ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
117-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тәулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.".
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 139-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:
"10-2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;";
2) 144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;".
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) адам ағзасы – организмнің тіршілік етуін қолдау үшін қажетті белгілі бір физиологиялық функцияны атқаратын адам денесінің бір бөлігі;
2) адам жасушалары – адам организмінің биологиялық бірліктері, олардың әрқайсысы генетикалық ақпаратты қамтиды және организмнің тіршілік етуін қолдау үшін ерекше функцияны атқарады;";
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;
2-2) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;";
"5-1) әлеуметтік мәні бар аурулар – қоғамдық денсаулыққа, халықтың өмір сүру сапасына және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына елеулі әсер ететін, оның ішінде сырқаттанушылықтың немесе адам өлімінің жоғары деңгейі болатын аурулар;";
158) тармақшадағы "тізбесін уәкілетті орган айқындайтын" деген сөздер алып тасталсын;
185) тармақшадағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 63-2) тармақшамен толықтырылсын:
"63-2) халықтың қажеттілігі негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау әдістемесін бекітеді;";
3) 8-бапта:
3) тармақшадағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;";
6) және 8) тармақшалар "бақылау" деген сөзден кейiн "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 28-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі "медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында және" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік "сәйкес" деген сөзден кейін "медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында және" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-тараудың 1-параграфының тақырыбы "бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 30-бапта:
тақырып "бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
"бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
"денсаулық сақтау субъектілерінің" деген сөздер "бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы "бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "бақылауға" деген сөз "бақылау мен қадағалауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы профилактикалық бақылау және тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодексте және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.";
7) 31-баптың тақырыбындағы және 1-тармағының 3) тармақшасындағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 32-бапта:
тақырыптағы "бақылауды" деген сөз "бағалау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша "бақылау" деген сөзден кейiн "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;";
4) тармақшадағы "жасауға құқығы бар." деген сөздер "жасауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
6) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдауға құқығы бар.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер шығарады:
1) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру және (немесе) тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт;
2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама;
3) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың:
осы Кодекстің 19-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының қолданысын тоқтата тұру;
төмен тұрған лауазымды адамдар қабылдаған актілердің орындалуын тоқтата тұру немесе күшін жою не оларды кері қайтарып алу туралы қаулылары;
4) бас мемлекеттік медициналық инспекторлардың:
рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұру;
денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулылары;
5) бас мемлекеттік медициналық инспектордың заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы жеке ұсынуы.";
"9) 34-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Бақылау субъектісіне (объектісіне)", "бақылау субъектісінің (объектісінің)", "бақылау субъектісіне (объектісіне)", "Бақылау субъектісі (объектісі)", "бақылау субъектісін (объектісін)" деген сөздер тиісінше "Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)", "бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)", "бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне)", "Бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі)", "бақылау мен қадағалау субъектісін (объектісін)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-1-бапта:
бірінші абзац "Бақылау" деген сөзден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "бақылауды" деген сөз "бақылау мен қадағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы Кодекстің 34-2-бабының 4-тармағында көзделген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылады.";
5, 7 және 9-тармақтар "бақылау", "Бақылау" деген сөздерден кейін "мен қадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 34-2-баппен толықтырылсын:
"34-2-бап. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметі анықталған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылады.
2. Тексеруді және тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оны жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер етудің осы бапта көзделген тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оны жүргізу нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) рұқсат беру құжатының (лицензияның, лицензияға қосымшаның, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының) болмауы анықталған кезде бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұру;
2) денсаулық сақтау саласындағы маманның сертификаты жоқ қызмет анықталған кезде адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.
4. Рұқсат беру құжатынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынсыз) медициналық қызметтер (көмек) көрсету жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін белгілеу және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары рұқсат беру құжаты (лицензия, лицензияға қосымша және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты) болмаған жағдайда ғана қолданылады.
5. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін белгілеп-тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық қадағалау актілерінде көрсетіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды қадағалау актілерінде көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі қадағалау актілерінде көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөніндегі шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актісін жарамсыз деп тануы және оның күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу және қабылдау тәртібін сақтамауы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.";
12) 177-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Орфандық ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттармен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.";
13) 196-баптың 3-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мынадай:
медициналық көмекке алғашқы жүгінген кезде;
әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу бойынша қызметтер көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек;";
екінші абзацтағы "АИТВ инфекциясы және туберкулез" деген сөздер "уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша аурулардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қант диабетін, В және С вирустық гепатиттерін және басқаларды ерте анықтауға уәкілетті орган айқындайтын скринингтік зерттеулер кезінде амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде стационарды алмастыратын жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек;";
5) тармақшаның төртінші абзацы "үшін" деген сөзден кейін "уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша, өмірге қауіп төндіретін жай-күй кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "ауыратындарды" деген сөзден кейін ", психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, оның ішінде туберкулезді, АИТВ инфекциясын, қатерлі ісіктерді, созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозын, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарды (ауруларды), орфандық ауруларды, жүйке жүйесінің дегенеративті ауруларын, орталық жүйке жүйесінің миелинсіздендіру ауруларын, эпилепсияны, алғашқы алты ай ішіндегі жіті миокард инфарктін, бір жыл ішіндегі инсульттерді қамтитын тізбені уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.";
14) 197-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"197-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті қалыптастыру қағидаттары
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек әмбебаптық, қолжетімділік, дәлелділік, шынайылық және реттеушілік қағидаттары негізінде қалыптастырылады.
2. Әмбебаптық қағидаты кіріс деңгейіне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, медициналық көмекпен жалпыға бірдей және тең қамтуды білдіреді.
3. Қолжетімділік қағидаты Қазақстан Республикасының аумағында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу мүмкіндігі болып табылады.
4. Дәлелділік қағидаты медициналық көрсетілетін қызметтердің, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми және клиникалық деректердің болуын білдіреді.
5. Шынайылық қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекті және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кепілдіктері бағдарламасының бюджет параметрлеріне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру активтеріне сәйкестігін білдіреді.
6. Реттеушілік қағидаты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету кезінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаларды мемлекеттік реттеу болып табылады.";
15) 198-бапта:
тақырып "шеңберінде" деген сөзден кейін "медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзац "шеңберінде" деген сөзден кейін "медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша "аурулардың" деген сөзден кейін "профилактикасы" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақша "созылмалы" деген сөзден кейін "және (немесе) әлеуметтік мәні бар" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 200-баптың 1-тармағында:
екінші абзацтағы "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді және скринингтік зерттеулерді қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға уәкілетті орган айқындаған скринингтік зерттеулерді;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша емшаралар мен манипуляцияны қамтитын амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы және скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда)";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу және скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда);";
3) тармақшадағы "жоспарлы" деген сөз "бет қаңқасы мен бастың туа біткен анатомиялық кемістіктері бар балаларға реконструкциялық, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "(тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 209-бапта:
2-тармақтың мәтіні бойынша "және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін)" деген сөздер алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев Университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Консервацияланған мөлдірқабық тіндерін сақтау, тасымалдау және ауыстырып салу медициналық қызмет бейініне сәйкес консервацияланған мөлдірқабық тіндерін трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
2-2. Гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді алу, консервациялау, сақтау, тасымалдау және трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес жасушаларды трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев университеті" медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады.
Гемопоэздік дің жасушаларын алу, дайындау, сақтау, тасымалдау және аутологиялық трансплантаттау медициналық қызмет бейініне сәйкес гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде меншік нысандарына қарамастан, бейінді медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.";
18) 247-баптың 8) тармақшасы "шеңберінде" деген сөзден кейін "және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
163-баптың 2-тармағы төртінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "туысы" деген сөзден кейін "немесе жұбайы (зайыбы)" деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 14-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:
"әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына," деген сөздер алып тасталсын;
"әкімшілігіне" деген сөзден кейін ", сондай-ақ республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 30-баптың 1-тармағының 5) тармақшасында:
екінші абзацтағы "және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"жергілікті бюджеттер есебінен төленетін жарналардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;";
3) 31-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;";
4) 32-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар төлейтін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары;";
5) 67-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "бюджетпен" деген сөз "және жергілікті бюджеттермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-10) тармақшамен толықтырылсын:
"14-10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес адамдардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттің жарналарын төлеуді жүзеге асырады;".
7. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-қосымшаның 15-жолының 3-бағанында:
2-тармақ "трансплантология" деген сөзден кейін ": ағзалар (ағзалардың бөліктері) трансплантологиясы, тіндер (тіндердің бөліктері) трансплантологиясы, консервацияланған мөлдірқабық тіні трансплантологиясы, жасушаларды трансплантаттау, гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "трансплантология" деген сөзден кейін ": ағзалар (ағза бөліктерінің) трансплантологиясы, тіндер (тін бөліктері) трансплантологиясы, консервацияланған мөлдірқабық тіні трансплантологиясы, жасушаларды транспланттау, гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
3) тармақша "азаматтардың" деген сөзден кейін "денсаулық сақтау бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "жариялылық қағидаттарына негізделеді." деген сөздер "жариялылық;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекеттің қатысуына қарағанда жарналарды өз бетінше төлеудің басымдығы;
8) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыруға теңгерімді қатысуы;
9) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қайтарымдылығы қағидаттарына негізделеді.";
2) 5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алпыс ай бойы жарналарды үздіксіз төлеген және (немесе) өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған адамдарда (осы Заңның 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығы сақталады. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін жарналарды міндетті түрде төлеуден босатпайды.";
3) 6-бапта:
2-тармақтағы "Азаматтардың" деген сөз "Өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "азаматтарда" деген сөз "өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтарда" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-баптың 5-2) тармақшасы "1-тармағында" деген сөздерден кейін "және 26-1-бабының 1-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 14-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;
6) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) тармақшалармен және 4) тармақшадағы "кіруді қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "кіруді;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) ақпарат ашық қолжетімділікте болмаған жағдайда медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушының сұрау салуы бойынша медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын рұқсаттардың және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынуды;
3-2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің шығыстары туралы мәліметтерге қордың қол жеткізуін;";
"4-1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау субъектілерінен қаражаттың қорға қайтарылуын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндетті.";
7) 17-бапта:
2-1) тармақшадағы "республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерінен есептелген" деген сөздер "осы Заңның 27-бабының 2-2-тармағында және 28-бабының 5-2-тармағында белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "бюджет қаражатына", "қажеттілік" деген сөздер тиісінше "республикалық бюджет қаражатына", "осындай қажеттілік" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) осы Заңның 26-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жібереді.";
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "осы Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
8) 18-баптың 5-1-тармағының екінші бөлігі "1-тармағында" деген сөздерден кейін ", 26-1-бабының 1-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1), 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) медициналық қызметті рұқсат беру құжаттарынсыз (лицензиясыз, лицензияға қосымшасыз) жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты жасалған денсаулық сақтау субъектісіне жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты сомасының 10 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын қолдануға;";
"9-1) осы Заңның 26-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарына арналған жергілікті бюджет қаражатына ай сайынғы қажеттілікті қалыптастыруға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына осындай қажеттілік туралы өтінімдер жіберуге;
9-2) тоқсан сайын өзінің ресми интернет-ресурсында:
есепті кезеңде түскен қаражат көлемін;
сомаларын көрсете отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек түрлеріне бөлінетін қаражат туралы мәліметтерді;
көрсетілген қызметтер үшін медициналық ұйымдарға төленген қаражат туралы мәліметтерді;
қордың әкімшілік шығыстары туралы мәліметтерді жариялауға;
9-3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде денсаулық сақтау субъектілерінен қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдауға;";
10) 26-бапта:
тақырып "сақтандыруға" деген сөзден кейін "республикалық бюджет қаражатынан төленетін" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы "сақтандыруға" деген сөзден кейін "республикалық бюджет қаражатынан төленетін" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы "мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" деген сөздер "жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1) тармақшадағы "бірінші", "жұмыс істемейтін адамдар" деген сөздер тиісінше "жұмыс істемейтін, бірінші", "адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналары мынадай мөлшерде белгіленеді:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,4 пайызы;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,7 пайызы;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызы;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,2 пайызы;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2,7 пайызы;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,2 пайызы;
2033 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,7 пайызы;
2035 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,2 пайызы;
2037 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4,7 пайызы.
Бұл ретте мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.";
3-тармақ "мемлекеттің" деген сөзден кейін "республикалық бюджет қаражатынан төленетін" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "мемлекет" деген сөз "мемлекеттің республикалық бюджет қаражатынан төленетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
"26-1-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары
1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары:
1) субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
2) осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін төленеді.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін жұмыс істемейтін адамдар деп кәсіпкерлік қызметті немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және кірісі жоқ адамдар түсініледі.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар үшін жарналар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін ай сайын, мұндай адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінген күнге тура келетін айдан кейінгі айдың алғашқы он жұмыс күні ішінде төленеді.
3. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналары мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
4. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі орташа айлық жалақы мемлекеттің жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жарналарын есептеу объектісі болып табылады.";
12) 27-бапта:
2-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Аударымдарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жұмыскердің барлық есепке жазылған кіріс түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";
13) 28-бапта:
5-1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
"5-2. Жарналарды есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кіріс барлық есепке жазылған кіріс түрлерiнiң сомасы бойынша есептелуге тиiс және республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 20 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.
Жарналар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кіріс сомасынан төленген кезде осындай жарналардың төленгенін растайтын құжат болғанда жеке тұлғаның басқа кірістерінен жарналар төлеу талап етілмейді.
Жұмыс беруші және (немесе) салық агенті берген, алынған кірістердің, есептелген және төленген жарналардың сомалары туралы анықтама осындай құжат болып табылады.
Осы тармақтың талаптары дербес төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.";
7-тармақтың 1) тармақшасы "1-тармағында" деген сөзден кейін ", 26-1-бабының 1-тармағында" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-баптың 3-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 3-тармағы 1) тармақшасының оныншы абзацын, 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларын, 8-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын, 6) тармақшасын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 13) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, он үшінші және он бесінші абзацтарын, 16) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |