"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп тану:
1) Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII-11/86 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25363 болып тіркелген);
2) Қарқаралы аудандық мәслихатының "Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 қарашадағы № VII 11/86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № VIII-9/69 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6482-09 болып тіркелген).
2. "Қарқаралы ауданының мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарқаралы ауданының мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарқаралы аудандық мәслихатының төрағасы | С. Оспанов |