БҰЙЫРАМЫН:
1. "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 59-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35972 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарты (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларды осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясатты реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. |
А. Абдраимов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін)
___________________________ "____"__________20__ жыл
(шарттың жасалған орны) (күні)
Каналдар арқылы беру, суару үшін су беру реттеліп көрсетілетін
қызметтерін (ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшін) (бұдан
әрі – Көрсетілетін қызметтер) ұсынуға _______________________ атынан
(көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
________________________________ негізінде әрекет ететін бір тараптан
_________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің
аты тегі (бар болған жағдайда)) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын
_______________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
негізінде әрекет ететін ___________________________________________
екінші тараптан (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) бұдан
әрі "Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан
әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – иеленушілер арасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу шегі;
2) есеп айырысу кезеңі – Шартта Тұтынушымен көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізілетін, айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі болып белгіленген кезең;
3) каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша көрсетілетін қызметтері – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға беру;
4) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу шегі. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
5) салыстырып тексеру – өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
6) су бөлу орны – су пайдаланушыдан су тұтынушыға су ресурстарын беру орны;
7) суды есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
8) суды есепке алу торабы – суды есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар (су есептегіш, шығын өлшегіш, манометр) және құрылғылар жүйесі (бекіту арматурасы, өлшеу құралына дейін және одан кейінгі құбырлардың тікелей учаскелері, деректерді қашықтан беру құралы, қысым реттегіші және құрылғылардың басқа да түрлері);
9) су каналы (магистральдық, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) – суды қабылдаудан тұтынушының су бөлетін нүктелеріне дейін тасымалдауға, суды ағызуға, су ағындарын реттеуге арналған жасанды құрылысжай;
10) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) су тұтынудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын судың белгіленген мөлшері;
12) төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;
13) тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.
Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төменде көрсетілген кестеге сәйкес толтырылған мәлметтерді ескере отырып, Тұтынушыға көрсетілетін қызметтерді көрсетуге міндеттенеді:
№ | Каналдың (участкінің) атауы | Қызмет көрсетудің жыл мен айдағы жоспарлы көлемі | Дақыл түрі** | Су тұтудың үлестік нормасы, м3 | Суарылатын алаң, га | Судың жалпы көлемі, м3 | Жер учаскесінің орналасқан жері (облыс, аудан, ауыл) және кадастрлық нөмірі |
1 | *1-канал (учаске) атауы | наурыз | |||||
сәуір | |||||||
... | |||||||
Барлығы | |||||||
2 | *2-канал (учаске) атауы | наурыз | |||||
сәуір | |||||||
... | |||||||
Барлығы |
Ескерту:
*екі және одан да көп каналдарда (учаскелерде) қызмет көрсеткен жағдайда әрбір канал (учаске) бойынша мәліметтер жеке көрсетіледі.
**Тұтынушымен бірнеше түрлі дақыл еккен жағдайда, олардың әрбір түрі бойынша кестені мәліметтерімен толықтырылады.
3-тарау. Қызметтерді көрсету шарттары
3. Тұтынушы көрсетілетін қызметтерді бір Өнім берушінің бірнеше каналдарынан (учаскелерінен) алған жағдайда, осы Шарттың 2-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, әрбір канал (учаске) бойынша бір шарт жасалады.
4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртіппен электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште жасалады.
5. Пайдалану жауапкершілігін бөлудің шекаралары: ысырмалар, есепке алу тораптарының алдында бұрудың басындағы қондырғылар және (немесе) су бөлу нүктесі (гидробекет) болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметтер беру келесі жағдайларда:
1) авариялық жағдайда не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнгенде;
2) суды өз бетінше пайдалану және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;
3) есепті кезеңнен кейінгі бір немесе одан да көп ай ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбегенде;
4) Өнім берушінің өкілдерін суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына жібермегенде;
5) суару каналдарында анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша Өнім берушінің жазбаша талаптарын орындамағанда;
6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
7. Осы Шарттың 6-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, көрсетілген қызметтерді тоқтатқанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Тұтынушыға хабарланады.
Осы Шарттың 6-тармағының 1), 4), 5) 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді беру туындаған қалпына келтіру және (немесе) бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі.
Осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін тұтынушыға көрсетілетін қызмет тоқтатылған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін және қосылу үшін төлемақы енгізгеннен кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жүргізіледі.
8. Тұтынушы:
1) қызмет көрсету айының алдындағы айдың 15 (он бес) күнінен кешіктірмей Өнім берушіге судың ең төменгі айлық көлемін қоса алғанда, қызмет көрсетуге айлық өтінім береді;
2) Шарт жасасу кезінде Өнім берушіге судың ең төменгі жылдық көлемін қоса алғанда, ағымдағы күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуге арналған айлар бөлінісінде жылдық өтінім береді;
3) Өнім берушіні алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде көрсетілетін қызметтерді тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
4) көрсетілетін қызметті тұтыну көлемінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың түрлерінің орналасуының өзгеруі бойынша күтілетін барлық өзгерістер туралы вегетациялық жұмыстар басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Өнім берушіге хабарлайды;
5) су тұтыну кестесіне сәйкес тәулік, ай ішінде (егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе) суды тәулік бойы біркелкі алуды жүргізеді;
6) Өнім берушімен бірге суды есепке алу және бақылаудың өлшеу нүктесін анықтайды;
7) судың бүкіл учаске бойынша дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында сумен қамтамасыз ету кезеңінде учаскіде тәулік бойы бақылауды жүзеге асырады;
8) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қояды;
9) көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылысжайлардың жүйелері мен суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптары жұмысындағы ақаулар туралы Өнім берушіге, барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды;
10) Шарт жасасу кезінде алынған қызметтерге толық ақы төлеу туралы төлем құжаттарын ұсынады.
9. Өнім беруші:
1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және үздіксіз көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;
2) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшерін есепке алуды және оған бақылауды жүргізеді, көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алуы мен жоюы бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
3) Тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 15 (он бесі) дейінгі мерзімде ұсынылатын көрсетілетін қызметке ақы төлеуге төлем құжатын ұсынады;
4) Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды;
5) Тұтынушыны көрсетілетін қызметтерді берудің тоқтатылуына байланысты каналдарда жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей ескертеді;
6) Тұтынушының суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарын қарау кезінде кезінде өз жұмыскерлерінің қызметтік куәліктерін ұсынуын қамтамасыз етеді;
7) Тұтынушыны көрсетілген қызметтер көлеміндегі барлық күтілетін өзгерістер туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметтердің құны және ақы төлеу тәртібі
10. Осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылдың вегетациялық кезеңінде есептеулердің жалпы көлемін есептеу кезінде су тұтынудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бекітілген тарифі қолданылады, ал қалған көлемге бекітілгенге 20% жоғары тариф қолданылады.
Тарифтерді өзгерту Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 266-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
11. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші:
1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 19-тармағына сәйкес тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті;
2) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 20-бабы 6-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды;
3) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 22-бабы 8-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды.
12. Төлемақы Тұтынушымен нақты көрсетілген қызметтердің мөлшері үшін төлем құжаты негізінде ай сайын есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейінгі мерзімде немесе Шартта белгіленген мерзімдерде Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша жүргізеді.
13. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары шеңберінде көрсетілетін қызметтің құнын субсидиялау кезінде Тұтынушы Өнім берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған бөлігі Өнім берушіге субсидия түрінде төленеді. Тұтынушы ағымдағы жылдың 1 (бірінші) мамырынан бастап 30 (отызыншы) қарашасына дейін (қоса алғанда) осы вегетациялық кезең ішінде нақты пайдаланылған су көлемі үшін өтінім бермеген жағдайда, Тұтынушы төлемді Өнім берушінің төлем құжаттары бойынша көрсетілген қызметтер үшін толық көлемде жүзеге асырады.
14. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тұтынушы есеп айырысу кезеңiнде нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде не Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушының берешегін өтеу есебiне есептеледi. Тұтынушы кейінгі есептік кезеңге Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда, артық енгізілген сомалар Тұтынушының бар берешегін жабуға жіберілетін қаражаттан басқа қайтарылады.
5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді босатуды және тұтынуды есепке алу
15. Жіберілген көрсетілген қызметтің саны өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген суды есепке алу аспаптарының не Өнім берушінің, не Тұтынушының суды есепке алу тораптарының көрсеткіштері бойынша бөлу нүктесінде айқындалады. Берілген су көлемін есепке алу:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________ жүргізіледі.
16. Тұтынушының кінәсінен емес есептің уақытша бұзылуы кезінде көрсетілетін қызметтер үшін есеп алдыңғы есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығысы немесе су тұтынудың үлестік нормалары бойынша жүргізіледі.
Мұндай жағдайда есепке алуды соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап бұзушылық анықталған немесе жойылған сәтке дейінгі кезең есептік кезең болып есептеледі.
17. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметтер көлемдерінің есебін бұзу фактілері анықталған жағдайда, Өнім беруші соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейін, бірақ 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге, тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат ішінде әрекет еткен кезде есепке алу торабына дейінгі каналдың толық өткізу қабілеттілігі немесе тұтынушының сорғы станциялары өнімділігі есебінен тұтыну көлемдерін қайта есептеуді жүргізеді.
18. Өнім беруші есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың 15 (он бес) күніне дейінгі мерзімде тараптар қол қоятын орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
19. Осы шартқа қол қойылғаннан кейін Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрін өзгертуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрі Өнім берушінің келісімінсіз бастапқы түрінен өзгерген жағдайда, нақты түрге келісілген су тұтынудың үлестік нормалары бойынша және – 1,5 коэффициентін қолдана отырып, белгіленген тариф бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
20. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді Заңға сәйкес тарифтер бойынша сатып алуға;
2) жария тыңдауларға қатысуға;
3) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы, жаңаларын қабылдау және (немесе) қолданыстағыларының күшiн жою туралы өтінішпен уәкiлеттi органға жүгінуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
21. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге Заңына сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өлшеу құралдарының үлгісін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су ресурстарын есепке алу аспаптарын бөлу нүктесінде орнатуға;
3) көрсеткіштерді алу, жүйелердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
4) белгіленген талаптарға сәйкес, меншікті сумен жабдықтау жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйінде болуын ұстап тұруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
6) зиянды заттардың жол берілетін концентрациясынан асып түсетін ластағыш заттар бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
7) су ресурстарын ұтымды пайдалану, су шығынын азайту үшін шаралар қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 115-бабына сәйкес су пайдалану жоспарларын әзірлеуге;
9) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне Өнім берушімен жеке шарттар жасасуға;
10) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) Суармалы суды пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті.
22. Өнім беруші:
1) Тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;
2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық Тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге;
3) Тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін суды есепке алу аспабына, суды есепке алу тораптарына қолжетімділікті талап етуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
23. Өнім беруші:
1) уәкілетті орган бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;
2) Заңның 24-бабы 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;
3) Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;
4) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша Тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;
6) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты Тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;
7) Заңда белгіленген мерзімдерде Тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
7-тарау. Тараптарға қойылатын шектеулер
24. Тұтынушыға Өнім берушінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын сақтамауға немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға тыйым салынады.
25. Өнім берушіге:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) Өнім берушінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды Тұтынушыға қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) Өнім берушінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес Тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының Өнім берушінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
26. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңдарын өзгеше түрде бұзатын іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.
27. Осы Шарттың 7-тарауында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті бұзушылық актілері рәсімделеді және оған Тараптар қол қояды.
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
28. Суды есепке алу аспаптары немесе суды есепке алу тораптарын тиісінше ұстау баланстық тиесілікті бөлу шекараларына және (немесе) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларына сәйкес Өнім берушіге не Тұтынушыға жүктеледі.
29. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірген шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
30. Көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес мерзімі өткен берешек сомасын төлеу күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген базалық мөлшерлемесі бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Қызмет уақтылы және сапалы көрсетілмеген жағдайда, Өнім беруші Шартқа сәйкес көрсетілмеген қызмет сомасынан оларды төлеу күні қолданыста болатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасу кезінде жүргізіледі.
Егер Тараптардың келісімімен басқаша келісілмеген болса, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 (жиырма алты) күні тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы болып белгіленеді.
31. Егер Өнім берушінің Тұтынушыға қызмет көрсете алмауы Өнім берушімен шарттық қатынаста тұрған өзге адамдардың кінәсінен болса, Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.
32. Тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
33. Тараптардың келісімі бойынша Тұтынушының жазбаша өтінішіне сәйкес өсімпұлды есептеу бойынша кейінге қалдырылу беріледі.
34. Суды өз бетінше пайдалану, Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрінің өзгеруі, есепке алу аспаптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және осы Шарттың 5-тарауына сәйкес қайта есептеу жүргізіледі.
Бұзушылық актісі Өнім берушінің не оның өкiлiнiң және Тұтынушының не оның өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Тұтынушы не оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұзушылық актісі құрамында кемінде үш адам кiретiн комиссиямен ресiмделеді.
Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші есепке алынбаған қызметтер саны мен көлемін анықтайды және Тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
35. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара шарт міндеттемелерін орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
Еңсерілмейтін күш мән жайларға – табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзалалар, дауылдар, су тасқаны, жер сілкінісі, құрғақшылық, мемлекетаралық және трансшекаралық су көздеріндегі судың азаюы немесе төмендеуі жатады.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен ол туралы дереу бір-біріне хабарлап, кейіннен Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыстайды, не пошта арқылы жібереді.
Тұтынушымен Өнім беруші әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда соңғының одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
36. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
37. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптар болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
38. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережелеріне қатысты тұтастай алғанда, немесе қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
39. Тараптар барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеу үшін бар күш-жігерін салады.
40. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі.
Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңнамалық актілерде және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады.
Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде;
2) Кодексте, басқа да заңнамалық актілерде немесе осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.
Тараптардың бірінің шартты бұзуы Елеулі деп танылады, ол екінші Тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады.
Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда Шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).
41. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
42. Шарт екі данада әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.
43. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
44. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес тіркеледі.
11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
45. Шарт 20___жылғы "___" _______00:00-ден бастап күшіне енеді және олардың өзара есеп айырысу бөлігінде толық орындалуын ескере отырып 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.
12-тарау. Тараптардың деректемелері
Өнім беруші: | Тұтынушы: |
_______________________________ |
_______________________________ |
Тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт
___________________________ "____"__________20__ жыл
(шарттың жасалған орны) (күні)
Тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын
реттеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерін (бұдан әрі – Көрсетілетін
қызметтер) ұсынуға _________________________________________ атынан
(көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
__________________________________ негізінде әрекет ететін бір тараптан
_____________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты тегі
(бар болған жағдайда)) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын
__________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін ________________________________________ екінші
тараптан (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) бұдан әрі
"Тараптар" деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі –
Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – иеленушілер арасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу шегі;
2) есеп айырысу кезеңі – көрсетілетін қызмет үшін Тұтынушы есеп айырысатын айдың бірінші күнінің сағат 00:00 бастап айдың соңғы күнінің сағат 24:00 дейінгі күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде Шартта айқындалған кезең;
3) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу шегі. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
4) салыстырып тексеру – өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
5) су бөлу орны – су пайдаланушыдан су тұтынушыға су ресурстарын беру орны;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) су тұтынудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын судың белгіленген мөлшері;
8) төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;
9) тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.
Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Тұтынушыға су бөлу нүктесіне дейін Өнім берушінің шаруашылық жүргізуіндегі тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерін көрсетуге міндеттенеді.
3. Тұтынушы көрсетілетін қызметтерді қабылдауға және Шарт талаптарына сәйкес төлемді уақтылы жүргізуге міндеттенеді.
3-тарау. Қызметтерді көрсету шарттары
4. Тұтынушыға көрсетілетін қызметтерді тірек гидротехникалық құрылысжайдың __________ километрінде/пикетінде жүргізіледі.
5. Шарт Тұтынушымен жеке тәртіппен электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште жасалады.
6. Пайдалану жауапкершілігін бөлудің шекаралары: ысырмалар, есепке алу тораптарының алдында бұрудың басындағы қондырғылар және (немесе) су бөлу нүктесі (гидробекет) болып табылады.
7. Көрсетілетін қызметтерді беру келесі жағдайларда:
1) авариялық жағдайда не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнгенде;
2) суды өз бетінше пайдалану және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылу;
3) есепті кезеңнен кейінгі бір немесе одан да көп ай ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбегенде;
4) Өнім берушінің өкілдерін есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына, қодырғыларға жібермегенде;
5) суару каналдарында анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша Өнім берушінің жазбаша талаптарын орындамағанда;
6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
8. Осы Шарттың 7-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, көрсетілген қызметтерді беру тоқтатқанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Тұтынушыға хабарланады.
Осы Шарттың 7-тармағының 1), 4), 5) 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайда, қызмет көрсетуді туындаған қалпына келтіру және (немесе) бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі.
Осы Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін тұтынушыға көрсетілетін қызмет тоқтатылған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін және қосылу үшін төлемақы енгізгеннен кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жүргізіледі.
9. Тұтынушы:
1) қызмет көрсету айының алдындағы айдың 15 (он бес) күнінен кешіктірмей Өнім берушіге судың ең төменгі айлық көлемін қоса алғанда, қызмет көрсетуге айлық өтінім береді;
2) Шарт жасасу кезінде Өнім берушіге судың ең төменгі жылдық көлемін қоса алғанда, ағымдағы күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуге арналған айлар бөлінісінде жылдық өтінім береді;
3) Өнім берушіні алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде көрсетілетін қызметтерді тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
4) көрсетілетін қызметті тұтыну көлемінің, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдары мен олардың түрлерінің орналасуының өзгеруі бойынша күтілетін барлық өзгерістер туралы вегетациялық жұмыстар басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Өнім берушіге хабарлайды;
5) су тұтыну кестесіне сәйкес тәулік, ай ішінде (егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе) суды тәулік бойы біркелкі алуды жүргізеді;
6) Өнім берушімен бірге суды есепке алу және бақылаудың өлшеу нүктесін анықтайды;
7) судың бүкіл учаске бойынша дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында сумен қамтамасыз ету кезеңінде учаскіде тәулік бойы бақылауды жүзеге асырады;
8) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қояды;
9) көрсетілген қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылысжайлардың жүйелері мен суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптары жұмысындағы ақаулар туралы Өнім берушіге, барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды;
10) Шарт жасасу кезінде алынған қызметтерге толық ақы төлеу туралы төлем құжаттарын ұсынады.
10. Өнім беруші:
1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және үздіксіз көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;
2) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшерін есепке алуды және оған бақылауды жүргізеді, көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алуы мен жоюы бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
3) Тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 15 (он бес) дейінгі мерзімде ұсынылатын көрсетілетін қызметке ақы төлеуге төлем құжатын ұсынады;
4) Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды;
5) Тұтынушыны көрсетілетін қызметтерді берудің тоқтатылуына байланысты каналдарда жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей ескертеді;
6) Тұтынушының суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарын қарау кезінде кезінде өз жұмыскерлерінің қызметтік куәліктерін ұсынуын қамтамасыз етеді;
7) Тұтынушыны көрсетілген қызметтер көлеміндегі барлық күтілетін өзгерістер туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметтердің құны және ақы төлеу тәртібі
11. Осы Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылдың вегетациялық кезеңінде есептеулердің жалпы көлемін есептеу кезінде су тұтынудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бекітілген тарифі қолданылады, ал қалған көлемге бекітілгенге 20% жоғары тариф қолданылады.
Тарифтерді өзгерту Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 266-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші:
1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 19-тармағына сәйкес тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті;
2) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 20-бабы 6-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды;
3) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 22-бабы 8-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды.
13. Төлемақы Тұтынушымен нақты көрсетілген қызметтердің мөлшері үшін төлем құжаты негізінде ай сайын есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейінгі мерзімде немесе Шартта белгіленген мерзімдерде Тұтынушы мен Өнім беруші арасындағы келісім бойынша жүргізеді.
Есептік кезең бір күнтізбелік айды құрайды.
14. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары шеңберінде көрсетілетін қызметтің құнын субсидиялау кезінде Тұтынушы Өнім берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, ал қалған бөлігі Өнім берушіге субсидия түрінде төленеді. Тұтынушы ағымдағы жылдың 1 (бірінші) мамырынан бастап 30 (отызыншы) қарашасына дейін (қоса алғанда) осы вегетациялық кезең ішінде нақты пайдаланылған су көлемі үшін өтінім бермеген жағдайда, Тұтынушы төлемді Өнім берушінің төлем құжаттары бойынша көрсетілген қызметтер үшін толық көлемде жүзеге асырады.
15. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тұтынушы есеп айырысу кезеңiнде нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде не Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушының берешегін өтеу есебiне есептеледi. Тұтынушы кейінгі есептік кезеңге Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда, артық енгізілген сомалар Тұтынушының бар берешегін жабуға жіберілетін қаражаттан басқа қайтарылады.
5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді босатуды және тұтынуды есепке алу
16. Жіберілген көрсетілген қызметтің саны өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген суды есепке алу аспаптарының не Өнім берушінің, не Тұтынушының суды есепке алу тораптарының көрсеткіштері бойынша бөлу нүктесінде айқындалады.
Аспаптар __________________________________________________________бастап ____________________________________________________________
қоса алғанға дейінгі кезеңге __________________________________________
(учаскенің атауы)
орнатылған.
17. Есепке алу аспаптары уақытша жарамсыз болған жағдайда, алынған судың көлемі өткен 2 (екі) ай үшін аспаптар көрсеткішінің орташа шамасы бойынша есептеледі.
18. Тұтынушының кінәсінен емес есептің уақытша бұзылуы кезінде көрсетілетін қызметтер үшін есеп алдыңғы есептік кезеңнің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
Мұндай жағдайда есепке алуды соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап бұзушылық анықталған немесе жойылған сәтке дейінгі кезең есептік кезең болып есептеледі.
19. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметтер көлемдерінің есебін бұзу фактілері анықталған жағдайда, Өнім беруші соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейін, бірақ 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге, тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат ішінде әрекет еткен кезде есепке алу торабына дейінгі каналдың толық өткізу қабілеттілігі немесе тұтынушының сорғы станциялары өнімділігі есебінен тұтыну көлемдерін қайта есептеуді жүргізеді.
20. Осы шартқа қол қойылғаннан кейін Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрін өзгертуге жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрі Өнім берушінің келісімінсіз бастапқы түрінен өзгерген жағдайда, нақты түрге келісілген су тұтынудың үлестік нормалары бойынша және – 1,5 коэффициентін қолдана отырып, белгіленген тариф бойынша көрсетілетін қызметтер көлеміне қайта есептеу жүргізіледі.
21. Өнім беруші есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік айдың 15 (он бес) күніне дейінгі мерзімде тараптар қол қоятын орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
22. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді Заңға сәйкес тарифтер бойынша сатып алуға;
2) жария тыңдауларға қатысуға;
3) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы, жаңаларын қабылдау және (немесе) қолданыстағыларының күшiн жою туралы өтінішпен уәкiлеттi органға жүгінуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
23. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге Заңына сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өлшеу құралдарының үлгісін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су ресурстарын есепке алу аспаптарын бөлу нүктесінде орнатуға;
3) көрсеткіштерді алу, жүйелердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
4) белгіленген талаптарға сәйкес, меншікті сумен жабдықтау жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйінде болуын ұстап тұруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
6) зиянды заттардың жол берілетін концентрациясынан асып түсетін ластағыш заттар бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
7) су ресурстарын ұтымды пайдалану, су шығынын азайту үшін шаралар қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 115-бабына сәйкес су пайдалану жоспарларын әзірлеуге;
9) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне Өнім берушімен жеке шарттар жасасуға;
10) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36208 болып тіркелген) Суармалы суды пайдалану қағидаларын сақтауға міндетті.
24. Өнім беруші:
1) Тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;
2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық Тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге;
3) Тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін суды есепке алу аспабына, суды есепке алу тораптарына қолжетімділікті талап етуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
25. Өнім беруші:
1) уәкілетті орган бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;
2) Заңның 24-бабы 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;
3) Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;
4) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша Тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;
6) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты Тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;
7) Заңда белгіленген мерзімдерде Тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
7-тарау. Тараптарға қойылатын шектеулер
26. Тұтынушыға Өнім берушінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын сақтамауға немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға тыйым салынады.
27. Өнім берушіге:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды Тұтынушыға қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес Тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
28. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңдарын өзгеше түрде бұзатын іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.
29. Осы Шарттың 7-тарауында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті бұзушылық актілері рәсімделеді және оған Тараптар қол қояды.
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
30. Суды есепке алу аспаптарын немесе суды есепке алу тораптарын тиісінше ұстау баланстық тиесілікті бөлу шекараларына және (немесе) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларына сәйкес Өнім берушіге не Тұтынушыға жүктеледі.
31. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі Тарап екінші тарапқа келтірген шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
32. Көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес мерзімі өткен берешек сомасын төлеу күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген базалық мөлшерлемесі бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Қызмет уақтылы және сапалы көрсетілмеген жағдайда, Өнім беруші Шартқа сәйкес көрсетілмеген қызмет сомасынан оларды төлеу күні қолданыста болатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасу кезінде жүргізіледі.
Егер Тараптардың келісімімен басқаша келісілмеген болса, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 (жиырма алты) күні тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы болып белгіленеді.
33. Егер Өнім берушінің Тұтынушыға қызмет көрсете алмауы Өнім берушімен шарттық қатынаста тұрған өзге адамдардың кінәсінен болса, Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.
34. Тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
35. Тараптардың келісімі бойынша Тұтынушының жазбаша өтінішіне сәйкес өсімпұлды есептеу бойынша кейінге қалдырылу беріледі.
36. Суды өз бетінше пайдалану, Өнім берушінің келісімінсіз ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру түрінің өзгеруі, есепке алу аспаптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және осы Шарттың 5-тарауына сәйкес қайта есептеу жүргізіледі.
Бұзушылық актісі Өнім берушінің не оның өкiлiнiң және Тұтынушының не оның өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Тұтынушы не оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұзушылық актісі құрамында кемінде үш адам кiретiн комиссиямен ресiмделеді.
Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші есепке алынбаған қызметтер саны мен көлемін анықтайды және Тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
37. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара шарт міндеттемелерін орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
Еңсерілмейтін күш мән жайларға – табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзалалар, дауылдар, су тасқаны, жер сілкінісі, құрғақшылық, мемлекетаралық және трансшекаралық су көздеріндегі судың азаюы немесе төмендеуі жатады.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен ол туралы дереу бір-біріне хабарлап, кейіннен Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыстайды, не пошта арқылы жібереді.
Тұтынушымен Өнім беруші әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда соңғының одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
38. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
39. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптар болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
40. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережелеріне қатысты тұтастай алғанда, немесе қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
41. Тараптар барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеу үшін бар күш-жігерін салады.
42. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі.
Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңнамалық актілерде және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады.
Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде;
2) Кодексте, басқа да заңнамалық актілерде немесе осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.
Тараптардың бірінің Шартты бұзуы елеулі деп танылады, ол екінші Тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол Шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады.
Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда Шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).
43. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
44. Шарт екі данада әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.
45. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес тіркеледі.
11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
47. Шарт 20___жылғы "___" _______00:00-ден бастап күшіне енеді және олардың өзара есеп айырысу бөлігінде толық орындалуын ескере отырып 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.
12-тарау. Тараптардың деректемелері
Өнім беруші: | Тұтынушы: |
_______________________________ |
_______________________________ |
Каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін)
___________________________ "____"__________20__ жыл
(шарттың жасалған орны) (күні)
Каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін (ауыл
шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) (бұдан
әрі – Көрсетілетін қызметтер) ұсынуға __________________________________
атынан (көрсетілетін қызметті ұсынатын субъектінің атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі) бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
____________________________________ негізінде әрекет ететін бір тараптан
_____________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің
аты тегі (бар болған жағдайда)) және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын
___________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________________________________________________
негізінде әрекет ететін _________________________________________ екінші
тараптан (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) бұдан әрі "Тараптар"
деп аталатындар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – иеленушілер арасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу шегі;
2) есеп айырысу кезеңі – Шартта Тұтынушымен көрсетілетін қызмет үшін есеп айырысу жүргізілетін, айдың бірінші күні сағат 00:00-ден бастап соңғы күні сағат 24:00-ге дейін күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі болып белгіленген кезең;
3) каналдар арқылы су беру көрсетілетін қызметі – суды сутартқыштар (каналдар, құбыржолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу және оны су пайдаланушыларға (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қоспағанда) беру;
4) қабылданбаған су көлемі – мәлімделген және нақты қабылданған көлем арасындағы айырмашылық, егер нақты қабылданған көлем мәлімделгеннен аз болса;
5) мәлімделген су көлемі – Тұтынушы белгілі бір уақыт кезеңіне (ай, тоқсан, жыл) беру үшін мәлімдеген су көлемі;
6) мәлімделмеген су көлемі – есепті есептік кезеңге судың ең төменгі айлық көлемі мен Тұтынушы мәлімдеген су көлемі арасындағы айырмашылық;
7) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу шегі. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
8) өлшем құралдарын салыстырып тексеру – өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы;
9) су бөлу орны – су пайдаланушыдан су тұтынушыға су ресурстарын беру орны;
10) судың ең төменгі айлық көлемі – осы Шартқа қосымшаға сәйкес жоспар-кестеде көзделген судың айлық көлемі;
11) судың ең төменгі жылдық көлемі – Шарттың 2-тармағына сәйкес Тараптар каналға су беру үшін көздей алатын, тұтынушының су берудің жылдық кезеңі ішінде қабылдауы үшін міндетті су көлемі;
12) суды есепке алу аспабы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынуды коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
13) суды есепке алу торабы – суды есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар (су есептегіш, шығын өлшегіш, манометр) және құрылғылар жүйесі (бекіту арматурасы, өлшеу құралына дейін және одан кейінгі құбырлардың тікелей учаскелері, деректерді қашықтан беру құралы, қысым реттегіші және құрылғылардың басқа да түрлері);
14) су каналы (магистральдық, шаруашылықаралық, шаруашылықішілік) – суды қабылдаудан тұтынушының су бөлетін нүктелеріне дейін тасымалдауға, суды ағызуға, су ағындарын реттеуге арналған жасанды құрылысжай;
15) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;
17) тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалану ниеті бар жеке немесе заңды тұлға.
Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Шарт талаптарына сәйкес Өнім беруші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын кестеге сәйкес айларға бөле отырып, ___________________________
(канал атауы)
сапаға қойылатын мына талаптарға жауап беретін және төменде келтірілген көлемдерде көрсетілетін қызметтерді көрсетуге міндеттенеді:
Жыл, ай | Канал атауы | Жалпы су көлемі, м3 | Судың сапасы | Ескертпе |
Ескертпе: қажет болған жағдайда жеке қосымшада суды есепке алу аспаптарының не есепке алу тораптарының, қондырғыларының тізімі және тараптардың келісімі бойынша басқа да нақтылаулар көрсетіледі.
3-тарау. Қызметтерді көрсету шарттары
3. Тұтынушыға көрсетілетін қызметтерді көрсету каналдың _________________________________ (учаске атауы) километр/пикет учаскесінде жүргізіледі.
4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртіппен электрондық нысанда және (немесе) қағаз тасығышта жасалады.
5. Пайдалану жауапкершілігін бөлудің шекаралары: ысырмалар, есепке алу тораптарының алдында бұрудың басындағы қондырғылар және (немесе) су бөлу нүктесі (гидробекет) болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметтер беру келесі жағдайларда:
1) авариялық жағдайда не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнгенде;
2) суды өз бетінше пайдалану және Өнім берушінің жүйелеріне өз бетінше қосылғанда;
3) есепті кезеңнен кейінгі бір немесе одан да көп ай ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төленбегенде;
4) Өнім берушінің өкілдерін суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына, қодырғыларға жібермегенде;
5) суару каналдарында анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою бойынша Өнім берушінің жазбаша талаптарын орындамағанда;
6) заңнамада және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда тоқтатылады.
7. Осы Шарттың 6-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, қызмет көрсетілген қызметтерді тоқтатқанға дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын Тұтынушыға хабарланады.
Осы Шарттың 6-тармағының 1), 4), 5) 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді беру туындаған қалпына келтіру және (немесе) бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі.
Осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін Тұтынушыға көрсетілетін қызмет тоқтатылған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін және қосылу үшін төлемақы енгізгеннен кейін күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде жүргізіледі.
8. Тұтынушы:
1) қызмет көрсету айының алдындағы айдың 15 (он бес) күнінен кешіктірмей Өнім берушіге судың ең төменгі айлық көлемін қоса алғанда, қызмет көрсетуге айлық өтінім береді;
2) Шарт жасасу кезінде Өнім берушіге судың ең төменгі жылдық көлемін қоса алғанда, ағымдағы күнтізбелік жыл үшін қызмет көрсетуге арналған айлар бөлінісінде жылдық өтінім береді;
3) Өнім берушіге есепті тоқсан басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 45 (қырық бес) күн бұрын, судың ең аз айлық көлемдерін қоса алғанда, жоспарланған айлық көлемдерге бөле отырып, қызмет көрсетуге тоқсандық өтінім береді;
4) Өнім берушіге ағымдағы жылғы 1 (бірінші) қыркүйектен кешіктірмей, судың ең аз жылдық көлемін қоса алғанда, келесі күнтізбелік жылға қызмет көрсетуге арналған жылдық өтінім береді;
5) Өнім берушіні алдағы айлық, тоқсандық немесе жылдық кезеңдерде көрсетілетін қызметтерді тұтыну ниетінің жоқтығы туралы жазбаша түрде хабардар етеді;
6) күтілетін барлық өзгерістер туралы кемінде 2 (екі) күн бұрын Өнім берушіге хабарлайды;
7) су тұтыну кестесіне сәйкес тәулік, ай ішінде (егер Тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе) суды тәулік бойы біркелкі алуды жүргізеді;
8) Өнім берушімен бірге суды есепке алу және бақылаудың өлшеу нүктесін анықтайды;
9) сумен қамтамасыз ету кезеңінде учаскіде тәулік бойы бақылауды жүзеге асыруы;
10) Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін орындалған жұмыстар актілеріне уақтылы қол қояды;
11) көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған құрылысжайлардың жүйелері мен суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптары жұмысындағы ақаулар туралы Өнім берушіге, барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және жергілікті атқарушы органдарына дереу хабарлайды;
12) Шарт жасасу кезінде алынған қызметтерге толық ақы төлеу туралы төлем құжаттарын ұсынады.
9. Өнім беруші:
1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және үздіксіз қызмет көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді;
2) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшерін есепке алуды және оған бақылауды жүргізеді, көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алуы мен жоюы бойынша уақтылы шаралар қабылдайды;
3) Тұтынушыға есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 15 (он бесі) дейінгі мерзімде ұсынылатын көрсетілетін қызметке ақы төлеуге төлем құжатын ұсынады;
4) Тұтынушының негізделген талаптары бойынша ұсынылатын қызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды;
5) Тұтынушыны көрсетілетін қызметтерді берудің тоқтатылуына байланысты каналдарда жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей ескертеді;
6) Тұтынушының суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарын қарау кезінде кезінде өз жұмыскерлерінің қызметтік куәліктерін ұсынуын қамтамасыз етеді;
7) Тұтынушыны көрсетілетін қызметтер көлеміндегі барлық күтілетін өзгерістер туралы 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.
4-тарау. Көрсетілетін қызметтердің құны және ақы төлеу тәртібі
10. Осы Шарт бойынша көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
Тарифтерді өзгерту Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35975 болып тіркелген) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 266-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тариф өзгерген жағдайда Өнім беруші:
1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 19-тармағына сәйкес тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей тарифті бекіту туралы ақпаратты Тұтынушының назарына жеткізуге міндетті;
2) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 20-бабы 6-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін қамтитын ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды;
3) тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Заңның 22-бабы 8-тармағына сәйкес тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл туралы Тұтынушыға хабарлайды.
11. Өнім берушінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу есептік айдың әрбір онкүндігі аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қызметтердің мөлшерлес бөлінген айлық шарттық көлемінен 100% төлеу арқылы онкүндік негізде жүргізіледі.
Есепті кезеңде көрсетілген қызметке ақы төлеуді Тұтынушы екеуі қол қойған орындалған жұмыс (көрсетілген қызметтер) актісі негізінде қойылған төлем құжаты берілген күннен бастап Тұтынушыға қызмет көрсететін банктің бес операциялық күн ішінде жүргізеді. Төлем құжатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Өнім беруші жазып береді.
Төлем құжатын және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін Өнім беруші ұсынады және Тараптар есеп айырысудан кейінгі айдың 10 (он) күнінен кешіктірмей қол қояды.
12. Өткен кезеңдер үшiн берешек болған кезде бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тұтынушы есеп айырысу кезеңiнде нақты сомадан асатын соманы төлеген жағдайда осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде не Тараптардың келiсiмi бойынша Тұтынушының берешегін өтеу есебiне есептеледi. Тұтынушы кейінгі есептік кезеңге Өнім берушінің көрсетілетін қызметтерінен бас тартқан жағдайда, артық енгізілген сомалар Тұтынушының бар берешегін жабуға жіберілетін қаражаттан басқа қайтарылады.
5-тарау. Көрсетілетін қызметтерді босатуды және тұтынуды есепке алу
13. Көрсетілетін қызметтің босатылған саны бірлікті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, кезеңдерге тексерістен өткен:
_____________________ бастап __________________________________ дейінгі
__________________________________________________________ орнатылған,
Өнім берушінің, не Тұтынушының суды есепке алу аспаптарының, суды есепке алу тораптарының көрсеткіштері бойынша бөлу нүктесінде айқындалады:
14. Тұтынушының кінәсінен болмаған, есепке алу уақытша бұзылған кезінде көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу алдыңғы есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.
Мұндай жағдайда есепке алуға соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап бұзушылық анықталған немесе оны жою кезіне дейінгі кезең есеп айырысу кезеңі деп есептеледі.
15. Тұтынушының кінәсінен көрсетілген қызметтер көлемдерінің есебін бұзу фактілері анықталған жағдайда, Өнім беруші соңғы тексеру жүргізілген күннен бастап анықталған күнге дейін, бірақ 1 (бір) айдан аспайтын мерзімге, тәулігіне 24 (жиырма төрт) сағат ішінде әрекет еткен кезде есепке алу торабына дейінгі тірек гидротехникалық құрылысжайдың толық өткізу қабілеттілігі немесе тұтынушының сорғы станциялары өнімділігі есебінен қызметті тұтыну көлемдерін қайта есептеуді жүргізеді.
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
16. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерді Заңға сәйкес тарифтер бойынша сатып алуға;
2) жария тыңдауларға қатысуға;
3) уәкілетті органның құқықтық актілеріне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы, жаңаларын қабылдау және (немесе) қолданыстағыларының күшiн жою туралы өтінішпен уәкiлеттi органға жүгінуге;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
17. Тұтынушы:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтерге Заңына сәйкес тарифтер бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен өлшеу құралдарының үлгісін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен су ресурстарын есепке алу аспаптарын бөлу нүктесінде орнатуға;
3) көрсеткіштерді алу, жүйелердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін Өнім беруші өкілдерінің суды есепке алу аспаптарына, суды есепке алу тораптарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
4) белгіленген талаптарға сәйкес, меншікті сумен жабдықтау жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйінде болуын ұстап тұруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптарды орындауға;
6) зиянды заттардың жол берілетін концентрациясынан асып түсетін ластағыш заттар бар сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
7) су ресурстарын ұтымды пайдалану, су шығынын азайту үшін шаралар қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 115-бабына сәйкес су пайдалану жоспарларын әзірлеуге;
9) уәкілетті орган бекіткен үлгілік шарттарға сәйкес ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне Өнім берушімен жеке шарттар жасасуға.
18. Өнім беруші:
1) Тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өнім беруші белгілеген техникалық талаптардың сақталуын талап етуге;
2) тарифтiң қолданылу кезеңiнде барлық Тұтынушылар үшiн тарифтi төмендетуге;
3) Тұтынушылардан көрсеткіштерді алу және пломбалауды жүзеге асыру үшін суды есепке алу аспабына, суды есепке алу тораптарына қолжетімділікті талап етуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес реттелетін қызметтерді көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
19. Өнім беруші:
1) уәкілетті орган бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға;
2) Заңның 24-бабы 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділікті ұсынуға;
3) Тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсынуға;
4) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілемеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша Тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;
6) тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты Тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға;
7) Заңда белгіленген мерзімдерде Тұтынушыларға тариф, оның өзгергені туралы хабарлауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
7-тарау. Тараптарға қойылатын шектеулер
20. Тұтынушыға Өнім берушінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын сақтамауға немесе реттелетін қызмет көлемін ұлғайтуға тыйым салынады.
21. Өнім берушіге:
1) бос қуаттар туралы ақпарат ұсынғаны үшін төлемақы алуға;
2) реттелетін қызметті көрсетуге қатысы жоқ мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың рұқсаттары мен өзге де құжаттарын ұсынуды талап етуге;
3) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарды сақтаудан басқа, өзге талаптарды Тұтынушыға қоюға;
4) реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең емес жағдайларын жасауға;
5) табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкес Тұтынушының жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметін шектеуге;
6) құрылыс жобасының табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға немесе реттеліп көрсетілетін қызметтің көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады.
22. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңдарын өзгеше түрде бұзатын іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.
23. Осы Шарттың 7-тарауында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті бұзушылық актілері рәсімделеді және оған Тараптар қол қояды.
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
24. Суды есепке алу аспаптары немесе суды есепке алу тораптарын тиісінше ұстау баланстық тиесілікті бөлу шекараларына және (немесе) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларына сәйкес Өнім берушіге не Тұтынушыға жүктеледі.
25. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап екінші тарапқа келтірген шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтейді.
26. Көрсетілген қызметтер үшін төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес мерзімі өткен берешек сомасын төлеу күні қолданыста болатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген базалық мөлшерлемесі бойынша әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Қызмет уақтылы және сапалы көрсетілмеген жағдайда, Өнім беруші Шартқа сәйкес көрсетілмеген қызмет сомасынан оларды төлеу күні қолданыста болатын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген базалық мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасу кезінде жүргізіледі.
Егер Тараптардың келісімімен басқаша келісілмеген болса, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 (жиырма алты) күні тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы болып белгіленеді.
27. Егер Өнім берушінің Тұтынушыға қызмет көрсете алмауы Өнім берушімен шарттық қатынаста тұрған өзге адамдардың кінәсінен болса, Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.
28. Тұрақсыздық айыбын (өсімақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
29. Тараптардың келісімі бойынша Тұтынушының жазбаша өтінішіне сәйкес өсімпұлды есептеу бойынша кейінге қалдырылу беріледі.
30. Егер тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес судың ең төменгі айлық көлемін мәлімдемеген жағдайда, ол өнім берушіге айып төлейді, оның мөлшері есепті кезеңдегі судың мәлімделмеген көлемінің қызметтерге арналған тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде айқындалады. Осы тармаққа сәйкес айып төлеуді Тұтынушы тиісті төлем құжатын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
31. Егер тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес судың ең төменгі айлық көлемін мәлімдеген, бірақ оны қызмет көрсету айы ішінде қабылдамаған жағдайда, ол Өнім берушіге айып төлейді, оның мөлшері есепті кезеңдегі судың қабылданбаған көлемінің қызметтер үшін тариф ставкасына көбейтіндісі ретінде айқындалады. Осы тармаққа сәйкес айып төлеуді Тұтынушы тиісті төлем құжатын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
32. Суды өз бетінше пайдалану, есепке алу аспаптарының бүлінуі, Тұтынушының кінәсінен есептің бұзылуы кезінде бұзушылық актісі жасалады және қайта есептеу жүргізіледі.
Бұзушылық актісі Өнім берушінің не оның өкiлiнiң және Тұтынушының не оның өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Тұтынушы не оның өкiлi қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұзушылық актісі құрамында кемінде үш адам кiретiн комиссиямен ресiмделеді.
Бұзушылық актісінің негізінде Өнім беруші есепке алынбаған қызметтер саны мен көлемін анықтайды және Тұтынушыға қайта есептеу сомасын негіздей отырып есептемелерді жібереді. Тұтынушы қайта есептемемен келіспеген жағдайда, Тараптардың ара-қатынастары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен реттеледі.
9-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
33. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан болса, Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысының шығындарды өтеуге құқы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара шарт міндеттемелерін орындауды айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталғанға дейін туындайтын Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
Еңсерілмейтін күш мән жайларға – табиғи және техногендік сипаттағы дүлей зілзалалар, дауылдар, су тасқаны, жер сілкінісі, құрғақшылық, мемлекетаралық және трансшекаралық су көздеріндегі судың азаюы немесе төмендеуі жатады.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен ол туралы дереу бір-біріне хабарлап, кейіннен Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күні мен сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыстайды, не пошта арқылы жібереді.
Тұтынушымен Өнім беруші әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда соңғының одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
34. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
35. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптар болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
10-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
36. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережелеріне қатысты тұтастай алғанда, немесе қандай да бір мәселеге немесе іс-әрекетке байланысты туындаған қандай да бір дау немесе келіспеушілік болған жағдайда, Тараптардың кез келгені екінші тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
37. Тараптар барлық дауларды келіссөздер арқылы реттеу үшін бар күш-жігерін салады.
38. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер соттарда шешіледі.
Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (бұдан әрі – Кодекс), басқа да заңнамалық актілерде және осы Шартта өзгеше көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу тараптардың келісімі бойынша мүмкін болады.
Тараптардың бірінің талабы бойынша шарт тек соттың шешімі бойынша өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
1) екінші тарап шартты елеулі түрде бұзған кезде;
2) Кодексте, басқа да заңнамалық актілерде немесе осы Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылады.
Тараптардың бірінің шартты бұзуы Елеулі деп танылады, ол екінші Тарап үшін осындай залалға әкеп соғады, ол Шарт жасасу кезінде сенуге құқылы нәрседен едәуір дәрежеде айырылады.
Шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда Шарт өзгертілген немесе бұзылған болып есептеледі (Кодекстің 404-бабына сәйкес шарттан тиісінше ішінара немесе толық бас тартылған).
39. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
40. Шарт екі данада әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.
41. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
42. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабына сәйкес тіркеледі.
11-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
43. Шарт 20___жылғы "___" _______00:00-ден бастап күшіне енеді және олардың өзара есеп айырысу бөлігінде толық орындалуын ескере отырып 20__ жылғы "___" _____ сағат 24:00-ге дейін қолданылады.
12-тарау. Тараптардың деректемелері
Өнім беруші: | Тұтынушы: |
_______________________________ |
_______________________________ |
| Каналдар арқылы су беру реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шартына (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылмайтын тұтынушы үшін) қосымша |
__________ жылға арналған су берудің ЖОСПАР-КЕСТЕСІ
Кезең | Жалпы су тұтыну, м3 | Оның ішінде | ||
Қаңтар | ||||
Ақпан | ||||
Наурыз | ||||
Сәуір | ||||
Мамыр | ||||
Маусым | ||||
Шілде | ||||
Тамыз | ||||
Қыркүйек | ||||
Қазан | ||||
Қараша | ||||
Желтоқсан | ||||
Қорытынды | ||||
Өнім беруші: | Тұтынушы: | |||
_______________________________ |
_______________________________ | |||