БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 5) тармақшасының 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды, оның ішінде үлестік және/ немесе мезониндік қаржыландыруды жүзеге асыру:".
8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерге кепілдік беру тетіктерін пайдалану:
"Экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту" бағыты шеңберінде:
ұсынылған қолдау көлемінен кем емес сомаға ақшалай мәндегі өнім экспорты;".
8-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импортты кедендік әкелу баждарын және қосылған құн салығын төлеуден босату:
"Еңбек өнімділігін арттыру" бағыты шеңберінде:
өнімді оқшаулау деңгейін арттыру (Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді көшірмемен расталатын технологиялық операциялар санын ұлғайту);
"Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету" бағыты шеңберінде:
2 (екі) жыл ішінде өндірілетін өнім көлемін 10%-ға ұлғайту.".
13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша экспорттық сауда-саттықты қаржыландыру, сақтандыру, қайта сақтандыру және мәмілелерге кепілдік беру кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тұрақсыздық айыбын қолданады.".
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарсы міндеттемелердің орындалу деңгейін, ақшалай қаражатты қайтару көлемін және ақшалай қаражатты қайтару рәсімін есептеуді өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық қызметті өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруға ұсынылатын шаралары шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің ішкі құжаттарында айқындалған қарсы міндеттемелерді мониторингтеу мерзімдеріне қарай дербес жүргізеді.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі