ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне:
1) 129-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы ", ұсынбалы" деген сөз алып тасталсын;
жетінші бөлік алып тасталсын;
2) 132-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
3) 134-баптағы "бағалы қағаз бойынша және ордерлiк бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтіруді іс жүргізу заңдарында" деген сөздер "ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіруді процестік заңнамада" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 156-баптың 4-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 262-бап алып тасталсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
765-баптың 7-тармағының 1) тармақшасындағы және 830-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 82-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі "3) тармақшасында" деген сөздер "3) және 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы "экстремизмге" деген сөз "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға, сондай-ақ экстремизмге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 138-баптың 57) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 279-баптың 9) тармақшасындағы "көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі" деген сөздер "жоғалған ордерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 302-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасындағы "бағалы қағаздарды көрсетуші тұлғаның жоғалған бағалы қағаздар және", "(шақырту ісін жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы" деген сөздер тиісінше "жоғалған", "бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы (шақырту ісін жүргізу)" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 46-тараудың тақырыбындағы "Көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және" деген сөздер "Жоғалған" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 368-баптың бірінші бөлігіндегі "Көрсетушіге берілетін бағалы қағазды немесе ордерлік" деген сөздер "Ордерлік" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 370-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "көрсетушіге берілетін жоғалған бағалы қағаздар және" деген сөздер "жоғалған" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 12-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 1-тармағының 14) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы және 343-баптың 17-тармағының бірінші абзацындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 123-1) тармақшамен толықтырылсын:
"123-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
2) 33-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацындағы "беделі жоқ адам тағайындалмайды." деген сөздер "беделі жоқ;" деген сөздермен ауыстырылып, екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 55-баптың 4-тармағының 7) тармақшасындағы, 62-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы және 63-баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 24-2) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландырудың", "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың", ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Қазақстан Республикасында қалқа-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.";
3) 2-баптың 13) тармақшасы "актісінің болмауын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 17-1-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі он жетінші абзацтағы "болуы негіз болып табылады." деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздер болып табылады.".
9. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 22) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-3-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 10-тармағының 3) тармақшасындағы "және кірістерді" деген сөздер "және қылмыстық жолмен алынған кірістерді" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. "Қаржы лизингі туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
16. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", ", терроримзді қаржыландырудың" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 12) тармақшасы "актісінің болмауын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 26-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
"3-3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;";
4) 55-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "немесе терроризмді қаржыландырумен" деген сөздер ", терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын.
17. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
41-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган коммерциялық емес ұйымдардың күдікті операцияларына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан талдау мен мониторингті және "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де шараларды жүргізеді.".
18. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
19. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігі "актісінің болмауын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын" деген сөздермен толықтырылсын.
20. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 63) тармақшасы "актісінің болмауын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 51-баптың 4-тармағының 3-2) тармақшасындағы "немесе терроризмді қаржыландырумен" деген сөздер ", терроризмді қаржыландырумен немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 72-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған өтініш беруші заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіз болып табылады.".
21. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 3-тармағында:
16) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландырғаны" деген сөздер ", терроризмді қаржыландырғаны және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырғаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) және 18) тармақшалардағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-2-баптың 5-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 3-1-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. "Ойын бизнесі туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 16-тармағында:
1) тармақша "адам" деген сөзден кейін ", оның ішінде өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісі болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды)." деген сөздер "заңды тұлға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен жақын туыстары бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).".
25. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 9-тармағының 6) және 7) тармақшаларындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
27. "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
2) 4-3-баптың 7) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мінсіз іскерлік беделі жоқ адам брокер және дилер бола алмайды.";
4) 24-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
28. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы";
2) кіріспедегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1-бапта:
1) тармақшадағы "немесе терроризмді" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2), 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру – берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрінің химиялық, бактериологиялық (биологиялық), радиологиялық, ядролық және уытты қаруды және (немесе) оны жеткізу құралдарын таратуды қаржыландыру үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның жеке тұлғаға не тұлғалар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызметтер түрін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
3-3) жария лауазымды адам:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;
лауазымды адам;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам;
мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;
шет мемлекеттiң заң шығарушы, атқарушы, әкiмшiлiк, сот органдарына немесе қарулы күштеріне тағайындалатын немесе сайланатын, онда қандай да бiр лауазымды атқаратын адам;
шет мемлекет үшiн қандай да бiр жария функцияны орындайтын адам;
халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде мемлекеттер құрған ұйымдарда басшы лауазымын атқаратын адам;
3-4) жеке кабинет – пайдаланушының (қаржы мониторингі субъектісінің) уәкілетті органның Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде бөлінген байланыс арналарындағы, оның пайдаланушыларының (қаржы мониторингі субъектілерінің) уәкілетті органмен электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін профилі;
3-5) заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылым – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие болуына не болмауына қарамастан, дербес ұйымдық-құқықтық нысандар ретінде қаралатын қор, серіктестік, траст, компания, әріптестік, ұйым немесе басқа да корпоративтік құрылым;";
мынадай мазмұндағы 3-6), 3-7) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-6) заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға арналған мемлекеттік дерекқор;
3-7) заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз маман – заң қызметтерін дербес те, әріптес немесе заң көмегін көрсететін кәсіпкерлік субъектісімен еңбек шартының негізінде жұмыскер ретінде де көрсететін жеке тұлға;";
"4-1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі – қаржы мониторингі субъектісінде күдікті операцияларды жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге де мүлік қылмыстық әрекеттен, терроризмді қаржыландырудан және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудан түскен кіріс болып табылады деген күдік туындайтын, клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын екі және одан көп күдікті операцияларының жиынтығы;";
11-1) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
мынадай мазмұндағы 11-4), 11-5) және 11-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-4) скорингтік модуль – клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру тәуекелі үшін әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты қамтитын, қаржы мониторингі субъектілері ерікті негізде пайдаланатын автоматтандырылған жүйе;
11-5) тәуекелдерді секторлық бағалау – қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингі субъектілерінің құралдары мен көрсетілетін қызметтерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында пайдалануға бейімділік тұрғысынан сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүргізетін бағалау;
11-6) тәуекелдерді ұлттық бағалау – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерінің деңгейлері мен мүмкіндіктерін Қазақстан Республикасында жиналған деректерді талдау тәсілімен айқындау;";
4) 2-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.";
5) 2-1-баптың бүкіл мәтіні бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 2-2-бапта:
тақырып "Осы Заңның" деген сөздерден кейін "негізгі" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші абзац "мынадай" деген сөзден кейін "негізгі" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 3-баптың 1-тармағында:
2) тармақша ", қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
20) тармақшадағы "тұлғалар жатады." деген сөздер "тұлғалар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
"21) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы;
22) ұялы байланыс операторлары жатады.";
8) 4-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) егер операция сомасы 1 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 1 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
бәс тігуді, ойын мекемелерiнде құмар ойынын және лотереяны, оның ішінде электрондық нысанда өткізу нәтижелері бойынша қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз нысандарда ұтыс алу;
мәдени құндылықтарды қолма-қол ақшалай нысанда сатып алу (сату), мәдени құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу не Қазақстан Республикасынан әкету;";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) егер операция сомасы 5 000 000 теңгеге тең, баламалы немесе одан асатын болса не 5 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:";
үшінші абзацта:
"бағалы металдарды және асыл тастарды," деген сөздер алып тасталсын;
"олардан жасалған" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының пайдасына немесе оның атынан клиент ақшамен жасайтын операциялар;
клиент жасайтын, клиенттің пайдасына, клиенттің атынан немесе клиенттер арасында жасалатын цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару;
қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаның және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушысының клиенті жасайтын, клиентінің пайдасына, клиенті атынан немесе клиенттері арасында жасалатын ақшамен операциялар.
Осы тармақшаның жетінші абзацында көзделген талаптар қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналысын жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) цифрлық активтермен байланысты қызметті жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар АХҚО қатысушыларына қолданылады.
Цифрлық активтерді есепке жатқызу немесе аудару кезінде соманың теңгедегі баламасы шетел валютасында тіркелген құны бар цифрлық активті операция жасалған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған валюта айырбастау бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертациялау арқылы, осындай операция жасалған күнгі цифрлық активті айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі;";
екінші абзацтағы "қолма-қол ақша нысанында" деген сөздер "қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда" деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "талап етушіге арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды," деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
8) тармақшадағы "қатысты болса, қаржы мониторингіне жатады." деген сөздер "қатысты болса;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) егер операция сомасы 50 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 50 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса және осы операция өзінің сипаты бойынша мынадай операция түрлерінің біріне жататын болса:
операцияны жасау нәтижесі жылжымалы мүлікке меншік құқығының ауысуы болып табылатын жылжымалы мүлікті сатып алу-сату;
мыналарды:
аффинирленген алтынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өткізу және бағалы металдардың эталондық үлгілерін сатып алу жөніндегі мәмілелерді;
жер қойнауын пайдаланушылардан өндіруге арналған лицензия негізінде өндірілген бағалы металдарды сатып алу жөніндегі мәмілелерді;
бағалы металдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сатуға байланысты мәмілелерді қоспағанда, бағалы металдар мен асыл тастарды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сатып алу-сату;
10) егер клиент қолма-қол ақшасыз нысанда жасайтын, тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәміле бойынша операция сомасы 500 000 000 теңгеге тең немесе одан асатын болса не 500 000 000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомаға тең немесе одан асатын болса, қаржы мониторингіне жатады.";
3-тармақтың екінші бөлігіндегі "кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен" деген сөздер "кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың", "Қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың" деген сөздер тиісінше "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың", "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 5-бапта:
1-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке тұлғаны сәйкестендiру үшін қажеттi мәлiметтердi: жеке сәйкестендіру нөмірін, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректерiн (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi берiлмеген жағдайда), сондай-ақ заңды мекенжайын тiркеп-белгілеу;";
үшінші бөліктегі "кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:
"Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге де көздерден алынған, оның ішінде скорингтік модульде тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру тәртібін айқындайды.";
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру не жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік болған жағдайларды қоспағанда, егер клиент Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, сақтандыру ұйымы болып табылса, банктер, сақтандыру ұйымдары, қор биржалары, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында аталған тұлға туралы мәліметтерді анықтамауға және тіркеп-белгілемеуге құқылы;";
3-1-тармақтың 1) тармақшасы оныншы абзацындағы "аспаса, қолданылмайды." деген сөздер "аспаса;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"клиент – жеке және (немесе) заңды тұлға сақтандыру сыйлықақысын төлеу және міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемін алу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде, қабылданбайды;";
5-тармақтың үшінші бөлігіндегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бүкіл мәтіні бойынша "және терроризмді қаржыландыру", "немесе терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру", ", терроризмді қаржыландыру немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бесінші бөлігіндегі "және терроризмді қаржыландырудың" деген сөздер ", терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың бірінші бөлігі "тауар биржаларын" деген сөздерден кейін ", тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 6-1-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) заңды тұлғаның бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), Қазақстан Республикасы бейрезидентінің жеке басын куәландыратын құжатының деректері, құжаттың түрі, құжатты берген органның атауы (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайда), сондай-ақ туған күні мен жері, тұратын жерінің мекенжайы;";
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 8-бапта:
бірінші бөліктегі "3-2)" деген цифрлар "3-3)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру жағдайларына осы жария лауазымды адамның қатыстылығына байланысты оның беделін бағалауды жүзеге асыруға;";
3-тармақтағы "3-2)" деген цифрлар "3-3)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
12) 9-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде респондент – шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызметінің сипаты, оның ішінде оны тіркеген мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкциялар қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттамамен тiркеп-белгілеуге;";
2) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 10-бапта:
екінші бөліктегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің төртінші абзацындағы "қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді, ақпаратты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамада белгіленген талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды жеке кабинет арқылы ұсынады.
Қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінде:
1) көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау нәтижелері;
2) ішкі бақылау қағидалары;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білуін тестілеуден өткені туралы сертификат болады.
Жеке кабинетті жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат пен мәліметтердің бар-жоғына қарамастан, уәкілетті органның бөлінген байланыс арналарындағы жеке кабинетте тіркелуге міндетті.";
14) мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
"10-1-бап. Клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты жинау
Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты береді, оларда қаржы мониторингі субъектісі, операциялар туралы деректер, сондай-ақ операцияларға қатысушылар, күдікті қызметті айқындау белгілері туралы ақпарат, қаржы мониторингіне жататын күдікті қызмет жөніндегі қосымша ақпарат қамтылады.
Қаржы мониторингі субъектілері клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты клиенттің қызметі күдікті деп танылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру тәртібін және клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін уәкілетті орган қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.";
15) 11-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару және кірістерді заңдастыру (жылыстату)" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац "тауар биржаларын" деген сөздерден кейін ", тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлерді және тауар биржаларының клирингтік орталықтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "уәкілетті орган және тиісті мемлекеттік орган" деген сөздер "уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы "және 18)" деген сөздер ", 18), 21) және 22)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Қаржы мониторингі субъектілері және олардың жұмыскерлері клиенттерге және өзге де тұлғаларға уәкілетті органнан ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен күдікті операциялар жасайтын ұйымдар мен тұлғалардың тізбесін алғаны туралы хабарлауға құқылы емес.";
8-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 11-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау
1. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау Қазақстан Республикасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру қатерлері мен мүмкіндіктерін айқындау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудағы кемшіліктерді анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Тәуекелдерді бағалау тәуекелдерді ұлттық бағалаудан және тәуекелдерді секторлық бағалаудан тұрады.
Тәуекелдерді ұлттық бағалауды уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларының негізінде жүргізеді.
Тәуекелдерді секторлық бағалауды қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасы негізінде жүргізеді. Тәуекелдерге секторлық бағалау жүргізу әдіснамасын қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органдар әзірлейді.
3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректерді жинау жөніндегі әдіснаманы уәкілетті орган бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тәуекелдерге ұлттық бағалау жүргізудің қорытындылары бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекітеді.
4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, олардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды үйлестіру мақсатында уәкілетті орган Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына келісу бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылды осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің ережесі мен құрамын уәкілетті орган бекітеді.
5. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөнінде ұсынымдар жіберуге, сондай-ақ осындай ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін бағалауға құқылы.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) үндеулерін қарайды және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешім қабылдайды.
Уәкілетті орган Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізеді.
6. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есепті қарайды және мақұлдайды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты айқындайды.
Уәкілетті орган қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есепті тиісті мемлекеттік органдарға жібереді, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жариялануға жататын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
7. Қаржы мониторингі субъектілері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау жөніндегі есептен жарияланған ақпаратты, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларына енгізілген бағдарламаларды іске асыру кезінде уәкілетті орган жасаған тұлғалардың тізімдерін ескереді.
Қаржы мониторингі субъектілері:
1) технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелдерін қоса алғанда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалауға, айқындауға, құжаттамамен тіркеп-белгілеуге және жаңартуға;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін төмендету жөніндегі бақылау шараларын, рәсімдерді әзірлеуге;
3) өз клиенттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелі дәрежесін, сондай-ақ уәкілетті органнан алынған ақпарат пен мәліметтерді ескере отырып сыныптауға міндетті.";
17) 12-бапта:
5-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы оң қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жасайтын жеке тұлғалардың тізімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары мен уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады;";
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1. Уәкілетті орган дереу, бірақ ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тұлғаны көрсетілген тізбеден алып тастайды және қаржы мониторингі субъектілеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және ұйымдарға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою мерзімін тоқтату туралы өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді орналастыру арқылы хабарлайды.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне қате енгізілген не көрсетілген тізбеден алып тастауға жататын, бірақ одан алып тасталмаған ұйымдар мен жеке тұлғалар уәкілетті органға өздерін көрсетілген тізбеден алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінеді.";
екінші бөліктің бірінші абзацы "өтінішті" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп," деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасындағы "жүргізуге құқылы." деген сөздер "жүргізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы мониторингі субъектісіне жүгінуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
"8-2. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша енгізілген, қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органына немесе арнаулы мемлекеттік органға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен оны алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша енгізілген, қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында осы жеке тұлғаның кінәлі екендігі туралы үкім шығарған және (немесе) шешім қабылдаған шет мемлекеттердің құзыретті органдарына терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен оны алып тастау туралы жазбаша уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қылмыстық жазасын өтеген, бірақ сотталғандығын жою немесе алу мерзімі әлі басталмаған жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы қорытындысын дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары мен уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";
18) 12-1-баптың 5-тармағының үшінші бөлігіндегі "қаржы мониторингі субъектісін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын және ұйымдарды – тиісті хабарлама жіберу арқылы, ал қаржы мониторингі субъектілерін өз интернет-ресурсында осындай хабарламаны орналастыру арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 12-2-баптың 2-тармағы "органға" деген сөзден кейін "дереу, бірақ күдік туындағаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 13-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі "немесе терроризмді қаржыландыру" деген сөздерден кейін ", жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен толықтырылсын;
1-1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ерікті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі, сақтандыру сыйлықақысын немесе оның бір бөлігін қайтару жөніндегі операцияларды жүргізуден бас тартуға;";
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақтың бірінші және екінші бөліктері "терроризмді қаржыландыруға" деген сөздерден кейін ", жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың бірінші бөлігі "тоқтата тұру" деген сөздерден кейін ", тоқтатып қою жөніндегі шараларды қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 14-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің АХҚО-ның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қолданыстағы құқығын сақтауын бақылауды АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті уәкілетті органмен бірлесіп, қолданыстағы өзара іс-қимыл тетігі шеңберінде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
22) 2-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бұқаралық ақпарат құралдарынан және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен алынған деректерді талдау арқылы тек қана осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) беру бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті органның лауазымды адамдары бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ресімдейді және бақылау субъектісіне (объектісіне) жібереді.
4. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – бұзушылықтарды жою туралы көрсетілген нұсқаманың табыс етілгені (алынғаны) жөнінде белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта не курьерлік қызмет арқылы – нұсқаманың алынғанын тіркеу күнінен бастап;
3) жеке кабинет арқылы – қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетінен нұсқама алынған күннен бастап бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді (субъект (объект) алды) деп есептеледі.
5. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алған бақылау субъектісі (объектісі) осындай нұсқаманы алған күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күні мерзімінде және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей, уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды ұсынуға міндетті.
6. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамамен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі (объектісі) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған қарсылықты уәкілетті органға ұсынуға құқылы.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймау, сол сияқты анықталған бұзушылықтарды жою туралы растайтын материалдарды қоса бере отырып хатты немесе анықталған бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою жөніндегі жоспарды мерзімінде ұсынбау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне тиісті бақылау субъектісін (объектісін) енгізуге негіздер болып табылады.";
23) 15-баптың 2, 4) және 5) тармақшаларындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 16-бапта:
бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) жеке, заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымдардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.";
13-4) тармақшадағы "кірістерді заңдастыру (жылыстату)" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-5) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 8) (аудиторлық ұйымдарды қоспағанда), 13), 15), 16), 18), 21) және 22) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады;";
13-7) тармақша "және тізімді жүргізу тәртібін айқындайды" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-10) тармақшамен толықтырылсын:
"13-10) қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органынан сұрау салу келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болуы туралы ақпарат жібереді;";
25) 17-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысуы мүмкін ұйымдарды және (немесе) жеке тұлғаларды іріктеу өлшемшарттарын бекітуге;
2-2) терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру белгілері бар операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімдерін жасауға және көрсетілген санаттағы тұлғалардың қызметіне терроризмді, экстремизмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан өз құзыреті шегінде талдау және мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, қаржы мониторингі субъектілеріне жіберуге;";
4) және 6) тармақшалардағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 18-бапта:
тақырып "органдарымен" деген сөзден кейін "және АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы, 1) және 2) тармақшалардағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге міндетті." деген сөздер ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау есебінен ақпаратты ескеруге;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) қаржы мониторингі субъектілеріне қатысты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін секторлық бағалауды үш жылда бір рет жүргізуге міндетті.";
1-2) тармақшадағы "терроризмді қаржыландыру", "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру", ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "терроризмді қаржыландыру", "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру", ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. АХҚО-ның Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген құзырет шеңберінде осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.";
3-тармақтың екінші және үшінші бөліктеріндегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "ұсынушыға арналған құжаттық бағалы қағаздарды," деген сөздер алып тасталсын;
27) 19-1-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 19-2-бапта:
1-тармақтағы "терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер "терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органынан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөнінде шаралар қабылдау туралы сұрау салулар келіп түскен кезде қаржы мониторингі субъектілерінің атына тиісті хабарлама жібереді.
Қаржы мониторингі субъектілері хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтатып қою жөніндегі шараларды дереу қабылдауға міндетті.";
5 және 7-тармақтардағы "және терроризмді қаржыландыру", "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру", ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 19-3-бапта:
тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бақылау-қадағалау іс-шаралары шеңберінде сұрау салуларға жауап ретінде шет мемлекеттердің тиісті органдарынан өздері алатын көмектің сапасына мониторингті жүзеге асырады.
Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары халықаралық ынтымақтастықтың сапасын одан әрі арттыру үшін шет мемлекеттерден алынған көмек туралы ақпаратты пайдаланады.";
30) 19-4-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландырумен" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "қылмыстық кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды), терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "және терроризмді қаржыландырумен" деген сөздер ", терроризмді қаржыландырумен және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 3-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
30. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6-2) тармақшасында:
"сотталғандының", "шешімінің" деген сөздер тиісінше "сотталғандығының", "актісінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
", сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауы" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5-1) және 11-1) тармақшаларындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған бенефициарлық меншік иесі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар заңды тұлға болып табылатын;";
4) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 27-баптың бірінші бөлігінің 6-1) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
31. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 1-тармағының 48) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
32. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-қосымшаның 35-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
33. "Қайырымдылық туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 4-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
34. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 13-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
35. "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 2) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
36. "Пошта туралы" 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 2-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасының сегізінші абзацындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың төртінші және бесінші бөліктеріндегі "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
37. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", "және терроризмді қаржыландыруды" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландыруды және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 35-3) тармақшамен толықтырылсын:
"35-3) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
3) 19-баптың 2-тармағында:
"таратуға" деген сөз "мінсіз іскерлік беделі жоқ, оның ішінде таратуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"соттың шешімі" деген сөздер "сот актісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
4) 19-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мінсіз іскерлік беделі жоқ;".
38. "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
"7-2) мінсіз іскерлік бедел – адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалының) болмауын қоса алғанда, кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы;";
2) 12-баптың 3-тармағы "ашып көрсетуді," деген сөздерден кейін "құрылтайшылардың (қатысушылардың) мінсіз іскерлік беделі бойынша талаптарды," деген сөздермен толықтырылсын.
39. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мәтін бойынша "және терроризмді қаржыландыруға", "және терроризмді қаржыландыру" деген сөздер тиісінше ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға", ", терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
40. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
41. "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы және 6-баптың 3-тармағындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
42. "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" 2023 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
16-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
43. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" 2023 жылғы 12 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер "қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |