БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 28 тамыздағы № 332 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жолдайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
төртінші, бесінші және алтыншы бөліктер алып тасталсын;
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
| ". |
2. "Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жолдайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
үшінші, төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
Қазақстан Республикасы |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің № 783 бұйрықпен бекітілген кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі; |
| ". |
3. "Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жолдайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім шығарған кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабардар етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Тізбенің 9-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
| ". |
4. "Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36734 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы осы бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген "Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 2 (екі) жұмыс күніне тоқтата тұрады және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру туралы хабарлама жолдайды.
Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.
Анықталған кемшіліктер жойылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер алып тасталсын;
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен объектілердің осы Негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі; |
| ". |