ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 693-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37732 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) креативті индустриялар субъектісі – креативті қызметке қатысатын, креативті қызмет нәтижелерін жасауды, шығаруды, қайта жаңғыртуды, жаппай таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімі – креативті индустриялар саласында мемлекеттік қолдау шараларын тиімді көрсету мақсатында уәкілетті орган әкімшілендіретін креативті индустриялар субъектілерін тіркеуге және есепке алуға арналған онлайн-платформа;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) цифрлық қолдау – онлайн-платформалар, маркетплейстер, цифрлық технологиялар;";
3) тармақша мынадай редакция жазылсын:
"3) Тізбеге сәйкес қызмет түрлеріне сәйкес келуі не осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген мамандандырылған бағдарламалар мен инфрақұрылымдық қолдау бойынша креативті индустрияның жекелеген бағыттарына сәйкес келуі;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) креативті индустриялар субъектілерінің тізілімінде тіркелген болуы.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) цифрлық технологиялар саласындағы шешімдер, сайттарды әзірлеу және қолдап отыру, цифрлық платформалар;".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Креативті индустриялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі