Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы "Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 135/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен анықталған, Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Павлодар қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері қызмет берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген, тұрғын үй көмегін беру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.";
көрсетілген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.";
шешімнің 7 - тармағы алып тасталсын;
шешімнің 11 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. "Павлодар қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім оның ресми жарияланғаннан кейін "Павлодар қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | |
| К. Кожин |