау және өңірлік дамуды қолдау

      9. Әлеуметтік қорғау жүйелерінің қамтуын, олардың инклюзивтілігін және атаулы болуын кеңейту үшін Қарыз алушы: (а) тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарды әлеуметтік қорғау бағдарламаларына, оның ішінде цифрлық технологияларға көшу есебінен қатысуға өтінімдер беру рәсімдерін жеңілдетті, бұл туралы № 97 бұйрықта көрсетілген; және (б) кірістердегі өңірлік айырмашылықтарды ескере отырып, іріктеу өлшемшарттарын кеңейту арқылы аз қамтылған үй шаруашылықтарына арналған атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына қолжетімділікті кеңейтті, бұл туралы № 473 бұйрықта көрсетілген.

      10. Агломерациялық аймақтарды дамыту үшін Қарыз алушы: (а) әрекет ететін агломерациялық кеңестер құрды және 3 (үш) агломерациялық аймақта (Астана, Алматы және Қарағанды) кешенді даму жоспарларын бекітті, бұл туралы Үкіметтің № 486, 71, 136 және 1226 қаулыларында көрсетілген; және (b) бюджет ресурстарын агломерациялық жобаларды қаржыландыру үшін пайдалануда қалаларға және іргелес аумақтарға үлкен дербестік беру үшін Бюджет кодексіне түзетулер енгізді, бұл туралы 2025 жылға арналған Бюджет кодексінде көрсетілген.

      11. Суды үнемдеуді жақсарту және климаттың өзгеруіне бейімделуді қолдау үшін Қарыз алушы нормативтік рұқсаттар негізінде су ресурстарын басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Су кодексін қолданысқа енгізді, бұл туралы Су кодексінде көрсетілген.

II бөлім. Қарыз қаражатына қолжетімділік

      A. Жалпы ережелер. Қарыз алушы осы бөлімнің және Қарыз алушыны хабардар ету арқылы Банк көрсететін қосымша нұсқаулықтардың ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады.

      B. Қарыз қаражатын бөлу. Қарыз біржолғы транш түрінде бөлінеді, одан Қарыз алушы қарыз қаражатын ала алады. Осы мақсат үшін Қарыз сомасын белу мынадай кестеде көрсетілген:

Қаражат бөлу

Бөлінген қарыз сомасы (жапон йенімен көрсетілген)

Біржолғы транш

92316000000

Жалпы сома

92316000000

      C. Траншты бөлу шарттары. Біржолғы транш түріндегі қаражатты Банк: (а) Қарыз алушы іске асырып жатқан Бағдарламаға; (b) Қарыз алушының тиісті макроэкономикалық саясатына қанағаттанбайынша, алу мүмкін болмайды.

      D. Жабылу күні. Жабылу күні - 2027 жылғы 31 тамыз.

2-ҚОСЫМША

Міндеттемелерге байланысты өтеу графигі

      Қарыз алушы қарыздың негізгі сомасын қарыз бойынша негізгі борышты төлеу күндері және негізгі борышты төлеудің әрбір күніне төленуге тиіс қарыздың жалпы сомасының пайызы ("Төлем үлесі") көрсетілген мынадай кестеге сәйкес өтеуге міндетті.

      Негізгі соманы тең үлестермен өтеу

Негізгі соманы өтеу шотына төлемдер күні

Төлем үлесі

2031 жылғы 15 сәуірден бастап 2036 жылғы 15 сәуір аралығында әрбір 15 сәуірде және 15 қазанда

8,33 %

2036 жылғы 15 қазан

8,37 %

ТОЛЫҚТЫРУ

1-бөлім. Анықтамалар

      1. "2025 жылға арналған Бюджет кодексі" 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін білдіреді.

      2. "243-нұсқалы электрондық сатып алу жөніндегі нұсқау" 2025 жылғы 20 маусымда жаңартылған Мемлекеттік электрондық сатып алу жөніндегі нұсқауды білдіреді.

      3. "Жалпы шарттар" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы "Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің даму саласындағы саясатын қаржыландыру үшін Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің жалпы шарттарын" білдіреді (соңғы рет 2025 жылғы 1 шілдеде қайта қаралған).

      4. "Үкіметтің № 71 қаулысы" "Қарағанды агломерациясын дамытудың 2025 - 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 71 қаулысын білдіреді.

      5. "Үкіметтің № 136 қаулысы" "Астана агломерациясын дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы" 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 649 және "Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 649 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 37 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 136 қаулысын білдіреді.

      6. "Үкіметтің № 1226 қаулысы" "Алматы агломерациясын дамытудың 2024 - 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1226 қаулысын білдіреді.

      7. "Үкіметтің № 486 қаулысы" "Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 маусымдағы № 486 қаулысын білдіреді.

      8. "Үкіметтің № 1209 қаулысы" "2035 жылға дейін климаттың өзгеруіне жаһандық ден қоюға Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1209 қаулысын білдіреді.

      9. "Үкіметтің № 400 қаулысы" "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 қаулысын білдіреді.

      10. "№ 44-VIII Заң" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 44-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.

      11. "№ 231 Заң" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 қарашадағы № 231-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.

      12. "№ 96-VII Заң" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 19 маусымдағы № 96-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.

      13. "№ 86-VIII Заң" "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалык актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 21 мамырдағы № 86-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.

      14. "Табиғи монополияларды реттеу комитетінің хаты" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары 2026 жылғы 27 қаңтарда қол қойған, 2026 жылғы 30 қаңтардағы хатпен толықтырылған хатты білдіреді.

      15. "№ 117 бұйрық" "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 97 бұйрығын білдіреді.

      16. "№ 322 бұйрық" "Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 663 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 322 бұйрығын білдіреді.

      17. "№ 473 бұйрық" "Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 473 бұйрығын білдіреді.

      18. "№ 49 бұйрық" "Валидациялау мен верификациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы № 49 бұйрығын білдіреді.

      19. "№ 633 бұйрық" "Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 663 бұйрығын білдіреді.

      20. "№ 687 бұйрық" "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығын білдіреді.

      21. "№ 328, 349 және 350 бұйрықтар" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің мынадай:

      (a) "Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 328;

      (b) "Ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 349; және

      (c) "Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сатудың үлгілік шартын бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 350 бұйрықтарын білдіреді.

      22. "Бағдарлама" Қарыз алушы Банкке Бағдарламаны орындау бойынша өз міндеттемелері туралы мәлімдейтін және Банктен оның орындалуын қолдауға жәрдем көрсетуді сұрайтын, Қарыз алушының Банкке жазған 2026 жылғы 9 ақпандағы хатында айқындалған немесе сілтеме жасалатын мақсаттар, саяси шаралар мен іс-қимылдар бағдарламасын білдіреді және онда қабылданған, оның ішінде осы Келісімге 1-қосымшаның I бөлімінде көрсетілген іс-қимылдар және Бағдарламаның мақсаттарына сәйкес қабылдануы қажет іс-қимылдар қамтылады.

      23. "Мемлекеттік сатып алу туралы заң" "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII Қазақстан Республикасының Заңын білдіреді.

      24. "Қол қойылған күн" Қарыз алушы мен Банк осы Келісімге қол қойған екі күннің неғұрлым кешірек күнін білдіреді және мұндай анықтама Жалпы шарттарда "Қарыз туралы келісім күні" деген барлық атап өтуге колданылады.

      25. "Біржолғы транш" осы Келісімге 1-қосымшаның II бөлімінің В бөлігінде келтірілген кестеде "Біржолғы транш" санаты бойынша бөлінген Қарыз сомасын білдіреді.

      26. "Су кодексі" 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII Қазақстан Республикасының Су кодексін білдіреді.

      Осымен 2026 жылғы 20 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімнің ("Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі" даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) осы аудармасы ағылшын тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын.

      Вице-министр Д. Кеңбеил

О ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития "Инклюзивный и устойчивый рост экономики") между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития

Закон Республики Казахстан от 14 июля 2026 года № 348-VIII ЗРК.

      Ратифицировать Соглашение о займе (Второй заем на финансирование политики развития "Инклюзивный и устойчивый рост экономики") между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития, совершенное в Астане 20 мая 2026 года.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ

      Неофициальный перевод

      НОМЕР ЗАЙМА 99390-КZ

Соглашение о займе

      Второй заем на финансирование политики развития
"Инклюзивный и устойчивый рост экономики")
между

      РЕСПУБЛИКОЙ КАЗАХСТАН

      и

      МЕЖДУНАРОДНЫМ БАНКОМ

      РЕКОНСТРУКЦИИ И РАЗВИТИЯ

Соглашение о займе

      Соглашение, действующее на дату подписания, между Республикой Казахстан ("Заемщик") и Международным Банком Реконструкции и Развития ("Банк") с целью предоставления финансирования в поддержку Программы (как определено в приложении 1 к настоящему Соглашению). Банк принял решение о предоставлении данного финансирования, в частности, на основании: (i) действий, которые Заемщик уже предпринял в рамках Программы и которые описаны в разделе I.A приложения 1 к настоящему Соглашению; и (ii) соблюдения Заемщиком адекватных рамок макроэкономической политики. Таким образом, Заемщик и Банк настоящим соглашаются о нижеследующем:

Статья I

Общие условия. Определения

      1.01. Общие условия (согласно определению в дополнении к настоящему Соглашению) применяются к настоящему Соглашению и являются его частью.

      1.02. Если из контекста не следует иное, то используемые в настоящем Соглашении термины, начинающиеся с заглавных букв, имеют значения, приписываемые им в Общих условиях или дополнении к настоящему Соглашению.

Статья II

Заем

      2.01. Банк соглашается предоставить Заемщику сумму в размере ¥ 92316000000 (девяносто два миллиарда триста шестнадцать миллионов) японских йен, указанная сумма может периодически конвертироваться посредством Конвертации валюты (далее - Заем).

      2.02. Единовременная комиссия по Займу составляет одну четверть процента (0,25 %) от суммы Займа.

      2.03. Комиссия за резервирование средств Займа составляет одну четверть процента (0,25 %) в год от неснятого остатка Займа.

      2.04. Процентная ставка равна сумме референтной ставки и переменному спреду или такой ставке, которая может применяться после конвертации; определяется в соответствии с разделом 3.02 (е) Общих условий.

      2.05. Датами платежей являются 15 апреля и 15 октября каждого года.

      2.06. Основная сумма Займа погашается в соответствии с разделом 3.03 Общих условий и приложением 2 к настоящему Соглашению.

      2.07. Не ограничивая положения раздела 5.05 Общих условий, Заемщик должен оперативно представлять Банку такую информацию, касающуюся положений статьи II, которую Банк может периодически обоснованно запрашивать.

Статья III

Программа

      3.01. Заемщик заявляет о своей приверженности Программе и ее выполнению. С этой целью и на основании раздела 5.05 Общих условий:

      (а) Заемщик и Банк должны периодически по запросу любой из сторон обмениваться мнениями по макроэкономической политике Заемщика и прогрессу, достигнутому при выполнении Программы;

      (b) перед каждым таким обменом мнениями Заемщик должен предоставить Банку для рассмотрения и комментариев отчет о прогрессе, достигнутом в ходе выполнения Программы, с такой детализацией, которую Банк может обоснованно запросить; а также

      (c) без ограничения пунктов (а) и (b) настоящего раздела Заемщик должен оперативно информировать Банк о любой ситуации, которая повлечет ( существенное изменение целей Программы или любое действие, предпринимаемое в рамках Программы, включая любое действие, указанное в разделе I приложения 1 к настоящему Соглашению.

Статья IV

Меры правовой зашиты банка

      4,01. Дополнительный случай приостановления действия включает следующее: возникновение ситуации, в которой выполнение Программы или ее значительной части становится маловероятным.

      4.02. Дополнительное событие ускорения состоит в следующем, а именно в том, что событие, указанное в разделе 4.01 настоящего Соглашения, происходит и продолжается в течение 30 (тридцать) дней после того, как Банк направил Заемщику уведомление о событии.

Статья V

Вступление в силу. Расторжение

      5.01. Дополнительное условие вступления в силу заключается в следующем: Банк удовлетворен прогрессом, достигнутым Заемщиком в холе выполнения Программы, и правильностью макроэкономической политики Заемщика.

      5.02. Крайним сроком вступления в силу является дата, наступающая по истечении 180 (сто восемьдесят) дней после даты подписания.

Статьи VI

Представитель. Адреса

      6.01. Представителем Заемщика является его Министр финансов.
      6.02. Для целей раздела 10.01 Общих условий:
      (a) адрес Заемщика:
      Министерство финансов Республики Казахстан
      Республика Казахстан
      Астана, 010000
      Проспект Мангилик Ел, 8; и
      (b )электронный адрес Заемщика:
      Факс: 7(7172)750201
      6.03. Для целей раздела 10.01 Общих условий:
      (a) адрес Банка:
      Международный Банк Реконструкции и Развития
      Соединенные Штаты Америки
      Вашингтон, округ Колумбия, 20433
      Улица 1818 Н, N.W.; и
      (b) электронный адрес Банка:
      Телекс:       Факс:
      248423(МС1) или 1-202-477-6391
      64145(МС1)

      СОГЛАСОВАНО на дату подписания

      ЗА РЕСПУБЛИКУ КАЗАХСТАН
______________________________
Уполномоченный представитель

      Имя и фамилия: Мади Такиев
Должность: Министр финансов
Дата: 20 мая 2026 года

      ЗА МЕЖДУНАРОДНЫЙ БАНК

      РЕКОНСТРУКЦИИ И РАЗВИТИЯ
_______________________________
Уполномоченный представитель

      Имя и фамилия: Андрей Михнев

      Должность: Постоянный представитель
в Казахстане

Дата: 20 мая 2026 года

      ПРИЛОЖЕНИЕ 1

      Действия программы. Доступность средств Займа

      Раздел I. Действия в рамках Программы

      А. Действия, предпринятые в рамках Программы Действия, предпринятые Заемщиком в рамках Программы, включают следующее:

      Компонент I: Развитие более экологичной и эффективной энергетики

      1. Для дальнейшего развития возобновляемой энергетики в стране Заемщик предоставил третьим сторонам прозрачный и конкурентоспособный доступ к частному распределенному производству энергии из возобновляемых источников, о чем свидетельствуют Закон № 96-VIII и приказы № 328. 349 и 350.

      2. Для отмены энергетических субсидий и укрепления тарифной базы Заемщик ввел систематическую корректировку тарифов на электроэнергию в соответствии с новой методологией для достижения уровня полного возмещения затрат, о чем свидетельствует письмо Комитета по регулированию естественных монополий.

      3. Для отмены энергетических субсидий и укрепления тарифной базы Заемщик ввел систематическую корректировку тарифов на отопление в соответствии с новой методологией для достижения уровня полного возмещения затрат, о чем свидетельствует письмо Комитета по регулированию естественных монополий.

      4. Для повышения энергоэффективности Заемщик принял более строгие стандарты и требования к энергосбережению, ужесточив целевые показатели энергоэффективности для потребителей первого уровня с самой высокой энергоемкостью, о чем свидетельствует Приказ № 322.

      5. Чтобы система торговли квотами на выбросы способствовала выполнению определяемого на национальном уровне вклада (ОНУВ), Заемщик: (а) объявил набор предельных значений выбросов на 2026-2030 годы, которые соответствуют целевому показателю ОНУВ, о чем свидетельствует Постановление Правительства № 1209; и (б) обновил нормативные акты для усиления процесса проверки измерений выбросов и отчетности, о чем свидетельствует Приказ № 49.

      Компонент II: Повышение конкурентоспособности на цифровых и финансовых рынках и продвижение прозрачной практики закупок

      6. Чтобы повысить эффективность телекоммуникационной инфраструктуры для предоставления услуг широкополосного доступа и повысить доверие к цифровизации. Заемщик: (а) обязал к совместному использованию инфраструктуры для сетей широкополосного доступа в многоквартирных домах, о чем свидетельствует Закон № 86-VIII "О связи"; (б) ввел право для владельцев персональных данных и операторов сообщать о нарушениях персональных данных и обязывает уполномоченные органы информировать затронутых владельцев персональных данных, о чем свидетельствует Закон № 44-VIII; и (с) обязывает владельцев и операторов систем искусственного интеллекта информировать пользователей данных об автоматизированной обработке данных и предоставлять возможность возражать против такой обработки, о чем свидетельствует Закон № 231-VIII.

      7. Чтобы снизить перекосы на кредитном рынке и стимулировать продуктивное кредитование. Заемщик издал Постановление Правительства № 400 о реструктуризации субсидирования процентных ставок в рамках государственных программ финансовой поддержки, сохранив при этом адресную поддержку "зеленых" проектов.

      8. Для усиления прозрачности практики государственных закупок Заемщик: (а) внес поправки в Правила государственных закупок, обязав раскрывать информацию о бенефициарных владельцах фирм, которые выигрывают контракты на государственные закупки через систему электронных закупок, о чем свидетельствуют Приказ № 687 и Руководство по электронным закупкам версии 243; и (б) принял устойчивую практику закупок, учитывающую климатические условия, а также расширение участия частного сектора, путем принятия нового Закона о государственных закупках.

      Компонент III: Защита бедных слоев населения н поддержка регионального развития

      9. Для расширения охвата, инклюзивности и адресности систем социальной защиты Заемщик: (а) упростил процедуры подачи заявок на участие в программах социальной защиты жилищно-коммунальных предприятий, в том числе за счет перехода на цифровые технологии, о чем свидетельствует Приказ № 97; и (б) расширил доступ к программе адресной социальной помощи для малоимущих домохозяйств путем расширения критериев отбора с учетом региональных различий в доходах, о чем свидетельствует Приказ № 473.

      10. Для развития агломерационных зон Заемщик: (а) создал действующие агломерационные советы и утвердил комплексные планы развития в 3 (три) агломерационных зонах (Астана. Алматы и Караганда), о чем свидетельствуют постановления Правительства № 486, 71, 136 и 1226; и (b) внес поправки в Бюджетный кодекс, чтобы предоставить городам и прилегающим территориям большую автономию в использовании бюджетных ресурсов для финансирования агломерационных проектов, о чем свидетельствует Бюджетный кодекс на 2025 год.

      11. Для улучшения водосбережения и поддержки адаптации к изменению климата Заемщик ввел в действие Водный кодекс, который позволяет осуществлять управление водными ресурсами на основе нормативных разрешений, о чем свидетельствует Водный кодекс.

Раздел II. Доступность средств Займа

      А. Общие положения. Заемщик может снимать средства Займа в соответствии с положениями настоящего раздела и тех дополнительных инструкций, которые укажет Банк путем уведомления Заемщика.

      В. Выделение средств Займа. Заем выделяется в виде единовременного транша, из которого Заемщик может снимать заемные средства. Выделение сумм Займа для данной цели указано в следующей таблице:

Выделение средств
 

Сумма выделенного займа (выражена в японских йенах)

Единовременный транш

92316000000

Общая сумма

92316000000

      С. Условия выделения транша. Средства в виде единовременного транша не могут быть сняты до тех пор, пока Банк не будет удовлетворен: (а) Программой, реализуемой Заемщиком; (b) надлежащей макроэкономической политикой Заемщика.

      D. Дата закрытия. Датой закрытия является 31 августа 2027 года.

      ПРИЛОЖЕНИЕ 2

      Привязанный к обязательствам график погашения

      Заемщик обязан погасить основную сумму займа в соответствии со следующей таблицей, в которой указаны даты выплаты основного долга по займу и процент общей суммы займа, подлежащий выплате на каждую дату выплаты основного долга ("Доля платежа").

      Погашение основной суммы равными долями

Дата платежей в счет погашения основной суммы

Доля платежа

Каждое 15 апреля и 15 октября, начиная с 15 апреля 2031 года по 15 апреля 2036 года

8,33%

15 октября 2036 года

8,37%

ДОПОЛНЕНИЕ

Раздел 1. Определения

      1. "Бюджетный кодекс на 2025 год" означает Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 15 марта 2025 года № 171-VIII.

      2. "Руководство по электронным закупкам версии 243" означает Руководство по государственным электронным закупкам, обновленное 20 июня 2025 года.

      3. "Общие условия" означают "Общие условия Международного Банка Реконструкции и Развития для финансирования политики Международного Банка Реконструкции и Развития в области развития" от 14 декабря 2018 года (последний раз пересматривались 1 июля 2025 года).

      4. "Постановление Правительства № 71" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2025 года № 71 "Об утверждении Комплексного плана развития Карагандинской агломерации на 2025 - 2029 годы".

      5. "Постановление Правительства № 136" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 29 февраля 2024 года № 136 "Об утверждении Комплексного плана развития Астанинской агломерации на 2024 -2028 годы и признании утратившими силу постановлений Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2021 года № 649 "Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития населенных пунктов, прилегающих к городу Астане, до 2025 года" и от 25 января 2023 года № 37 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2021 года № 649 "(Об утверждении Комплексного плана социально-экономического развития населенных пунктов, прилегающих к городу Нур-Султану, до 2023 года".

      6. "Постановление Правительства № 1226" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2023 года № 1226 "Об утверждении Комплексного плана развития Алматинской агломерации на 2024 - 2028 годы".

      7. "Постановление Правительства № 486" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2023 года № 486 "Об утверждении перечня и состава агломераций".

      8. "Постановление Правительства № 1209" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2025 года № 1209 "Об утверждении определяемого на национальном уровне вклада Республики Казахстан в глобальное реагирование на изменение климата до 2035 года".

      9. "Постановление Правительства № 400" означает постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2025 года № 400 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2024 года № 754 "О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства".

      10. "Закон № 44-VIII" означает Закон Республики Казахстан от 11 декабря 2023 года № 44- VIII "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информационной безопасности, информатизации и цифровых активов".

      11. "Закон № 231" означает Закон Республики Казахстан от 17 ноября 2025 гола № 231-VIII "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам искусственного интеллекта и цифровизации".

      12. "Закон № 96- VIII" означает Закон Республики Казахстан от 19 июня 2024 года № 96- VIII "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам поддержки использования возобновляемых источников энергии и электроэнергетики".

      13. "Закон № 86-VIII" означает Закон Республики Казахстан от 21 мая 2024 года № 86-VIII "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам связи, цифровизации, улучшения инвестиционного климата и исключения излишней законодательной регламентации".

      14. "Письмо Комитета по регулированию естественных монополий" означает письмо, подписанное замести гелем Председателя Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 27 января 2026 года, дополненное письмом от 30 января 2026 года.

      15. "Приказ № 117" означает приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 13 марта 2024 года № 97 "О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      16. "Приказ № 322" означает приказ исполняющего обязанности Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 10 сентября 2024 года № 322 "О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 ноября 2022 года № 663 "Об установлении целевых индикаторов по энергоэффективности для субъектов Государственного энергетического реестра, потребляющих энергетические ресурсы в объеме, эквивалентном пятидесяти тысячам и более тонн условного топлива в год".

      17. "Приказ № 473" означает приказ Министра груда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 декабря 2024 года № 473 "О внесении изменений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 19 мая 2023 года № 160 "Об определении размера черты бедности".

      18. "Приказ № 49" означает приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 февраля 2024 года № 49 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 14 января 2022 года № 12 "Об утверждении Правил проведения валидации и верификации".

      19. "Приказ № 633" означает приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 ноября 2022 года № 663 "Об установлении целевых индикаторов по энергоэффективности для субъектов Государственного энергетического реестра, потребляющих энергетические ресурсы в объеме, эквивалентном пятидесяти тысячам и более тонн условного топлива в год".

      20. "Приказ № 687" означает приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 687 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок".

      21. "Приказы № 328, 349 и 350" означают приказы Министра энергетики Республики Казахстан:

      (а) от 19 сентября 2024 года № 328 "О внесении изменении в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 309 "Об утверждении Правил купли-продажи электроэнергии от нетто-потребителей";

      (b) от 30 сентября 2024 года № 349 "Об утверждении Правил подключения к электрическим сетям и эксплуатации маломасштабных объектов"; и

      (c) от 30 сентября 2024 года № 350 "Об утверждении типового договора купли-продажи электрической энергии у нетто-погребителей".

      22. "Программа" означает программу целей, мер политики и действий, которые определены или на которые делается ссылка в письме Заемщика Банку от 9 февраля 2026 года, где Заемщик заявляет Банку о своих обязательствах по выполнению Программы и просит Банк об оказании содействия в поддержку ее выполнения, и которая включает в себя предпринятые действия, в том числе указанные в разделе I приложения 1 к настоящему Соглашению, и действия, которые необходимо предпринять в соответствии с целями Программы.

      23. "Закон о государственных закупках" означает Закон Республики Казахстан от 1 июля 2024 года № 106- VIII "О государственных закупках".

      24. "Дата подписания" означает более позднюю из двух дат, в которую Заемщик и Банк подписали настоящее Соглашение, и такое определение применяется ко всем упоминаниям "дата Соглашения о займе" в Общих условиях.

      25. "Единовременный транш" означает сумму Займа, выделенную по категории "Единовременный транш" в таблице, приведенной в части В раздела II приложения 1 к настоящему Соглашению.

      26. "Водный кодекс" означает Водный кодекс Республики Казахстан от 9 апреля 2025 года № 178-VIII.

      Настоящим удостоверяю, что данный перевод соответствует тексту Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития "Инклюзивный и устойчивый рост экономики") между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития на английском языке, совершенного 20 мая 2026 года в Астане.

      Вице-Министр Д. Темирбеков