"Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 наурызда № 38159 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларында:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Ақылы учаскелерді пайдалану үшін төлемнен Заңның 5-2-баптарында көзделген автокөлік құралдарының санаты босатылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ұйымдастырушы ақылы жолдар (учаскелер) бойынша жол жүру берешегінің бар екендігі туралы смс-хабарлама жібереді.

      Егер пайдаланушы (жеке тұлға) ақылы жолдар (учаскелер) бойынша жол жүруден кейін күнтізбелік отыз (30) күн ішінде төлем жасамаса, ұйымдастырушы күнтізбелік отыз бірінші күні материалдарды "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабында көзделген тәртіппен қарастыру үшін көлік бақылау органдарына жібереді.

      Егер пайдаланушы (заңды тұлға) ұйымдастырушы жіберген шот-фактураларға сәйкес есептік айдан кейінгі 20-шы күнге дейін төлем жасамаса, ұйымдастырушы келесі күнтізбелік күні материалдарды "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 628-бабында көзделген тәртіппен қарастыру үшін көлік бақылау органдарына жібереді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайда автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ішкі регламентіне сәйкес ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жол жүру ақысын есептеу алгоритміне өзгерістер енгізеді."

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 318 "Об утверждении Правил взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге общего пользования республиканского значения (участку)"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 16 марта 2026 года № 59. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 марта 2026 года № 38159

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 318 "Об утверждении Правил взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге общего пользования республиканского значения (участку)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11128) следующие изменения:

      в Правилах взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге общего пользования республиканского значения (участку), утвержденных указанным приказом:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. От платы за пользование платными участками, освобождается категория автотранспортных средств, предусмотренная статьей 5-2 Закона.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Организатор направляет смс-оповещение о наличии задолженности за проезд по платным дорогам (участкам).

      В случае, если пользователь (физическое лицо) в течение тридцати (30) календарных дней со дня совершения проезда по платным дорогам (участкам) не произвел оплату за проезд, организатор на тридцать первый календарный день направляет материалы в органы транспортного контроля для рассмотрения в порядке, предусмотренном статьей 628 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

      В случае, если пользователь (юридическое лицо) не произвел оплату за проезд по платным дорогам (участкам) до 20-го числа следующего за отчетным месяцем на основании выставленных организатором счет-фактур, организатор на следующий календарный день направляет материалы в органы транспортного контроля для рассмотрения в порядке, предусмотренном статьей 628 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".";

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Организатор в случае, предусмотренном пунктом 27 настоящих Правил, вносит изменения в алгоритм начисления платы за проезд по платным автомобильным дорогам (участкам) в соответствии с внутренним регламентом уполномоченного государственного органа по автомобильным дорогам.".

      2. Комитету автомобильных дорог Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан, после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта
Республики Казахстан
Н. Сауранбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан