Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39206 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31904 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы
Д. Жазықбай

  Қазақстан Республикасының
  Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2026 жылғы 1 шілдедегі № 115 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар және білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдауға арналған оқу нәтижелерінің мәндері

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдар үшін оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдануға арналған оқу нәтижелері келесі мәндерден төмен болмайды:

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары

Әріптік жүйе бойынша нәтижелер (бағалар)

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (пайыздық құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша нәтижелер (бағалар)

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда, мәслихат аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, астана мәслихаты аппаратынан, тексеру комиссиясынан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының астана мен оның аудандарындағы аумақтық бөлімшелерінен басқа) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына

B+

3,33

85-89

жақсы

      2. Білім беру ұйымдарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітірген адамдар үшін оқуын аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілмей қабылдануға арналған оқу нәтижелері келесі мәндерден төмен болмайды:

"Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары

Әріптік жүйе бойынша нәтижелер (бағалар)

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (пайыздық құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша нәтижелер (бағалар)

Ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
ауданның және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының басшы емес лауазымына;
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымына;
орталық мемлекеттік орган мен оның ведомствосының аудандағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болатын облыстық маңызы бар қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшы емес лауазымына

B+

3,33

85-89

жақсы


Об установлении значений результатов обучения для лиц, окончивших обучение в организациях образования при Президенте Республики Казахстан по программам послевузовского образования и в организациях образования по программам высшего и (или) послевузовского образования, на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 1 июля 2026 года № 115. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2026 года № 39206

      В соответствии с подпунктами 4) и 5) пункта 6 статьи 28 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Установить значения результатов обучения для лиц, окончивших обучение в организациях образования при Президенте Республики Казахстан по программам послевузовского образования и в организациях образования по программам высшего и (или) послевузовского образования, на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 11 февраля 2023 года № 38 "Об установлении значений результатов обучения, предоставляющих лицам, завершившим обучение в организациях образования и в организациях образования при Президенте Республики Казахстан в рамках государственного заказа по программам высшего или послевузовского образования, возможность занятия административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 31904).

      3. Департаменту подготовки и поступления на государственную службу Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы, курирующего вопросы государственной службы.

      5. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2026 года.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан по
делам государственной службы
Д. Жазықбай

  Приложение к приказу
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по делам государственной службы
от 1 июля 2026 года № 115

Значения результатов обучения для лиц, окончивших обучение в организациях образования при Президенте Республики Казахстан по программам послевузовского образования и в организациях образования по программам высшего и (или) послевузовского образования, на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса

      1. Результаты обучения лиц, окончивших обучение в организациях образования при Президенте Республики Казахстан по программам послевузовского образования, на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса по согласованию с уполномоченным органом по делам государственной службы (далее – уполномоченный орган) или его территориальным подразделением в течение двух лет после окончания обучения, составляют не ниже следующих значений:

Административные государственные должности корпуса "Б"

Результаты (оценка) по буквенной системе

Цифровой эквивалент

Баллы (процентное содержание)

Результаты (оценка) по традиционной системе

В исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета, аппаратах маслихатов, ревизионных комиссиях, территориальных подразделениях центральных государственных органов и их ведомств (кроме исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, аппарата маслихата, ревизионной комиссии, территориальных подразделений центральных государственных органов и их ведомств в столице и ее районах)

B+

3,33

85-89

хорошо

      2. Результаты обучения лиц, окончивших обучение в организациях образования по программам высшего и (или) послевузовского образования, на занятие административных государственных должностей корпуса "Б" без проведения конкурса по согласованию с уполномоченным органом или его территориальным подразделением в течение одного года после окончания обучения, составляют не ниже следующих значений:

Административные государственные должности корпуса "Б"

Результаты (оценка) по буквенной системе

Цифровой эквивалент

Баллы (процентное содержание)

Результаты (оценка) по традиционной системе

На низовую должность аппаратов акима и маслихата района или города областного значения (кроме города областного значения, являющегося административным центром области);
на не руководящую должность исполнительного органа района и города областного значения (кроме города областного значения, являющегося административным центром области), финансируемого из местного бюджета;
на не руководящую должность аппарата акима города районного значения, села, поселка, сельского округа;
на не руководящую должность территориального подразделения центрального государственного органа и его ведомства в районе или городе областного значения (кроме города областного значения, являющегося административным центром области)

B+

3,33

85-89

хорошо