ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 290 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлердің біліктілігін арттыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Біліктілікті арттыру курсының міндетті сағаттары өзіне қаржылық есептіліктің халықаралық және ұлттық стандарттары бойынша теориялық және практикалық мәселелерді, Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және экономика, қаржы, аудит, менеджмент, салықтық, азаматтық, банктiк, сақтандыру және әлеуметтік заңнамалары саласында басқа мәселелерді және есепке алу процестерін цифрландыру зерделеуді қамтиды.".
2. "Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды жүргiзу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
2. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" және "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші цифрлық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы операторын (оператор) мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӨӘҚНМК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК ЕД), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.";
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күн мерзімі ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";
11. Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші "Е-лицензиялау" цифрлық жүйесінде сұрау салу келіп түскен сәттен бастап жүзеге асырады:
куәлік беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсутуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;
3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;
4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;
2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
корсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
корсетілген Қағидаларға 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағының екінші, үшінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 12 мамырдағы |
|
| № 300 бұйрығына 1-қосымша Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша |
"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі– көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Сұрау салуды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Куәлік беру–5 (бес) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжттар мен мәліметтердің |
1) кәсіптік ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіздер болып табылады: |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар. |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына 2-қосымша Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысаны |
Сұрау салу
Аккредиттеуді (қайта рәсімдеу, телнұсқасын беру) өтінемін
__________________________________________________________________
Қызметті жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымның, сертификат жөніндегі ұйымның
(қажеттісінің астын сызып көрсету) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Орналасқан жері:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар
дұрыс және жарамды болып табылады
"___" ___________ 20__ жыл
Кәсіби ұйымның, сертификаттау жөніндегі ұйымның басшысы
(қажеттісінің астын сызып көрсету) ____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2026 жылғы 12 мамырдағы № 300 бұйрығына 3-қосымша Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысаны |