ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2026 жылғы 26 маусымдағы № 191-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 115-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36244 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторинг жүргізу Қағидаларында:
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) екі сағат ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы хабарлауға міндетті.";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Қазақстан Республикасының бассейндеріндегі 1 ақпандағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (алдын ала болжам) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
2 | Қазақстан Республикасының бассейндеріндегі 1 наурыздағы деректер бойынша су қорының жиналуы және су тасуы және суару кезеңінде күтілетін өзен сулылығы туралы консультациялық анықтама | Жылына бір рет (негізгі болжам, қажеттілік бойынша болжам нақтыланады) | Ұлттық гидрометеороло-гиялық қызметі | Уәкілетті органның ведомствосы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы және оның аумақтық бөлімшелері |
".
2. "Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36251 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу Әдістемесінде:
14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) суару жүргізудің жағдайлары мен тәсілдеріне байланысты нақты суармаланатын алқап үшін бруттоның суландыру нормалары 27 формула бойынша айқындалады:

мұнда,
Мбр.нақ.егістік – нақты алқап бруттосының суландыру нормасы;
Мнт – суландыру нормасының таза салмағы;
![]()
нақ.егіcтiк – нақты алқапта суды пайдалану коэффициенті.
Жер бетімен суару кезінде нақты алқапта суды пайдалану коэффициентінің мәні суару жүргізудің жағдайларын (суармаланатын учаскенің жоспарланғандығы, алқаптың бағыты, топырақ-жердің су өткізгіштігі, қолданылатын техникалық құралдар) есепке алады. Жер бетімен суару барысында суды пайдалану коэффициентінің мәндері осы әдістемеге 6-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
Жаңбырлатып суару кезінде нақты алқапта суды пайдалану коэффициенттерінің мәндері топырақтың түрлі типтері мен жаңбырлату техникасына суды беру тәсілдері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының ылғалдылығының агроклиматтық аймақтары бойынша белгіленеді. Жаңбырлатып суармалау кезінде суды пайдалану коэффициентінің мәндері осы әдістемеге 6-қосымшаның 4- кестесінде көрсетілген.
Тамшылап суару кезінде нақты алқапта суды пайдаланудың коэффициенті тамшылап суармалау технологиясына, суармаланатын дақылдардың түріне және топырақтың механикалық құрамына (жеңіл, орташа, ауыр) байланысты және 0,90 бастап 0,98 дейін өзгертіледі.
Бақтар мен жүзімдіктер неттосының суландыру нормасы тамшылап суару технологиясы кезінде топырақты жергілікті ылғалдандыру есебімен – осы әдістемеге 6-қосымшаның 5-кестесінде көрсетілген вегетациялық кезеңде ауыл шаруашылығы дақылдары неттосының суармалау нормасының мәндерінен 28 – 30 %-ға аз;";
27-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оңтүстік өңірге солтүстік географиялық ендіктің 40,5-тен 48 градусқа дейін, солтүстік өңірге географиялық ендіктің 48-ден 53,5 градусқа дейін Қазақстан Республикасының аумағы жатады.".
3. "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Су қорғау аймақтары мен белдеулері және олардың шаруашылықта пайдалану тәртібі су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал сел қаупі бар аудандарда қосымша азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілеттік органмен келісілген бекітілген жобалық құжаттардың негізінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.";
7-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобаларына тапсырыс берушілер болып табылады, ал жекелеген су объектілері бойынша белгілі бір объект бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қажеттілігіне мүдделі жеке және заңды тұлғалар да әрекет етеді.";
14-тармақтың он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде су объектісінің су қорғау аумағының енін елді мекендерді дамытудың бекітілген бас жоспарларына сәйкес нақты жоспарлау шарттарын негізге ала отырып және қолда бар құрылыс шегінде, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілгенмен салыстырғанда 70 метрге дейін қысқартуға жол беріледі, онда мынадай шарттар сақталуы қажет:".
4. "Мемлекеттік су кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 12 маусымдағы № 131-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік су кадастрын жүргізу Қағидаларында:
жол:
"
Қазақстанның су ресурстарының жай-күйіне және оларды пайдалануға қысқаша шолу |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасының су ресурстарының жай-күйіне және оларды пайдалануға қысқаша шолу |
";
жол:
"
Су шаруашылығы бассейндері және тұтастай республика бойынша өзен ағысы мен жер асты суларының ресурстары |
"
мынадай редакцияда жазылсын:
"
Су шаруашылығы бассейндері және тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша өзен ағысы мен жер асты суларының ресурстары |
".
5. "Гидротехникалық құрылысжайлардың көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясы нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 156-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36350 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ГТҚ ықтимал және туындаған апаттық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік су инспекцияны, ішкі істер органдарын, азаматтық қорғау органдарын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ету және құлақтандыру__________________________.".
6. "Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу Әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төлемақы мөлшерлемелері осы Әдістемеге 1 қосымшада көрсетілген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициенттер және 2-қосымшада көрсетілген жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициенттерге сәйкес өзен бассейндері және экономика салалары бойынша жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының базалық коэффициенттеріне сәйкес формуламен есептеледі:
Салалық ТМ = АЕК * K1 * K2o,
мұндағы:
Салалық ТМ - салалық төлемақы мөлшерлемесі;
АЕК - заңдарда белгіленген және есептеу кезеңінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш;
К1 - жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін базалық коэффициенттер (нақты алынған су бассейніне қатысты АЕК үлесі);
K2o - экономиканың белгілі бір секторы үшін жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін салалық базалық коэффициенттер.";
көрсетілген Әдістемеге 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
7. "Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушысының 2026 жылғы 9 сәуірдегі № 104-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38392 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, отыз тоғызыншы, қырық бірінші, қырық екінші, жетпіс алтыншы, жетпіс жетінші, жүз он бесінші, жүз он алтыншы, жүз елу алтыншы және жүз елу жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.".

