ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 34786 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның цифрлық жүйесі;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған цифрлық жүйесінің уақыты бойынша тіркеледі.";
9-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
10-тармақ алып тасталсын;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Инфрақұрылымдық жобалар, мемлекеттік сатып алу және активтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_____ жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу жоспары
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (қазақ тілінде) ____________
Тапсырыс берушінің атауы ___________ (орыс тілінде) ____________
Тапсырыс берушінің БСН ______________________________________
№ | Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты сатып алынатын қызметтердің атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы (сипаттамасы) | Өлшем бірлігі | Жалпы саны, көлемі | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бекітілген сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай) | Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде) | Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде) | ӘАОЖ | Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде) | Қызмет көрсету орны (орыс тілінде) | - |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | - |
Ескертпе:
"Тапсырыс берушінің БСН" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның бизнес сәйкестендіру нөмірі (он екі таңбалы код);
"Тапсырыс берушінің атауы" - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте көрсетілген ұйымның толық атауы көрсетіледі;
Кесте бойынша:
"№" деген жолақта – сатып алынатын қызметтің реттік нөмірі;
"Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы" деген жолақ "Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығында көрсетілген қызметтердің атауына дәл сәйкес толтырылады;
"Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы" деген жолақта – сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі;
"Өлшем бірлігі" деген жолақта – сатып алу мәнінің өлшем бірлігі көрсетіледі;
"Жалпы саны, көлемі" деген жолақта – сатып алынатын қызметтердің жалпы саны немесе көлемі көрсетіледі;
"Бірлік үшін баға, теңге" деген жолақта – теңгеде сатып алу мәнінің бірлігі үшін баға көрсетіледі;
"Жалпы сома (сатып алу үшін бекітілген), теңге" деген жолақта – "Жалпы саны, көлемі" деген жолақтың мәнін "Бірлік үшін баға, теңге" деген жолақ мәніне көбейту арқылы есептеледі және сатып алуды жүргізу жоспарланатын соманы белгілейді;
"Сатып алудың жоспарланған мерзімі (ай)" деген жолақта – қызметтерді сатып алу жоспарланған ай көрсетіледі;
"Қызмет көрсету мерзімі (қазақ тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету мерзімі қазақ тілінде көрсетіледі;
"Қызмет көрсету мерзімі (орыс тілінде)" деген жолақта – тауарды жеткізу, қызмет көрсету мерзімі орыс тілінде көрсетіледі;
"ӘАОЖ" деген жолақта – "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші" анықтамалығына сәйкес сандық мәнде елді мекеннің коды көрсетіледі;
"Қызмет көрсету орны (қазақ тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету орны қазақ тілінде көрсетіледі;
"Қызмет көрсету орны (орыс тілінде)" деген жолақта – қызмет көрсету орны орыс тілінде көрсетіледі.