ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібі мен "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар
(бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.";
11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингісінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы, ұзарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе цифрлық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.";
аталған Қағидаларға 1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын және 1, 2 қосымшаларды қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.".
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] |
Басшысына |
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] |
|
ӨТІНІШ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алу туралы _________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) |
|---|
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, сізден "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат" беруді сұрайды |

| Бұйрыққа 2-қосымша Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларына 2-қосымша Нысан |
| "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінде | ||
|---|---|---|
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | - |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "Цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 10 (он) жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстар жүргізу құқығына аттестат не оны беруден дәлелді бас тарту |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Өтініш. |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары: |
