Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шiлдедегi № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 шiлдеде № 39348 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
А. Касенов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 106 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-3) осы бұйрыққа 3-19-қосымшаға сәйкес эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;";

      3-5-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-19-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту және "Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13309 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және реттеуші мемлекеттік органдардың өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу тәртібін белгілейді.

      Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізуді тиісті саладағы (аядағы) реттеуші мемлекеттік орган электрондық нысанда жүзеге асырады.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32870 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау және бекіту қағидаларында:

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша шаралар кешенін ұсыну жөніндегі;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган қалыптастырған жылдық есеп есепті жылдан кейінгі ағымдағы жылғы 30 қарашаға дейін ВАК қарауына шығарылады.

      Жылдық есепті пысықтау бойынша ВАК ұсынымдары болған жағдайда уәкілетті орган күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей оған тиісті түзетулерді енгізеді, осыдан кейін ВАК қарауына қайта шығарады.";

      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      4. "Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32985 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кәсіпкерлік субъектілерінің жылдық орташа кірісіне Салық кодексінің 237-бабында көзделген кәсіпкерлік субъектілері кірістерінің түрлері, сондай-ақ патент оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланумен шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын кәсіпкерлік субъектілерінің кірістері енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Жаңадан тіркелген дара кәсіпкерлер микрокәсіпкерлік субъектілері санатына жатады.".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 106 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
3-5-қосымша
Нысан

Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама

      Беру себебі:

 


 

дара кәсіпкер ретінде тіркеу

 


 

хабарламада көрсетілген деректерді өзгерту

      1. ________________________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      2. Осымен ___________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бірлескен кәсіпкерлікті жүзеге асырған жағдайда бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

     



      Дара кәсіпкер ретінде қызметінің жүзеге асырылуының басталуы туралы хабарлайды, кәсіпкерлік түрі:

 


 

 
жеке

 


 

бірлескен

      3. Дара кәсіпкердің атауы__________________________________ (болған жағдайда көрсету қажет)

      4. Жүзеге асырылатын қызметтің түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес бес белгілік код көрсетіледі):

      Негізгі ЭҚЖЖ

     


      Қосалқы ЭҚЖЖ

     


      5. Салық салу тәртібін (режимін) таңдау:

 


 

А.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп

 


 

С.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі

 


 

D.

Шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі

      6. Дара кәсіпкердің орналасқан орнының мекенжайы:

      Облыс/аудан (анықтамалықты қараңыз)

     



      Қала (ауыл, село) 

     



      Көше (шағын аудан)   

     



      Үй нөмірі

     



      Пәтер нөмірі

     



      (бөлме, өзге үй-жай)

      7. Байланыс ақпараты:

      Телефон нөмірі

     



      Факс нөмірі

     



      Электрондық пошта мекенжайы

     



      8. Егер осы хабарламаның 2-тармағында бірлескен кәсіпкерлік түрі көрсетілген болса, толтыру қажет:

      Бірлескен кәсіпкерлік басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі

     



      Бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің (адам) саны

     



      Бірлескен кәсіпкерлік мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі:

     



      Бірлескен кәсіпкерліктің нысаны:

 


 

А.

Жұбайлардың кәсіпкерлігі

 


 

В.

Отбасылық кәсіпкерлік

 


 

С.

Жай серіктестік

      9. Хабарламаға қоса тіркеледі*: ____________________________ (құжаттардың атауы және парақтардың саны көрсетіледі)

      Аталған хабарламаны бере отырып, өтініш беруші төмендегіні растайды:

      барлық көрсетілген деректер ресми болып табылады және қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкін;

      өтініш берушіге сот мәлімделген қызмет түрімен немесе жекелеген іс-қимылмен айналысуға тыйым салмайды;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылатынын;

      өтініш беруші қызметін немесе іс-қимылдарын және кейін де жүзеге асыруды бастағанға дейін орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      біз (Мен) осы хабарлама шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береміз (беремін);

      10. Өтініш беруші___________________________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Берілген күні және уақыты:

      20__ жылғы "___" _________ "__" сағат "__" минут

      Ескертпе:

      *9-тармақ мынадай жағдайларда толтырылады:

      бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеу (бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушылары атынан жазылған сенімхат);

      егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса (заңды өкілдерінің келісуі, ал мұндай келісу болмаған жағдайда – неке қию туралы куәліктің көшірмесі не кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабілетті деп жариялау туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі немесе соттың шешімі).

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 106 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
5-қосымша
Нысан

Акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметін бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама

      1. ___________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      2. Осымен ____________________________________________________________________ (Салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын кұжатта көрсетілсе) немесе атауы) сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________:

     


      жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны жөніндегі

     


      жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті тоқтатқаны жөніндегі

     


      хабарламада көрсетiлген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлiметтердің өзгергені туралы хабарлайды.

      3. Қызметтің түрі:

     


      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау)

      4. Түрі:

     


      шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, 10 және одан астам адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;

     


      қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

     


      қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргiзушi кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

      5. Объектінің орналасқан орны:

      облыс ______________________________________________________________

      қала (аудан) ________________________________________________________

      кент (ауыл) _________________________________________________________

      көше (шағын аудан) __________________________________________________

      үй нөмірі ___________________________________________________________

      6. Объектілер туралы мәліметтер:

      А. Үй-жай саны, (дана)__________

      Б. Қоймалардың жалпы алатын ауданы, (шаршы метр)_________

      7. Жер учаскелері туралы мәліметтер:

      А. Жер учаскелерінің саны, (дана)__________

      Б. Жер учаскесінің жалпы ауданы, (гектар)__________

      8. Меншік түрі:

     


      меншік құқығында

      А. құқық белгілейтін құжаттың атауы ______________________

      Б. құқық белгілейтін құжаттың нөмірі _____________________________

      В. құқық белгілейтін құжаттың күні

     


      жалдау шарты бойынша

      А. жалдау шартының нөмірі______________________________________

      Б. жалдау шартының күні __20__ жылғы "__"

      В. жалдау шартының қолданылу мерзімі __20__ жылғы "__" 20__ жылғы "__" дейін

      9. Өтініш беруші _________________________________________________ (тегі, аты әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Берілген күні: 20__ жылғы "__" _________

      10. Пошта штемпелінің күні 20 __ жылғы "__" __________

      (хабарлама пошта арқылы тапсырылған жағдайда толтырылады)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 106 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
3-19-қосымша
Нысан

Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметінің (пайдаланылуының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама

      1. __________________________________________________________________ (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің толық атауы)

      2. Осымен __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)/ жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      3. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметін (пайдалануды) жүзеге асыруды бастағаны ________________________________ ________________________ объект қызметті жүзеге асыруды (тиісті жолда Х белгісі қойылады) тоқтатқаны туралы хабарлайды

      4. Жүзеге асырылатын қызмет түрі_____________________________

      ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21710 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі)

      5. Жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің түрі

      ___________________________________________________________________ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес бес белгілік код көрсетіледі)

      6. Объектінің атауы _____________________________________________

      7. Объектінің орналасқан жері ________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы/жеке тұлғаның заңды мекенжайы ___________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін – елі, пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат)

      9. Дара кәсіпкер, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күні

      ___________________________________________________________________

      10. Электрондық пошта __________________________________________

      11. Телефондар _________________________________________________

      12. Үй-жай туралы ақпарат:

      жеке меншік құқығында _________________________________

      жалға алу шарты бойынша ______________________________________ (тиісті жолда Х белгісі қойылады)

      13. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер:

      А. куәлік берілген күн ____________________________________________

      В. куәлік нөмірі

      С. жылжымайтын мүлік алаңы, шаршы метр _____________________________

      14. Жылжымайтын мүлікті жалдау шартында көрсетілген мәліметтер:

      А. жалдау шартының жасалған күні ________________________________

      В. жалдау шартының қолданылу мерзімі ____________________________

      ___________________бастап ___________________ аралығында

      С. шарт нөмірі _____________________________________

      D. жалға берілетін алаң, шаршы метр _____________________________________

      E. жалға берушінің жеке-сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________________________

      F. тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе жалға берушінің атауы ____________________________

      15. Қоса берілетін құжаттар: объектінің кадастрлік паспорты (2023 жылғы 1 шілдеге дейін объектінің техникалық паспорты)

      - санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу бойынша жобалық құжаттамаға қорытынды

      ___________________________________________________________________

      16. Қызметтің жүзеге асырылуы ____________________басталады (күні)

      Қызметтің жүзеге асырылуы ______тоқтатылады (күні) (тиісті жолда Х белгісі қойылады)

      17. Осы хабарламаны бере отырып, өтініш беруші мына төмендегілерді растайды:

      өтініш беруші қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыруды бастағанға дейін одан әрі де орындау үшін міндетті Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында заңнама талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес жауаптылықта болатыны туралы хабардар.

      көрсетілген барлық деректер ресми болып табылады және оларға қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдануы мүмкін;

      өтініш берушіге мәлімделген қызметтің түрімен немесе жекелеген іс-қимылдармен айналысуға сот тыйым салмайды;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады;

      18. Өтініш беруші __________ ____________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Берілген күні және уақыты:

      20__ жылғы "___" _________ "__" сағат "__" минут

      19. Тұлға хабарламаны сенімхат бойынша берген жағдайда:

      Сенім білдірілген тұлға ____________________________ __________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      _________________________________________________________________ сенімхаттың күні және нөмірі, сенімхаттың көшірмесі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 17 шілдедегі
№ 106 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлік қызметті реттеудің
жай-күйі туралы жылдық есепті
дайындау және бекіту
қағидаларына
4-1-қосымша
Нысан

Өзін-өзі реттеуді дамыту шараларының кешені бойынша ақпарат

______________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

      1. Қабылдау/бекіту күні____________________________________________

      2. Жарамдылық мерзімі ___________________________________________

      3. Есепті кезеңдегі іс-шаралар саны ________________________________

      Орындау туралы есеп:

Р/с

Іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындалу барысы






О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министерства национальной экономики Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 июля 2026 года № 106. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2026 года № 39348

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министерства национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения (далее – Перечень).

      2. Департаменту политики развития предпринимательства Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением пункта 1 Перечня, который вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
А. Касенов

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство здравоохранения
      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство финансов
      Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июля 2026 года № 106

Перечень некоторых приказов Министерства национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 "Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10194) следующие изменения и дополнения:

      в пункте 1:

      дополнить подпунктом 17-3) следующего содержания:

      "17-3) форму уведомления о начале и прекращении деятельности (эксплуатации) объекта незначительной эпидемической значимости согласно приложению 3-19 к настоящему приказу;";

      приложение 3-5 изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 5 изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      дополнить приложением 3-19 согласно приложению 3 к настоящему приказу.

      2. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 января 2016 года № 32 "Об утверждении Правил ведения реестра саморегулируемых организаций и о внесении дополнений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 января 2015 года № 4 "Об утверждении форм уведомлений и Правил приема уведомлений государственными органами, а также об определении государственных органов, осуществляющих прием уведомлений" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13309) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 2) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О саморегулировании", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах ведения реестра саморегулируемых организаций, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила ведения реестра саморегулируемых организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О саморегулировании" и устанавливают порядок ведения реестра саморегулируемых организаций регулирующими государственными органами.

      Ведение реестра саморегулируемых организаций осуществляется регулирующим государственным органом в соответствующей сфере (отрасли) в электронной форме.".

      3. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 июня 2023 года № 118 "Об утверждении Правил разработки и утверждения годового отчета о состоянии регулирования предпринимательской деятельности в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 32870) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах разработки и утверждения годового отчета о состоянии регулирования предпринимательской деятельности в Республике Казахстан, утвержденных указанным приказом;

      дополнить подпунктом 4-1) пункта 5 следующего содержания:

      "4-1) по предоставлению комплекса мер по развитию саморегулирования по форме согласно приложению 4-1 к настоящим Правилам;";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Сформированный уполномоченным органом годовой отчет выносится на рассмотрение МВК до 30 ноября текущего года, следующего за отчетным.

      В случае наличия рекомендаций МВК по доработке годового отчета уполномоченный орган не позднее пятнадцати календарных дней вносит в него соответствующие корректировки, после чего повторно выносит на рассмотрение МВК.";

      дополнить приложением 4-1 согласно приложению 4 к настоящему приказу.

      4. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 125 "Об утверждении Правил расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых за № 32985) следующее изменение и дополнение:

      в Правилах расчета среднегодовой численности работников и среднегодового дохода субъектов предпринимательства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В среднегодовой доход субъектов предпринимательства включаются виды доходов субъектов предпринимательства, предусмотренных статьей 237 Налогового кодекса, а также доходы субъектов предпринимательства, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения.";

      дополнить пунктом 13 следующего содержания:

      "13. Вновь зарегистрированные индивидуальные предприниматели относятся к категории субъектов микропредпринимательства.".

  Приложение 1 к приказу
Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июля 2026 года № 106
  Приложение 3-5
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 6 января 2015 года № 4
  Форма

Уведомление о начале деятельности в качестве индивидуального предпринимателя

      Причина подачи:


 

регистрация в качестве индивидуального предпринимателя

 


 

изменение данных, указанных в уведомлении

      1. В ____________________________________________________________________
                        (наименование органа государственных доходов)
      2. Настоящим ____________________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество физического лица (при его наличии) Индивидуальный идентификационный номер физического лица (бизнес-идентификационный номер в случае осуществления совместного предпринимательства)

     


      Уведомляет о начале осуществления деятельности в качестве индивидуального предпринимателя, вид предпринимательства:


 

личное

 


 

совместное

      3. Наименование индивидуального предпринимателя
      _________________________________________________________________
                        (указать при его наличии)
      4. Вид осуществляемой деятельности (указывается пятизначный код в соответствии с общим классификатором видов экономической деятельности (далее – ОКЭД)):
      Основной ОКЭД:

     


      Вторичный ОКЭД:

     


      5. Выбор порядка (режима) налогообложения:


 

А.

Общеустановленный порядок

 


 

С.

Специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации

 


 

D.

Специальный налоговый режим для крестьянских или фермерских хозяйств

      6. Адрес места нахождения индивидуального предпринимателя:

      Область/район (смотреть справочник)

     


      Город (аул, село) 

     


      Улица (микрорайон)

     


      Номер дома

     


      Номер квартиры

     


      (комнаты, иного помещения)

      7. Контактная информация:

      Номер телефона

     


      Номер факса

     


      Адрес электронной почты

     


      8. В случае, если в пункте 2 настоящего уведомления вид предпринимательства указан совместное, необходимо заполнить:

      Индивидуальный идентификационный номер руководителя совместного предпринимательства

     


      Количество членов (человек) совместного предпринимательства

     


      Индивидуальный идентификационный номер членов совместного предпринимательства:

     


      Форму совместного предпринимательства:


 

А.

Предпринимательств супругов

 


 

В.

Семейное предпринимательство

 


 

С.

Простое товарищество

      9. К уведомлению прилагаются*:
      ____________________________________________________________________
            (указывается наименование документов и количество листов)

      Подавая данное уведомление, заявитель подтверждает нижеследующее:

      все указанные данные являются официальными, и на них может быть направлена любая информация по вопросам осуществления деятельности или действия;

      заявителю не запрещено судом заниматься заявленным видом деятельности или отдельными действиями;

      все прилагаемые документы соответствуют действительности и являются действительными;

      заявитель обеспечивает соблюдение требований законодательства Республики Казахстан, обязательных для исполнения до начала осуществления деятельности или действия и в последующем;

      мы (Я) даем (даю) согласие на сбор и обработку персональных данных, необходимых для получения государственной услуги, оказываемой в рамках настоящего уведомления;

      10. Заявитель________________________________________ __________
                  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      Место печати (в случае наличия)
      Дата и время подачи: "___" _________ 20__ года "__" часов "__" минут

      Примечание:

      *Пункт 9 заполняется в случаях:

      регистрации совместного индивидуального предпринимательства (доверенность, подписанная от имени всех участников совместного предпринимательства);

      если заявитель не достиг совершеннолетнего возраста (согласие законных представителей, а при отсутствии такого согласия – копия свидетельства о заключении брака (супружества) либо решение органа опеки и попечительства или решение суда об объявлении несовершеннолетнего полностью дееспособным).

  Приложение 2 к приказу
Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июля 2026 года № 106
  Приложение 5
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 6 января 2015 года № 4
  Форма

Уведомление о начале или прекращении деятельности в качестве налогоплательщика, осуществляющего производство, сборку (комплектацию) подакцизных товаров

      1. В ____________________________________________________________________
                        (наименование органа государственных доходов)
      2. Настоящим ____________________________________________________________
      _________________________________________________________________________
      (Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) или наименование налогоплательщика (налогового агента) идентификационный номер (индивидуальный идентификационный номер/бизнес идентификационный номер)
      _________________________________________________________________________
      уведомляет о:

     


      начале деятельности в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности

     


      прекращении деятельности в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности

     


      изменении сведений об объектах налогообложения и (или) объектах, связанных с налогообложением, указанных в уведомлении

      3. Вид деятельности

     


      производство, сборка (комплектация) подакцизных товаров, предусмотренных подпунктом 6) части первой статьи 536 Налогового кодекса Республики Казахстан

      4. Вид:

     


      моторные транспортные средства, предназначенные для перевозки 10 и более человек с объемом двигателя более 3000 кубических сантиметров, за исключением микроавтобусов, автобусов и троллейбусов;

     


      автомобили легковые и прочие моторные транспортные средства, предназначенные для перевозки людей с объемом двигателя более 3000 кубических сантиметров (кроме автомобилей с ручным управлением или адаптером ручного управления, специальнопредназначенных для лиц с инвалидностью);

     


      моторные транспортные средства на шасси легкового автомобиля с платформой для грузов и кабиной водителя, отделенной от грузового отсека жесткой стационарной перегородкой, с объемом двигателя более 3000 кубических сантиметров (кроме автомобилей с ручным управлением или адаптером ручного управления, специально предназначенных для лиц с инвалидностью);

      5. Место нахождения объекта:
      область _____________________________________________________________
                                    город (район)
      ____________________________________________________________________
                                    поселок (село)
      ____________________________________________________________________
                                    улица (микрорайон)
      ____________________________________________________________________
                                    номер дома
      ____________________________________________________________________
      6. Сведения об объектах:
      А. Количество помещении, (штук)__________
      Б. Общая занимаемая площадь складов, (квадрат метр) __________
      7. Сведения о земельных участках:
      А. Количество земельных участков, (штук)__________
      Б. Общая площадь земельного участка, (гектар)__________
      8. Вид собственности:

     


      на праве собственности
      А. наименование правоустанавливающего документа ______________________
      Б. номер правоустанавливающего документа _____________________________
      В. дата правоустанавливающего документа ______________________________

     


      по договору аренды
      А. номер договора аренды _____________________________________________
      Б. дата договора аренды "__" ______ 20__ года
      В. срок действия договора аренды "__" _____ 20__ года по "__" ____ 20__ года
      9. Заявитель _________________________________________________________
            (Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, (подпись) удостоверяющем личность)
      Место печати (в случае наличия)
      Дата и время подачи: "__" ______20__ года
      10. Дата почтового штемпеля "__" ______20__ года
      (заполняется в случае подачи уведомления по почте)

  Приложение 3 к приказу
Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июля 2026 года № 106
  Приложение 3-19
к приказу Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 6 января 2015 года № 4
  Форма

Уведомление о начале и прекращении деятельности (эксплуатации) объекта незначительной эпидемической значимости

      1. В______________________________________________________________________
      (полное наименование территориального подразделения государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения)

      2. Настоящим______________________________________________________________
      (полное наименование, бизнес-идентификационный номер юридического лица (в том числе иностранного юридического лица), бизнес-идентификационный номер филиала или представительства иностранного юридического лица – в случае отсутствия бизнес-идентификационного номера у юридического лица/полностью фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный идентификационный номер физического лица)
      3. Уведомляет о:
      начале осуществления деятельности (эксплуатации) объекта незначительной эпидемической значимости________________________________________________________
      прекращении осуществления деятельности объекта______________________________
                                    (в соответствующем поле ставится знак Х)
      4. Вид осуществляемой деятельности _________________________________________
      (указывается в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-220/2020 "Об утверждении перечня продукции и эпидемически значимых объектов, подлежащих государственному контролю и надзору в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21710)
      5. Вид осуществляемой экономической деятельности
      __________________________________________________________________________
      (указывается пятизначный код в соответствии с общим классификатором видов экономической деятельности)
      6. Наименование объекта ____________________________________________________
      7. Местонахождение объекта: ________________________________________________
      (область, город, район, населенный пункт, наименование улицы, номер дома/здания (стационарного помещения)
      8. Адрес места нахождения юридического лица/юридический адрес физического лица____________________________________________________________________________
      (страна – для иностранного юридического лица, почтовый индекс, область, город, район, населенный пункт, наименование улицы, номер дома/здания (стационарного помещения);
      9. Дата государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, юридического лица ____________________________________________________
      10. Электронная почта____________________________________________
      11. Телефоны ___________________________________________________
      12. Сведения о помещений:
      на праве собственности___________________________________________
      по договору аренды______________________________________________
                        (в соответствующем поле ставится знак Х)
      13. Сведения, указанные в свидетельстве о государственной регистрации прав на недвижимое имущество:
      А. дата выдачи свидетельства ___________________________________
      В. номер свидетельства ________________________________________
      С. площадь недвижимого имущества квадратных метров _____________
      14. Сведения, указанные в договоре аренды недвижимого имущества:
      А. дата заключения договора аренды _______________________________
      В. срок действия договора аренды с _______________по_______________
      С. номер договора _______________________________________________
      D. арендуемая площадь, квадратных метров _________________________
      E. Индивидуальный идентификационный номер/бизнес-идентификационный номер арендодателя _________________________________________________________
      F. Фамилия, имя, отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) или наименование арендодателя __________________________________________
      15. Прилагаемые документы: кадастровый паспорт объекта (до 1 июля 2023 года технический паспорт объекта)
      - заключение на проектную документацию по установлению санитарно-защитных зон _____________________________________________
      16. Осуществление деятельности будет начато ________ (дата)
      Осуществление деятельности будет прекращено ________________(дата)
      (в соответствующем поле ставится знак Х)
      17. Подавая данное уведомление, заявитель подтверждает нижеследующее:
      заявитель обеспечивает соблюдение требований законодательства Республики Казахстан в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения, обязательных для исполнения до начала осуществления деятельности или действия и в последующем.

      осведомлен, что за нарушение требований законодательства в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения будет нести ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" и Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения".

      все указанные данные являются официальными и на них может быть направлена любая информация по вопросам осуществления деятельности или действия;

      заявителю не запрещено судом заниматься заявленным видом деятельности или отдельными действиями;

      все прилагаемые документы соответствуют действительности и являются действительными;

      18. Заявитель _______ _________________________________________
                  (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      Дата и время подачи: "__" ________20__ года "__" час "__" мин
      19. В случае подачи уведомления лицом по доверенности:
      Доверенное лицо ____________________________________ __________
                        (фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)
      _______________________________________________________________
                        номер и дата доверенности, копия доверенности

  Приложение 4 к приказу
Исполняющий обязанности
министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 17 июля 2026 года № 106
  Приложение 4-1
к Правилам разработки и
утверждения годового отчета о
состоянии регулирования
предпринимательской деятельности в
Республике Казахстан
  Форма

Информация по комплексу мер по развитию саморегулирования

______________________________________________________
(наименование государственного органа)

      1. Дата принятия/утверждения ________________________________
      2. Срок действия____________________________________________
      3. Количество мероприятий за отчетный период _________________
      Отчет об исполнении:


п/п

Мероприятия

Срок исполнения

Ход исполнения