ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 12.07.2026 ж. қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аквашаруашылық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 1 қарашадағы № 411 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 117 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37324 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесінде орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдануын қамтамасыз етсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген аквашаруашылық саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) елеулі бұзушылық – аквашаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, оның ішінде: жобаның бизнес-жоспарын және жұмыс бағдарламасын сақтамауы; жаңа өндіріс объектілерін салу бойынша міндеттемелерді орындамауы; шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарты талаптарының орындалуы туралы ақпарат бермеуі; аквашаруашылық субъектісінің даму жоспарының орындалуы туралы ақпарат бермеуі; әкімшілік деректерді ұсынбауы; көбейтілетін және (немесе) күтіп-ұсталынатын, өсірілетін аквашаруашылық объектісі түрлерінің сәйкес келмеуі; су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерінің интродукциясы; жалпы пайдаланылатын жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеу; аншлагтардың орнатылмауы; бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына балық жіберуді орындамау; балық өсіру-биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және/немесе ішінара ауыстыруды жүзеге асырмау; жеке меншік немесе өзге де заңды негізде жер учаскесінің және (немесе) жылжымайтын мүліктің болмауы; аквашаруашылықтың цифрлық жүйеде тіркелмеуі;";
15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Өлшемшарттарда бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудан босату жағдайлары айқындалса, бақылау субъектілері (объектілері) цифрлық жүйені қолдана отырып, аквашаруашылық саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.
16. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты деңгейлеріне жіктейтін және бақылау шараларының тізбелерін қалыптастыратын цифрлық жүйелерді пайдалана отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық мониторинг нәтижелеріне және цифрлық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың цифрлық жүйесі болмаған кезде, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең төменгі жол берілетін шегі аквашаруашылық саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік реттеуші орган ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 мамырына және бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 қазанына дейінгі мерзімде цифрлық жүйенің бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін қалыптастыруға арналған қажетті деректермен автоматты режимінде толтырылуын қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" цифрлық жүйесінде орналастыру үшін оның Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
_________А. Амрин |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
__________А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті