ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 17 тамыздағы №228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4956 болып тіркелген) шешімі;
2) Қаражал қалалық мәслихатының "Қаражал қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 тамыздағы № 228 "Салық салу мақсаттары үшін Қаражал қаласының, Шалғы және Жәйрем кенттерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №183 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29890 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Қалалық мәслихаттың төрағасы | З. Оспанова |