"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2026 жылғы 10 шілдедегі № 120 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-27) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңы) әзірленді және мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеудің бірыңғай тәсілін айқындайды.
Бұл Әдістеме осы Әдістеменің 1-қосымшасында көзделген жоғары жетістіктер спорты түрлері бойынша (оқыту кезеңдері бойынша) топтар тізбесіне қатысты мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың көлемін жоспарлау кезінде, қолданылады.
2. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды нормативі – мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде (бұдан әрі – БЖСМ) оқытудың мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі;
2) мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін негізге ала отырып айқындалатын мемлекеттік БЖСМ бір білім алушыға шығыстарды қаржыландырудың кепілдік берілген ең төмен мөлшері;
3) спорттық іс-шара – БЖСМ спортшыларының, жаттықтырушылары және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарының қатысуымен өтетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны;
4) жоғары жетістіктер спорты – Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық, Азия, Параазиялық ойындардың бағдарламаларына енгізілген спорт түрлері мен ұлттық спорт түрлері;
5) мемлекеттік БЖСМ контингенті – "Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына сәйкес тұрақты құрам контингентіне басшының бұйрығымен қабылданған спортшылар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10012 болып тіркелген).
3. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды айқындау үшін оқу-жаттығу процесіне, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының еңбекақы төлеу қорына, спорттық киіммен және құрал-жабдықтармен, фармакологиямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ спорттық іс-шараларға арналған шығыстар ескеріледі.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сметалық қаржыландыру бойынша қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау мен жалға алу, коммуналдық, байланыс және көлік қызметтері бойынша шығыстарды өтемейді.
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес оқу-жаттығу процесі келесі кезеңдерге бөлінеді:
спорттық-сауықтыру;
бастапқы даярлық;
оқу-жаттығу;
спорттық шеберлікті жетілдіру;
жоғары спорт шеберлігі.
4. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу кезінде келесі жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:
1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен (бұдан әрі – № 1193 Үкімет қаулысы) бекітілген базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);
2) тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
3) үш дайындық кезеңіне бөлінген білім алушылар контингенті:
бастапқы даярлық кезеңі (бұдан әрі – Ебд) – спорттық-сауықтыру мен бастапқы даярлық топтарына қабылданған білім алушылар;
оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (бұдан әрі – Ежк) – спорт түрі бойынша мамандандыру мақсатында бастапқы даярлық кезеңін табысты аяқтаған білім алушылар;
спорттық жетілдіру кезеңі (бұдан әрі – Есж) – спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған білім алушылар;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша мемлекеттік БЖСМ директорымен бекітілген оқу топтарының саны, мұндағы:
∑топБД – бастапқы даярлық кезеңі топтарының жалпы саны;
∑топЖК – оқу-жаттығу даярлығы кезеңі топтарының жалпы саны;
∑топСЖ – спорттық жетілдіру кезеңі топтарының жалпы саны.
2 тарау. Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі
5. Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемін есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
Vpnf=(PNFетқ*∑Е)+(Vpnfмтқ*(Ебд+Ежк+Есж))+(VpnfW*(Ежк+Есж))+М*∑Ежжс, мұндағы:
Vpnf – жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі;
PNFетқ – жылына бір білім алушыға еңбекақы төлеу шығыстарының нормасы;
∑Е – барлық спорт түрлері бойынша білім алушылар контингенті;
Vpnfмтқ – жылына бір білім алушыны спорттық киіммен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге арналған жылдық шығыстар нормасы;
Ебд – бастапқы даярлық кезеңінің контингенті;
Ежк – оқу-жаттығу даярлығы кезеңінің контингенті;
Есж – спорттық жетілдіру кезеңінің контингенті;
VpnfW – жылына бір білім алушыға арналған спорттық іс-шараларға арналған шығыстар нормасы;
М – бір білім алушыға фармакологиялық қамтамасыз ету шығыстарының нормасы 0,7 АЕК ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 "Спортшылардың, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оқу-жаттығу процесі және спорттық іс-шаралар кезеңінде тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерін бекіту әдістемесі туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) айқындалған;
∑Ежжс – жоғары жетістіктер спорты түрлері бойынша білім алушылар контингенті.
6. Жылына бір білім алушыға еңбекақы төлеуге арналған шығыстар нормасы келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
PNFетқ = ЕТҚ/∑Е, мұндағы:
ЕТҚ – еңбекақы төлеу қоры, теңгемен, білім алушылардың жалпы контингентіне есептеледі.
Еңбекке ақы төлеу қорын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ЕТҚ = ЕТҚжат.құр.+ЕТҚәбп, мұндағы:
ЕТҚжат.құр. – жаттықтырушы-оқытушылар құрамына еңбекақы төлеу қоры, теңгемен;
ЕТҚәбп – штаттық кестеге сәйкес әкімшілік-басқару құрамының еңбекақы төлеу қоры, теңгемен.
Жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жалақы қорын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ЕТҚжат.құр. = (Qжыл+∑РО), мұндағы:
∑PO – азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақының сомасы, (бұдан әрі – ЛА) теңгемен;
Qжыл – салықтық жүктемені ескере отырып, жаттықтырушы-оқытушылар құрамының жылдық жалақысы, теңгемен, келесі формуламен есептеледі:
Qжыл = ((Qай.жат.құр.+∑H)*12)* N1* N2 , мұндағы:
Qай.жат.құр. – жаттықтырушы-оқытушыларлардың бір айдағы ЛА сомасы;
∑H – үстемеақылар мен қосымша ақылардың жиынтық сомасы;
N1 – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:
2026 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
N2 – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,08.
Жаттықтырушы-оқытушылар құрамының ЛА сомасын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
Qай.жат.құр.= (L*Qай), мұндағы:
L – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушылар бірліктерінің саны;
Qай – бір айдағы жаттықтырушы-оқытушының ЛА, теңгемен, келесі формуламен есептеледі:
Qай = 4,65*БЛА*k;
4,65 – № 1193 Үкімет қаулысына сәйкес орташа коэффициент, еңбек өтілі 7-10 жыл, санат В2-3;
БЛА – базалық лауазымдық айлықақы;
k – № 1193 Үкімет қаулысына сәйкес 2026 және одан кейінгі жылдарға ЛА-ға түзету коэффициенті.
Процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің санын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
L= ((∑топБД*Сбд)+(∑топЖК*Сжк)+(∑топСЖ*Ссж))/52/24, мұндағы:
L – жаттықтырушы бірліктерінің жалпы саны;
Сбд – бастапқы даярлық кезеңінің бір оқу тобына жылына С оқыту сағаттарының нормативтік саны;
Сжк – оқу-жаттығу кезеңінің бір оқу тобына жылына С оқыту сағаттарының нормативтік саны;
Ссж – спорттық жетілдіру кезеңінің бір оқу тобына жылына С оқыту сағаттарының нормативтік саны.
Мемлекеттік БЖСМ оқу-жаттығу сабақтары жылына 52 аптаға, топтың жаттықтырушылық-оқытушылық мөлшерлемесі аптасына 24 сағатқа есептелген.
Қосымша ақылар мен үстемеақылардың қорытынды сомасын есептеу № 1193 Үкімет қаулысына сәйкес келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
∑H = Нарн + Науыл + Нэко+Нрад+ Натақ + НбілікТ + Н10+ Ножп
Нарн – бейіндік бағыттағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытқаны үшін қосымша ақы және келесі формула бойынша есептеледі:
Нарн = L1*0,4 (белгіленген қосымша ақысы бар) *БЛА, мұндағы:
L1 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушылар бірліктерінің саны;
Науыл – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін арттырылған айлықақы және келесі формула бойынша есептеледі:
Науыл = L2* Qай *0,25 (белгіленген үстемеақысы бар), мұндағы:
L2 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
Нэко – "Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экологиялық апат аймағындағы (оның ішінде: экологиялық апат, экологиялық дағдарыс, экологиялық дағдарыс алдындағы жай-күй) жұмысы үшін қосымша ақы келесі формула бойынша есептеледі:
Нэко = L3 * Qай*0,2 (белгіленген қосымша ақысы бар), мұндағы:
L3 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
Нрад – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес радиациялық тәуекел аумақтарындағы жұмысы үшін қосымша ақы келесі формула бойынша есептеледі:
Нрад = L4 *1-2АЕК (белгіленген қосымша ақысы бар), мұндағы:
L4 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
Натақ – спорттық атағы үшін үстемеақы және келесі формула бойынша есептеледі:
Натақ = L5 *0,17*БЛА (белгіленген үстемеақысы бар), мұндағы:
L5 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
НбілікТ – "Спорттық дайындықтың ұлттық стандарты" біліктілік тесті үшін қосымша ақы келесі формула бойынша есептеледі:
НбілікТ = L6*Qай *0,3 (белгіленген қосымша ақысы бар), мұндағы:
L6 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
Н10 – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы;
Н10 = L7 * 0,1*Qай, мұндағы:
L7 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
Ножп – жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін дайындағаны үшін қосымша ақы келесі формула бойынша есептеледі:
Ножп = L8 * 0,7*Qай, мұндағы:
L8 – процесті жүзеге асыру үшін жаттықтырушы-оқытушы бірліктерінің саны;
бұл қосымша ақы спортшылардың спорттық жарыстардың хаттамаларымен расталған қол жеткізген нәтижелеріне байланысты.
Жаттықтырушы-оқытушылардың жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына бір ЛА мөлшерінде төленетін сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
∑PO = Qай.жат.құр.+Науыл+Нэко.
Әкімшілік-басқару персоналының жалақы қорын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ЕТҚәбп = (Qжыл әбп+∑PO), мұндағы
Qжыл.әбп = ((Qай.әбп+∑H)*12)* N1* N2 , мұндағы:
Qай.әбп – бір айдағы штаттық кестеге сәйкес әкімшілік-басқару персоналының ЛА, теңгемен.
7. Жылына бір білім алушыға материалдық-техникалық қамтамасыз етуге (бұдан әрі – МТҚ) арналған шығыстар нормасы келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
Vpnfмтқ = МТҚ/∑Ежжс, мұндағы:
МТҚ – материалдық-техникалық қамтамасыз етуге (жабдықтар және мүкәммалмен қамтамасыз етуге) арналған шығыстар нормасы және жоғары жетістіктер спорты түрлері бойынша білім алушылар контингентіне есептеледі;
спорт түрінің шығыны бойынша МТҚ-ге арналған шығындар нормасы келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
МТҚ = ((NGvs1*ЕGvs1)+(NGvs2*ЕGvs2)+(NGvs3*ЕGvs3)), мұндағы:
NGvs1 – көп шығынды спорт түрлері құнының орташа нормативі;
EGvs1 – Gvs1 тобына жататын мемлекеттік БЖСМ-ге қабылданған контингент;
NGvs2 – орташа шығынды спорт түрлері құнының орташа нормативі;
EGvs2 – Gvs2 тобына жататын мемлекеттік БЖСМ-ге қабылданған контингент;
NGvs3 – орташа шығынды спорт түрлері құнының орташа нормативі;
EGvs3 – Gvs3 тобына жататын мемлекеттік БЖСМ-ге қабылданған контингент.
Жоғары жетістіктер спорты түрлері үш топқа бөлінеді (Gvs1, Gvs2, Gvs3,), әр топқа сәйкес шығын мөлшері анықталған. Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативіне Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 82 "Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде өткізілетін спорттық іс-шараларға дайындық және қатысу кезінде спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес спорт түрлері бойынша қажеттіліктің 10% мөлшерінде қаражат енгізілген.
8. Жылына бір білім алушыға арналған көшпелі спорттық іс-шараларға арналған шығыстар нормасы келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
VpnfW = Nожж, мұндағы
№ | Шығындар бойынша спорт түрлері | № | № | ||
Жоғары жетістіктер спорты түрлері | |||||
көп шығынды Gvs1 | орташа шығынды Gvs2 | аз шығынды Gvs3 | |||
1 | Ат спорты | 21 | Ауыр атлетика | 38 | Асық ату |
2 | Ату спорт түрлері | 22 | Баскетбол | 39 | Бадминтон |
3 | Аударыспақ | 23 | Волейбол | 40 | Белбеу күресі (алыш) |
4 | Бәйге | 24 | Дәстүрлі садақ ату | 41 | Би спорты |
5 | Биатлон | 25 | Гимнастика спорт түрлері | 42 | Бильярд |
6 | Велосипедтік спорт түрлері | 26 | Голбол | 43 | Бодибилдинг |
7 | Гольф | 27 | Қол добы | 44 | Бочча |
8 | Есу спорт түрлері | 28 | Көгалдағы хоккей | 45 | Бокс |
9 | Жамбы ату | 29 | Құсбегілік | 46 | Брейкинг |
10 | Жеңіл атлетика | 30 | Регби 7 | 47 | Джиу-джитсу |
11 | Желкенді қайық спорты | 31 | Садақ ату | 48 | Дзюдо |
12 | Қазіргі бессайыс | 32 | Ски-альпинизм | 49 | Жауынгерлік жекпе-жектің аралас түрлері (ММА) |
13 | Керлинг | 33 | Спорттық құзға өрмелеу | 50 | Жекпе-жек |
14 | Киберспорт | 34 | Теннис | 51 | Қазақ күресі |
15 | Коньки спорт түрлері | 35 | Триатлон | 52 | Каратэ (WKF) |
16 | Көкпар | 36 | Футбол | 53 | Кикбоксинг |
17 | Семсерлесу | 37 | Шаңғы спорт түрлері | 54 | Күрес түрлері |
18 | Су спорт түрлері | 55 | Муайтай | ||
19 | Теңге ілу | 56 | Пара қол күресі | ||
20 | Шайбалы хоккей | 57 | Пара пауэрлифтинг | ||
58 | Пенчак силат | ||||
59 | Самбо | ||||
60 | Скейтбординг | ||||
61 | Таеквондо WT | ||||
62 | Тоғызқұмалақ | ||||
63 | Ушу | ||||
64 | Үстел теннисі | ||||
65 | Шахмат | ||||
Nожж – шығу нормасы, теңгемен.
Оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға шығындар компонентін есептеу үшін келесілер ескеріледі:
Ежк – оқу-жаттығу даярлығы кезеңінің контингенті;
Есж – спорттық жетілдіру кезеңінің контингенті.
W – оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға арналған шығындар компоненттерін есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
W = (Ежк+Есж) *Nожж.
Шығу нормасының есебі келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
Nожж = (2АЕК+3АЕК)*6 күн+5,194АЕК, мұндағы:
шығатын контингент күндерінің орташа жылдық нормасы 6 (алты) күнді құрайды;
іссапардың бір күніне тамақтану нормасы: 2 АЕК ретінде айқындалған;
іссапардың бір күніне тұру нормасы: 3 АЕК ретінде айқындалған;
екі жаққа жол жүру нормасы: 5,194 АЕК ретінде айқындалған.
| Мемлекеттік балалар- жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне 1-қосымша |
Ескертпелер:
"аз шығынды" Gvs3 – өзіндік спорттық құрал-жабдықтың болуы талап етіледі, тек дене шынықтыру-спорт, білім беру және мәдениет ұйымдарының, спорт объектілері мен ғимараттарының қолданыстағы инфрақұрылымы нысандарында ғана орналастырылуы мүмкін;
"орташа шығынды" Gvs2 – өзіндік спорттық құрал-жабдықтың болуы талап етіледі, тек суды қарқынды пайдаланумен немесе жасанды мұз жасаумен байланысты емес, спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықталған спорт нысандарында ғана орналастырылуы мүмкін;
"көп шығынды" Gvs1 – өзіндік спорттық құрал-жабдықтың болуы талап етіледі және суды қарқынды пайдаланумен немесе жасанды мұз жасаумен байланысты, спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтар өткізуге арналған арнайы жабдықталған спорт нысандарында ғана орналастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік БЖСМ қабылдау үшін балалардың ең төменгі жасы "Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына сәйкес реттеледі. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9881 болып тіркелген).
| Мемлекеттік балалар- жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне 2-қосымша |
Дайындық кезеңдері | Оқу кезеңі (жыл) | 1 топ | 2 топ | 3 топ | ||||
Топтардың ең аз толымдылығы (адам) |
Топтың ең көп сандық құрамы | Топтардың ең аз толымдылығы (адам) |
Топтың ең көп сандық құрамы | Топтардың ең аз толымдылығы (адам) |
Топтың ең көп сандық құрамы |
Оқу-жаттығу жүктемесінің ең көп көлемі | ||
Спорттық-сауықтыру | барлық кезең | 16 | 24 | 16 | 24 | 10 | 15 | 6 |
Бастапқы даярлық | бірінші жыл | 10 | 15 | 12 | 18 | 6 | 9 | 8 |
екінші жыл | 10 | 12 | 12 | 18 | 6 | 9 | 10 | |
үшінші жыл | 8 | 12 | 12 | 18 | 6 | 9 | 10 | |
Оқу-жаттығу даярлығы | бірінші жыл | 8 | 12 | 10 | 15 | 4 | 6 | 12 |
екінші жыл | 8 | 12 | 10 | 15 | 4 | 6 | 14 | |
үшінші жыл | 6 | 9 | 8 | 12 | 3 | 5 | 18 | |
төртінші жыл | 6 | 9 | 8 | 12 | 3 | 5 | 20 | |
бесінші жыл | 6 | 9 | 8 | 12 | 3 | 5 | 20 | |
Спорттық жетілдіру | бірінші жыл | 5 | 8 | 6 | 9 | 3 | 5 | 24 |
екінші жыл | 4 | 8 | 5 | 9 | 3 | 5 | 26 | |
үшінші жыл | 4 | 6 | 5 | 8 | 2 | 3 | 28 | |
төртінші жыл | 4 | 6 | 5 | 8 | 2 | 3 | 28 | |
Жоғары спорт шеберлігі | барлық кезең | 3 | 5 | 4 | 9 | 2 | 3 | 32-36 |
Ескертпелер:
Спорт түрлері бойынша бірінші, екінші, үшінші топтарға жататын топтардағы адамдар саны:
1) бірінші топ: биатлон, гимнастика спорт түрлері, шаңғы спорт түрлері, коньки спорт түрлері, ат спорты, жеңіл атлетика, желкенді қайық спорты, су спорт түрлері, спорттық құзға өрмелеу, садақ ату, дәстүрлі садақ ату, ату спорт түрлері, қазіргі бессайыс, семсерлесу, велосипедтік спорт түрлері, триатлон, үстел теннисі;
2) екінші топ: жоғары жетістіктер спорты түрлеріне кіретін өзге барлық спорт түрлері;
3) үшінші топ: бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, есу спорт түрлері, жағажай волейболы, теннис, құсбегілік.