"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030-05 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Алматы облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облыстық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облыстық маслихатының төрағасы | К. Байгоджаев |