БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі | Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2026 жылғы 24 тамыздағы № 592 бұйрыққа қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген |
Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 1-1 тармағына сәйкес әзірленген.
2. Оқыту курсының ұзақтығы:
жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау бойынша – 57 оқу сағатын;
заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау бойынша – 67 оқу сағатын;
жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау бойынша – 86 оқу сағатын;
жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша – 15 оқу сағатын;
заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 42 оқу сағатын;
аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерде заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау және объектілерді күзету жөнінде қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 42 оқу сағатын;
жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын күзетуді жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру бойынша – 40 оқу сағатын құрайды.
3. Жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерінің лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде екі жылда бір рет біліктілігін арттырудан өтеді.
Күзетшілердің біліктілігін арттыру лауазымда үзіліссіз жұмыс өтілінің болуы кезінде жыл сайын және өтілі бір жылдан аса үзілген жағдайда жұмысқа қайта қабылдау кезінде жүргізіледі.
4. Мамандандырылған оқу орталықтарына жергілікті жағдайларға байланысты тақырыптық жоспарлар және тақырып мазмұндарын жасауға, тапсырыс берушінің келісімі бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары шеңберінде теориялық және практикалық сабақтар арасында оқу сағаттарының ара қатынасын түзетуге құқық берілген.
Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын ескере отырып, жеке күзет үйымдарының басшылары мен күзетшілерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру бөлек жүргізіледі.
5. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөнінде қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізу кезінде жеке күзет ұйымдары басшыларының не күзетшілерінің келісімі бойынша қажет болған жағдайда электрондық және пневматикалық тирлерді пайдалануға жол беріледі.
6. Даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі курстар аяқталғаннан кейін оқу орталығында өткен тақырыптар бойынша тестілеу арқылы емтихандар өткізіледі. Емтихандарды құрамында кемінде 3 адам бар комиссия өткізеді, оның төрағасы барлық күзет қызметі субъектілерінің бірыңғай есебін жүргізетін бөліністің уәкілетті органының өкілі болып табылады.
Білім алушылардың емтиханды қайта тапсыруы емтиханды алғаш тапсырғаннан кейін кемінде екі аптадан соң өткізілуі мүмкін.
7. Емтихандарды табысты тапсырған адамдарға оқу орталығының басшысы және емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қойған мамандандырылған оқу орталығының біліктілікті беру/растау туралы куәлігі электрондық немесе қағаз үлгіде беріледі.
Даярлау/біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы куәлік баспаханалық офсеттік тәсілмен дайындалады, түсі жасыл, көлемі 115х75мм болады.
Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
Осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік.
Куәлікті дайындау кезінде мемлекеттік нышандарды пайдалануға жол берілмейді, куәліктердің саны мен қорғалу дәрежесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен келісіледі.
Электрондық нысандағы куәліктер осы Үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес үлгілерге сай болуы тиіс, тек мөрдің орналасатын орнына QR-код орналастырылады.
8. Оқу орталықтарының емтихан комиссияларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгілінген тәртіпте жүзеге асырылады.
2-тарау. Жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
9. Жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық білім негіздері – 14 сағат;
2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері – 8 сағат;
3) жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері – 6 сағат;
4) психологиялық даярлық – 6 сағат;
5) терроризмге қарсы даярлық – 16 сағат;
6) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 7 сағат.
3-тарау. Жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарның және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары
№ | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері | ||||
1 | Қазақстан Республикасының күзет қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері. Күзет қызметінің құқықтық негіздері, тапсырмалары және қағидаттары. Күзет қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері. | 4 | 4 | - |
2 | Қазақстан Республикасының жекелеген қару түрлерінің айналымын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілері. | 2 | 2 | - |
3 | Еңбек заңнамасының негіздері. | 2 | 2 | - |
4 | Жеке күзет ұйымының кәсіби қызметіне қатысты қылмыстық заңнаманың негіздері. Күзетшілердің дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының құқықтық негіздері. | 4 | 4 | - |
5 | Қылмыс ұғымы және құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. (Конституция, Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс). | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 14 | 14 | - | |
2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру негіздері | ||||
6 | Жеке күзет ұйымдарының қызметі туралы жалпы ережелер. Объектілер, оларды іздеу, жіктеу, күзетуге қабылдау. Келісімшарттарды әзірлеу және жасасу. Күзетілетін объектіге құжаттама дайындау. | 4 | 2 | 2 |
7 | Әртүрлі мақсаттағы объектілерді күзетудің ерекшеліктері. | 2 | 2 | - |
8 | Күзет ұйымдарының құқық қорғау органдарымен, оның ішінде құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасуы. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 8 | 6 | 2 | |
3. Жеке күзет ұйымының жұмыскерлерін кәсіби даярлау негіздері | ||||
9 | Қызметтік, арнайы және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. | 4 | 4 | - |
10 | Терроризмге қарсы даярлықты ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 6 | 6 | - | |
4. Психологиялық даярлық | ||||
11 | Адамның психологиялық портретін құру, адамның мінез-құлқын анықтау, бағалау және болжау. | 2 | 2 | - |
12 | Құқық бұзушымен келіссөздер жүргізу, жанжалды жағдайларды шешу. | 2 | 2 | - |
13 | Білім беру мекемелерінде күзет қызметтерін психологиялық даярлау. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 6 | 6 | - | |
5. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
14 | Күзет қызметіне қатысты терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 4 | 4 | - |
15 | Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. | 2 | 2 | - |
16 | Терроризм актісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің алғашқы ден қою алгоритмі. | 10 | 8 | 2 |
Барлығы: | 16 | 14 | 2 | |
6. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет | ||||
17 | Төтенше жағдайлар ұғымы және оларды жіктеу. Төтенше жағдайларда ескерту және әрекет ету бойынша мемлекеттік жүйенің жалпы сипаттамасы. | 1 | 1 | - |
18 | Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары. | 2 | 1 | 1 |
19 | Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары. Құтқару қызметтерін шақыру және объектіге кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу. | 4 | 3 | 1 |
Барлығы: | 7 | 5 | 2 | |
4-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
10. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық білім негіздері – 7 сағат;
2) қызметтік даярлық – 9 сағат;
3) психологиялық даярлық – 5 сағат;
4) арнайы техника және байланыс негіздері – 4 сағат;
5) криминалистика – 3 сағат;
6) атыс даярлығы – 9 сағат;
7) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 12 сағат;
8) медициналық даярлық – 4 сағат;
9) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат;
10) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 4 сағат.
5-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары
Р/с | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері | ||||
1 | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері. | 2 | 2 | - |
2 | Құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау. Қажетті қорғаныс. Аса қажеттілік. | 3 | 2 | 1 |
3 | Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 7 | 6 | 1 | |
2. Қызметтік даярлық | ||||
4 | Күзет қызметін ұйымдастыру, тапсырмалары мен негізгі бағыттары. | 1 | 1 | - |
5 | Құқық қорғау органдарымен, оның ішінде құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимыл жасасуы. | 1 | 1 | - |
6 | Жеке күзет ұйымы күзетшілерінің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілердің құқықтық жағдайы, әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігі | 1 | 1 | - |
7 | Террористік тұрғыдан осал объектілерде, стационарлық күзет объектілерінде, үлкен құндылықтарды, қаруды, патрондарды, жарылғыш және пиротехникалық заттарды сақтау орындарында, айналма бекеттерде және ұтқыр топтарда қызмет атқару тәртібі. | 2 | 2 | - |
8 | Күзетілетін объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қарап тексерудің негіздері мен тәртібі. | 2 | - | 2 |
9 | Оқиға болған жерді қарау және күзетуді ұйымдастыру. Іздерді және заттай айғақтарды сақтау. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 11 | 9 | 2 | |
3. Психологиялық даярлық | ||||
10 | Кәсіби коммуникация және іскерлік этикет. | 1 | 1 | - |
11 | Профайлинг. | 2 | 1 | 1 |
12 | Білім беру мекемелерінде күзет қызметтерін психологиялық даярлау. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 5 | 4 | 1 | |
4. Арнайы және техникалық құралдардың негіздері | ||||
13 | Қазіргі заманғы сигнализация құралдары, қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі, олардың мақсаты, объектілерде орнатылатын орындары. Рұқсатсыз кірген жағдайда іске қосылу белгілері. | 1 | 1 | - |
14 | Орталықтандырылған басқару пульттері және автономды сигнализация көмегімен объектілерді күзетуді ұйымдастыру ерекшеліктері. Көп шепті сигнализация құру арқылы аса маңызды объектілерді қорғау қағидаттары. | 1 | 1 | - |
15 | Күзетте пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары. | 1 | 1 | - |
16 | Күзет-өрт сигнализациясы құралдарының объектілерді күзетуді қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 4 | 3 | 1 | |
5. Криминалистика | ||||
17 | Оқиға орнын қарау әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау. | 1 | 1 | - |
18 | Құжаттарды қолдан жасау, фотосуретті ауыстыру белгілері және оларды анықтау тәсілдері. | 1 | 1 | - |
19 | Сөзбен сипатталған портретті іздестіру мақсатында пайдалану. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 3 | 2 | 1 | |
6. Атыс даярлығы | ||||
20 | Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі. | 2 | 2 | - |
21 | Қызметтік қарудың мақсаты, жауынгерлік ерекшелігі, құрылысы. Қызметтік қарудың материалдық бөлігі. | 2 | 1 | 1 |
22 | Қарудан ату тәсілдері мен ережелері. Қарумен ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері. | 1 | - | 1 |
23 | Қызметтік қарудан атуға арналған жаттығуларды орындау тәртібі. | 1 | - | 1 |
24 | Қызметтік қаруды теориялық жағынан және оның материалдық базасын білу бойынша сынақ. Практикалық атыстар. | 3 | 1 | 2 |
Барлығы: | 9 | 4 | 5 | |
7. Арнайы дене шынықтыру даярлығы | ||||
25 | Қоян-қолтық ұрыс элементтері бар соққылар және ондай соққылардан қорғану. Резеңке таяқпен соғу және қорғану. | 2 | - | 2 |
26 | Әртүрлі қапсырып-қармап ұстаулардан босау. | 2 | - | 2 |
27 | Суық қарумен немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттармен қаруланған құқық бұзушының соққыларынан қорғану. | 2 | - | 2 |
28 | Атыс қаруынан төнетін қауіптен қорғану және қылмыскерді залалсыздандыру. | 2 | - | 2 |
29 | Қылмыскерді босату, ұстау және оны алып жүру кезінде серіктесіне көмектесу. | 2 | - | 2 |
30 | Сынақтар тапсырумен өткізілетін бақылау сабақтары. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 12 | - | 12 | |
8. Медициналық даярлық | ||||
31 | Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген алғашқы көмек көрсету стандарты. | 4 | 2 | 2 |
Барлығы: | 4 | 2 | 2 | |
9. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
32 | Жеке күзет ұйымдарының қызметіндегі терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 2 | 2 | - |
33 | Терроризм актісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің бастапқы ден қою алгоритмі. | 8 | 6 | 2 |
Барлығы: | 10 | 8 | 2 | |
10. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет | ||||
34 | Төтенше жағдайлар кезіндегі күзетшілердің әрекеттері. | 2 | 2 | - |
35 | Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары. | 1 | 1 | - |
36 | Құтқару қызметтерін объектіге шақыру және кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 4 | 4 | - | |
6-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
11. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқыту бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық білім негіздері – 5 сағат;
2) арнайы-тактикалық даярлық – 14 сағат;
3) арнайы техника және байланыс негіздері – 3 сағат;
4) криминалистика – 4 сағат;
5) атыс даярлығы – 16 сағат;
6) арнайы дене шынықтыру даярлығы – 22 сағат;
7) медициналық даярлық – 4 сағат;
8) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 6 сағат;
9) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 2 сағат;
10) терроризмге қарсы даярлық – 10 сағат.
7-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау жөніндегі үлгілік оқу жоспары
Р/с | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық білім негіздері | ||||
1 | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Қылмыстық жаза ұғымы және оның мақсаттары. | 1 | 1 | - |
2 | Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Әкімшілік жауапкершілік және оның негіздері. | 1 | 1 | - |
3 | Қажетті қорғаныс. Құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік. | 1 | 1 | - |
4 | Дене күшін, арнайы құралдарды және қызметтік қаруды қолданудың құқықтық негіздері. | 1 | 1 | - |
5 | Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 5 | 5 | - | |
2. Арнайы тактикалық даярлық | ||||
6 | Күзетілетін адамға байқауды анықтау негіздері. | 4 | 4 | - |
7 | Күзетілетін адамды қорғаудың негізгі тәсілдері мен әдістері, оның ішінде арнайы құралдарды пайдаланып. | 10 | - | 10 |
Барлығы: | 14 | 4 | 10 | |
3. Арнайы және техникалық құралдардың негіздері | ||||
8 | Күзет қызметінде қолданылатын техникалық құралдардың жалпы сипаттамасы. | 1 | 1 | - |
9 | Күзет қызметінде пайдаланылатын сымды және радиобайланыс құралдары. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 3 | 1 | 2 | |
4. Криминалистика | ||||
10 | Оқиға орнын қарау әдістемесі, қылмыскердің іздерін, оның ішінде саусақ іздерін сақтау. | 2 | 2 | - |
11 | Адамды сыртқы келбеті бойынша анықтау. | 1 | 1 | - |
12 | Жалған құжаттардың беолгілері және оларды қалай тануға болады. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 4 | 3 | 1 | |
5. Атыс даярлығы | ||||
13 | Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі. | 2 | 2 | - |
14 | Қызметтік қарудың мақсаты, жауынгерлік қасиеттері, құрылысы. Қызметтік қарудың материалдық бөлігі. | 2 | 1 | 1 |
15 | Қарудан ату атыс әдістері мен ережелері. Ату кезіндегі қауіпсіздік ережелері. | 2 | - | 2 |
16 | Қызметтік қарудан атуға арналған арнайы жаттығулар. | 8 | 1 | 7 |
17 | Білім теориясы және қызметтік қарудың материалдық базасы бойынша сынақ. Практикалық ату. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 16 | 4 | 12 | |
6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы | ||||
18 | Дене күшін қолдану. Қоян-қолтық ұрыс тактикасының негіздері. | 1 | - | 1 |
19 | Құлау, домалап түсу және аударылу техникасы. | 1 | - | 1 |
20 | Қолмен соққы беру техникасы. Қолмен соққы беруден қорғану. | 4 | - | 4 |
21 | Аяқпен соққы беру техникасы. Аяқпен соққы беруден қорғану. | 4 | - | 4 |
22 | Лақтырулар. | 2 | - | 2 |
23 | Ауыртатын тәсілдер. | 2 | - | 2 |
24 | Басып алудан босату. | 2 | - | 2 |
25 | Қарусыздандыру тәсілдері. | 4 | - | 4 |
26 | Сынақтар тапсырумен өткізілетін бақылау сабақтары. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 22 | - | 22 | |
7. Медициналық даярлық | ||||
27 | Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген алғашқы көмек көрсету стандарты. | 4 | 2 | 2 |
Барлығы: | 4 | 2 | 2 | |
8. Психологиялық даярлық | ||||
28 | Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Ауытқушылығы бар жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату. | 2 | - | 2 |
29 | Профайлинг. | 2 | 1 | 1 |
30 | Күзетшінің экстремалды жағдайдағы мінез-құлқы. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 6 | 1 | 5 | |
9. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет | ||||
31 | Төтенше жағдайлар кезіндегі күзетшілердің әрекеттері. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 2 | - | 2 | |
10. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
32 | Күзет қызметіне қатысты терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 2 | 2 | - |
33 | Терроризм актісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің бастапқы ден қою алгоритмі. | 8 | 6 | 2 |
Барлығы: | 10 | 8 | 2 | |
8-тарау. Жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері басшыларының, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасы
12. Жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық даярлық – 2 сағат;
2) жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру – 3 сағат;
3) психологиялық даярлық – 2 сағат;
4) терроризмге қарсы даярлық – 5 сағат;
5) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 2 сағат.
9-тарау. Жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдар және өкілдіктерідің басшыларының, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу жоспары
р/с | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық даярлық | ||||
1 | Сабақтарды өткізу кезінде күзет қызметі субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талдау. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 2 | 2 | - | |
2. Жеке күзет ұйымының жұмысын ұйымдастыру | ||||
2 | Жеке күзет қызметін басқаруды жетілдіру. Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері. | 1 | 1 | - |
3 | Қызметтік, дене шынықтыру және арнайы даярлықты ұйымдастыру. | 1 | 1 | - |
4 | Күзет ұйымдарының құқықтық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында құқық қорғау және арнайы органдарымен өзара іс-қимыл жасасуы. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 3 | 3 | - | |
3. Психологиялық даярлық | ||||
5 | Өзара қарым-қатынастар құру психологиясы: басшы – қарамағындағы. Қарамағындағылардың психотиптері. | 1 | 1 | - |
6 | Кәсіби мәдениет және әдеп. Сыртқы келбетінің рөлі және мінез-құлық мәнері. Өндірістегі жанжалды жағдайларды шешу. Құқық бұзушыларға психологиялық әср ету әдістері. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 2 | 2 | - | |
4. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
7 | Терроризм қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 1 | 1 | - |
8 | Терроризм актісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің бастапқы ден қою алгоритмі. | 4 | 4 | - |
Барлығы: | 5 | 5 | - | |
5. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет | ||||
9 | Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда күзетшілердің іс-әрекетін ұйымдастыру. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 2 | 2 | - | |
10-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жырылғыш заттар бар объектілерді күзету жөнінде қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу бағдарламасы
13. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық даярлық – 4 сағат;
2) қызметтік даярлық – 10 сағат;
3) криминалистика – 4 сағат;
4) атыс даярлығы – 4 сағат;
5) медициналық даярлық – 2 сағат;
6) арнайы дене шынықтыру даярлығы (қоян-қолтық) – 6 сағат;
7) терроризмге қарсы даярлық – 9 сағат;
8) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 3 сағат.
11-тарау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жырылғыш заттар бар объектілерді күзету жөнінде қызметтерді көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу жоспары
Р/с | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық даярлық | ||||
1 | Күзет қызметінің құқықтық негіздері. Құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасасу. | 2 | 2 | - |
2 | Қылмыс ұғымы және оның құрамы. Жеке тұлғаға, меншікке және қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. | 1 | 1 | - |
3 | Қылмыстық құқық бойынша әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жайлар. Күзет жұмыскерлерінің дене күшін, арнайы құралдар мен қаруды қолдануының құқықтық негіздері. | 1 | 1 | - |
Барлығы: | 4 | 4 | - | |
2. Қызметтік даярлық | ||||
4 | Күзет қызметін жүзеге асыру кезінде күзетшілердің құқықтары мен міндеттері. Күзетшілерге қойылатын талаптар. | 1 | 1 | - |
5 | Күзетілетін объектілердегі күзет-режимдік іс-шаралардың мазмұны. Өткізу режимі. | 2 | 2 | - |
6 | Психолигия дайындық. Құқық бұзушылармен келіссөздер жүргізу. Есту және көру, есте сақтау қабілетін дамыту, адамдармен психологиялық байланыс орнату. | 4 | - | 4 |
7 | Арнайы құралдарды қолдану. | 3 | 1 | 2 |
Барлығы: | 10 | 4 | 6 | |
3. Криминалистика | ||||
8 | Оқиға орнын қарау. Қылмыстың іздерін сақтау. Адамды сыртқы белгілері бойынша ажырату. | 2 | - | 2 |
9 | Жалған құжаттардың, олардың фото суреттерін ауыстыру белгілері және оларды тану тәсілдері. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 4 | - | 4 | |
4. Атыс даярлығы | ||||
10 | Қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Атыс қаруының материалдық бөлігі. Қаруды қолданудың алгоритмі. | 2 | - | 2 |
11 | Атыс тәсілдері мен ережелері. Практикалық ату. Сынақ. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 4 | - | 4 | |
5. Медициналық даярлық | ||||
12 | Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері. | 1 | - | 1 |
13 | Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген алғашқы көмек көрсету стандарты. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 2 | - | 2 | |
6. Арнайы дене шынықтыру даярлығы (қоян-қолтық) | ||||
14 | Қоян-қолтық элементтері бар соққылар және соққылардан қорғану. Резеңке таяқшамен соққылар және қорғану. | 1 | - | 1 |
15 | Әртүрлі басып алулар мен қапсырып-қармап ұстаулардан босау. | 1 | - | 1 |
16 | Суық қарумен немесе қару ретінде қолданылатын басқа заттармен қаруланған құқық бұзушының соққыларынан қорғау. | 1 | - | 1 |
17 | Атыс қаруынан төнетін қауіптен қорғану және қылмыскерді залалсыздандыру. | 1 | - | 1 |
18 | Қылмыскерді босату, ұстау және оны алып жүру кезінде серіктесіне көмектесу. | 1 | - | 1 |
19 | Тест тапсырумен өткізілетін бақылау сабақтары. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 6 | - | 6 | |
7. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
20 | Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 1 | 1 | - |
21 | Терроризм актісісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің бастапқы ден қою алгоритмі. | 8 | - | 8 |
Барлығы: | 9 | 1 | 8 | |
7. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет | ||||
22 | Ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары. | 1 | 1 | - |
23 | Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кезде күзет жұмыскерлерінің іс-әрекеттерінің тактикасы. Қауіпсіздік шаралары. Құтқару қызметтерін объектіге шақыру және кіргізу тәртібі. Өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жұмыс істеу. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 3 | 3 | - | |
Аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзетуді жүзеге асыратын күзетшілер "Қызметтік даярлық" пәні шеңберінде мынадай тақырыпты қосымша тыңдасын:
1 |
Аумағында мынадай: | 4 | 4 | - |
12-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу бағдарламасы
14. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламасына мынадай пәндер енгізіледі:
1) құқықтық даярлық – 2 сағат;
2) арнайы-тактикалық даярлық – 4 сағат;
3) атыс даярлығы – 4 сағат;
4) арнайы дене шынықтыру даярлығы (қоян-қолтық) – 14 сағат;
5) медициналық даярлық – 2 сағат;
6) кәсіби-қолданбалы тренингтер – 3 сағат;
7) авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекет – 2 сағат;
8) Терроризмге қарсы даярлық – 9 сағат.
13-тарау. Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілердің біліктілігін арттырудың үлгілік оқу жоспары
р/с № | Тақырыптың атауы | Барлық сағат | Оның ішінде | |
дәрістер | практикалық сабақтар | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Құқықтық даярлық | ||||
1 | Қажетті қорғаныс. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау. Аса қажеттілік. Қылмытық және әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, олардың негіздері. Күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің құқықтары мен міндеттері. | 2 | 2 | - |
Барлығы: | 2 | 2 | - | |
2. Арнайы-тактикалық даярлық | ||||
2 | Күзетілетін адамға байқауды анықтау негіздері. | 2 | - | 2 |
3 | Күзетілетін адамды қорғау тәсілдерінің тактикасын және техникасын жетілдіру, оның ішінде құралдарды пайдалана отырып. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 2 | - | 4 | |
3. Атыс даярлығы | ||||
4 | Қаруды және оқ-дәрілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. | 2 | 2 | - |
5 | Практикалық ату. Сынақ. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 4 | 2 | 2 | |
4. Арнайы дене шынықтыру даярлығы (қоян-қолтық) | ||||
6 | Құлау, домалап түсу және аударылу техникасын жетілдіру. | 2 | - | 2 |
7 | Қолмен, аяқпен соққы беру техникасын жетілдіру. Қолмен, аяқпен соққы беруден қорғану техникасы. | 2 | - | 2 |
8 | Лақтырулар техникасын жетілдіру. | 2 | - | 2 |
9 | Ауыртатын тәсілдерді жетілдіру. | 2 | - | 2 |
10 | Қапсырып-қармап ұстаулардан босау. | 2 | - | 2 |
11 | Қарусыздандыру тәсілдері. | 2 | - | 2 |
12 | Сынақ тапсырумен өткізілетін бақылау сабақтары. | 2 | - | 2 |
Барлығы: | 14 | - | 14 | |
5. Медициналық даярлық | ||||
13 | Күзетшілерді жеке медициналық қамтамасыз ету құралдары және оларды пайдалану ережелері. | 1 | - | 1 |
14 | Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген алғашқы көмек көрсету стандарты. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 2 | - | 2 | |
6. Психологиялық даярлығы | ||||
15 | Жеке тұлғаны зерделеу әдістері. Ауытқушылығы бар жеке тұлғаларды анықтау әдістемесі. Олармен психологиялық байланыс орнату. | 1 | - | 1 |
16 | Келіссөздер процесін жүргізу, әртүрлі жағдайларға психикалық қасиеттерін – есте сақтауын, назарын, байқағыштығын, психикалық реакциясының шапшаңдығын, креативтігін (шығармашылық тәсіл) жетілдіру жөніндегі әлеуметтік-психологиялық қатынас тренингі (практикалық сабақ). | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 4 | 1 | 3 | |
7. Авариялар мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл | ||||
17 | Эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 1 | - | 1 | |
7. Терроризмге қарсы даярлық | ||||
18 | Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама. | 1 | 1 | - |
19 | Терроризм актісін жасау қаупі төнген немесе жасалған кезде күзет қызметі субъектілерінің бастапқы ден қою алгоритмі. | 8 | - | 8 |
Барлығы: | 9 | 1 | 8 | |
Жеке күзет ұйымдарының, оның ішінде филиалдарының және өкілдіктерінің басшыларын, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыруға тартылған күзет ұйымының өзге де басшы қызметкерлерін даярлау/біліктілікті арттыру курсын бітіргені туралы куәлік
Мамандандырылған оқу орталығының атауы: ____________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы: _________________________________________________________
________ КУӘЛІК
Осы куәлік ______________________________________________ берілді,
яғни ол 20 ___ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ________
дейін _________________________________________________________ оқыды.
(мамандандырылған оқу орталығының атауы)
Оқу орталығы комиссиясының 20 ___ жылғы "___" _________ № _______
шешімімен "Жеке күзет ұйымының басшысы" біліктілігі берілді/расталды
Комиссия төрағасы______________________________________
Директор ______________________________________________
Комиссия мүшесі _______________________________________
М.О.
20 ___ жылғы "___" _____________ Тіркеу № ________
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік
Мамандандырылған оқу орталығының атауы: ____________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы: _________________________________________________________
________ КУӘЛІК
Осы куәлік ______________________________________________ берілді,
яғни ол 20 ___ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ________
дейін ________________________________________________________ оқыды.
(мамандандырылған оқу орталығының атауы)
Оқу орталығы комиссиясының 20 ___ жылғы "___" _________ № _______
шешімімен "Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау
кезінде күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетші" біліктілігі берілді/расталды
Комиссия төрағасы______________________________________
Директор ______________________________________________
Комиссия мүшесі _______________________________________
М.О.
20 ___ жылғы "___" _____________ Тіркеу № ________
Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар объектілерді күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетшілердің біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік
Мамандандырылған оқу орталығының атауы: ____________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы: _________________________________________________________
________ КУӘЛІК
Осы куәлік ______________________________________________ берілді,
яғни ол 20 ___ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ________
дейін ________________________________________________________ оқыды.
(мамандандырылған оқу орталығының атауы)
Оқу орталығы комиссиясының 20 ___ жылғы "___" _________ № _______
шешімімен "Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін, оның ішінде оны тасымалдау
кезінде күзету және аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар
объектілерді күзету жөнінде қызметтер көрсететін күзетші" біліктілігі берілді/расталды
Комиссия төрағасы______________________________________
Директор ______________________________________________
Комиссия мүшесі _______________________________________
М.О.
20 ___ жылғы "___" _____________ Тіркеу № ________
| Жеке күзет ұйымдарында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына | |
| 4-қосымша |
Нысан
Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілерді даярлау/біліктілігін арттыру курсын бітіргені туралы куәлік
Мамандандырылған оқу орталығының атауы: _____________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайы: _________________________________________________________
________ КУӘЛІК
Осы куәлік ______________________________________________ берілді,
яғни ол 20 ___ жылғы "___" ___________ бастап 20 ___ жылғы "___" ________
дейін ________________________________________________________ оқыды.
(мамандандырылған оқу орталығының атауы)
Оқу орталығы комиссиясының 20 ___ жылғы "___" _________ № _______
шешімімен "Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі күзетші" біліктілігі берілді/расталды
Комиссия төрағасы______________________________________
Директор ______________________________________________
Комиссия мүшесі _______________________________________
М.О.
20 ___ жылғы "___" _____________ Тіркеу № ________