Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27- бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Көксу ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2022 жылғы 22 қарашадағы № 35-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30745 болып тіркелген);
2) "Көксу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 27 наурыздағы № 20-82 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-19 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Бейсенбай |