Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 319-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Т. Зейнұлқабден |
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 293/37-VIII шешіміне қосымша |
Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 319, 321, 322, 351, 365, 376, 380-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Қалдықтар. Құрылыс қалдықтарын басқару бойынша талаптар. Негізгі ережелер" 3792–2022 үлттық стандартына (бұдан әрі – ҚР СТ) сәйкес әзірленді.
2. Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеуге бағытталған Астана қаласында құрылыс қалдықтарын басқарудың тиімді жүйесін құру Қағидалардың негізгі мақсаты болып табылады.
3. Қағидалардың міндеттері:
1) құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі талаптарды әзірлеу және енгізу;
2) құрылыс қалдықтарын басқару процесінде экологиялық нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) капиталдық және бейкапиталдық объектілерді салу, бұзу, бөлшектеу, қайта жаңарту, жөндеу (соның ішінде күрделі жөндеу) процестеріне қатысушылардың құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы хабардарлығын және жауапкершілігін арттыру;
4) құрылыс қалдықтарын басқару жүйесіне олардың өмірлік циклының барлық кезеңдерінде цифрлық технологияларды енгізу.
4. Қағидалар мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және ұйымдар үшін, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен бағыныстылығына қарамастан, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілері үшін міндетті болып табылады.
5. Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) құрылыс қалдықтары – тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, қайта жаңарту, жөндеу (соның ішінде күрделі жөндеу) немесе салу процесінде пайда болатын қалдықтар;
2) құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі – құрылыс қалдықтары қызметін жүзеге асыру барысында түзілетін кез келген жеке немесе заңды тұлға (құрылыс қалдықтарының бастапқы түзушісі) не олардың қасиеттері мен құрамын өзгертетін өңдеу, араластыру немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыратын кез келген тұлға (құрылыс қалдықтарының қайталама түзушісі);
3) құрылыс қалдықтарын басқару – құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операциялар бойынша қызмет;
4) құрылыс қалдықтарын есепке алу – құрылыс қалдықтарының сандық және сапалық көрсеткіштері, сондай-ақ оларды басқару туралы ақпаратты үздіксіз электрондық құжаттамалық тіркеу жүйесі;
5) құрылыс қалдықтарын жинақтау – оларды кейіннен пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында арнайы жабдықталған орындарда алты айдан аспайтын мерзімге уақытша сақтау;
6) құрылыс қалдықтарын бөлек жинау – оларды кейіннен мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында құрылыс қалдықтарын түрлері немесе топтары бойынша бөлек жинау;
7) құрылыс қалдықтарын бөлек жинауға арналған контейнер – сыйымдылығы 8–12 м³ болатын, сәйкесінше қарама-қарсы таңбаланған бункер-жинақтауыш түріндегі сыйымдылық, ол құрылыс қалдықтарының жекелеген түрлерін бөлек жинауға арналған, стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес жасалған және құрылыс қалдықтары түзілетін объектіде осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындарда орналастырылады;
8) құрылыс қалдықтарының түзілу объектісі – құрылыс қалдықтары түзілетін құрылыс, монтаждау, жөндеу және өзге де жұмыстарды жүзеге асыратын бизнес субъектілерінің құрылыс алаңы немесе өндірістік учаскесі;
9) құрылыс қалдықтарын тасымалдау – құрылыс қалдықтарын жинау процесінде олардың түзілген (жинақталған) орындарынан сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою орындарына дейін мамандандырылған көлік құралдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет;
10) құрылыс қалдықтарын залалсыздандыру – қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою мақсатында оларды механикалық, физика-химиялық немесе биологиялық өңдеу;
11) құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату – қалдықтарды қайта өңдеуден тыс әртүрлі мақсаттарда пайдалану процесі, соның ішінде оларды жылу немесе электр энергиясын өндіру үшін екінші реттік энергетикалық ресурс ретінде, әртүрлі отын түрлерін өндіру үшін, сондай-ақ құрылыс үшін, өндірістік кеңістіктерді (бос орындарды, қуыстарды) жерге немесе жер қойнауына толтыру (бекіту, көму) үшін, немесе ландшафттарды қалыптастыру немесе өзгертуге байланысты инженерлік мақсаттарда екінші реттік материалдық ресурс ретінде қолдану;
12) құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу алаңы (бұдан әрі – алаң) – құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша операцияларды жүргізуге арналған арнайы белгіленген орын;
13) құрылыс қалдықтарын басқаруды мониторингтеу жүйесі (бұдан әрі – Мониторингтеу жүйесі) – Астана қаласындағы құрылыс қалдықтарын түзетін бизнес субъектілерін тіркеуге арналған автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі. Мониторингтеу жүйесі құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, жеткізу және кейіннен оларды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операциялар жүргізу үшін алаңға тапсыруды цифрлық форматта қадағалайды;
14) мамандандырылған көлік құралы – Мониторингтеу жүйесінде тіркелген, "GPS"-құрылғысымен жабдықталған және құрылыс қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік құралы;
15) құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы – Мониторинг жүйесінде құрылыс қалдықтарын арнайы жабдықталған көлік құралымен тасымалдау қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі (құрылыс қалдықтарын тасымалдауға мамандандырылған ұйым);
16) ғимараттар мен құрылыстарды бұзу – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 202 бұйрығымен бекітілген Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын ғимараттар мен құрылыстарды немесе олардың элементтерін бөлшектеу немесе қирату жолымен толық немесе ішінара жою;
17) құрылыс қалдықтарын жинау – құрылыс қалдықтарын жеке және заңды тұлғалардан арнайы ұйымдармен қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларын жүргізу үшін алаңға тасымалдауға ұйымдасқан түрде қабылдау қызметі;
18) құрылыс қалдықтарының деректер базасы – осы деректердің сипаттамаларын және олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайтын тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған құрылыс қалдықтары туралы құрылымдалған деректер жиынтығы;
19) цифрлық құралдар – ақпаратты электрондық форматта құруға, басқаруға және алмасуға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету немесе қосымшалар;
20) лизинг алушы – лизинг шарты негізінде құрылыс немесе коммуналдық қалдықтарды тасымалдау үшін мамандандырылған көлік құралы түріндегі лизинг нысанасын алған лизингтік мәміле қатысушысы.
2-тарау. Құрылыс қалдықтарын басқару бойынша жалпы талаптар
6. Қызметі барысында құрылыс қалдықтарын түзейтін кәсіпкерлік субъектілері оларды бөлек жинауды және алаңға тасымалдауға дейін қалдық түзілетін объектіде уақытша сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
7. Құрылыс қалдықтарының қауіпті құрамдастары алаңда қауіпсіз қалдықтардан сұрыпталып, қауіпті қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларын жүргізу үшін тиісті лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындарға тапсырылуы тиіс.
Құрылыс қалдықтарының қауіпті құрамдастары Кодекстің 336-бабына, және сонымен қатар Кодекстің 24-тарауына сәйкес тиісті лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындармен залалсыздандыру, қалпына келтіру немесе жою жөніндегі операцияларына тартылуы тиіс.
8. Құрылыс қалдықтары түзілетін объектіде қызметті бастамас бұрын құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі Мониторингтеу жүйесінде тіркеліп, алаңмен осы жүйе арқылы шарт жасасуы тиіс.
9. Шартта құрылыс қалдықтарының шартты есептік түзілетін көлемі және оларды алаңға тасымалдау тәсілі (өз бетінше немесе құрылыс қалдықтарын тасымалдаушыны пайдалану арқылы) көрсетіледі.
Бұл ретте, құрылыс қалдықтарын кәдеге жаратуға байланысты шығыстар құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі жауапкершілігіне жатады.
10. Құрылыс объектілерін салу, сондай-ақ оларды жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстар, нәтижесінде құрылыс қалдықтары түзілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін жоба негізінде жүзеге асырылады.
11. Құрылыс, жөндеу және қайта құру бойынша жобалық құжаттамада, сондай-ақ сүру жұмыстарын жүргізу жобасында құрылыс қалдықтарының жоспарланған түзілетін көлемі, оларды жинау, тасымалдау және қалпына келтіру және (немесе) жою (кәдеге жарату) жөніндегі операциялардың құны көрсетілуі тиіс.
12. Құрылыс қалдықтары басқа қалдық түрлерінен міндетті түрде сұрыпталуға тиіс және оларды бөлек жинау үшін құрылыс қалдықтары түзілетін объектіде арнайы орын бөлінеді. Құрылыс қалдықтарын бөлек жинау, жинақтау және есепке алу бойынша жауапкершілік құрылыс қалдықтарының түзушілерге/иелерге жүктеледі.
13. Құрылыс қалдықтарын сұрыптау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Экология Кодексі 323, 326-баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
14. Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу, залалсыздандыру және одан әрі пайдалану талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде бірақ онымен шектелмей, Қазақстан Республикасының "Қалдықтар. Құрылыс қалдықтарын басқару бойынша талаптар. Негізгі ережелер" 3792–2022 стандартына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Ғимараттарды сүру жұмыстары меншік иесінің немесе құрылыс салушының шешімі негізінде, сондай-ақ соттың немесе Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі – әкімдік) шешімі негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген жобалық құжаттама негізінде жүзеге асырылады.
16. Құрылыс қалдықтарын жинақтау орны арнайы торлы қоршаумен жабдықталуға тиіс, ол ірі және ұсақ дисперсті бөлшектердің құрылыс қалдықтары түзілетін объект шегінен тыс таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.
17. Бизнес субъектілері түзетін құрылыс қалдықтарының көлемі олардың өз бетінше немесе мамандандырылған тасымалдау ұйымы арқылы алаңға тасымалдаған құрылыс қалдықтарының көлеміне тең болуы тиіс.
18. Кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыратын тұрғын немесе өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіптік объектілерді, жолдарды, инженерлік және басқа да коммуникацияларды бұзу, бөлшектеу, қайта құру, жөндеу (соның ішінде күрделі жөндеу) немесе салуға арналған жобалық-сметалық және өзге де құжаттамада құрылыс қалдықтарының шартты есептік түзілетін көлемі олардың түрлері мен көлемдері бойынша, сондай-ақ оларды жинау, тасымалдау және қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша операциялардың құны қарастырылуы тиіс.
19. Жүйе келесі қатысушыларды тіркеуді қамтамасыз етеді:
1) құрылыс қалдықтарының түзушілері/иелері;
2) құрылыс қалдықтарын тасымалдаушылар;
3) құрылыс қалдықтарын шығару қажеттілігі туындаған жеке тұлғалар;
4) алаң.
20. Тыйым салынады:
1) құрылыс қалдықтарын көму полигондарына қабылдау;
2) жұмыс істеп тұрған "GPS"-құрылғысымен жабдықталмаған құрылыс қалдықтарын тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалану;
3) құрылыс қалдықтарын қалпына келтіру бойынша бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, құрылыс қалдықтарын өзара және басқа қалдық түрлерімен араластыру;
4) құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындардан тыс жинақтау және үйінділеу;
5) жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілерінің Мониторингтеу жүйесінен тыс құрылыс қалдықтарын басқаруға қатысты кез келген әрекеттерді жүзеге асыруы;
6) Мониторингтеу жүйесіне толық немесе ішінара жалған мәліметтер енгізу;
7) коммуналдық және құрылыс қалдықтарын контейнерлік алаңдарда орнатылған контейнерлерден тыс жинақтау.
3- тарау. Құрылыс алаңдарын контейнерлермен жабдықтау
21. Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтары түзілетін барлық объектілерді қалдықтардың жермен (топырақпен) жанасуын болдырмайтын контейнерлік алаңдармен жабдықтау қажет.
Контейнерлік алаңдар коммуналдық және құрылыс қалдықтарын уақытша жинақтау және бөлек жинау мақсатында контейнерлерді орналастыру үшін арналған.
22. Құрылыс қалдықтарын жинауға арналған жабдық Қазақстан Республикасының стандарттау құжаттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
23. Жинақтағыш бункер түріндегі ашық контейнерлерге тент орнату үшін бекіткіштер болуы қажет.
24. Құрылыс алаңдарында қалдықтарды мына санаттар бойынша бөлек жинауды жүзеге асыру қажет:
1) "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға бөлінуімен құрылыс қалдықтары түзілетін объектінің персоналы түзетін коммуналдық қалдықтар;
2) керамикалық бұйымдардың, кірпіштің, бетонның және темірбетонның қалдықтары;
3) полимер құрамы бар қалдықтар мен шыны қалдықтары;
4) ағаш қалдықтары;
5) құрылыс қалдықтарының қауіпті құрамдастары (мысалы, лак-бояу материалдары, еріткіштер және т.б.);
6) аралас құрылыс қалдықтары;
"Құрғақ" фракцияларға арналған коммуналдық және құрылыс қалдықтарының контейнерлері сары түске, "ылғалды" фракцияларға арналған контейнерлер жасыл түске боялуы тиіс.
25. Құрылыс қалдықтарын жинау және контейнерлерде уақытша жинақтау үшін қажетті жабдықтың түрі мен саны құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі тарапынан жоспарланған түзілетін көлем мен қажет тасымалдау жиілігіне байланысты есептеледі.
26. Контейнерлік алаңдарды (құрылыс қалдықтарын жинауға арналған жабдықты) күтіп-ұстау жауапкершілігі құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі – құрылыс салушы немесе бас мердігерге жүктеледі, ол толтырылған жинақтағыш бункерлер мен контейнерлерді уақтылы шығару және ауыстыруды қамтамасыз етуі тиіс.
27. Әрбір жинақтағыш бункерде және коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерде оның қандай қалдық түрлеріне арналған туралы ақпарат, сондай-ақ жауапты тұлғаның байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
28. Құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі қалдықтардың саны мен түрлерін есепке алуға және тұрақты түрде есептілікті мемлекеттік орган "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма), сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент) ұсынуға міндетті.
29. Қалдық түзілетін объектіде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
30. Құрылыс қалдықтарын жинақтау орындарына мамандандырылған көлік құралының кедергісіз кіруін құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі қамтамасыз етеді.
31. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қағидалардың осы тараудың талаптарының сақталуын бақылауды Басқарма мен Департамент жүзеге асырады.
4-тарау. Құрылыс қалдықтарын тасымалдау
32. Құрылыс қалдықтарын түзілген объектілерден және сақтау орындарынан тасымалдауды құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі өзі немесе құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы жүзеге асырады.
33. Қақпағы жоқ құрылыс қалдықтарына арналған контейнерлер тасымалдау кезінде тентпен жабылуы (жабдықталуы, қамтамасыз етіледі) тиіс. Жауапкершілік тасымалданатын жинақтағыш бункерлерді тентпен жабуды қамтамасыз етуге құрылыс қалдықтарды тасымалдаушылаға жүктеледі.
34. Үлкен көлемді құрылыс қалдықтарын бос күйінде тасымалдауға пайдаланылатын арнайы көлік құралдары осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес жабдықталуға тиіс. Осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес көлік құралдарын жабдықтауға жауапкершілік құрылыс қалдықтарын тасымалдаушыларға жүктеледі.
35. Осы Қағидаларға және экологиялық заңнама нормаларына сәйкес құрылыс қалдықтарын олар түзілген объектілерден шығару мерзімдері мен шарттары құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі немесе құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы тарапынан жасалған шарттарға сәйкес орындалады.
36. Құрылыс қалдықтары пайда болу орнынан алаңға дейін тасымалдау үшін пайдаланылатын арнайы көлік құралдары нақты уақыт режимінде қозғалыс маршрутын қадағалауға мүмкіндік беретін "GPS"-құрылғысымен міндетті түрде жабдықталуға тиіс.
37. Құрылыс қалдықтары түзілген орыннан бастап құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу алаңына дейін арнайы көлік құрал рейсін Мониторинг жүйесінде алдын ала тіркеусіз құрылыс қалдықтарын тасымалдауға жол берілмейді.
38. Құрылыс қалдықтарын қалдықтар пайда болатын нысандар мен олардың жинақталған орындарынан шығару (тасымалдау) барынша оңтайлы көлік сызбалары мен маршруттары бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
39. Құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы:
1) жүк тасымалдаушыларға қойылатын жалпы талаптарды сақтауға;
2) кәсіпкерлік субъектісін Мониторингтеу жүйесінде тіркеуге;
3) құрылыс қалдықтарын шығару орнының межелі пункті бойынша құрылыс қалдықтарының түзушісінің/иесінің нұсқауларын орындауға;
4) құрылыс қалдықтарын межелі пунктке жеткізу кезінде мүмкіндігінше құрылыс қалдықтарын тасымалдау сызбаларын ұстануға;
5) құрылыс қалдықтарын алаңға жеткізу кезінде Мониторингтеу жүйесінде жүктің түсірілгенін тіркеуге міндетті.
40. Құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі құрылыс қалдықтарды тасымалдаушыға қатысты мыналарды:
1) Мониторингтеу жүйесінде тасымалданған құрылыс қалдықтарының санын;
2) шарт талаптарына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қызмет көрсету сапасын Мониторингтеу жүйесіндегі цифрлық құралдар арқылы;
3) құрылыс қалдықтарын тасымалдаушымен жасалған басқа да шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
5-тарау. Құрылыс қалдықтарын тасымалдаушыға қойылатын талаптар
41. Құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы құрылыс қалдықтарын қауіпсіз тасымалдау үшін тікелей меншік иесі немесе лизинг алушы ретінде мамандандырылған көлік құралдарына ие болуы тиіс, оған "GPS" -құрылғысымен жабдықталған самосвалдар, контейнер тасымалдаушылар және қоқыс тасымалдаушы көліктер жатады.
42. Құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы құрылыс қалдықтарын тасымалдау бойынша шарттарды Мониторингтеу жүйесінде жасайды.
6-тарау. Мониторингтеу жүйесінде тіркеу және бақылау тәртібі
43. Құрылыс қалдықтарын басқару саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Мониторингтеу жүйесінде өз қызметі туралы ақпаратты енгізу арқылы тіркеледі, жеке кабинетінде қажетті формаларды өз бетінше толтырады және келесі құжаттарды ұсынады:
1) құрылыс қалдықтарын тасымалдаушы:
заңды тұлғаның тіркеу куәлігі;
құрылыс қалдықтарын тасымалдауға арналған көлік құралының кәсіпорынға тіркелген техникалық паспорты;
жеке куәлік, жүргізуші куәлігі;
көлік құралдарын "GPS"-құрылғысымен жабдықтау және олардың қызмет көрсету шарттары бойынша келісімшарттар, соңғы үш айдағы төлем тапсырмалары;
2) құрылыс қалдықтарының түзушісі/иесі (тіркеу куәлігі, жұмыс жүргізу үшін негіздемесін қоса (тиісті әкімдіктің қаулысы, шарт және т.б.):
компанияның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);
құрылыс алаңының заңды және нақты мекенжайы;
басшы туралы мәліметтер;
объект атауы;
жұмыстардың басталу және аяқталу мерзімдері;
құрылыс қалдықтарының түрлері бойынша жоспарланған көлемі/массасы;
3) құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу алаңы:
компанияның толық атауы, БСН;
заңды және нақты мекенжайы;
басшы туралы мәліметтер;
объект атауы;
құрылыс қалдықтарын қабылдау кестесі;
құрылыс қалдықтарын түрлері бойынша қабылдаудың жоспарланған көлемі.
44. Құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілері Мониторингтеу жүйесінің сәйкес бөлімінде тіркеледі. Кәсіпкерлік субъектілері формализденген бланкты электронды түрде толтырып, қажетті құжаттарды жүктейді.
45. Тіркеу рәсімін аяқтағаннан кейін кәсіпкерлік субъектілері Мониторингтеу жүйесінде жеке кабинетке кіруге рұқсат алады.
46. Ұйымдар құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау және кәдеге жарату көлемі мен түрлері туралы деректерді тұрақты түрде енгізуге міндетті.
47. Мониторингтеу жүйесі автоматты түрде есептерді жасайды, олар шарттық міндеттемелердің орындалуын ішкі бақылау үшін және Басқарма мен Департаментке есептілік ұсыну үшін пайдаланылуы мүмкін.
48. Құрылыс қалдықтарын басқарудың тиімділігін бағалау және шешім қабылдау үшін талдамалық құралдарға қолжетімділік Мониторингтеу жүйесі арқылы Басқарма мен Департаментке беріледі.
49. Белгіленген тәртіпке сәйкес құрылыс қалдықтарын басқарудың тиімділігін бағалау жөніндегі есептерді жұртшылыққа ұсынуға жол беріледі.
50. Мониторинг жүйесі кәсіпкерлік субъектілерінің шарт (шарттар) талаптарына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қызмет көрсету көлемі мен сапасы бойынша шарттық міндеттемелерінің орындалуын нақты уақыт режимінде цифрлық құралдар арқылы қадағалайды.
51. Астана қаласының уәкілетті органдары (Басқарма, Департамент және өзге де органдар) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының нормалары мен талаптарының кәсіпкерлік субъектілерімен сақталуын бақылау мақсатында Мониторинг жүйесіндегі деректерге қол жеткізу құқығына ие.
7-тарау. Астана қаласының аумағында түзілетін құрылыс қалдықтарының деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі
52. Астана қаласының аумағында түзілетін құрылыс қалдықтарының деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жұмыс аяқталғаннан кейін құрылыс қалдықтарының түзушілері/иелері ұсынған мәліметтері негізінде Басқарма тарапынан цифрлық форматта жүзеге асырылады.
53. Құрылыс қалдықтары туралы мәліметтер деректер базасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың және (немесе) экологиялық рұқсаттың негізінде Басқарма тарапынан енгізіледі.
54. Жобалық құжаттамада құрылыс қалдықтарын басқару процесінің өзгеруіне әкелетін өзгерістер болған жағдайда экологиялық қорытынды, рұқсат қайта келісуді қажет етеді.
55. Құрылыс қалдықтарының деректер базасын жүргізу кезінде мынадай келесі шаралар қамтамасыз етіледі:
құрылыс қалдықтарының түзілген көлемін есепке алу;
қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі операцияларына берілген құрылыс қалдықтарының көлемін есепке алу;
Астана қаласының аумағында құрылыс қалдықтарын басқару саласындағы ағымдағы жағдайды талдау және болашақта болжам жасау.
8-тарау. Қағидалар талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
56. Қағидалардың талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
57. Қағидалардың талаптарын бұзу үшін жауапкершілік барлық мемлекеттік органдарға, ұйымдастырушылық-құқықтық объекті мен бағыну түріне қарамастан кәсіпорындарға және ұйымдарға, сонымен қатар құрылыс қалдықтарын басқаруға байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен кәсіпкерлік субъектілеріне жүктеледі.
________________________________