Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 117/3 "Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5955 болып тіркелді) келесі өзгеріc пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Павлодар облысының облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі 19-тармақпен толықтырылсын:
"Автомобиль жолының индексі KS-19 Автомобиль жолының атауы Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз Автомобиль жолының мекенжайы, километр 0-112,024 Жалпы ұзындығы, километр 112,024 Барлығы: 1122,041".
2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
| Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 137/1 қаулысына қосымша |
|
| Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 наурыз № 117/3 қаулысына қосымша |
№ | Автожол индексі | Автомобиль жолының атауы | Автожолдың мекенжайы, километр | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | KS-1 | Тереңкөл – Михайловка – Ресей Федерациясының шекарасы | 0-108 | 108,0 |
2 | KS-2 | Окуневский өткеліне кіреберіс жол | 0-9 | 9,0 |
3 | KS-3 | Подстепкина өткеліне кіреберіс жол | 2,728-9,141 | 6,413 |
4 | KS-4 | Беловка – Қалқаман | 0-61 | 61,0 |
5 | KS-5 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 0-6,5 | 6,5 |
6 | KS-6 | Ақтоғай – Шолақсор | 0-164 | 164,0 |
7 | KS-7 | Ертіс – Пятирыжск (өткел) | 0-6,2 | 6,2 |
8 | KS-8 | Ертіс – Ертіс станциясы | 0-67,1 | 67,1 |
9 | KS-9 | Панфилов – Бестөбе | 0-79,3 | 79,3 |
10 | KS-10 | Ивановка – Трофимовка – Ресей Федерациясының шекарасы | 0-95 | 95,0 |
11 | KS-11 | Шақат – Восточное – Шалдай | 0-121,6 | 121,6 |
12 | KS-12 | Жаңаауыл өткеліне кіреберіс жол | 0-2,5 | 2,5 |
13 | KS-13 | Окунев өткеліне кіреберіс жол | 0-3,5 | 3,5 |
14 | KS-14 | Чернорецк – Ольгин – Успен – Шарбақты | 0-149 | 149,0 |
15 | KS-15 | Павловка – Галицкое | 0-40 | 40,0 |
16 | KS-16 | Екібастұз – ГРЭС-2 | 0-26,9 | 26,9 |
17 | KS-17 | Майқайың – Екібастұз | 0-29 | 29,0 |
18 | KS-18 | Жаңа Жұлдыз – Петропавловка | 0-35,004 | 35,004 |
19 | KS-19 | Алексеевка-Жаңажол-Ескелді-Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі-Бесқауға-Екібастұз | 0-112,024 | 112,024 |
Барлығы: | 1122,041 | |||