Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі "Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 22-90 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195888 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының төрағасы | Ж. Бейсенбай |