ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 11-тарауын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 44-н/қ бұйрығымен бекітілді |
Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мотор майларын таңбалау және оларды қадағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау тәртібін, сондай-ақ олардың одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агрегаттау – таңбаланған тауарлардың жекелеген бірліктерінің сәйкестендіру кодтары мен топтық немесе тасымалдау қаптамасына енгізілген сәйкестендіру коды арасындағы логикалық өзара байланысты белгілеуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы, бұл көрсетілген қаптаманы ашпай-ақ, оның ішіндегі салынғанды қадағалауға мүмкіндік береді;
2) аппараттық-бағдарламалық кешен – тауарларды таңбалаумен және оларды қадағалаумен байланысты белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдар жиынтығы;
3) деректерді беру хаттамасы – деректерді беру желісі құрылғылары арасында ақпараттық пакеттер құрылымына және ақпараттық пакеттермен алмасу алгоритміне қойылатын техникалық талаптардың ресми түрде рәсімделген жиынтығы;
4) ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
5) импорттаушы – мотор майларын ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелуді, сондай-ақ ЕАЭО-на мүше басқа мемлекет аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына мотор майларын әкелуді жүзеге асыратын мотор майлары айналымының қатысушысы;
6) тасымалдау қаптамасы – таңбаланған мотор майының тұтынушылық қаптамаларын және (немесе) топтық қаптамаларын біріктіретін, мотор майларын сақтау және тасымалдау үшін қолданылатын, оны орын ауыстыру кезінде зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін және дербес көлік бірлігін қалыптастыратын қаптама;
7) тасымалдау қаптамасының сәйкестендіру коды - осы Қағидалардың 6-тарауында көзделген талаптарға сәйкес қалыптастырылатын, әрбір жеке тасымалдау қаптамасы үшін бірегей таңбалар комбинациясы;
8) қолдану коды – элементтік жолдың басында орналасқан және префикстен кейінгі деректер өрісінің мақсатын және форматын бірмәнді айқындайтын 2 (екі) немесе одан көп таңбадан тұратын префикс;
9) мотор майларының айналымы – мотор майларын Қазақстан Республикасына әкелу, сақтау, тасымалдау, алу және беру, соның ішінде оларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу және өткізу (сату);
10) мотор майлары айналымының қатысушысы – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және таңбаланған мотор майларын айналысқа енгізу және (немесе) айналымын және (немесе) айналымнан шығару жөнінде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
11) мотор майы – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 2710 19 820 0, 3403 19 100 0, 3403 19 900 0, 3403 99 000 0 кодтары бойынша "Мотор майлары" тауар тобына жататын және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалған Таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – Тауарлар тізбесі) енгізілген өнім;
12) өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және кейіннен өткізу үшін мотор майларын өндіру қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
13) сәйкестендіру коды – тауар кодының GTIN – Global Trade Item Number (дүниежүзілік тауар нөмірі) және тауар бірлігінің жеке сериялық нөмірінің бірегей комбинациясы болып табылатын таңбалар тізбегі;
14) сәйкестендіру құралы – тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға немесе мотор майының тұтынушылық немесе топтық қаптамасына тікелей орналастырылатын жапсырмаға түсірілетін екі өлшемді матрицалық штрихкод түрінде ұсынылған машинамен оқу нысанындағы мотор майын таңбалау коды;
15) таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару – таңбаланған мотор майларын "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес тіркелген деректерді беру және (немесе) тіркеу функциясы бар бақылау-кассалық машинасы арқылы жеке тұлғаға жеке тұтыну үшін өткізу (сату), алып қою (конфискация), кәдеге жарату, бүліну, жою, қайтарымсыз жоғалту және мотор майының айналымын тоқтатуды көздейтін өзге де себептер;
16) таңбаланған мотор майы – осы Қағидаларға сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде дәйекті мәліметтерді көрсете отырып (оның ішінде оған сәйкестендіру құралын қамтитын сәйкестендіру құралы енгізілген және (немесе) материалдық тасымалдаушы туралы), сәйкестендіру құралы енгізілген мотор майы;
17) таңбалау коды – мотор майының тұтынушылық қаптамасын сәйкестендіру мақсатында Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай оператор қалыптастыратын тауардың сәйкестендіру коды мен тексеру кодынан тұратын бірегей таңбалар тізбегі;
18) тауардың жеке сериялық нөмірі – тауарлар номенклатуралық тобы шеңберінде тауар бірлігін бірегей айқындайтын таңбалар тізбегі;
19) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі – сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарларды таңбалау процестерін және олардың айналымы барысында одан әрі қадағалауды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе;
20) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы (бұдан әрі – Оператор) – Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңартуды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
21) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің құжаттар тізілімі – мотор майлары айналымының қатысушылары қалыптастырған, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелген құжаттар тізбесі;
22) тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінің сәйкестендіру құралдары тізілімі – мотор майлары айналымының қатысушылары тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеген сәйкестендіру құралдарының тізбесі;
23) тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінің тауарлар тізілімі – мотор майлары айналымының қатысушылары қалыптастырған, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелген тауарлар тізбесі;
24) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің тауарлар айналымына қатысушылардың тізілімі – тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелген мотор майлары айналымыа қатысушыларының тізбесі;
25) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің уәкілетті тұлғалар тізілімі – тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелген мотор майлары айналымына қатысушы уәкілетті тұлғалар тізбесі;
26) тексеру коды – тауардың сәйкестендіру кодын криптографиялық түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылатын және сәйкестендіру кодын қолдан жасауды айқындауға мүмкіндік беретін символдардың тізбегі;
27) топтық қаптама – мотор майының белгілі бір мөлшердегі тұтынушылық қаптамаларын біріктіретін қаптама;
28) тұтынушылық қаптама – мотор майын бастапқы қаптауға және соңғы тұтынушыға өткізуге арналған қаптама;
29) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі – мотор майлары айналымы қатысушыларының аппараттық-бағдарламалық құралдары мен тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимыл тәсілдерінің сипаттамасы;
30) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
31) ASCII – American Standard Code for Information Interchange (Ақпарат алмасудың Американдық стандартты коды) – баспа және баспа емес символдарға сандық кодтар сәйкес келетін ақпаратты кодтау әдісі;
32) ASCII 232 (FNC1) – ASCII Function 1 Symbol Character (басқару функциясының 1 символы) – кодталған тізбектің GS1 коды екенін көрсететін арнайы символ;
33) DataMatrix – мәтін немесе басқа түрдегі деректерді кодтауға арналған, төртбұрыш немесе шаршы түріндегі топта орналастырылған, шаршы нысанында салынған, қара-ақ элементтер немесе түрлі жарықтық дәрежесіндегі элементтерді білдіретін екі өлшемді матрицалық штрих код;
34) DataMatrix ECC200 – қателіктердің алдын алу және зақымдалған ақпаратты қалпына келтіру технологиясын қолданатын DataMatrix нұсқасы, кодта 30 пайызға дейін зақымдану болған жағдайда кодталған ақпараттың барлық тізбегін қалпына келтіруге мүмкіндік береді, бұл қателіктердің пайда болу жиілігі 1 миллионнан 10 миллион сканерленген символдардан аз;
35) GCP – Global Company Prefix (Дүниежүзілік кәсіпорын префиксі) - Global Standards 1 (GS1) жүйесінде кәсіпорынға берілетін халықаралық кәсіпорын нөмірі (префикс);
36) GPC – Global Product Classification (Дүниежүзілік өнімдерді жіктеу жүйесі) – өнімдерді негізгі сипаттамалары бойынша санаттарға бөлуге және олардың бір-бірімен байланыстарын сипаттауға арналған жүйе;
37) GS1 – Global Standards 1 - логистикалық бірліктерді есепке алуды стандарттау және штрих-кодтау саласындағы халықаралық стандарттау ұйымы;
38) GS1-128 – кәсіпорындар арасында жүк туралы ақпарат беруге арналған GS1 стандарттау жөніндегі жаһандық ұйымның штрих-код форматы;
39) GTIN – Global Trade Item Number (Дүниежүзілік сауда бірлігінің нөмірі) - GS1 жүйесінің стандарттарына сәйкес ұлттық (өңірлік) GS1 ұйымы тауарлар тобына беретін жаһандық сәйкестендіру нөмірі, оны әлемдік экономикалық кеңістікте бірмәнді сәйкестендіру үшін қолданады және тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінде тауар коды ретінде пайдаланылады;
40) SSCC – (Serial Shipping Container Code) – жеткізу тізбегінде жүктің қадағалануы үшін халықаралық GS1 стандарттарына сәйкес келетін тасымалдау қаптамасының бірегей сәйкестендіру.
2-тарау. Cәйкестендіру құралдары арқылы таңбалауды жүзеге асыратын мотор майлары айналымының қатысушылары
3. Өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген мотор майларын жаңа меншік иесіне немесе басқа тұлғаға алғашқы ақыға немесе ақысыз беру алдындағы сәйкестендіру құралы арқылы таңбалауды жүзеге асырады, бұл таңбалау сол тұлғаға меншіктеу немесе кейіннен өткізу мақсатында жүзеге асырылып, оның таралуы және (немесе) қолданылуы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағы сыртында өндірілген мотор майларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу алдындағы немесе ішкі тұтыну үшін, сондай-ақ қайта экспорт (реимпорт) мақсатында кедендік рәсімдерге қою алдындағы сәйкестендіру құралы арқылы таңбалауды қамтамасыз етеді.
4. Мотор майларын сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау талаптары Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы Заңымен ратификацияланған 2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдары арқылы таңбалау туралы келісімнің 8-бабында көрсетілген жағдайларға қолданылмайды.
3-тарау. Мотор майлары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі қызметін жүзеге асырудың техникалық шарттары
5. Мотор майлары айналымы қатысушыларының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі қызметін жүзеге асыру шарттары:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы;
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне байланыс арналары арқылы қосылған аппараттық-бағдарламалық кешен, ол Операторға таңбалау кодтарын алу, таңбалау кодтарын қолдану туралы мәліметтерді жіберу, содан кейін сәйкестендіру құралдарын агрегаттау (агрегаттау қолданылған жағдайда) туралы ақпаратты, сондай-ақ тауарларды айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге автоматтандырылған түрде беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі талаптарына сәйкес, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған шарттарға сай.
Осындай аппараттық-бағдарламалық кешен болмаған немесе тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне интеграциясы жоқ болған жағдайда, мотор майлары айналымының қатысушысы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің жеке кабинеті арқылы Операторға жібереді.
6. Мотор майларын бөлшек саудада өткізу арқылы жүзеге асыратын айналымға қатысушы Осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген шарттардан бөлек, мынадай шарттардың:
1) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасының болуын;
2) сәйкестендіру құралдарын оқу үшін бақылау-касса машинасына қосылу мүмкіндігі бар сканерлеу құрылғысының болуын;
3) әрбір өткізілген мотор майы бірлігі бойынша таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару туралы мәліметтерді бақылау-кассалық машинасы арқылы беру жөнінде фискалдық деректер операторымен жасалған келісімнің болуын қамтамасыз етеді.
7. Мотор майының өндірушілері мен импорттаушылары:
1) таңбаланған мотор майларын айналымға енгізу және (немесе) айналымы қызметін бастамас бұрын тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінде өздерін тіркейді;
2) сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын мотор майын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркейді;
3) аппараттық-бағдарламалық кешенді (бар болса) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесімен электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі талаптарына сәйкес дайындап, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған шарттарға сәйкес ақпарат алмасуға дайын болуын қамтамасыз етеді;
4) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне таңбалау құралымен таңбаланатын мотор майы туралы, сондай-ақ таңбаланған мотор майын айналымға енгізу, айналымы және (немесе) айналымнан шығару туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес нақты уақыт режимінде енгізеді.
8. Мотор майларын көтерме саудада өткізу арқылы жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
1) сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатын мотор майларының айналымымен байланысты қызметтің қажет болған күнінен бастап, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде өздерін тіркейді;
2) аппараттық-бағдарламалық кешенді (бар болса) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесімен электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі талаптарына сәйкес дайындап, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған шарттарға сәйкес ақпарат алмасуға дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне нақты уақыт режимінде таңбаланған мотор майларын айналымға енгізу (қажет болған жағдайда) туралы мәліметтерді, сондай-ақ таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару және (немесе) айналымы туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес енгізеді.
9. Мотор майларын бөлшек саудада өткізу арқылы жүзеге асыратын айналымға қатысушылар:
1) таңбаланған мотор майларын айналымнан шығарумен және қайта енгізумен байланысты қызметін бастамас бұрын осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде өздерін тіркейді;
2) аппараттық-бағдарламалық кешенді (бар болса) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесімен электрондық өзара іс-қимыл интерфейсі талаптарына сәйкес дайындап, Оператордың интернет-ресурсында жарияланған шарттарға сәйкес ақпарат алмасуға дайын болуын қамтамасыз етеді;
3) DataMatrix екі өлшемді кодын оқу мүмкіндігіне сәйкестендіру құралдарын сканерлеу және тану құрылғыларына тексеру жүргізеді;
4) тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесіне қажет болған жағдайда сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатын мотор майларын айналымға енгізу туралы мәліметтерді, сондай-ақ таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару және (немесе) айналымы туралы мәліметтерді осы Қағидалардың 10-13-тарауларына сәйкес енгізеді.
4-тарау. Мотор майлары айналымының қатысушыларын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі
10. Мотор майлары айналымының қатысушыларын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу және оларға жеке кабинетке қол жеткізу мүмкіндігін беру Оператор арқылы ақпараттық жүйеге енгізілген сенімді мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
11. Мотор майлары айналымының қатысушысы өз атынан тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мәліметтерді беру және сұрау құқығына ие уәкілетті тұлғаларды анықтайды.
12. Мотор майлары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелгеннен кейін Оператор 24 (жиырма төрт) сағат ішінде:
1) тіркеу туралы ақпаратты тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаның мекенжайына жібереді;
2) мотор майлары айналымының қатысушысын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі қатысушылар тізіліміне енгізеді;
3) мотор майлары айналымының қатысушысын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі жеке кабинетке қол жеткізуді ұсынады.
5-тарау. Мотор майын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу тәртібі
13. Мотор майын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу мыналар:
1) мотор майы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жағдайда – өндіруші (оның ішінде шарттық өндіріс шеңберінде және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімі немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік шикізаттан өндірілетін мотор майларын қоса алғанда);
2) мотор майы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде өндірілген жағдайда - импорттаушы (Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін) жүзеге асырады.
14. "Мотор майы" санатында мотор майын тіркеу үшін мотор майлары айналымының қатысушысы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) мотор майлары айналымы қатысушысының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) тауардың толық атауы;
3) сақтау мерзімі туралы мәліметтер;
4) тауар таңбасы, тауар таңбасындағы айналым белгісі, айналым және сәйкестік белгілері туралы мәліметтер;
5) тауардың өндірушісі мен дайындаушысы туралы мәліметтер;
6) тауардың GTIN коды;
7) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің код жіктеуіші;
8) ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды;
9) GPC коды;
10) маркасы;
11) өнімнің арналуы;
12) мотор майының ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігі туралы декларация;
13) мотор майының тұтқырлық класы;
14) көлемі;
15) көлемнің өлшем бірлігі.
15. Осы Қағидалардың 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген және Тауарлар тізбесіне енгізілген ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары бойынша тауарларға қатысты ЕАЭО СЭҚ ТН коды да, тауардың атауы да басшылыққа алынады.
16. Мотор майы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркеу мынадай жағдайларда:
1) GTIN тауарының коды көрсетілген мотор майы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде бұрыннан тіркелген болса;
2) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша GTIN тауарының коды мотор майлары айналымының қатысушысы тарапынан пайдалануға жатпайтын болса;
3) GS1 ақпараттық ресурсының деректері бойынша GTIN тауарының коды жоқ болса жүзеге асырылмайды.
17. Мотор майын тіркеу нәтижелері бойынша Оператор мотор майы туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің тауарлар тізіліміне енгізеді және мотор майлары айналымының қатысушысына осы тауарлардың тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелгені туралы ақпарат жібереді.
6-тарау. Сәйкестендіру құралдарының сипаттамалары
18. Мотор майларының сәйкестендіру құралы машинамен оқу үшін жарамды GS1 DataMatrix екі өлшемді штрих-коды түрінде тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға, не тікелей тұтынушылық қаптамаға және (немесе) топтық қаптамаға орналастырылатын және сәйкестендіру құралын зақымдамай бөліп алуға жол бермейтін әдіспен жағылатын этикеткаға қолданылады. Сәйкестендіру құралы тұтынушылық қаптаманың зақымдалмай алынатын конструкциялық бөлшектеріне орналастырылмайды.
Таңбаланған мотор майларын топтық қаптамаға жинақтау кезінде қажет болған жағдайда мұндай қаптамаға осы қаптамаға орналастырылған тауарлардың сәйкестендіру құралдарын агрегаттауды қамтитын сәйкестендіру құралы қолданылады.
Сәйкестендіру құралын тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға немесе тікелей тұтынушылық немесе топтық қаптамаға орналастырылатын этикеткаға жағу сапасына қойылатын техникалық талаптар мыналар:
- DataMatrix ECC200 қатені түзету әдісін пайдалана отырып басып шығару;
- ASCII кодтауын пайдалану болып табылады.
Сәйкестендіру құралының өлшемін мотор майлары айналымының қатысушысы дербес айқындайды. Бұл ретте сәйкестендіру құралы машинамен оқу үшін жарамды болуы тиіс.
19. Тұтынушылық және топтық қаптаманың сәйкестендіру құралы таңбалау кодын қамтиды, ол төрт деректер тобынан тұрады, олардың алғашқы екеуі мотор майының сәйкестендіру кодын құрайды, оның ішінде:
- таңбалау коды жолының басында GS1 символика белгісі ASCII 232 (FNC1) болады;
- бірінші деректер тобы "01" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және он төрт цифрлық символдан тұратын GTIN қамтиды;
- екінші деректер тобы "21" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және ол цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттіліктен (латын әліпбиінің әріптерінен), сондай-ақ арнайы символдардан (! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?) тұратын мотор майының жеке сериялық нөмірін қамтиды. Аталған топ үшін аяқтаушы символ ретінде ASCII символдардың кестесінде 29 коды бар арнайы бөлгіш символ пайдаланылады;
- үшінші деректер тобы "91" қолдану кодымен сәйкестендіріледі және цифрлардан, латын әліпбиінің кіші және бас әріптерінен тұратын тексеру кілтін қамтиды;
- төртінші деректер тобы "92" қолдану коды кодымен сәйкестендіріледі және цифрлық немесе әріптік-цифрлық реттіліктен (латын әліпбиінің әріптерінен, сондай-ақ арнайы символдардан ! ” % & ’ * + - . / _ , : ; = < > ?) тұратын тексеру кодын қамтиды.
20. Көліктік қаптаманың сәйкестендіру коды мотор майлары айналымының қатысушысына GS1-128 халықаралық стандартына сәйкес МСТ ISO/IEC 15417-2013 "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және жинау технологиялары. Code 128 штрих-код символикасының ерекшелігі" талаптарына сәйкес келетін бір өлшемді штрих-код түрінде беріледі. Сәйкестендіру кодында көліктік қаптаманың бірегей сәйкестендіру-көліктік қаптама сериялық кодымен (Serial Shipping Container Code, SSCC) және ол AI="00" қолдану коды арқылы сәйкестендіріледі.
Көліктік қаптаманың сәйкестендіру кодының құрамын мотор майларын көліктік қаптамаға агрегаттау жүзеге асырылатын айналымға қатысушы айқындайды.
21. Штрих-код форматындағы сәйкестендіру құралдары:
1) сәйкестендіру құралын іріктеп таңдау арқылы қолдан жасалу ықтималдығын 10 000 (он мың) жағдайдың бірінен төмен деңгейде қамтамасыз етеді;
2) DataMatrix ECC200 деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі қателерді тану және түзету функциясын қамтамасыз етеді.
22. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға немесе тауардың тікелей қаптамасына немесе топтық қаптамаға орналастырылған сәйкестендіру құралында қамтылған таңбалау кодын қайта қалыптастыруға (генерациялауға) жол бермейді.
7-тарау. Сәйкестендіру құралдарын қалыптастыру тәртібі
23. Мотор майын сәйкестендіру құралымен таңбалауды қамтамасыз ету мақсатында мотор майының айналымына қатысушы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі арқылы Операторға таңбалау кодтарын алу туралы сұрау салу (бұдан әрі – сұрау салу) жібереді.
Таңбалау кодын беру мынадай жағдайларда:
1) мотор майының айналымына қатысушы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелмеген болса;
2) ұсынылған сәйкестендіру коды тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде бұрын тіркелген болса;
3) GTIN тауар коды тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің тауарлар тізілімінде тіркелмеген және (немесе) оны мәлімдеген мотор майының айналымына қатысушының пайдалануына жатпайтын болса;
4) GTIN тауар коды "Мотор майлары" тауар тобына сәйкес келмесе бас тартылады. .
24. Сұрау салу тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде тіркелген сәттен бастап, Оператор 4 (төрт) сағат ішінде:
1) мотор майының айналымына қатысушыдан алынған деректердің негізінде криптографиялық қорғау алгоритмдерін қолдана отырып, сұрау салуда көрсетілген көлемде таңбалау кодтарын қалыптастырады (эмиссиялайды);
2) тиісті сәйкестендіру кодтарын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің сәйкестендіру құралдары тізіліміне енгізеді;
3) мотор майының айналымына қатысушыға шығарылған (эмиссияланған) таңбалау кодтарының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.
25. Мотор майының айналымына қатысушы таңбалау кодын алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей оны сәйкестендіру құралына түрлендіреді, оны тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға, не мотор майының тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамасына тікелей орналастырылатын жапсырмаға қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мотор майына қолданылған сәйкестендіру құралдарында қамтылған сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне жібереді.
Осы Қағидалардың тармағында көзделген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне мәліметтер енгізілмеген таңбалау кодтарының күші жойылады.
26. Таңбалау кодын (сәйкестендіру құралын) беру жөніндегі көрсетілетін қызмет, оның құны Заңның 7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындалатын, мотор майының айналымына қатысушы тарапынан Оператормен жасалған шарт негізінде, таңбалау кодынан түрлендірілген сәйкестендіру құралы мотор майына қолданылғаны туралы мәліметтер тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілгенге дейін төленеді.
Таңбалау кодын (сәйкестендіру құралын) беру жөніндегі қызмет Оператор тарапынан тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне Қағидалардың осы тарауының талаптарына сәйкес мотор майына қолданылған сәйкестендіру құралдары туралы мәліметтер тіркелген сәттен бастап көрсетілген болып есептеледі.
8-тарау. Сәйкестендіру құралдарын енгізу тәртібі
27. Қазақстан Республикасының аумағында мотор майын өндіру және оның айналымы кезінде тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға, не тұтынушылық немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын жапсырмаға сәйкестендіру құралын енгізу мотор майын өндіру немесе сақтау орындарында жүзеге асырылады, ал әкелінген жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын нақты кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну үшін шығару немесе реимпорт кедендік рәсімдеріне дейін жүзеге асырылады.
28. Мотор майы сәйкестендіру құралын тұтынушылық және (немесе) топтық қаптамаға, не тұтынушылық немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылатын және сәйкестендіру құралын қамтитын заттаңбаға басып шығару немесе заттаңбалау әдісімен енгізу арқылы таңбаланады.
Сәйкестендіру құралы мөлдір орауыш пленкасына немесе өзге де сыртқы орау материалына басып шығарылмайды, сондай-ақ өзге ақпаратпен жабылмайды.
9-тарау. Мотор майларын агрегаттау тәртібі
29. Мотор майларын айналымға қатысушы агрегатталған қаптамалар туралы ақпаратты келесі қатысушыға жеткізер алдында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне ұсынады.
30. Таңбаланған мотор майларын көліктік қаптамаға агрегаттау жасағанда, қажет болған жағдайда, осындай көліктік қаптамаға оған енгізілген сәйкестендіру құралдарын агрегаттаумен бірге көліктік қаптама сәйкестендіру коды енгізіледі. Көліктік қаптаманы таңбаланған көліктік қаптамаға енгізілетін міндетті емес ақпараттық өрістердің құрамы мотор майларын көліктік қаптамаға жинақтайтын мотор майларын айналымға қатысушы тарапынан анықталады.
Көліктік қаптама мотор майларын біріктіру мақсатында, сондай-ақ бір көліктік қаптамаға басқа кішірек (көлемі аз) көліктік қаптамаларды біріктіру үшін қолданылады.
31. Мотор майларының топтық және (немесе) көліктік қаптамаларын басқа көліктік қаптамаға қайта орналастырғанда мотор майларын айналымға қатысушы агрегаттау туралы ақпаратты тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесіне ұсынады.
32. Оператор агрегаттау туралы ақпаратты алғаннан кейін оны сәйкестендіру құралдарының реестрінде көрсетеді және бұл ақпаратты мотор майларын айналымға қатысушы үшін тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде қолжетімді етеді.
10-тарау. Таңбаланған мотор майын Қазақстан Республикасының аумағында айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді ұсыну тәртібі
33. Қазақстан Республикасының аумағында мотор майын айналымға енгізу мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында мотор майын өндіру кезінде - таңбаланған мотор майын өндірушіден жаңа иесіне немесе басқа тұлғаға сатылымға немесе тегін негізде берудің алғашқы әрекеті, бұл мотор майын таратуға және (немесе) пайдалануға қолжетімді ететін іс-әрекет немесе мотор майына енгізілген сәйкестендіру құралдарындағы кодтарды тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасының аумағына мотор майын әкелу кезінде - мотор майының Қазақстан Республикасына мотор майын әкелу туралы ақпаратты тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады.
34. Қазақстан Республикасының аумағына мотор майын әкелетін мотор майларын айналымға қатысушы Қазақстан Республикасына мотор майын әкелу туралы ақпаратты тауарларды тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізеді.
35. Қазақстан Республикасының аумағына мотор майын әкелу туралы ақпаратты тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізу электрондық түрде, тек қана техникалық қателіктерге байланысты тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізу мүмкін болмаған жағдайда, мотор майларын айналымға қатысушы бұл ақпаратты қағазда ресімдеп, Оператордың интернет-ресурсында берілген ақпаратқа сәйкес жолдған жайды қоспағанда, ресімделеді.
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілген техникалық қателіктер жойылғаннан кейін, бұрын қағазда берілген Қазақстан Республикасының аумағына мотор майын әкелу туралы ақпарат, импорттаушы тарапынан, бірақ мотор майының үшінші тұлғаларға берілу күнінен кешіктірілмей, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі техникалық қателіктерді жойған күннен бастап, 1 (бір) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс.
11-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таңбаланған мотор майлары айналымда жүрген кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді ұсыну тәртібі
36. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) әкелінген таңбаланған мотор майларын айналымы, Қазақстан Республикасында мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен міндетті түрде таңбалау енгізілген күннен кейін, тауарлар тізімінде көрсетілген, олардың айналымы туралы деректерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізумен жүзеге асырылады.
37. Таңбаланған мотор майларын жаңа иесіне сатылымға немесе тегін негізде беру кезінде, мотор майларын айналымға қатысушы олардың айналымы туралы деректерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне сатылым күніне кешіктірмей енгізеді.
38. Мотор майларын қабылдау мотор майларын айналымға қатысушы тарапынан тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілген айналым деректерін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде растау арқылы жүзеге асырылады.
39. Мотор майларының айналымы туралы деректер электрондық түрде енгізіледі, тек қана тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі техникалық қателіктерге байланысты тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізу мүмкін болмаған жағдайда, мотор майларын айналымға қатысушы бұл деректерді қағазда ресімдеп, Оператордың интернет-ресурсында берілген ақпаратқа сәйкес жолдай алады.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін, бұдан бұрын қағазда жеткізгіште берілген айналым мәліметтері, бірақ мотор майының үшінші тұлғаларға берілу күнінен кешіктірілмей, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіндегі техникалық қателіктерді жойған күннен бастап, 1 (бір) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне енгізілуге тиіс.
40. Таңбалау кодын тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде таңбалау коды иесінің ауысуы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне екі тарап растаған мотор майларының айналым мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
12-тарау. Таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйеге деректерді ұсыну тәртібі
41. Таңбаланған мотор майларын бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын қатысушы, оны "Бақылау-кассалық машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестрінде № 37238 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына (әрі қарай – № 626 Бұйрығы) сәйкес тіркелген бақылау-кассалық машинасымен біріктірілген техникалық құрылғылармен тұтынушы және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтынушы қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылған таңбалау заттаңбасындағы сәйкестендіру құралын сканерлеу және тану арқылы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде қабылдау деректерін растаған жағдайда ғана айналымнан шығарады.
Тұтынушы және (немесе) топтық қаптамаға немесе тұтынушы қаптамасына немесе топтық қаптамаға тікелей орналастырылған сәйкестендіру құралындағы код туралы мәліметтер бақылау-кассалық машина қалыптастыратын бақылау-кассалық машинаның чегіне енгізіледі.
42. Таңбаланған мотор майларын бөлшек сауда кезінде айналымнан шығару тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне мотор майлары айналымы қатысушының берілген әрбір сатылған тауар бірлігі бойынша ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
43. Бөлшек саудаға жатпайтын негіздер бойынша таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару кезінде мотор майлары айналымының қатысушысы мотор майларын айналымнан шығару күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйеге тиісті себепті көрсете отырып, мотор майларын айналымнан шығару туралы деректерді ұсынады.
44. Көрсетілген тауарларды кейін өткізумен (сатумен) байланысты емес Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, мотор майын кейінгі сату (сату арқылы) жүзеге асырылмайтын мақсатта пайдалануға алатындар, мотор майларын сатушыдан сатып алушыға қабылдап, таңбаланған мотор майларын айналымнан шығару күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді енгізеді.
13-тарау. Таңбаланған мотор майларын қайта айналымға енгізу кезінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді ұсыну тәртібі
45. Тұтынушының таңбаланған мотор майын қайтаруы кезінде, мотор майларын айналымға қатысушы:
1) көрсетілген тауарды одан әрі сату және (немесе) беру мақсатында қайта айналымға енгізуді жүзеге асырады;
2) № 626 бұйрығының бақылау-кассалық машиналарына қойылатын техникалық талаптарына сәйкес бақылау-кассалық машинаның чегін қайтару рәсімдерін жүзеге асырады.
46. Алдын ала айналымнан шығарылған, бірақ Қағидалардың 42-бабында көрсетілмеген себептермен алынған мотор майын қайта айналымға енгізу үшін мотор майларын айналымға қатысушы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне көрсетілген мотор майын қайта айналымға енгізу туралы деректерді енгізеді.
47. Мотор майын қайта айналымға енгізу туралы ақпарат Операторға мотор майын қайта енгізу негіздері пайда болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
48. Сәйкестендіру құралы зақымданбаған мотор майын қайта айналымға енгізгенде, ол қайта таңбаланбайды.
14-тарау. Мотор майлары айналымы қатысушының Операторға ақпаратты ұсыну тәртібі
49. Мотор майларын айналымға қатысушының ақпаратты Операторға тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне ұсынуы электрондық өзара әрекеттесу интерфейстері арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану немесе тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің жеке кабинетi арқылы жүзеге асырылады.
50. Таңбаланған мотор майын айналымға енгізу, айналымы және айналымнан шығару кезінде тауарларды таңбалау тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді ұсыну мотор майларын айналымға қатысушы тарапынан ретті түрде жүргізіледі.
Мотор майларын айналымға қатысушының көліктік және (немесе) топтық қаптамаға қатысты деректерді ұсынуы, тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесі бойынша көліктік және (немесе) топтық қаптамадағы әрбір тұтынушылық қаптамадағы мотор майына қатысты деректерді ұсынуға теңестіріледі.
51. Тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесіне мотор майларын айналымға қатысушының электрондық өзара әрекеттесу интерфейсінің шарттарына сәйкес (Оператордың интернет-ресурсында жарияланған) жолдаған барлық құжаттары мен деректері және Оператор алған деректері тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде көрсетілуге міндетті.
52. Егер ұсынылған ақпарат осы Қағидалардың 4, 5, 7, 9-14-тарауларында көрсетілген деректерге сәйкес келмейтін болса, Оператор мотор майларын айналымға қатысушы ұсынған мәліметтерді тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне қабылдаудан бас тартады.
53. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне деректерді ұсынған күн тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде тіркелген күн ретінде танылады.
54. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесіне мәліметтердің толықтығы, нақтылығы және уақытылы берілуі үшін жауапкершілік ақпарат ұсынатын мотор майларын айналымға қатысушыға жүктеледі.
55. Таңбаланған мотор майларының айналымын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, Оператор тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде мынадай:
1) мотор майларын айналымға қатысушы туралы;
2) сәйкестендіру құралдары арқылы міндетті түрде таңбаланатын мотор майы туралы;
3) мотор майларын айналымға қатысушыға берілген сәйкестендіру кодтары туралы;
4) таңбаланған мотор майының айналымы және оның айналымнан шығуы туралы мәліметтердің болуын қамтамасыз етеді.
56. Оператор тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі шеңберінде мынадай тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің реестрлерін ұйымдастырады және жүргізуді қамтамасыз етеді:
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің құжаттар реестрі;
2) тауарларды таңбалау мен олардңы қадағалануының ақпараттық жүйесінің мотор майларын айналымға қатысушылар реестрі;
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің мотор майларын айналымға қатысушылардың уәкілетті тұлғалары реестрі;
4) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің тауарлар реестрі;
5) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінің сәйкестендіру құралдары реестрі.
57. Бұдан бұрын ұсынылған деректер өзгерген жағдайда, мотор майларын айналымға қатысушы өзгерістер болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесі арқылы Операторға көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты жолдайды.
15-тарау. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану ының ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратқа қолжетімділік
58. Оператор тегін пайдалану үшін интернет желісінде мобильді қосымшаны әзірлейді және орналастырады, ол мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
1) сәйкестендіру құралын сканерлеу;
2) сәйкестендіру құралында сақталған тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінен беру;
3) тауарларды таңбалау және оларды қадағалау ақпараттық жүйесінен тексерілетін мотор майы туралы мәлімет алу;
4) мобильді қосымшаны пайдаланушы тарапынан тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде осы Қағидалар талаптарының ықтитмал бұзушылықтары туралы ақпарат жіберу.
59. Қадағалау процесінде қалыптасқан және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесінде бар ақпарат шектеулі қолжетімді ақпарат болып саналады және мынадай тұлғаларға мынадай жағдайларда ғана беріледі:
1) мотор майларын айналымға қатысушыға - сол қатысушының тауарлар бойынша жасаған мәмілелері туралы ақпарат бөлігінде;
2) осындай сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органдарға - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы мемлекеттік органдарға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында;
3) тұтынушыларға - тауарларды таңбалау мен олардың қадағалану ының ақпараттық жүйесінде сақталған тауар сипаттамалары, өндіруші немесе сатушы туралы ақпарат бөлігінде.