ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, 2-тармағын, 3-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын, 4-тармағын, 5-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он жетінші, 6-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2026 жылғы 12 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 4-қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 1-қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
А. Ертаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылғы 12 мамырдағы № 179 Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 197 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және стационар, жартылай стационар жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
"3) www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы "Е-Собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" АЦЖ) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштегі деректер автоматты түрде "Е-Собес" АЦЖ-ға беріледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер "Е-Собес" АЦЖ-ден мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматтандырылған режимде түседі.";
15 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала хабардар етеді.";
16 - тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32724 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларына:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес жергілікті атқарушы органдар олардың құнын кепілдік берілген сома шегінде өтеу шарттарымен мүгедектігі бар адамдар үшін жеткізушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ инватакси арқылы мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін білдіретін цифрлық объект.".
3. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34501 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);";
8 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қалыптастырылған тізім ұсынылғаннан кейін уәкілетті орган 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей әрбір ұйым басшысына Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай цифрлық жүйесінен алынған осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес материалдарды қалыптастырады және Комиссияның қарауына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
".
4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар | Біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар (мәліметтер) | Ескертпе |
1 | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтермен немесе жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесінен ғимаратты (үй-жайды) жалдау шартымен расталатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды, меншік құқығындағы немесе жалдау шарты негізіндегі ғимараттың немесе үй-жайдың болуы. | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер. | Біліктілік талаптар үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды. |
".
5. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34655 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялау тәртібін айқындайды.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік қызметтер порталы, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде "Е-Собес" автоматтандырылған цифрлық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-Собес" АЦЖ) беріледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Собес" АЦЖ-дан Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне түседі.";
12 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарын Департаменттер тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.";
42 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-1-қосымша осы Тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-2-қосымша осы Тізбеге 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Тізбеге 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы Тізбеге 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35569 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу қағидаларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін цифрлық объект;";
"7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);";
5-тармақтың 2) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер "Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37241 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып береді.";
7 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті орган арнаулы әлеуметтік қызметтерді төлеу үшін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды "Е-Собес" цифрлық жүйесіне келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және қабылдайды немесе себебін көрсете отырып, қайта қарау үшін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектіге қайтарады.".
ӨТІНІШ
Жеке басты куәландыратын құжат 20___ жылғы "___" _______ № ___ берілді
Тіркелген жері _________________________________________________
Тұрғылықты жері ______________________________________________
Туған жері ____________________________________________________
Туған күні _____ жылғы "___" _________
Жәрдемақы түрі мен мөлшері _____________________________________
Мүгедектік тобы (мүгедектігі бар болса) ____________________________
Заңды өкілдерінің болуы _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстық қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)
Туыстарының болуы (еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы/зайыбы)_________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстық
қатынастар, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)
__________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
стационарлық үлгідегі ұйымда тәулік бойы тұрақты/уақытша (керегін сызу) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсетуді сұраймын, өйткені стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсетуге мұқтажбын (мұқтаж).
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) _______________________ 2) _________________________
3) _______________________ 4) _________________________
5) _______________________ 6) _________________________
7) _______________________ 8) _________________________
9) _______________________ 10) ________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Осымен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін келісім білдіремін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Стационарлық үлгідегі ұйымды қабылдау, онда ұстау, одан ауыстыру және шығару шарттарымен таныстым.
20___ жылғы "___" ___________
________________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Құжаттарды қабылдады ____________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
20___ жылғы "___" ___________
ӨТІНІШ
_______________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсету)
үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету үшін есепке алуды сұраймын.
Туған күні _____________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы __________________________________________
Телефон номері (үй, ұялы) _________________________________________
Мүгедектік санаты (болған жағдайда) _______________________________
Бірге тұратын отбасы мүшелері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі, туыстығын көрсету): _______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу үшін қажетті менің қолжетімділігі шектеулі дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Осы келісім қол қойылған күнінен бастап "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету аяқталған күнге дейін қолданылады.
Осымен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету, мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріндегі тиісті ақпаратты тексеру, сәйкестікке келтіру және жаңарту құқығын айқындау үшін еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) туралы ақпаратты пайдалануға, сондай-ақ мен көрсеткен, цифрлық жүйелерден алынған мәліметтер мен мәліметтерді пайдалануға (беруге), менің мәртебем, менің мүддемде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы ретінде, оның ішінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін келісім білдіремін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі мен шарттарымен таныстым.
Мынадай құжаттарды қоса беремін:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы _________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Күні 20__ жылғы "___" ___________
Өтінішті қабылдады ______________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және лауазымын көрсету)
Қолы _________ күні 20__жылғы "___" _________
| Тізбеге 3-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу; |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі стационар, жартылай стационар жағдайларында және үйдегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліспен жұмыс істейді. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің осы қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негізде |
1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. |
| Тізбеге 4-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 6-қосымша |
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ҚОЛХАТ
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19, 19-1-баптарын, 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы)
Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:
1) ___________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
Ұсынуыңызға / көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
Орындаушы:____________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы маманының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
Телефон: _______________________________________________________
Алдым: _________________________________________________________
________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы)
20___ жылғы "___" ____________.
| Тізбеге 5-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, лицензияны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және демалыс күндерінен басқа; |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) лицензия алу үшін: осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер. |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады. |
| Тізбеге 6-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
| Нысан |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін өтініш
__________________________________________________________ атына
көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
___________________________________________________нан/нен/дан/ден/
тан/тен (дара кәсіпкердің тегі аты әкесінің аты (ол болған жағдайда) /заңды
тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру
бойынша лицензия беруіңізді сұраймын.
Дара кәсіпкердің мекенжайы/заңды мекенжайы:
_______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық поштасы __________________
Телефон ________________________
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның орналасқан мекенжайы
________________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің немесе ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жай)
Қосымша_____ парақ.
Осымен расталады:
көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға лицензия беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушы лицензия беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға, сондай-ақ орналасқан жері бойынша тексеруді жүргізуге келіседі.
Басшы _________________________ ___________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20 ___ жылғы "__" ______
Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитет Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы өтінішті одан әрі қараудан бас тартқаны туралы хабарлайды.
№ | Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Бар/жоқ | Ескертпе |
_______________________________________________________________
(Бас тартудың негізі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _______________________ облысының/қаласының аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы
_____________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
____________________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Келісілді:
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Төраға орынбасары
_______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Қол қойылды:
Төраға _______________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
| Тізбеге 8-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-2 қосымша |
|
| Нысан |
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнің мекенжайында орналасқан____________________________________
қызмет алушының______________________________________________________
_____________ "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34624 болып тіркелген) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкестiгiн тексеруге сұрау салуына байланысты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетiнiң _____________ облысы/қаласы бойынша аумақтық бөлiмшесi (департаментiн) баруды жүзеге асырды және нәтижесінде мыналар анықталды:
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қойылатын біліктілік талаптар | Шешім (сәйкес келеді/сәйкес келмейді) | Ескертпе* |
* Ескертпе – біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себептерін, оның ішінде лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін еркін нысанда көрсетеді.
Қортынды:
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
- Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің маманы
___________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы
__________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Аумақтық бөлімшесінің (департаментінің) басшысы
__________________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Келісілді:
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарманың бас сарапшысы
_______________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы
______________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
Төраға орынбасары
_______________________________
(электрондық-цифрлық қолтаңба) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мерзімі: 20 ___ жылғы "__" ______
| Тізбеге 9-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 3 қосымша |
|
| Нысан |
| |
АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЛИЦЕНЗИЯ | |
Берілген күні: жылы | Лицензия нөмірі: |
Берілді | (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі) |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орны | (ұсынылған объектінің мекенжайы) |
Ескерту | (иеліктен шығару, рұқсат сыныбы) |
Көрсетілетін қызметті беруші | (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) |
Басшы (уәкілетті тұлға) | (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
Бастапқы берілген күні | ______ жылғы "____" __________ |
Лицензияның қолдану мерзімі | ______ жылғы "____" __________ |
Беру орны | |
| Тізбеге 10-қосымша | |
| "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
| Нысан |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияны қайта ресімдеуге арналған өтініш
_________________________________________________________атына
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
__________________________________________________ нан, нен, тан, тен,
дан, ден (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке кәсіпкер / заңды
тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын
арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған 20___ жылғы "___"
№ ____________берілген _________________________________________
(лицензияның нөмірі (А), берілген күні, лицензия берген көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
Жүзеге асыруға _________________________________________________
(Қызмет түрінің және қызметтің кіші түрінің толық атауы)
мынадай негіздер бойынша (рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның
33 және 34-баптарына сәйкес): ___________________________________________
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мекенжайы: _________________
_______________________________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта: _______________________________________
Телефон: _________________________________________________
Қоса беріледі ______п.
Осымен расталады:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларда болуы мүмкін лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілді;
сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға тыйым салмайды;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және сенімді болып табылады;
өтініш беруші лицензияны беру кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелердегі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі.
Басшы ___________________ _____________________________________
(электрондық цифрлық (тегі, аты, әкесінің аты (қолы қойылған кезде) ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы "___" _______
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1) Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу; |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
Құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түрінде. |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі стационар, жартылай стационар жағдайларында және үйдегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімін көрсете отырып, еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін түскі үзіліспен жұмыс істейді. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің осы қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша өтініш; |
10 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу; |
11 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге құжаттарды ресімдеу әлеуметтік қызметкердің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. |
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | Лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |