ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларында:
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
4-тармақтың бірінші, екінші, үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кәсіби өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – КӨҚҚ) аттестатын алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында кәсіби өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтінішті "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқор" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Портал) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыру үшін объектіні пайдалану құқығының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.";
6-тармақтың жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық істен шығудың пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).";
12-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
Қағидалардың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидалардың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.".
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Кәсіби өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
___________________________________________________________________
кәсіби өртке қарсы қызмет атауы
_________________________________________________________________
кәсіби өртке қарсы қызмет түрі ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу
құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_______________________________________
Кәсіби өртке қарсы қызмет орналасқан жері:_____________________________
____________________________________________________________________
Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқықта көлік құралдарының:
Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі)____________________________
Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет
_____________________________________________________________
Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру- құтқару
техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы
мәлімет: __________________________________________________
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі__________________________
Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 "Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес кәсіби
өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы құрал-
жабдық тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықпен
қамтамасыз етілген қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері:
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.
Төраға ______________________ тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________ Күні
"Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті беруші атауы | Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ. |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. |
4 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 6 жұмыс күні. |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беру. |
7 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық сұрату; |
10 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |