ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Аккредиттеу қағидалары) бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
6. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:
1) Аккредиттеу қағидаларының 4-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық құжат нысанында, электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған құжаттармен бірге өтінішті "Цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы цифрлық жүйе "e-Qurylys.kz" (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – цифрлық жүйе)" цифрлық объектісі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
2) Аккредиттеу қағидаларының 6-тармағының абзацы мынадай редакцияда қолданылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді";
3) Аккредиттеу қағидаларының 7-тармағының 7-2) абзацы мынадай редакцияда қолданылсын:
"7-2) куәлікті электрондық нысанда беруді, қайта ресімдеуді ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз – 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде жүзеге асырады";
4) Аккредиттеу қағидаларының 10-тармағы мынадай редакцияда қолданылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді";
5) Аккредиттеу қағидаларының 1 және 3-қосымшаларының жолы мынадай редакцияда қолданылсын:
"көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына соттың осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлік беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі";
6) Аккредиттеу қағидаларына 4-қосымшаның реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда қолданылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
";
7) 2028 жылғы 01 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:
1) "Аккредиттеу қағидаларының 2-қосымшаның 5) жолы мынадай редакцияда қолданылсын:
"5) сарапшы аттестатының (сертификатының) болуы";
2) "Аккредиттеу қағидаларының 7-қосымшаның 1 және 2-жолдары мынадай редакцияда қолданылсын:
"
".
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 245 Бұйрықпен бекітілген Бұйрыққа 1-қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 30) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) аккредиттеу – уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың өкілеттіктерін ресми тану рәсімі;
2) аккредиттеу туралы куәлік – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі заңды тұлғалардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
3) өтініш беруші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
4) көрсетілетін қызметті беруші – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.
2-тарау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйе "e-Qurylys.kz" ақпараттандыру объектісі (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы құжаттармен өтінішті жібереді:
4-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік алған кезде заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес толтырылған мәліметтер нысанымен өтініш жібереді;
4-2) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
5. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді" қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында айқындалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақтың екінші абзацының 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақтың үшінші абзацының 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
7-1) өтінішті осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен автоматты түрде тіркеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-2) тармақшаның 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
7-2) куәлікті электрондық нысанда беруді, қайта ресімдеуді ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз – 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде жүзеге асырады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес электрондық/цифрлық түрде беріледі.
8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде қайта ресімделуге жатады.
9. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген күннен бастап екі жылды құрайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақтың 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
11. Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғалардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатта мамандардың болуы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген.
12. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қолданысын қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
13. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
14. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтініші негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Бұл ретте, енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидалардың 7-қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға береді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шағымды қарайтын органға әкімшілік істі жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 1-қосымша Нысан |
ӨТІНІШ
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
бастап_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірінің деректемелері)
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге
асыратын заңды тұлға ретінде аккредиттеуді сұраймын
Заңды тұлғаның орналасқан жері ________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, пошта мекенжайы)
Филиалдар (өкілдіктер, объектілер, пункттер, учаскелер)
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса беріліп отырған құжаттар (парақтардың санын көрсете отырып):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымшаның осы абзацының 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына соттың осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлік беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі,;
Басшы _________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: "___" ___________ 20__ жыл
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға | |
| 2-қосымша | |
| Нысан |
Мәліметтер нысаны
1) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________
2) Лауазымы _________________________________________________________
3) Жұмыс өтілі _______________________________________________________
(мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету)
4) Диплом бойынша мамандандыру ______________________________________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымшаның 5) тармақшасының 01.07.2028 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
5) Сарапшы аттестатының (сертификатының) болуы ________________________
(нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
6) Мекенжайы: _________________________________________________________
______________________________________________________________________
7) Меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді растайтын құжаттың атауы мен
деректемелері
______________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандыру туралы мәліметтер
8) Атауы:______________________________________________________________
9) Өлшем бірлігі________________________________________________________
10) Саны______________________________________________________________
11) Пайдалану мерзімі __________________________________________________
12) Ескерту ___________________________________________________________
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 3-қосымша |
|
| Нысан |
Куәлікті қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
бастап ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда-заңды тұлғаның
(оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес –
сәйкестендіру нөмірі, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Куәлікті қайта ресімдеуді сұраймын
№__________ бастап "___" _________ 20___ жүзеге асыруға берілген жыл
_____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және(немесе) қызметтің кіші түрлерінің (түрлерінің) толық атауы)
мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
1) заңды тұлғаның атауын өзгерту ________________________________________
2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту _______________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы______________________________________________
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, пошта индексі, облыс, қала, аудан, елдімекен, көше
атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі
Электрондық пошта ____________________________________________________
Телефондар ___________________________________________________________
Факс _________________________________________________________________
Банктік шот ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) _ _ _ _ _ _ парақ қоса беріледі.
Осымен расталады:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымшаның осы абзацының 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізілетін редакциясын осы бұйрықтың 6-т. қараңыз.
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына соттың осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынбайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы __________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: "__"__________ 20__ жыл
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 4-қосымша |
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі: | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу; |
3 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | ||
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті беру, қайта ресімдеу – 20-40 минут |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлікті беру не қайта ресімдеу. |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі |
9 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) куәлік алған кезде: |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
12 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алады. |
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 5-қосымша Нысан |
Аккредиттеу туралы куәлік
N 00000 осы аккредиттеу туралы куәлік берілді
_____________________________________________________________________
___________________ (заңды мекенжайы)
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына
Аккредиттелген және уәкілетті органның тізіліміне енгізілген
Куәліктің қолданылу мерзімі ____________________________________________
Уәкілетті орган _______________________________________________________
қала ___________ "____" _____________ 20 жыл
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 6-қосымша |
Өтініш
________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
бастап _____________________________________________________________
(аккредиттелген ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірінің
деректемелері)
өзгертуді (толықтыруларды/ауыстыруды) сұраймын
_____________________________________________________________________
(осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес аккредиттелген ұйымдар тізілімінің толық
атауы)
ауысымға байланысты жұмыс орны _________________ бойынша ____________
(аккредиттелген ұйымдардың толық атауы)
Мекенжайы___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың)
нөмірі, телефоны, факс, е-mail)
Мыналар:
1. Жұмыс берушімен қарым-қатынасты растайтын немесе оларды тоқтату туралы
құжаттардың көшірмелері (қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтар,
еңбек кітапшалары);
2. Жеке куәліктің көшірмелері қоса беріледі.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге және оның мамандарына соттың осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынбайды; қоса беріліп отырған барлық құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлік беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ____________ __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Толтыру күні: "___" __________ 20 жыл
| Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидаларға 7-қосымша |
|
| Нысан |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары
№ р/с | Рұқсат беру талаптары | Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | |||
1. |
мынадай мамандандырулар бойынша бірінші деңгейдегі жауапкершілік объектілері бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша кемінде үш аттестатталған (сертификатталған) сарапшының болуы: | Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
ЗҚАИ-ның ескертпесі! | |||
2. | "Жобаның бас инженері" және/немесе "Бас инженер" мамандығы бойынша кемінде бір аттестатталған (сертификатталған) инженерлік-техникалық қызметкердің болуы | Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
3. | кемінде бір білікті инженер-сметашының болуы | Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
4. | меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы | Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
5. | есептеулерді орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасауға және ресімдеуге мүмкіндік беретін, белгіленген бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс станцияларының материалдық-техникалық жарақтандырылуының, атап айтқанда, болуы | Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны | |
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 245 Бұйрыққа 2-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12702 болып тіркелген);
2. "Объектілер құрылысы жобасын басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12528 болып тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13961 болып тіркелген);
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 153 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2 және 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15054 болып тіркелген);
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18138 болып тіркелген);
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 499 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19044 болып тіркелген);
7. "Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20267 болып тіркелген);
8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 150 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27225 болып тіркелген);
9. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36866 болып тіркелген).