"Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 23 ақпандағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 28 ақпанда № 38064 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мыналарды:

      1) қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, іздестіру істері атқарушылық іс жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінде ақпарат алу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі – пайдаланушылар) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен (бұдан әрі – ҚАО ААЖ) мәліметтерді қалыптастыру тәртібін;

      2) пайдаланушылардың ҚАО ААЖ-ға қолжетімділігін ұйымдастыру тәртібі;

      3) ҚАО ААЖ арқылы алынған мәліметтерді пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін анықтайды.

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Заң) құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен оларға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өзге органдардың алу негіздері айқындалады.

      Заңының 16-2-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ оларға жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу негіздері айқындалады.

      Занының 16-2-бабының 5-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу негіздері айқындалады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сот органдары қаралып отырған қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген басқа да ерекше жағдайлардың шеңберінде Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – сот органдарының АЖ) ҚАО ААЖ-мен өзара іс-қимылы арқылы ҚАО ААЖ-ның электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті алады.

      25. Сот органдары азаматтық, әкімшілік істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің шеңберінде сұрау салу жіберген кезде, пайдаланушы сот органдарының АЖ-да тіркелген азаматтық, әкімшілік істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірін, есепке алу жылын, шешім қабылдаған сот органын көрсетеді.";

      осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 23 ақпандағы № 34
  Бұйрығына қосымша
Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік
және өзге де органдардың ақпарат
алмасу жүйесінен мәліметтерді
қалыптастыру, оларға қол
жеткізу,
пайдалану, сақтау, қорғау және
жою қағидаларына
1-қосымша

ҚАО ААЖ-дың рөлдерін негіздер бойынша бөлу тізбесі

Пайдаланушы

Қылмыстық іс

Әкімшілік іс/әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (сот);

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚСжАЕК)

Азаматтық іс (сот)

Атқарушылық іс жүргізу (4-нысан)

Іздестіру ісі

А

Б

1

2

3

4

5

6

1.

Прокурор

+

+

+

+

+

+

2.

Судья

+

+


+

+


3.

Ішкі істер органдарының тергеушісі (бұдан әрі – ІІО)

+


+




4.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі (бұдан әрі – ҰҚО)

+


+




5.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі (бұдан әрі – ҚМА)

+


+




6.

ІІО-ның анықтаушысы

+


+




7.

ҰҚО-ның анықтаушысы

+


+




8.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің анықтаушысы (бұдан әрі – ТЖМ)

+


+




9.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің анықтаушысы (бұдан әрі – МКҚ)

+


+




10.

ҚМА-ның офицері

+


+



+

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (Қарулы Күштердің әскери полициясы Бас басқармасы) қызметкері

+


+



+

12.

ІІО-ның қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері

+


+




13.

ТЖМ-ның қызметкері

+


+




14.

ҰҚО-ның қызметкері, әскери қызметшісі

+


+



+

15.

Сот орындаушысы





+


16.

МКҚ-ның қызметкері

+





+

17.

ІІО-ның әкімшілік полиция қызметкері (айдауыл қызметі, арнайы мекемелерді және қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерді қоспағанда)



+




18.

ІІО-ның криминалдық полиция қызметкері

+


+



+

19.

Кезекші бөлімнің қызметкері






+


О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 13 января 2023 года № 21 "Об утверждении Правил формирования, доступа, использования, хранения, защиты и уничтожения сведений из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 23 февраля 2026 года № 34. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 февраля 2026 года № 38064

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 13 января 2023 года № 21 "Об утверждении Правил формирования, доступа, использования, хранения, защиты и уничтожения сведений из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 31702) следующие изменения:

      в Правилах формирования, доступа, использования, хранения, защиты и уничтожения сведений из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила формирования, доступа, использования, хранения, защиты и уничтожения сведений из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов (далее – Правила) определяют:

      1) порядок формирования сведений из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов (далее – СИО ПСО) сотрудниками правоохранительных, специальных государственных и иных органов (далее – пользователи) для получения информации в рамках уголовных, гражданских, административных, розыскных дел, исполнительного производства, производства по делам об административных правонарушениях;

      2) порядок организации доступа пользователей в СИО ПСО;

      3) порядок использования, хранения, защиты и уничтожения сведений, полученных посредством СИО ПСО.

      Основания получения иными органами из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов информации, необходимой для решения возложенных на них задач, определяются в соответствии с пунктом 1 статьи 16-1 Закона Республики Казахстан "О государственной правовой статистике и специальных учетах" (далее – Закон).

      Основания получения правоохранительными, специальными государственными органами Республики Казахстан и органами военной разведки Министерства обороны Республики Казахстан из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов информации, необходимой для проведения негласных следственных действий и оперативно-розыскной деятельности, а также для решения иных возложенных на них задач, определяются в соответствии с пунктом 3 статьи 16-2 Закона.

      Основания получения уполномоченным органом по финансовому мониторингу из системы информационного обмена правоохранительных, специальных государственных и иных органов информации, необходимой для противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения, определяются в соответствии с пунктом 5 статьи 16-2 Закона.";

      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:

      "24. Судебные органы получают доступ к электронным информационным ресурсам СИО ПСО путем взаимодействия информационной системы судебных органов Республики Казахстан (далее - ИС судебных органов) с СИО ПСО, в рамках рассматриваемых уголовных, административных, гражданских дел и дел об административных правонарушениях, а также других исключительных случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      25. При отправлении запроса судебными органами в рамках гражданского, административного дела либо дела об административном правонарушении, пользователь указывает номер гражданского, административного дела либо дела об административном правонарушении, учетный год, судебный орган, принявший решение, зарегистрированные в ИС судебных органов.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее – Комитет) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) направление настоящего приказа заинтересованным субъектам правовой статистики и специальных учетов, а также территориальным и приравненным к ним органам Комитета для исполнения.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
Б. Асылов

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство Республики Казахстан
по финансовому мониторингу

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Служба государственной охраны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Судебная администрация
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Генеральный Прокурор
Республики Казахстан
от 23 февраля 2026 года № 34
  Приложение 1
к Правилам формирования,
доступа, использования,
хранения, защиты
и уничтожения сведений
из системы информационного
обмена правоохранительных,
специальных государственных
и иных органов

Перечень распределения ролей СИО ПСО по основаниям

Пользователь

Уголовное дело

Административное дело/
дело об административном правонарушении (суд)

Дело об административном правонарушении (КПСиСУ)

Гражданское дело (суд)

Исполнительное производство (форма 4)

Розыскное дело

А

Б

1

2

3

4

5

6

1.

Прокурор

+

+

+

+

+

+

2.

Судья

+

+


+

+


3.

Следователь органов внутренних дел (далее – ОВД)

+


+




4.

Следователь органов национальной безопасности (далее – ОНБ)

+


+




5.

Следователь Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу (далее – АФМ)

+


+




6.

Дознаватель ОВД

+


+




7.

Дознаватель ОНБ

+


+




8.

Дознаватель Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – МЧС)

+


+




9.

Дознаватель Службы государственной охраны Республики Казахстан (далее – СГО)

+


+




10.

Офицер АФМ

+


+



+

11.

Сотрудник Министерства обороны Республики Казахстан (Главное управление военной полиции Вооруженных Сил)

+


+



+

12.

Сотрудник уголовно-исполнительной системы ОВД

+


+




13.

Сотрудник МЧС

+


+




14.

Сотрудник, военнослужащий ОНБ

+


+



+

15.

Судебный исполнитель





+


16.

Сотрудник СГО

+





+

17.

Сотрудник административной полиции ОВД (за исключением конвойной службы, специальных учреждений и иных подразделений, осуществляющих охрану общественного порядка)



+




18.

Сотрудник криминальной полиции ОВД

+


+



+

19.

Сотрудник дежурной части






+