БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрілігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Денсаулық министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Президентінің Іс басқармасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 17 тамыздағы № 393-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7342 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес дайындалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын басып шығару тәртiбiн анықтайды.
2. Қағидалар "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ұлттық архив қорының құжаттарын (бұдан әрi – құжаттар) жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалануды ұйымдастыру құқығы берілген мемлекеттік, арнаулы мемлекеттік архивтерде (бұдан әрi – архивтер) қолданылады.";
60-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Жаңа және қазіргі заманғы нормативтік құқықтық актілер, нормативтік құқықтық актілердің ресми басылымдарында, олар жоқ болған жағдайда түпнұсқасынан жарияланады.";
89-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Нормативтік құқықтық актілердің, дипломатиялық және ресми емес құжаттардың атаулары мен күндері және газет мақалалары, үнпарақтар ғылыми түрдегі басылымдарда, редакцияның атына қарамастан, түпнұсқасы сақталынған орындарда мәтіннің бөлігі ретінде қайта жазылады. Ғылыми-көпшілік типтегі басылымдарда көрсетілген құжаттардың аттары қайта жазылмайды, редакцияның атын құрастырар кезде пайдаланылады.";
161-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ресми құжаттарға (декларацияларға, нормативтік құқықтық актілерге, қаулыларға, бұйрықтарға, өтініштерге) газеттік атаулар құрастыру мақсатқа сай келмейді.".
2. "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15211 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 314) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанда:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, архив ісін мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары.";
5-кесте осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Мемлекеттік архивтер қызметінің негізгі бағыттары мен нәтижелерінің көрсеткіштері" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға түсіндірмеде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1.2.-жолдың 3, 5-9-бағандарында қағаз негіздегі құжаттарды түптеу және тігу (реставрациялаудың нәтижесі есептелмейді), сонымен лабораториялармен қатар, тікелей Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде, орталық мемлекеттік архивтерде, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – архив) орындалатын дезинфекциялау, дезинсекциялау, дыбыстық-бейнеқұжаттар мен сақтандыру көшірмелерін консервациялау-профилактикалық өңдеуден (түрлері бойынша жеке-жеке) өткен сақтау бірліктер санының жиынтық есептік мәліметі көрсетіледі. Олардың микрофотокөшірмелерін дайындау үшін сөгілген тігілген және түптелген істердің саны есептелмейді;".
3. Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"32) ҰАҚ құжаттарын мемлекеттік есепке алу (бұдан әрі – мемлекеттік есепке алу) – архив қорларының саны мен құрамы, сақтау бірліктерінің саны туралы мәліметтерді қамтитын, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала, қалалар мен аудандар және тұтастай мемлекет деңгейінде ҰАҚ құжаттарын есепке алу жүйесі;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Архив жинақтау көздерінің тізімін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік архивтерін жинақтау көздері және жинақтаудың әлеуетті көздері болып табылатын ұйымдардың тізімдерін жасау және айқындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жасайды. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік архивтері астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жинақтау көздерінің жиынтық тізімін жасайды.";
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Президенті архивінің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ЖАО-ның және архивтердің әдістемелік құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.";
260-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың архивінің архив қорларының құрамына енгізілген таратылған партия архивінің архив қорлары нөмірлерінің архив қоры нөмірінің сандық белгілеуінен сызықша арқылы бөлінетін "П" индексі болады (мысалы П-1, П-2).".
4. "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві, орталық мемлекеттік архивтер, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві (бұдан әрі – мемлекеттік архивтер) ұйымдарға осы Қағидаларды ендіру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.";
18-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) және мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің әдістемелік құжаттары негізінде жүргізіледі.";
48-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) республикалық, астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың ұйымдары басшыларының іс жүргізу аяқталған жеке істерінің;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Құрылтайы аппаратының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы министрліктерінің, Қазақстан Республикасы агенттіктерінің, Қазақстан Республикасы министрліктері комитеттерінің құжаттары – 15 жыл;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) астананың, облыстың республикалық маңызы бар қаланың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құжаттары – 10 жыл;
5) астананың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық деңгейдегі мемлекеттік ұйымдардың құжаттары – 10 жыл;";
170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"170. Ұйымдардың жеке архивтеріндегі ҰАҚ құжаттарын сақтау мерзімдері "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес олардың меншік иелері мемлекеттік архивтермен, Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен немесе астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жасасатын шарттарда көрсетіледі.";
270-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Материалдардың толық мәтінін (архивтік құжаттарды, журнал мақалаларын, нормативтік құқықтық актілерді) қамтитын толық мәтінді деректер базасы бойынша ақпарат іздеу пайдаланушының құжат тақырыбының бөлімдеріне назар аударуын, қажет болған жағдайда тиісті мәтінге ауысуын көздейді.".
5. "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абзац – бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, мәтіннің мағыналық жағынан тұтас, бірінші жолда абзацпен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі (абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады);
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмін, шифрлау кілтін жасауды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;
3) жеке құрам жөніндегі құжаттар – жұмыскерді, қызметшіні жұмысқа, қызметке қабылдау кезінде, ауыстыру, орнын ауыстыру, жұмыстан шығару кезінде қалыптастырылатын, демалыс беру, іссапарлар, іссапарға жіберу, көтермелеу, жалақыны есепке жазу туралы құжаттар, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы, оқуы, біліктілік, разряд, атақ беру туралы мәліметтер және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты өзге де құжаттар;
4) кілттік ақпаратты жеткізгіш – арнайы жеткізгіш, онда электрондық цифрлық қолтаңбаның сақталатын жабық кілтін қорғау үшін 1073-2007 "Ақпаратты криптографикалық қорғау құралы. Жалпы техникалық талаптар" (3-деңгей) Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес сертификаты бар АКҚҚ пайдаланылады;
5) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі – МО КО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелердегі электрондық құжаттарда электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына электрондық цифрлық қолтаңба құралдары мен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің сертификаттарын беретін куәландырушы орталық;
6) қалатын құжат (хат) көшірмесі – автор ұйымның ісінде қалатын шығыс құжатының данасы;
7) құжат бланкі – ресми жазбаша құжаттың авторын сәйкестендіретін деректеме жинағы;
8) метадеректер – электрондық құжаттың мән-мәтінін, мазмұны мен құрылымын сипаттайтын, оны сәйкестендіру және іздеу үшін арналған құрылымдалған деректер, сондай-ақ құжаттың барлық қолданыс циклінде басқару процесі;
9) нормативтік-анықтамалық ақпарат – нормативтік құжаттарға негізделген және құжаттың әртүрлі сипаттамасын айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат (жіктеуіш, анықтамалық, тізбе және өзгелер);
10) нормативтік-анықтамалық ақпараттың "Корреспонденттері" сыныптауышы-мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушыларының тізбесі;
11) ресми құжат – Қазақстан Республикасы заңнамасы белгіленген тәртіппен куәландырылған және ресімделген жеке және заңды тұлғалармен жасалған құжат;
12) цифрлық архив – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық нысанда ұйымдастырылған және сақталатын электрондық архивтік құжаттар мен архивтік құжаттардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы;
13) цифрлық ресурс – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы;
14) "цифрлық үкіметтің" операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, "цифрлық үкімет" цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға;
15) электрондық жеткізгіш – ақпаратты электрондық нысанда сақтау, сондай-ақ оны техникалық құралдар арқылы жазу немесе жаңғырту үшін арналған материалдық жеткізгіш;
16) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
17) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжат алмасу;
18) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) – қатысушылар арасындағы қатынас Қазақстан Республикасының Цифрлық Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде реттелетін электрондық құжат алмасу жүйесі;
19) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы (бұдан әрі – ЭҚЖ-ға қатысушы) – электрондық құжатты жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процесіне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
20) электрондық құжат айналымы шлюзі (бұдан әрі – ЭҚАШ орталығы) – ЭҚЖ-ға қатысушыларды тіркеуді, нормативтік-анықтамалық ақпаратты синхрондауды және электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз ететін "цифрлық үкімет" операторының цифрлық объектісі;
21) электрондық құжат көшірмесі – түпнұсқа құжат түрін және ақпаратын (дерегін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжат;
22) электрондық құжат форматы – электрондық хабарламаның мазмұнды бөлігінің құрылымы, оның негізінде электрондық құжат жасалады;
23) электрондық құжаттың (істің) ақпараттық пакеті – желілік коммуникация немесе телекоммуникация арқылы біртұтас құжат ретінде берілетін белгілі бір құрылымның ақпараттық объектісі;
24) электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі – қағаз жеткізгіште басып шығарылған, осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес куәландырылған электрондық құжат;
25) электрондық құжаттың түпнұсқасы – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін пайдаланып жасалған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған), бастапқыда электрондық құжат форматында қалыптастырылған және қағазда бастапқы түпнұсқасы жоқ құжат;
26) электрондық тіркеу-бақылау карточкасы – электрондық құжат деректемесін тіркейтін белгіленген нысан бойынша құжат туралы есепке алу деректері бар электрондық құжат;
27) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);
28) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған цифрлық деректер;
29) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық жазба, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қызмет етеді;
30) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының иегері – атына электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификаты берілген, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатында көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
31) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
32) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған цифрлық деректер;
33) электрондық іс – жинақтау процесінде логикалық түрде біріктірілген электрондық құжатты және ондағы метадеректерді дербес сақтау бірлігі.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi қазақ тiлі болып табылады, қазақ тiлiмен қатар орыс тiлi ресми түрде қолданылады.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Құрылтайынан, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынан, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан, жоғары тұрған ұйымнан келіп түскен құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, хабарламалары, сұрау салулары, пікірлері мен ұсыныстары басшылықтың қарауына жатады.";
71-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық құжатты алушыдан бір жұмыс күнінен артық хабарлама-түбіртек алуда проблемалар туындаған жағдайда электрондық құжатты алушыны алдын ала хабардар еткеннен кейін ЭҚАШ арқылы ЭҚЖ қатысушыларымен электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін бұғаттау проблемалар толық жойылғанға дейін жүзеге асырылады.";
105-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұйымдарға берген тапсырмалары тармақтарының не құжаттың қағаздағы жеткізгіштерінде "Бақылауға алынды" деген мөртабан немесе электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша тапсырмалары тармақтарының уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды:";
106 және 107-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"106. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдерін ескере отырып, бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:
1) шұғыл – "өте шұғыл" деген белгілермен – үш жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жеделдетілсін" деген белгілермен-он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді-он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді – бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді-алты айдан астам.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олар ұйымға келіп түскен күннен бастап жұмыс күндерінде есептеледі.
Егер тапсырмаларда мерзімдер көрсетілмеген жағдайларда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің атына ақпарат енгізіле отырып, бір ай мерзімде орындалады.
107. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер мынадай лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына және орындаушылық тәртіптің сақталуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы;
2) ұйымның бірінші басшысының жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ететін орынбасарлары не аппарат басшысы болып табылады.
Аталған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды.";
108-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындайтын ұйымдар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығы жиынтықты жүзеге асыратын ұйымға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде өз ұсыныстарын енгізеді:";
109-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда ұйымның басшысы, ал егер Үкіметтің өкілеттіктері қозғалған жағдайда – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлелмен негіздей отырып хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы ұйымның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы ұйымдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері және ұйымдардың.";
109-1 және 109-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"109-1. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығы актілерінің немесе тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Қазақстан Республикасы Үкіметінің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.
109-2. Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін немесе тапсырмаларын орындаудың жаңа мерзімін белгілеу (мерзімін ауыстыру) туралы шешімді Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің – Қазақстан Республикасы Вице-Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қабылдайды.";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Орындау мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы ұйым, ал егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктері қозғалған жағдайда – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне орындау мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Қағидалардың 105-тармағында көрсетілген тапсырмаларға қолданылмайды.";
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"114. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, ұйымдардың бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.";
116-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және Үкіметінің актілері мен тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары бақылаудың мынадай түрлеріне қойылады:";
117-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Қазақстан Республикасының Үкіметі отырыстарының және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығы және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы кеңестерінің хаттамаларында қамтылған хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімдері тапсырмалар мемлекеттік органға (ұйымға) келіп түскен күннен бастап есептеледі.";
120-1 және 120-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"120-1. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің – Қазақстан Республикасы Вице-Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:
1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.
120-2. Президенті Әкімшілігінің деңгейінде бақыланатын Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Вице-Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде бақылаудан алады.";
136-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Журналдарды және өзге де тіркеу есепке алу нысандарын жою немесе одан әрі сақтау осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның немесе астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша жүзеге асырылады.";
145-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылмайтын ұйымдар уәкілетті органның, астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының СТК-ның немесе архивтің СК-ның бастапқы ұйымдармен теңестірілген келісуіне.";
151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"151. Құжаттардың біртекті құрамы бар ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін жоғары тұрған органның (жоғары тұрған ұйымның) БҚҚ қызметі істердің үлгілік (үлгілік) номенклатураларын әзірлейді. Мұндай номенклатуралар уәкілетті органмен немесе астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісуге жатады.";
көрсетілген қағидаларда 12-қосымшаға орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. "Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 313-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік архивтердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік архивтер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік архив ғимараттарының ақпараттық стендінде, сондай-ақ астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдіктерінің ресми сайтында орналастырады.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскурантын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы бекітеді.".
| Тізбеге қосымша |
5-кесте
Архивтің материалдық-техникалық базасы
Жол коды | Үй-жайының аумағы (шаршы метр) | Архив сөрелерінің ұзындығының артуы (қума метр) | Бір компьютерде жұмыс істейтін адам саны (1 адам) | 1 сақтау бірлігіне негізгі қаражаттың қалдық құны (теңге) | |||||
барлығы | архив қоймаларының аумағы | соңғы үлгідегі өрт дабыл жүйесімен жабдықталған | қолданыстағы автоматтандырылған өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған | соңғы үлгідегі күзет дабылымен жабдықталған | пайдалануға берілген (жаңа немесе қайта жаңартылған) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
5.1. | |||||||||
5.2. | |||||||||
Атауы _______________________________________ ___________________________
Мекенжайы ______________________________ _______________________________
Телефоны ___________________________________
Электрондық почта мекенжайы _______________________
Орындаушы ________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
_______________________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)
_______________________

