"Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 10 сәуірдегі № 196/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жасанды интеллект – адамның интеллектуалды қызметінің нәтижелерімен салыстырылатын немесе олардан асып түсетін нәтижелерді қамтамасыз ететін, адамға тән когнитивті функцияларды имитациялай алатын функционалдық қабілет;
2) жасанды интеллект жүйесі – жасанды интеллектінің бір немесе бірнеше моделі негізінде жұмыс істейтін ақпараттандыру объектісі;
3. Салалық мемлекеттік органдар қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін жасанды интеллект жүйелеріне деген сенімді қамтамасыз ету және оларды тиісті салада (аяда) қолданудың үздік практикаларын тарату мақсатында қалыптастырады және олар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тұрақты негізде жарияланып отырады.
2-тарау. Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау тәртібі
4. Тәуекел дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелерінің тізбелерін қалыптастыруды және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялауды (бұдан әрі – Тізбелер) салалық мемлекеттік органдар тәуекел дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелерінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің өтініштері негізінде жүзеге асады.
5. Тізбеге қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйесін енгізу үшін оның меншік иесі және (немесе) иегері салалық мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік және (немесе) авторлық шарт;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17141 болып тіркелген) аудиторлық қорытынды.
6. Салалық мемлекеттік орган өтініш және құжаттардың толық топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылған материалдарды:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасанды интеллект жүйесінің атауын, оның мақсаты мен қолдану саласын көрсету, сондай-ақ жүйенің функционалын, мақсаттарын және пайдалану шарттарын сипаттауды қоса алғанда өтініштің толық толтырылуына;
өтініш берушіде авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәліктің және (немесе) авторлық шарттың болуы;
қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйесінің аудиторлық қорытындысының болуына, сондай-ақ аудиторлық қорытындыда көрсетілген мәліметтердің өтініште ұсынылған мәліметтерге сәйкестігіне қарастырады.
7. Құжаттар топтамасы осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келсе, салалық мемлекеттік орган жасанды интеллект жүйесін Тізбеге енгізеді және бес жұмыс күні ішінде тиісті мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Салалық мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мәліметтерді орналастыру Тізбені қарау (танысу) және жүктеу (бар болған жағдайда) мүмкіндігі қамтамасыз етіле отырып, нормативтік және анықтамалық материалдарды орналастыруға арналған салалық мемлекеттік органның интернет-парақшасында Тізбені ашық қолжетімділікте жариялау арқылы жүзеге асырылады. Тізбе жаңартылған кезде ресми интернет-ресурста Тізбенің жаңартылған редакциясы орналастырылады.
8. Құжаттар топтамасының сәйкессіздігі анықталған кезде салалық мемелекеттік орган өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келмейтіндігі туралы хабарлама жібереді.
Анықталған сәйкессіздіктер жойылған жағдайда, өтініш беруші құжаттар топтамасын қайтадан ұсынуға құқылы, бұл ретте салалық мемлекеттік орган осы Қағидаларда белгіленген 5-тармаққа сәйкес қайтадан өтініш пен толық құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтадан ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады.
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелері және (немесе) иегерлерінің өтініші
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбесіне мынадай жасанды интеллект жүйесін енгізуді сұраймыз:
Жасанды интеллект жүйесінің атауы:___________________
Жүйені пайдаланудың мақсаты және саласы __________________________
(пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы, саласы/аясы, жүйенің функционалдығының қысқаша сипаттамасы)
Жүйеде қолданылатын жасанды интеллект моделі(дері) туралы мәліметтер ________________________________________________________
(модельдер, алгоритм түрі, сыртқы/кіріктірілген модельдердің болуы):
Жүйе пайдаланатын деректер санаттары __________________________
(деректердің қысқаша сипаттамасы, деректер көздері):
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйесіне жүргізілген аудит туралы ақпарат: ___________________________________________
(аудит жүргізген ұйымның атауы, күні, аудиторлық қорытындыны қоса беру)
Өтінішке қоса беріледі:
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйесінің аудиторлық қорытындысы;
Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік және (немесе) авторлық шарт;
Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Меншік иелерінің және (немесе) иегерінің
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
_____________________ "__" _____________ 20_ жыл
(қолы)
М.О. (болған жағдайда)
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
№ | Жасанды интеллект жүйесінің атауы | Жасанды интеллект жүйесінің меншік иесінің және (немесе) иегерінің атауы | Жасанды интеллект жүйесінің қолдану саласы (аясы) | Жасанды интеллект жүйесінің функционалдығының қысқаша сипаттамасы | Жүргізілген аудит туралы мәліметтер (аудитордың атауы, күні, қорытындылары) | Тізбеге енгізілген күні | Салалық мемлекеттік органның атауы |
1 | |||||||
2 | |||||||
3 |