"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2025 жылғы 1 сәуірдегі №36-13 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5269-08 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мойынқұм аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мойынқұм аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Саурыков |