ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ "Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аймақтық жағдайларды ескере отырып, төлемақы мөлшерлемелерін бекіту кезінде салалық төлемақы мөлшерлемесі осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес тиісті коэффициенттерге көбейтіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесінің аймақтық коэффициенттері
№ | Аймақтар | Өзендер, көлдер, теңіздер бассейндері | Аймақтық коэффициенттер | |||||
Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп | Ауыл шаруашылығы | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | Гидроэнергетика | Су көлігі | |||
1 | Абай облысы | Ертіс өзені бассейні | 1 | 1 | 1 | 0,136 | 1 | 1 |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,048 | 0,5 | 0,5 | ||
2 | Ақмола облысы | Есіл өзені бассейні | 0,08 | 0,08 | 0,08 | 0,040 | 0,08 | 0,08 |
3 | Ақтөбе облысы | Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің бассейндері | 1 | 1 | 1 | 0,112 | 1 | 1 |
Торғай, Ырғыз өзендерінің бассейндері | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,049 | 0,5 | 0,5 | ||
4 | Алматы облысы | Балқаш және Алакөл көлдері бассейні | 0,1 | 0,3 | 0,03 | 0,030 | 0,7 | 0,15 |
5 | Атырау облысы | Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, өзендері және Каспий теңізі бассейндері | 0,65 | 1 | 0,65 | 0,066 | 1 | 1 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы | Ертіс өзені бассейні | 1 | 1 | 1 | 0,115 | 1 | 1 |
7 | Жамбыл облысы | Шу, Талас және Аса өзендерінің бассейндері | 0,2 | 0,2 | 0,04 | 0,040 | 0,2 | 1 |
8 | Жетісу облысы | Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері | 0,1 | 0,3 | 0,03 | 0,030 | 0,7 | 0,15 |
9 | Қарағанды облысы | Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,055 | 0,5 | 0,5 |
Ертіс өзені бассейні | 1 | 1 | 1 | 0,154 | 1 | 1 | ||
Есіл өзені бассейні | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,031 | 0,3 | 0,3 | ||
Нұра, Сарысу және Кенгір өзендерінің бассейндері | 1 | 1 | 1 | 0,100 | 1 | 1 | ||
10 | Қостанай облысы | Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бассейндері | 0,5 | 0,5 | 0,5 | 0,053 | 1 | 1 |
11 | Қызылорда облысы | Сырдария өзені және Арал теңізі бассейндері | 1 | 0,5 | 0,025 | 0,025 | 1 | 0,5 |
12 | Павлодар облысы | Ертіс өзені бассейні | 1 | 1 | 1 | 0,182 | 1 | 1 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | Есіл өзені бассейні | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,031 | 0,3 | 0,3 |
14 | Ұлытау облысы | Нұра, Сарысу және Кенгір өзендерінің бассейндері | 1 | 1 | 0,5 | 0,055 | 1 | 1 |
Торғай, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бассейндері | 0,5 | 0,5 | 0,2 | 0,066 | 1 | 1 | ||
15 | Түркістан облысы |
Сырдария өзені және | 0,4 | 0,5 | 0,1 | 0,100 | 0,4 | 0,3 |
16 | Батыс Қазақстан облысы | Жайық, Ойыл, Сағыз, Ембі, Еділ, Үлкен және Кіші Өзен өзендері және Каспий теңізі бассейндері | 1 | 1 | 1 | 0,107 | 1 | 1 |
17 | Маңғыстау облысы | Каспий теңізі бассейні | 0,3 | 0,4 | 0,5 | 0,049 | 1 | 1 |
18 | Астана қаласы | Есіл өзені бассейні | 0,3 | 0,3 | 0,3 | 0,031 | 0,3 | 0,3 |
Нұра өзені бассейні | 1 | 1 | 1 | 0,100 | 1 | 1 | ||
19 | Алматы қаласы | Балқаш және Алакөл көлдері бассейндері | 0,2 | 0,2 | 0,2 | 0,100 | 0,2 | 0,2 |
20 | Шымкент қаласы |
Сырдария өзені және | 0,4 | 0,5 | 0,1 | 0,100 | 0,3 | 0,3 |