Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 173 "Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8569-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Қобда ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб - порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қобда аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ергалиев |