ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы, осы қаулының 14-тармағының 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін отыз бесінші, отыз алтыншы, елу төртінші, елу бесінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, жүз бесінші, жүз оныншы, жүз жиырма жетінші, жүз алпыс үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 Қаулыға қосымша |
Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1, 18 және 18-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастағы қызметін жүзеге асыруына, сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агентінің арасында жасалатын тапсырма шартына қойылатын және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттіктеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын және оқытуды жүргізудің тәртібіне қойылатын талаптарда:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген клиентті тиісінше тексеру бойынша шараларды сақтандыру ұйымы қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру агентін сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;".
2. "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 2-тармағына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабының 3-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, 11-бабының 1) тармақшасына, 12-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларында және көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарда:
1-қосымша өзгерістер енгізілетін Қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің" 37-бабының 11-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 46-бабына, 217-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және 73-бабының 2-тармағына, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабына сәйкес "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 9-тармағының 9-2) тармақшасында, "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Клиентпен кастодиандық шарт кастодиан "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады".".
4. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларында, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінде:
23-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23-1. Клиентпен брокерлік шарт брокер және (немесе) дилер "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады".".
5. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына, 38-бабының 1-тармағына, 57-бабының 3-тармағына, 61-бабының 1 және 4-тармақтарына, 62-бабының 1-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
28-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөнінде өзге іс-шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңда көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесі негізінде бұғаттау және бұғаттауды алып тастау операцияларын қоспағанда, номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) бұғаттау және бұғаттауды алып тастау бойынша операцияларды Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 65-бабы 6-1-тармағының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарының немесе клиент бұйрығының негізінде жүргізеді. Бұғаттау жөніндегі операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) "негізгі" бөлімнен бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотын "бұғаттау" бөліміне ауыстырылады. Бұғаттауды алып тастау жөніндегі операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) "бұғаттау" бөлімінен "негізгі" бөлімге ауыстырылады.";
56-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционерлер тізімі Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады және оларға тиесілі акциялар санын көрсете отырып, номиналды ұстаудағы акциялары бар меншік иелері туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес акционерге берілген салық салу бойынша жеңілдіктің бар екендігі туралы мәліметтерді, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мәліметтері жоқ меншік иелеріне тиесілі акциялардың саны туралы ақпаратты қамтиды.".
6. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12998 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 83-бабының 1 және 2-тармақтарына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 83-бабының 1-тармағына және 84-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидалары "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 83-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы қызметінің тәртібін белгілейді.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) клиентті тиісті тексеру бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шараларды қабылдау";".
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін күмәнді мәмілелерді анықтаған кезде күмәнді мәміле туралы есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:
1) оның негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәміле күмәнді мәмілелер санына жатқызылған өлшемшарттың сипаттамасы;
2) күмәнді мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
3) өзара байланысты күмәнді мәмілелер тобының құрамына кіретін күмәнді мәміле үшін мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
4) күмәнді мәміле бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер;
5) күмәнді мәмілені жасауға ықтимал себептері немесе бағалы қағазға немесе өзге қаржы құралына нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындарына осы мәміленің әсері келтірілген талдау бөлігі;
6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;
7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;
8) қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының басқарма мүшесінің есепті сараптама комитетіне жіберу туралы бұрыштамасы.".
7. "Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - БҚР туралы заң) 49-1-бабына сәйкес әзiрлендi және қор биржасында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.";
10-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдер;";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдерге мыналар кіреді, бірақ олармен шектелмейді:
1) операция "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) 4-бабының 1-тармағында белгіленген операциялардың бір түріне сәйкес келетін жағдайда, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларына мониторинг жасау;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күмәнді операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру.";
64-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қағидалардың талаптарын, ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі және қор биржасының ішкі аудит қызметі туралы ережелерді, сондай-ақ қор биржасының басқа ішкі құжаттарын басшылыққа алады.".
8. "Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17250 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кірісіпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарда:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын, өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және биржалық тауарлармен мәмілелер жасайтын биржалық брокерлер және тауар биржаларының клирингтік орталықтары қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.
2. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату туралы шешімді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) тәуекелі дәрежесінің бағасын клиенттердің типтері бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілі тәуекелін ескере отырып, дербес қабылдайды.".
11-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, КЖ/ТҚҚ туралы заңда, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша".
9. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 198 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) андеррайтинг – актуарий белгілеген шектерде сақтандыру өтемін, сақтандыру талаптарын, франшизаның және сақтандыру тарифінің деңгейін анықтау мақсатымен сақтандыру тәуекелдерін бағалау негізінде мәлімделген сақтандыру объектісін сақтандыруға немесе қайта сақтандыруға қабылдау бойынша рәсімдер кешені;
2) басқару есептілігі – ішкі бақылау және ұйымның қызметін бағалау құралы;
3) гэп-талдау – ұйымның сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерістеріне ұшыраған немесе белгілі бір мерзім ішінде өтелуі тиіс активтері мен міндеттемелерінің көлемін салыстыру негізінде пайыздық тәуекелді және өтімділік тәуекелін өлшеу әдістері;
4) корпоративтік басқару – акционерлер, директорлар кеңесі, атқарушы орган және акционерлердің мүддесі үшін ұйымның өзге де органдары арасындағы қатынастарды қамтитын ұйым қызметін басқаруды қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.
Корпоративтік басқару жүйесі ұйымдағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;
5) лимиттеу – қабылданатын тәуекелдердің сапалық, сандық шектеулерін белгілеу, ұйымның мәмілелеріне (операцияларына) шектеулерді белгілеу.
Лимиттеу кезінде мынадай өлшемдер анықталады:
лимит белгіленетін көрсеткіш;
лимит белгіленетін көрсеткішті есептеу әдісі;
көрсеткіштің шекті (ең жоғары, ең төмен) мәні;
6) мүдделер қақтығысы – ұйымның лауазымды тұлғаларының және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүддесі мен олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін орындауы немесе ұйымның және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің ұйым және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарлар туындатуы мүмкін мүліктік және өзге де мүдделері арасында қайшылықтар туындататын ахуал;
7) клиенттің жолданымы – адамның құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға көмек көрсету туралы өтінішхаты не Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарының бұзылуы, ұйымның, оның лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау, сондай-ақ ұйым қызметі бойынша оң пікірлер, үн қосулар, ұсыныстар;
8) саясат – ұйымның тиімді жұмыс істеуін және оның қызметінің стратегияға және тәуекелдің жол берілетін деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін қажетті өлшемшарттарды, өлшемдерді, тәсілдерді, қағидаттарды, стандарттарды, рәсімдер мен тетіктерді айқындайтын саясатты және (немесе) өзге де ішкі құжаттарды қамтитын ішкі құжаттардың жиынтығы;
9) стресс-тестілеу – ұйымның қаржылық жағдайына айырықша, бірақ ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлеуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
10) тәуекел – ұйым қызметінің күтілетін нәтижесін алу сенімсіздігін немесе мүмкін еместігін туындататын жағдаяттардың пайда болу, шығыстардың (зиянның) туындау ықтималдығы;
11) тәуекел мәдениеті – тәуекелдері ұйымның қаржылық жай-күйіне олардың әсерін азайту мақсатында түсінуге, қабылдауға, басқаруға және бақылауға бағытталған процестер, рәсімдер, ұйымның ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары мен стандарттары. Тәуекел мәдениеті ұйымның қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестері мен тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады;
12) тәуекелдерді бағалау жүйесі – ұйымның қаржылық жай-күйіне кешенді талдау жүргізуге арналған коэффициенттердің жиынтығы;
13) тәуекелдерді басқару жүйесі – тәуекелдерді және олардың ұйымның мақсаттарына жетуге әсер ететін салдарын анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу, төмендету мақсатында бүкіл ұйым шегінде жүзеге асырылатын, ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасы белгілеген тұрақты құрылымдалған процесс;
14) тәуекелге негізделген талап етілетін капитал – бұл стресс-тестілеуді жүргізуді, тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын бағалауды және олардың корреляциясын қамтитын жеке модель негізінде ұйым анықтайтын ықтимал шығындарды өтеуге арналған қаражат сомасы;
15) тәуекел картасы – бір "ось" бойынша тәуекелдің ықпал ету күші немесе маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің графикалық және мәтіндік сипаттамасы;
16) тәуекел лимиті – қабылданатын тәуекелді сандық не сапалық шектеу құралы;
17) тәуекелді сәйкестендіру – тәуекел элементтерін табу, тізбесін құру, және сипаттау процесі;
18) тәуекелді өлшеу – оқиғаның басталу салдары мен ықтималдығын математикалық жолмен ықтималдық теориясын және статистикалық деректер негізінде үлкен сандар заңын қолдана отырып бағалау арқылы жүзеге асырылатын тәуекелдің ықтималдығы дәрежесін және әлеуетті шығыстар (зияндар) мөлшерін анықтау;
19) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
20) ішкі аудит – ішкі аудит қызметі сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына, ішкі құжаттарға, ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына сәйкес келу дәрежесін одан әрі көрсету мақсатында қаржылық есептілікті, сондай-ақ ұйым қызметін сандық және сапалық жағынан бағалауға келетін басқа деректер мен ақпаратты бағалайтын басқарушылық бақылаудың ажырамас элементі;
21) ішкі бақылау – бұл ұйымның директорлар кеңесі, алқалы органдары, басқармасы, қызметкерлері жүзеге асыратын, мынадай санаттар бойынша мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған процесс:
қызметінің тиімділігі;
қаржылық есептіліктің және өзге де басқарушылық есептіліктің сенімділігі, толықтығы мен уақтылығы;
сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
22) ішкі бақылау жүйесі – мыналарды қамтамасыз ететін бақылау рәсімдерінің, іс-шаралар мен әдістемелердің жиынтығы:
ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін тиімді жүргізу;
сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
жауапкершілікті тиімді бөлу;
ұйым қызметкерлерінің ішкі құжаттардың талаптарын уақтылы орындауы;
мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
алаяқтық фактілерін және басқарушылық қателердің алдын алу және анықтау;
қаржылық есептілікті және өзге басқарушылық есептілікті дайындау уақтылығы, шынайылығы мен толықтығы.
Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолдану кезінде:
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы директорлар кеңесі болып түсініледі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері басқарма болып түсініледі;
бас офис шотының сомасы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қызметінің резервтері мен нәтижелері капитал болып түсініледі;
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік болып түсініледі.
Қағидалардың 16, 17-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ішкі бақылау жүйесі ұйымның мыналар үшін қабылдаған ұйымдастыру жүйесін, саясатын, рәсімдері мен әдістерін білдіреді:
1) сақтандыру тәуекелдерін, активтері мен міндеттемелерін басқару тиімділігін қоса алғанда, ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) ұйымның сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын және ұйымның ішкі құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
4) ұйым мен оның қызметкерлерін заңсыз қызметті жүзеге асыруға тартуға, оның ішінде алаяқтыққа, қателерге, дәлсіздіктерге, алдауға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға жол бермеу.";
23-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) шарттық қатынастардың, сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының, ұйымның қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді регламенттейтін ішкі құжаттарының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді;";
28-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) корпоративтік стратегияны және тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі саясатты түзету мақсатында стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімшесімен не осыған ұқсас функциялар атқаратын өзге де бөлімшемен бірлесіп, басқармаға кемінде жылына бір рет:
барлық тәуекелдер, олардың ықтималдылық дәрежесі, ұйымның дайындық дәрежесі, оларды барынша азайту бойынша жүргізілген іс-шаралар, ден қою шаралары туралы сандық және сапалық деректерді ескере отырып, ұйымның ағымдағы жай-күйіне егжей-тегжейлі шолуды қамтитын есепті;
ұйымның қаржылық жай-күйі мен қызметінің нәтижелеріне егжей-тегжейлі шолуды, сондай-ақ ұйымның қаржылық жай-күйіне, ұйымның тәуекелдер картасына ықпал етуі мүмкін сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерді қамтитын есепті ұсыну.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына осы тармақтың ережелері қолданылатын жағдайда:
осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшенің функционалдық міндеттеріне қолданылады;
осы тармақтың 3), 12) және 13) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.";
32-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын және ұйымның ішкі құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін құрылады.";
39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ұйым қызметкерлері ұйым қызметіне және азаматтық, салық, банк, сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, акционерлік қоғамдар туралы, сондай-ақ теріс пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды түрде хабарлайтын ұйым рәсімдерінің тиімді сақталуын бақылау;";
55-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ішкі аудиттің халықаралық кәсіптік стандарттарына және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін бақылау ортасын бекітілген жоспарға сәйкес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы қалыптастыру;";
58-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтайды;".
14-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
10. "Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 245 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 8-тармағының төртінші бөлігіне, "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 1-3) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 12-тармағының төртінші бөлігіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы , "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-2-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау салысында ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау шеңберінде мына мәселелер тексерілуге тиіс:
1) қаржы ұйымының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекеліне ұшырағыштығы;
2) "Клиентіңді тани біл" рәсімі, клиенттің типі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелін бағалаудың барабарлығы;
3) қаржылық мониторингке жататын операцияларды анықтау;
4) қаржы ұйым бөлімшелерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау тиімділігі;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту үшін қаржы ұйымы қабылдайтын шаралардың барабарлығы мен жеткіліктілігі;
6) қаржы ұйымы көрсететін қызметтердің, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне осалдығы.";
көрсетілген қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қолданылып жүрген озық халықаралық тәжірибені ескере отырып қалыптастырылған тексерілуге жататын мәселелерді талдау және бағалау нәтижелеріне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 9-тармағының бесінші бөлігінде, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 13-тармағының бесінші бөлігінде, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 9-тармағының бесінші бөлігінде көзделген және осы Талаптардың 2-тармағында көзделген қағидаттарға, осы Талаптардың 3-тармағында көзделген факторларға сәйкес келетін ақпаратты бағалау және талдау нәтижелеріне қатысты аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі және (немесе) бақылаулары мен ұсынымдары түріндегі нақты білдірілген тұжырымдарды;";
көрсетілген қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілген Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
11. "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 80-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеке шотты ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.";
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"68. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде мемлекеттік органдардың, сондай-ақ осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде Атқарушылық iс жүргiзу туралы заңына сәйкес жүргізеді.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңмен көзделген жағдайларда орталық депозитарий тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оқшаулау және оқшаулауды алып тастау операциясын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесі негізінде жүргізеді.
КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңмен көзделген негіздер бойынша бұғаттауды жүзеге асыру кезінде хабарлама қаржы мониторингін жүзеге асыратын және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік органға жіберіледі.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Орталық депозитарий бұйрықты алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мынадай:
1) бұйрықтардағы қойылған қолдар жеке шоттар бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды тіркеу құжаттарына қол қою құқығына ие заңды тұлға өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатта немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген қол қою үлгілеріне сәйкес келмеген;
2) операция жасауға арналған бұйрық алынған күннен бастап күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қарсы бұйрық ұсынылмаған;
3) Қағидалардың 38-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке жатқызу) туралы бұйрығымен бір мезгілде (бір жұмыс күні ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодианның растауы ұсынылмаған;
4) бұйрықтардың деректемелері орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген деректемелерге немесе жеке шот деректемелеріне сәйкес келмеген;
5) жеке шотта қажетті бағалы қағаздар саны болмаған;
6) Қағидалардың 41-тармағының бірінші абзацына сәйкес бұйрықты тексерген кезде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнаманың бұзылғаны анықтаған;
7) Қағидаларда көзделген жағдайларда клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде осындай мәмілені жасауға осындай келісімді (рұқсатты) беруге уәкілетті мемлекеттік органның берген келісімін (рұқсатын) растайтын құжатты ұсынбаған;
8) тиісті мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімі болған;
9) Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот оқшауланған;
10) Қағидалардың 47, 66, 67 және 77-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;
11) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 13-бабында көзделген;
12) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген жағдайларда оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында бас тартуды ресімдейді.
Орталық депозитарий КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 13-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен эмитенттің бұйрығын орындаудан бас тартады.
Бұйрықты орындаудан бас тартуға орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған уәкілетті тұлғалар қол қояды және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған орталық депозитарийдің мөртабанымен куәландырылады не Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасалады және беріледі.
Жүргізілу талаптарын қосымша тексеру талап етілетін операцияларды жүзеге асыруға арналған бұйрықты орындаудан бас тартуды дайындау кезінде осындай бас тарту 6 (алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде дайындалады.".
12. "Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
7-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-2. Орталық депозитарийдің құжаттамалық нысанда шығарылған қаржы құралдарын сақтау жөнінде қызметтер көрсетуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";
16-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Номиналды ұстаушының жеке шотын ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) көзделген клиентті тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.";
35-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Орталық депозитарий бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот бойынша айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке жатқызу бойынша операцияларды жүргізгеннен кейін депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мемлекеттік органдардың актілері және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңның 12-бабында көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде бұғаттау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) есептен шығару және осындай бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлік басқару) сақтай отырып, эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке жатқызу бойынша операцияларды жүргізеді және депоненттерге немесе шот операторларына:
айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жол берген дефолт;
эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарына берілген идентификатор;
орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке жатқызу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жібереді.".
13. "Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 22-3) тармақшасына және 49-1-бабының екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 22-3) тармақшасына және 49-1-бабының екінші бөлігіне, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық депозитарий үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейді.";
17-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстауға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған рәсімдердің тиімділігін тексеру;";
25-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау;";
5-қосымша Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
14. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – конфиденциалдылықты бұзу, банктің ақпараттық активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;
2) ақпараттық технологиялар тәуекелі – банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;
3) алаяқтық және құқыққа қарсы оқыс оқиғалар тәуекелдері – үшінші тұлғалардың және (немесе) банк қызметкерлерінің тарапынан алаяқтық салдарынан қаржылық шығындар мен беделдік тәуекелдердің туындау, банктің құқыққа қарсы әрекеттерге тартылу, банктің қаржылық көрсететін қызметтерін есірткілердің заңсыз өндірілуіне, айналымына және (немесе) транзитіне, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға байланысты операцияларда және электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметті атқару құқығына арналған лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін пайдалану ықтималдығы;
4) банктің антифрод-жүйесі – банктік қызметтерді көрсету кезінде алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалардың белгілері бар операциялардың алдын алуға және анықтауға, дропперлерді табуға бағытталған техникалық және талдамалық шаралар кешені;
5) банктің уәкілетті алқалы органы – директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;
6) бедел тәуекелі – қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;
7) дроппер – үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына және (немесе) электрондық төлем құралына қолжетімділік берген, сол сияқты өзінің төлем құралдарын үшінші тұлғаға, оның ішінде олардың құқыққа қарсы операцияларда рұқсатсыз пайдаланылуына әкеп соққан материалдық сыйақы үшін пайдалануға берген тұлға;
8) заңдық тәуекел – банктің не контрагенттің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – оның шығу елінің заңнамасының, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;
9) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдастыру құрылымын, стратегиялық жоспарларды, банктің тәуекел-профилін, нормативтік құқықтық базасын есепке алғандағы маңызды тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін банк капиталы жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін айқындау мақсатында мұндай тәуекелдерді бағалау және біріктіру.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының капиталы деп "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген) (бұдан әрі – №23 қаулы) талаптарына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын активтер түсініледі;
10) капиталды қаржыландыру жоспары – банк капиталының күрт төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдер мен іс-әрекеттердің жиыны;
11) кепілмен қамтамасыз ету құнының статистикалық журналы – кепілмен қамтамасыз етудің сипаты мен сипаттамасын, сапаны тәуелсіз бағалаудың бірінші және неғұрлым өзекті бағалауының қорытындысы (бағалау күні, сапаны тәуелсіз бағалаудың атауы, бағалау құны, әдісі) бойынша ақпаратты, кепіл қызметінің қорытындысын (күні, құны), құнының әр түрлі болуының себептерін, өткізу бойынша ақпаратты (бар болса) қамтитын кепілмен қамтамасыз ету құнының ішкі журналы;
12) кепілсіз тұтынушылық қарыз – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;
13) комплаенс-тәуекел – банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;
14) корпоративтік басқару – банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері), акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлар директорлар кеңесінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі.
Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;
15) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;
16) кредит төлеу қабілеттілігі – қарыз алушының болашақта банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді толығымен және мерзімінде орындай алу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік беретін, қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған кешенді құқықтық және қаржылық сипаттамасы;
17) кредит шарты – нәтижесінде банк тарапынан қарыз алушыға талаптар туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;
18) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары – банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;
19) қадағалап стресс-тестілеу – бұл оқиғалар дамуының болжамды (стрестік) сценарийлеріне банктердің қаржылық орнықтылығын бағалауға бағытталған уәкілетті органның құралы. Банктер қадағалап стресс-тестілеуге қатысушылар үшін бірыңғай әдіснаманың және сценарийлердің негізінде ішкі модельдерді қолданумен есептеулер жүргізеді және уәкілетті органға стресс-тестілеудің нәтижелерін ұсынады. Бұл ретте банктер жүргізілген есептеулердің сапасы мен стресс-тестілеудің нәтижелері үшін жауапты болады;
20) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;
21) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше – ақпараттың конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзуы банкті шығындарға алып келетін банктің бөлімшесі, ақпарат иесі;
22) құқыққа қарсы оқыс оқиғалар – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынатын төлем транзакциялары, оларға Қағидалардың шеңберінде есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзитімен, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырумен, электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ойын бизнесі саласындағы қызметті атқару құқығына арналған лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты белгілері бар төлем транзакциялары жатады;
23) маңызды ақпараттық актив – "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16772 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 48 қаулы) сәйкес айқындалатын ақпараттық актив;
24) маңызды тәуекел – іске асырылуы банктің қаржылық тұрақтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;
25) мүдделер қақтығысы – банктің, оның акционерлерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері) және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі және олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында қарама-қайшылық туындайтын жағдай, бұл банк және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін;
26) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстан тыс баптары бойынша қаржы шығынының туындау ықтималдығы;
27) оқыс оқиғалардың дерекқоры – банк электрондық түрде жүргізетін алаяқтық немесе құқыққа қарсы оқыс оқиғалар базасы;
28) операциялық тәуекел – стратегиялық тәуекел және бедел тәуекелін қоспағанда, қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары мен жүйелер немесе сыртқы оқиғалар ықпалының нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдылығы;
29) орнықты даму жөніндегі ақпарат (ESG (Environmental, Social, Governance (Инвайрэнментл, Соушл, Гавернэнс) – орнықты даму жөніндегі есеп (ESG) шеңберінде банк жария ететін орнықты даму саласындағы қаржылық емес ақпарат болып табылатын ақпарат;
30) орнықты даму жөніндегі есеп (ESG (Environmental, Social, Governance ( Инвайрэнмэнтл, Соушл, Гавернэнс) – экология, әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесінің, корпоративтік басқару жүйесінің жұмыс істеу мәселелерін қамтитын есеп және (немесе) жылдық есеп;
31) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызмет, валюта түріне байланыссыз түрлі уақыт аралықтарында өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;
32) өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде қаржылық залалдардың туындау ықтималдығы;
33) пайыздық тәуекел – банктің активтері, пассивтері бойынша пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруінің салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
34) саясат – банктің директорлар кеңесі бекіткен, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемдерін, қағидаттарын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;
35) стратегиялық тәуекел – банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде зиянның туындау ықтималдығы;
36) стресс-тестілеу – ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;
37) тәуекел – күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық орнықтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;
38) тәуекел-бейін – тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберіндегі келесі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;
39) тәуекел дәрежесі – банк стратегияны іске асыру кезінде қабылдауға дайын не алып тастауға ниетті маңызды тәуекелдердің біріктірілген деңгейі (деңгейлері);
40) тәуекел дәрежесін мәлімдеу – банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;
41) тәуекел-мәдениет – тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;
42) тәуекелді өңдеу – тәуекелдерді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;
43) тәуекелдер тізілімі – тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау себептері, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;
44) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
45) ұйымдық құрылым – банктің бағыныстылық, есеп беру құрылымын көрсететін басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы;
46) цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
47) ішкі (экономикалық) капитал – маңызды тәуекелдерді, оның ішінде әлеуетті, банк қабылдаған, меншікті модельдерді қолданумен банктің ішінде есептелген капитал;
48) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жүйесі – банктің қарыз алушыларына кредит беру кезінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді анықтау мен басқаруға арналған саясаттар, рәсімдер, құралдар мен ішкі ресурстар кешені;
49) экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді кешенді бағалау (ESDD (Environmental and Social Due Diligence (Envirenmentl and Souchl Due Diligence) – қарыз берудің банк үшін ықтимал міндеттеме немесе қауіп төндіруі мүмкін экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соқпайтынына көз жеткізу мақсатында банктің әлеуетті клиентінің қызметіне байланысты әлеуетті экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді талдау.
Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданған кезде:
директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі;
басқарма деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері түсініледі;
меншікті капитал деп № 23 қаулының талаптарына сәйкес есептелген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері түсініледі;
қаржылық есептілік деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі;
тәуекел-менеджмент басшысы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;
бас комплаенс-бақылаушы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;
Қағидалардың талаптарын қолданған кезде:
әлеуметтік тәуекелдер деп клиенттерді, өнім берушілерді және өзге де мүдделі тараптарды қоса алғанда, қоғаммен өзара іс-қимыл жасаудан туындайтын зиянның туындау ықтималдығы түсініледі;
экологиялық тәуекелдер деп табиғи орта және (немесе) оның жекелеген құрауыштары үшін елеулі және қайтымсыз салдары бар экологиялық залал немесе адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру тәуекелдері түсініледі;
ESG (Environmental, Social, Governance (Environmentl, Sushl, Gavernance) тәуекелдері (бұдан әрі – ESG-тәуекелдер) деп банктің пайдасы мен зиянына әсер ететін экологиялық тәуекелдер, әлеуметтік тәуекелдер және корпоративтік басқару тәуекелдері түсініледі.";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ішкі саясаттың, рәсімдерінің және банктің өзге ішкі құжаттарының талаптарын орындауын;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тәуекелдерді басқару жүйесі:
1) тіршілікке бейімді және тұрақты бизнес моделін, тәуекел дәрежесінің стратегиясы есебімен стратегия мен бюджетті тиімді жоспарлау процесін таңдауға негізделген банк қызметінің негізгі бағытының кірістілігі мен қабылданатын тәуекелдер деңгейінің оңтайлы ара қатынасын;
2) банк тәуекелдерінің мөлшерін объективті бағалауын, тәуекелдерді басқаруының толықтығын және процестерін құжаттандыруды, оларды алдын ала анықтауын, өлшеуін және бағалауын, мониторингі мен бақылауын, банктің меншікті капиталы мен өтімділігін жеткілікті көлемде ұстау мақсатында қаржылық ресурстарын, қызметкерлерін және ақпараттық жүйесін оңтайлы пайдалана отырып ұйымдастыру құрылымының әр деңгейінде елеулі тәуекел түрлерін барынша азайтуын;
3) ұйымдастыру құрылымының барлық деңгейінде банктің елеулі тәуекелдерге бейім барлық қызмет түрлерін қамтуын, жекелеген елеулі тәуекел түрлеріне бағалардың толықтығын, банктің тәуекел-профилін анықтау мен тәуекел дәрежесін құру мақсатында олардың өзара ықпал етуін;
4) барлық елеулі тәуекел түрлері бойынша тәуекел дәрежесі деңгейінің болуын және белгіленген деңгейлер бұзылған жағдайда, оның ішінде деңгейі жоғары деп айқындалған тәуекелдерді қабылдау жауапкершілігін, тәуекел дәрежесі стратегиясының шеңберінде банктің директорлар кеңесін, директорлар кеңесі жанындағы комитеттерін және басқармасын (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органын) ақпараттандыру рәсімдерін қоса іс-қимыл алгоритмін;
5) тиімді корпоративтік басқару жүйесін құру арқылы тәуекелі бар шешім қабылдайтын банктің уәкілетті алқалы органдарының хабардарлығын, банк қызметіне тән елеулі тәуекелдер туралы толық, шынайы және уақтылы басқарушылық ақпараттың бар-жоғын;
6) ұсынылған ақпаратты сапалы, аса сақтықпен және ұқыптылықпен (duty of care) (дьюти оф кэр) жан-жақты бағалау негізінде банк мүддесінде ұтымды шешімдер қабылдауын және іс-қимыл жасауын. Сақтық пен ұқыптылық таныту міндеттемесі, тек егер банктің қызметкерлері және лауазымды тұлғалары өрескел ұқыпсыздық танытпаған болса, бизнес шешімдер қабылдау процесінде қателерге тарамайды;
7) банктің қызметкерлері және лауазымды тұлғалары өздерінің жеке басының пайдасын, банкпен ерекше қатыспен байланысты тұлғалардың мүддесін есепке алмай, банк мүддесіне залал келтірмей (duty of loyalty) (дьюти оф лоялти) банк мүддесінде адал шешім қабылдауын және іс-қимыл жасауын;
8) банктің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері арасында функцияларын, міндеттемелері мен өкілеттіктерін, және де мүдделер қақтығысын барынша азайту есебімен олардың жауапкершіліктерін нақты бөлуін;
9) үш қатарлы қорғаныс жүйесін құру арқылы банктің тәуекел және ішкі бақылау басқармасының функциясын операциялық қызметінен бөлуін, оның ішінде:
бірінші қатар – банктің құрылымдық бөлімшелері деңгейінде;
екінші қатар – тәуекелді басқару және бақылау функциясын атқаратын бөлімшелері деңгейінде;
үшінші қатар – тәуекелді басқару жүйесінің қызмет ету тиімділігіне баға беру бөлігінде ішкі аудит бөлімшесінің деңгейінде;
10) банк қызметін регламенттеу мақсатында әзірленген құжаттардың бар-жоғын, банкте стратегиясына, ұйымдастыру құрылымына, банк тәуекелдерінің профиліне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ сәйкес келетін және тәуекелді басқару мен ішкі бақылау тиімді жүйесін құруын және жұмыс істеуін, сондай-ақ оларды кезеңдік қайта қарауын және өзектендіруін;
11) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының сақталуын;
12) банктің тәуекелдерді басқару жөніндегі қолданыстағы рәсімдердің, процестердің, саясаттардың және өзге де ішкі құжаттарының ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру арқылы сақталуын қамтамасыз етеді.";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банктің формальды регламенттелген рәсімдері емес және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтау емес, банктің тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауда банктің маңызды тәуекелдерін өлшеу және бағалау, мониторинг, бақылау және барынша азайту тетігі ретінде көрінетін нысаннан басым болуы;";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Банктің директорлар кеңесінің негізгі қағидаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:
1) ұсынылатын ақпаратты адал, тиісті сақтықпен және ұқыптылықпен (duty of care (дьюти оф кэр) жан-жақты талдау негізінде банктің мүддесіне ұтымды шешімдер қабылдау және іс-әрекет ету. Егер директорлар кеңесінің мүшелері бұл ретте өрескел ұқыпсыздық көрсетпеген болса, сақ және ұқыпты болу міндеті бизнес-шешімдер қабылдау процесіндегі қателерге қолданылмайды;
2) банкпен ерекше қатынастағы адамдардың жеке пайдаларын, банктің мүддесіне зиян келтіретін мүдделерін (duty of loyalty) (дьюти оф лоялти) ескермей банктің мүддесі үшін шешімдер қабылдау және адал түрде іс-әрекет ету;
3) банктің қызметіне белсенді түрде тарту және банк қызметінің нақты өзгерістері және сыртқы талаптар туралы хабардар ету, сондай-ақ банктің ұзақ мерзімді перспективадағы мүддесін қорғауға бағытталған уақытылы шешімдер қабылдау;
4) корпоративтік басқару кодексінің жобасын және (немесе) оған өзгерістерді алдын ала қарау.
Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде мүдделер қайшылығын басқару рәсімі және оны іске асыру, сондай-ақ орындалуын бақылау тетіктері әзірленеді. Рәсім мынадай құрауыштардан қамтиды:
банк қызметіндегі мүдделер қайшылығын барынша азайту рәсімдерінің тетігі;
мүдделер қайшылығын болдырмау мақсатында басқа ұйымның лауазымды тұлғасының функцияларын орындауға кіріскенге дейін директорлар кеңесінің мүшесі өтетін мақұлдау процесі;
директорлар кеңесі мүшелерінің мүдделер қайшылығын жасайтын немесе оның туындауының әлеуетті себебі болып табылатын кез келген мәселе бойынша дереу ақпарат ұсыну міндеті;
директорлар кеңесі мүшелерінің мәселелер бойынша дауыс беруден қалыс қалу міндеті, олардың шеңберінде директорлар кеңесі мүшесінің мүдделер қайшылығы бар;
директорлар кеңесінің рәсім ережелерінің бұзылуына ден қою тетігі.
Корпоративтік басқару кодексі шеңберінде рәсімдер әзірленеді, олар арқылы банк қызметкерлері банктің қызметіне қатысты бұзушылықтар туралы конфиденциалды түрде хабарлайды;
5) банктің корпоративтік басқару жүйесінің мынадай қағидаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету:
банк қызметінің ауқымы мен сипатына, оның құрылымына, тәуекелдер саласына, банктің бизнес-моделіне сәйкестігі;
акционерлердің Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес көзделген құқықтарын қорғау және осы құқықтарды іске асыруды қолдау;
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты уақтылы және шынайы түрде ашуды қамтамасыз ету;
орнықты даму жөніндегі ақпараттың (ESG) дер кезінде және дәйекті жария болуын бақылау;
міндеттерін орындау үшін директорлар кеңесі мүшелерінің толық, өзекті және уақытылы ақпаратқа қолжетімділігі бар;
6) мынадай ішкі құжаттарды бекіту және олардың орындалуын бақылау:
банктің ұйымдық құрылымы;
банктің даму стратегиясы;
банктің орнықты даму стратегиясы, оның ішінде банктің даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады;
банктің рентабельділігін басқару саясаты;
стресс-тестілеу рәсімдері және сценарийлері;
көзделмеген ахуал жағдайына арналған қаржыландыру жоспары;
қызметтің үздіксіздігін басқару саясаты;
банктің директорлар кеңесіне тікелей есеп беретін банктің басшы қызметкерлеріне және банк қызметкерлеріне сыйақы төлеудің ішкі тәртібі;
кадр саясаты;
еңбекақы төлеу саясаты;
есеп саясаты;
тариф саясаты;
кредит саясаты;
проблемалық активтер саясаты;
капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – КЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;
өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесінің (бұдан әрі – ӨЖБІП) негізгі тәсілдері мен қағидаттарын регламенттейтін құжат;
банктің ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясаты (саясаттары);
ішкі бақылау саясаты;
кредиттік тәуекелді басқару саясаты;
экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттар кешені;
орнықты даму саясаты;
нарықтық тәуекелді басқару саясаты;
операциялық тәуекелді басқару саясаты;
комплаенс-тәуекелді басқару саясаты;
қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелін басқару саясаты;
кепіл саясаты;
өтімділікті басқару саясаты;
ішкі аудит саясаты, ішкі аудитор этикасының кодексі, ішкі аудит бөлімшесі туралы ереже, ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері, ішкі аудиттің жылдық жоспары;
ішкі аудиторды тарту саясаты (рәсімдері);
алаяқтық және құқыққа қары оқыс оқиғалар тәуекелдерін басқару саясаты;
7) банктің тәуекел дәрежесінің стратегиясын және тәуекел дәрежесінің деңгейін бекіту;
8) тәуекел дәрежесі стратегиясының, тәуекел дәрежесі деңгейлерінің және тәуекелдерді басқару саясатының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
9) бухгалтерлік есепке жауапты қаржы қызметінің болуын және қаржылық есептіліктің сапалы жасалуын қамтамасыз ету;
10) аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті алдын ала бекіту, сондай-ақ қажеттілігі бойынша мерзімді тәуелсіз тексерулер жүргізуге сұрату жіберу;
11) банк басқармасының мүшелерін (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының мүшелерін) сайлау, тәуекел-менеджмент басшысын, ішкі аудит басшысын және бас комплаенс-бақылаушыны тағайындау;
12) анықталған бұзушылықтарды жоюды кейіннен бақылай отырып, аудит комитеті жіберген есептерді қарау;
13) банк қызметкерлері банктің қызметіне және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ асыра сілтеушіліктер туралы конфиденциалды түрде хабарлайтын банк рәсімдерінің тиімді сақталуын бақылау;
14) банкте қорғаудың мынадай үш желісін қалыптастыру:
қорғаудың бірінші желісін банктің тәуекелдерді уақтылы анықтауға, бағалауға, олар туралы ақпаратты қорғаудың екінші желісінің бөлімшелеріне жіберуге, сондай-ақ тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімшелері қамтамасыз етеді. Қорғаудың бірінші желісі операцияларды банктің тәуекел-дәрежесінің бекітілген деңгейлері шеңберінде жүзеге асырады және тәуекелдерді басқарудың қабылданған саясаттары шеңберінде жұмыс істейді;
қорғаудың екінші желісін тәуекелдерді басқару, комплаенс-бақылау жөніндегі тәуелсіз бөлімшелер және бақылау функцияларын (құзыретінің шеңберінде қауіпсіздік, қаржылық бақылау, кадрмен қамтамасыз ету, заң тәуекелін, операциялық тәуекелді басқару функцияларын жүзеге асыратын бөлімшелерді қоса алғанда) жүзеге асыратын басқа бөлімшелер қамтамасыз етеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі (бөлімшелері) банктің қызметіндегі тәуекелдерге кешенді талдау жүргізеді, банктің директорлар кеңесіне және тәуекелдерді басқару мәселелері жөніндегі комитетке қажетті есептерді қалыптастырады, басқарма мүшелерінің және бизнес бөлімшелердің тәуекелдерді маңызды түрде бағалауға және анықтауға ықпал етеді.
Комплаенс-бақылау бөлімшесі банктің қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, шетелдік мемлекеттер заңнамасының, сондай-ақ банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін регламенттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау рәсімдерін ұйымдастырады және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдердің бар екендігі туралы толық және дәйекті ақпаратты ұсынады;
қорғаудың үшінші желісін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің, қорғаудың бірінші және екінші желілерінің сапасы мен тиімділігін бағалауға жауапты тәуелсіз ішкі аудит бөлімшесі қамтамасыз етеді;
15) банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) қызметіне бақылауды:
банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясаттарды, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерін іске асыруды мониторингтеу;
Қағидаларға сәйкес банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту;
ішкі бақылау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) мүшелерімен тұрақты кездесулер өткізу;
басқарма (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері) ұсынған мәліметтерге талдау және маңызды түрде бағалау жүргізу;
банктің стратегиясында айқындалған және қаржылық орнықтылыққа бағытталған ұзақ мерзімді мақсаттарға сәйкес келетін нәтижеліліктің қажетті стандарттарын және басқарма мүшелерінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің) еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу арқылы жүзеге асыру;
16) тәуекел-менеджмент басшысының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тәуекел-менеджмент басшысының) жұмысындағы өзара іс-әрекет және бақылау;
17) банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін мерзімді түрде (жылына бір реттен кем емес) бағалау;
18) қабылданған шешімдердің жазбаларын (отырыстардың хаттамалары, қаралаған мәселелер туралы қысқаша ақпарат, ұсынымдар, бар болса, сондай-ақ банктің директорлар кеңесі мүшелерінің ерекше пікірлері) жүргізуді қамтамасыз ету. Мұндай құжаттар және (немесе) материалдар Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес талап ету бойынша уәкілетті органға беріледі;
19) тәуекелдерді басқару мақсаты үшін толық, дәйекті, уақтылы ақпаратты жинау және талдау мақсатында ақпараттық технологиялардың дамыған инфрақұрылымын қамтамасыз ету. Тәуекел дәрежесінің деңгейлерін айқындау бойынша ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымында шектеулердің бар екендігі туралы хабардар болу;
20) қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері банктің меншікті капиталының 5 (бес) пайызынан асатын қарызды беру бойынша шешім қабылдау;
21) банктік қарыз берудің мақсатқа сай екендігін талдау және бағалау негізінде мөлшері 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден асатын кепілсіз тұтынушылық қарыз беру бойынша шешім қабылдау. Бұл тармаққа ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыз беру туралы жағдайлар жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 5) тармақшасының бесінші абзацында және 6) тармақшасының төртінші, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарында көрсетілген талаптар ESG-тәуекелдерді бағалау және басқару, сондай-ақ орнықты даму стратегиялары мен саясаттары бар және орнықты даму жөніндегі шоғырландырылған есептерді (ESG) және экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы есептерді жариялайтын халықаралық банктердің еншілес ұйымдарына қолданылатын ESG-тәуекелдер, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдер туралы ақпаратты жария ету жөніндегі бекітілген саясаттары мен рәсімдері бар халықаралық банктердің еншілес ұйымдары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.";
26-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) ішкі және сыртқы аудиттің нәтижелері туралы есептерді алдын ала қарау, банк басқармасының ішкі және сыртқы аудиттің бұзушылықтарын жою және ұсынымдарын орындау бойынша іс-қимылдарды уақтылы орындауын, банк саясатына, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келуін бақылау;";
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін стратегиясының жобасын, сондай-ақ стратегияның орындалу мониторингін жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекелдер бейініне және қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Банк басқармасы таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжаттарына сәйкес банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Банк басқармасы мыналарға жауапты:
1) банк стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;
2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банк стратегиясының жобасын әзірлеу, сондай-ақ стратегияның орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекел-бейініне мен қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын әзірлеу;
4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің көрсетілген саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) банктің стратегиясы, саясаттары және өзге де ішкі құжаттары бекітілген және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітілген қызмет учаскелері бойынша банк қызметкерлеріне оларды жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу және банк пен оның қызметкерлерінің Қағидалардың талаптарын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;
6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін банктің кадр саясатын әзірлеу, сондай-ақ оның банктің стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асыру.
Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:
банк қызметіне байланысты процестер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;
функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын қолдауды;
өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын барынша азайтуды;
бір қызметкерге өкілеттіктердің шоғырлану тәуекелін барынша азайтуды;
сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу тәртібін қоса алғанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің ішкі тәртібін;
банк қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
7) кейіннен директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің тарифтік саясатты сақтауына мониторингті жүзеге асыру үшін тарифтік саясат әзірлеу;
8) кейіннен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің кредит саясатын әзірлеу;
9) қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру жоспарын (жоспарларын) бекіту;
10) банктің директорлар кеңесіне банктің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген басқарманың жұмысын бақылау және сапасын бағалау үшін қажетті ақпарат ұсыну, ол мыналарды қамтиды:
банк басқармасының банк стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер бар болса, көрсете отырып оларға қол жеткізуі;
банк қызметінің банктің директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясаттарға сәйкес келуі;
банк қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде банк кірістілігінің орнықтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;
банк қабылдайтын шешімдердің банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясаттарға сәйкес келмеуі;
тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;
комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит жөніндегі бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктердің уақтылы, толық және сапалы жойылуы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;
қате, толық емес немесе рұқсатсыз орындалған операцияларды, активтердің сақталуын қамтамасыз ету қызметіндегі кемшіліктерді, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателерді, банктің ішкі құжаттарының, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, сондай-ақ мүдделер қақтығысын және ішкі теріс пайдалану мен алаяқтықты, оның ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға қатысты уақтылы анықтау бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;
11) банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын, клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібін әзірлеу, сондай-ақ банктің осы тармақшада көрсетілген талаптарды сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру үшін жауапты болады. Клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:
банкке келіп түсетін жолданымдарды қабылдауды, бастапқы өңдеуді, тіркеуді және клиенттердің жолданымдарына жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;
клиенттердің жолданымдары бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты банктің құрылымдық бөлімшесін;
келіп түскен жолданымдарды клиенттің жолданымына жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;
клиенттердің жолданымдарын уақтылы өңдеу мерзімдерін және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау мерзімдерін;
клиенттердің жолданымдарын қарау және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау кезінде банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының ішкі тәртібін;
банк клиенттерінен келіп түскен жолданымдардың жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдерін айқындайды;
12) АЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ оған тән тәуекел факторларын ескере отырып, клиентпен іскерлік қатынастарды бұзу рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы мыналарға жауапты:
1) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы стратегиясының жобасын әзірлеу;
2) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тиісті жылға арналған бюджетінің жобасын әзірлеу;
3) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының стратегиясы, саясаттары және өзге де ішкі құжаттары бекітілген және (немесе) оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бекітілген қызмет учаскелері бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлеріне оларды жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу;
5) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуі үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кадр саясатын әзірлеу. Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметіне байланысты процестер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті, қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;
функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын қолдауды;
өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын барынша азайтуды;
бір қызметкерге өкілеттіктердің шоғырлану тәуекелін барынша азайтуды;
сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің ішкі тәртібін;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
6) кейіннен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін тарифтік саясатты әзірлеу;
7) кейіннен тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік саясатын әзірлеу;
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) бекіту;
9) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк қызметтерін ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібін әзірлеу үшін жауапты болады. Клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды айқындайды:
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне келіп түсетін жолданымдарды қабылдау, бастапқы өңдеу, тіркеуді және клиенттердің жолданымдарына жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;
клиенттердің жолданымдары бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылымдық бөлімшесін;
келіп түскен жолданымдарды клиенттің жолданымына жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;
клиенттердің жолданымдарын уақытылы өңдеу мерзімдерін және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау мерзімдерін;
клиенттердің жолданымдарын қарау және клиенттердің жолданымдарына жауаптар дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттесудің ішкі тәртібін.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің клиенттерінен келіп түскен өтініштердің жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдерін;
10) АЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ оған тән тәуекел факторларын ескере отырып, клиентпен іскерлік қатынастарды бұзу рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады және мыналарға жауапты:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;
2) стратегияның орындалу мониторингін жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалға, тәуекел-бейінге мен қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатын сақтауларына мониторингті жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кадрлық саясатының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктік заңнамасының талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және оның қызметкерлерінің тарифтік саясатты сақтау мониторингін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органына Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкелерінің жұмыс сапасын бақылау және бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, оған мыналар:
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының стратегиясында белгіленген мақсаттарға оларға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер болса, көрсете отырып қол жеткізуі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен стратегиялар мен саясатқа сәйкес келуі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы кірістілігінің орнықтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қабылдайтын шешімдердің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясатқа сәйкес келмеуі;
тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;
комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит бойынша бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің дер кезінде, толық және сапалы жоюы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;
қате, толық емес және рұқсатсыз орындалған операцияларды, активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтегі кемшіліктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілікті және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ішкі құжаттарындағы, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға қатысты уақтылы анықтау бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік қызметтерді ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібі талаптарын сақтауының мониторингін жүзеге асыру үшін жауапты болады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде алқалы органдарға немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қызметкерлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлеріне берілген міндеттерді тиісінше орындауға жауапты.
Банктің Басқармасы банктің бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде банктің алқалы органдарына немесе қызметкерлеріне берілген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операциялардың күрделілігі деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.
Ішкі бақылау жүйесі мынадай мақсаттарға:
1) тәуекелдерді, активтер мен пассивтерді басқару тиімділігін, активтердің сақталуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;
2) сыртқы және ішкі қолданушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктердің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын қамтамасыз ету;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған.
Ішкі бақылау аясында қызметтің ішкі саясатқа және рәсімдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жүзеге асыру бойынша банк процестерін тексеру жүргізеді. Банктің тәуекелдерді басқару, стратегиялық бизнес шешімдер қабылдау және меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігін анықтау мақсаттарында дәйекті ішкі және сыртқы ақпараты болады. Банктің директорлар кеңесі және директорлар кеңесінің тиісті комитеттері сапалы, өзекті және дәйекті деректердің негізінде тәуекелдермен байланысты шешімдер қабылдайды.
Тәуекелдерді өлшеу және модельдеу әдістері тәуекелдердің сапалы талдауы және мониторингіне қосымша ретінде пайдаланылады. Тәуекел-менеджментінің басшысы банктің директорлар кеңесін және тәуекелдері басқару мәселелері жөніндегі комитетті тәуекелдерді басқару бойынша қолданылатын әдістер мен модельдердің әлеуетті кемшіліктері туралы хабардар етеді.";
42-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі), Банктер туралы заңның, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, ішкі саясаттарды және кредиттік тәуекелді басқару бойынша рәсімдерді сақтау;";
63-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын бұзуларға;";
88-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комплаенс-бақылау бөлімшесі Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызметіне әсер ететін шет мемлекеттер заңнамасының, сондай-ақ банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау үшін рәсімдерді ұйымдастырады, және директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелдің болуы туралы толық және дәйекті ақпарат ұсынады.";
89-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"89. Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелді басқару саясатын әзірлеуге, комплаенс-тәуекелді басқаруды қамтамасыз етуге және банктің комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі қызметін үйлестіруге жауапты болады. Комплаенс-бақылау бөлімшесі комплаенс-тәуекелді басқару саясаты мен рәсімдерінің, оның ішінде АЖ/ТҚ тәуекелінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының комплаенс-тәуекелді басқару саясатын филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктің комплаенс-бақылау бөлімшесі әзірлейді.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Комплаенс-бақылау бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады, бірақ олармен шектелмейді:
1) шоғырландырылған негізде банктің комплаенс-тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылаудың ішкі тәртібін, тәсілдері мен рәсімдерін әзірлеу;
2) АЖ/ТҚ қарсы іс қимыл мақсаты үшін ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, ендіру және оның болуын қамтамасыз ету;
3) комплаенс-бағдарламаны (жоспарды) қалыптастыру, ол мыналарды қамтиды:
банк бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып комплаенс-тәуекелді басқару саясатын сақтауын тексеру;
банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасының, сондай-ақ банктің комплаенс-тәуекелге ұшырау дәрежесін айқындау мақсатында банктің қызметіне әсерін тигізетін шет мемлекеттердің заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру;
қызметкерлерді комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша оқыту;
4) банк басқармасына банктің комплаенс-тәуекелін басқаруға ықпал көрсету;
5) осындай функцияны банктің заң бөлімшесі орындайтын жағдайларды қоспағанда, банктің басшылығы мен қызметкерлеріне өзгерістер туралы хабардар етуді қоса алғанда, комплаенс-тәуекелді басқаруға қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының нормалары, қағидалар, саясат туралы консультация беру;
6) банкте банктің қызметкерлерін банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарымен таныстыру жұмысын ұйымдастыруды бақылау;
7) комплаенс-тәуекелді, оның ішінде АЖ/ТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіру;
8) жаңа банктік өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ендіру барысына міндетті түрде қатысу;
9) банкте мүдделер қақтығысын анықтау, бағалау және бақылау іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын, комплаенс-тәуекелді, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдерін (бұдан әрі – комплаенс-талаптар) бұзушылықтардың алдын алу процестері мен рәсімдерін әзірлеу;
11) банктің дербес немесе құрылымдық бөлімшелерімен және лауазымды адамдарымен бірлесіп комплаенс-талаптардың анықталған бұзушылықтарын, және комплаенс-тәуекелді басқарумен байланысты банк жұмысындағы кемшіліктерді банкті, банк қызметкерлерін және банк қызметтерін есірткіні заңсыз өндірумен, айналымымен және (немесе) транзитімен, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастырумен, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ электрондық казино мен интернет-казинолардың, шетелдік букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырумен байланысты құқыққа қайшы әрекеттерге тарту фактілерін жою бойынша ұсынымдар мен түзету шараларын әзірлеу және банктің директорлар кеңесіне тиісті ақпарат ұсыну;
12) комплаенс-тәуекел бойынша есептілік жүйесін әзірлеу және жүргізу және тұрақты негізде банктің директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша ақпарат ұсыну;
13) банктің құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде ішкі аудит бөлімшесімен өзара әрекет ету және комплаенс-тәуекелді басқару жұмысын үйлестірудің ішкі тәртібін әзірлеу;
14) банктің АЖ/ТҚ тәуекелдеріне тартылу тәуекелін бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау және есепті жылдан кейінгі жылғы
5 ақпаннан кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органға ақпарат ұсыну.
Бас комплаенс-бақылаушы осы тармақта айқындалған функциялардың орындалуына, комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімшенің комплаенс-талаптардың бұзылуын болдырмау жөніндегі процестер мен рәсімдерді және түзету шараларын тиісінше іске асыруына жауапты болады.
Банктің ішкі құжаттарына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың жекелеген функциялары қажет болғанда мүдделер қақтығысының болмау талабымен банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.
Осы тармақтың 1) және 8) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";
96-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде банкте комплаенс-мәдениетті құру қағидаттары (банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы талаптарының, шет мемлекеттер заңнамасының банктің қызметіне әсерін тигізетін талаптарын және банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу рәсімдерін реттейтін банктің ішкі құжаттарын сақтау мәдениеті);";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау – банктің уәкілетті алқалы органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:
1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;
2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету;
4) банктің және оның қызметкерлерінің, банк клиенттерінің:
құқыққа қарсы қызметті, оның ішінде алаяқтықты, алдауды, АЖ/ТҚ, есірткінің заңсыз өндірілуін, айналымын және (немесе) транзитін, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, электрондық казино мен интернет-казиноның, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;
АЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операциялар жүргізумен байланысты операцияларды жүзеге асыруға;
"Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып табылмайтын, тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын цифрлық активтер биржаларында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді одан әрі сатып алуға байланысты операцияларды жүзеге асыруға;
жиырма бір жасқа толмаған жеке тұлғалардың ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруына жол бермеу.
Банк іскерлік қатынастарды клиент құқыққа қарсы оқыс оқиғалар шеңберінде пайдаланады деген күдік болған жағдайда, сондай-ақ:
1) Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған, ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, бір банк шығарған бес және одан көп дебет карточкасын ұстаушылар болып табылатын;
2) Азаматтық кодекстің 741-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 2-1), 2-3), 3), 4), 5-1), 5-2), 5-3), 7), 7-1), 8), 9) тармақшаларында көзделген мақсаттар үшін ашылған ағымдағы шоттарға қызмет көрсету шеңберінде шығарылған төлем карточкаларын, балалардың атына шығарылған қосымша төлем карточкаларын қоспағанда, жиынтығында бірнеше банк шығарған (банкте мұндай мәліметтер бар болса) он және одан көп дебет карточкаларын ұстаушылар болып табылатын;
3) банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалған есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті факторының негізінде АЖ/ТҚ тәуекелі жоғары елдердің резиденттері болып табылатын;
4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты не тұрақты тұруға рұқсаты жоқ (Қазақстан Республикасының аумағында тұрмайтын) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын;
5) мынадай шарттардың бірі болған кезде он төрт жастан жиырма бес жасқа дейінгі адамдар санатына жататын клиенттер:
банктік шот бойынша жеке тұлғалар арасында жүйелі аударымдар (P2P) жүргізіледі және басқа операциялар жоқ;
банктік шот бойынша ұялы байланыстың абоненттік нөмірін толықтыру бойынша ірі сомаларға жүйелі төлемдер жүргізіледі;
банктік шот бойынша көрсетілген клиентке не клиенттер санатына (тобына) тән емес қалыптан тыс операциялар жүргізіледі.
Осы тармақша шеңберіндегі ірі сомалардың жүйелілігі мен мөлшері банктің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады;
6) тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын цифрлық активтер биржаларының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тартылған клиенттерге.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген клиенттерге қатысты, осы тармақтың екінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген клиенттерді қоспағанда, банк АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін береді, осындай клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:
банк клиенттерінің қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;
күдікті операциялар анықталған кезде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгіленген шараларды қабылдау;
мониторингті жүзеге асыру және клиенттің операцияларын зерделеу;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты іскерлік қатынастардың мақсаты мен сипатын белгілеу жөнінде шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді жаңарту;
банктің клиенттері бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жолдау;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтату үшін жауапты болады.
Банк осы тармақтың екінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген клиенттерді мәртебесі және (немесе) кімнің қызметі АЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне жатқызады және талдау қорытындылары бойынша АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіндегі клиентке қатысты банкте бар мәліметтер мен ақпаратты берген кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген клиенттерге қатысты банк АЖ/ТҚ тәуекелін барынша азайту мақсатында ішкі бақылау қағидаларында операциялардың сомасы мен түрлері бойынша лимиттер мен өлшемшарттарды айқындайды және олардың сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
Банк "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайтын, тізбесін уәкілетті орган қалыптастыратын цифрлық активтер биржаларының пайдасына жасалатын төлемдер мен ақша аударымдарын анықтауды және бұғаттауды жүзеге асырады.
Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына қатысты банк АЖ/ТҚ тәуекелін бағалауды жүзеге асырады. Цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген кезде банк клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады, сондай-ақ банк операцияларын жүргізу кезінде:
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) АЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесіне бағалау жүргізуге;
клиенттер үшін көзделген тиісінше тексеру жөніндегі шаралардан басқа цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының беделі мен қызметінің сипаты туралы мәліметтерді алу және тіркеу, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті тарапынан оған қатысты шаралар қолдану жөніндегі шараларды қамтитын іскерлік қатынастарды орнату кезінде тиісінше тексеру рәсімдерін жүргізуге;
банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бүркеме-банктегі шоттарды пайдалану фактілерін анықтаған жағдайларда, цифрлық активтердің платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;
құрылтайшылары мынадай:
қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не тиісінше орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген;
оған қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын;
"Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) сәйкес оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген;
банк басқа факторлар (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде АЖ/ТҚ жоғары тәуекелін білдіреді деп айқындаған шет мемлекеттің аумағында тіркелген, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысымен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға немесе оларды тоқтатуға);
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының ақшасымен жүргізілетін операцияларды мониторингтеуді жүзеге асыруға және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде оффшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;
ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен күдікті операциялар (бұдан әрі – күдікті операциялар) анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шараларды қабылдауға;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға;
банктік шотты толықтыру кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;
ақшамен операциялар бойынша транзакциялар жазбасын сақтауды қамтамасыз етуге және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысын тиісінше тексеру шеңберінде алынған және жиналған құжаттарды, деректерді және (немесе) мәліметтерді кемінде бес жыл сақтауды қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының және оның бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына тиесілілігін және (немесе) қатыстылығын тексеруді жүзеге асыруға;
күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген мерзімдерде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға қажетті ақпаратты ұсынуға жауап береді.
Банк клиенттердің күдікті операциялар жасау жағдайларын қоспағанда, цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банк клиенттеріне қатысты банк операциясын жасау күнгі жағдай бойынша валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша баламасында
1 000 (бір мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға біржолғы банк операцияларын жүргізу кезінде клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.
Банк цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын банк клиенттеріне қатысты банк операциясын жасау күніне валюталардың нарықтық айырбастау бағамы бойынша баламасында 1 000 (бір мың) АҚШ долларына тең немесе одан асатын сомаға біржолғы банк операцияларын жүргізу кезінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының пайдасына аударымды жүзеге асыру кезінде банк клиенттері қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етуге;
күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген шаралар қабылдауға;
банк клиенттерінің ақшасымен жасалатын операциялардың мониторингін жүзеге асыруға және зерделеуге, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде оффшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алуға;
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтатуға жауап береді.
Клиенттердің операцияларына қызмет көрсету үшін банк шотын ашу кезінде цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы мынадай құжаттарды ұсынады:
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті берген цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсетуге арналған лицензия;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тізілімнен үзінді-көшірме;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бизнес-жоспары мен бизнес-моделі;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының АЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаты;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының басшысын тағайындау туралы бұйрық;
цифрлық активтер платформасын басқару қызметтерін көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органы және оның басшысы туралы ақпарат (жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты жері туралы деректерді растау, ұсыным хаттар, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер).
Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті (бақылау ортасы) банктің директорлар кеңесі мен банк басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы қатынасын, хабардар болуын және практикалық әрекеттерін сипаттайды.";
105-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"105. Ішкі бақылау тұрғысынан алғанда қаржылық, операциялық сипаттағы дәйекті және толық ақпараттың және Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының белгіленген нормативтік талаптарының сақталуы туралы мәліметтердің, сондай-ақ шешімдер қабылдауға қатысы бар оқиғалар мен жағдайлар туралы келіп түсетін сыртқы нарықтық ақпараттың болуы қамтамасыз етіледі. Ақпаратты жинау, талдау және оны мақсаты бойынша тапсыру:
1) банктің директорлар кеңесін, банктің басқармасын және тиісті ішкі құжаттарда белгіленген адамдарды (банктің бөлімшелерін, органдарын) шешімдер қабылдау және өздерінің міндеттерін орындау үшін ақпаратпен;
2) банк ішінде және одан тыс ақпараттың тұтастығын, қауіпсіздігін және қолжетімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық ағындардың болуын;
3) банктің ақпараттық ағындарының және ақпараттық қауіпсіздігінің басқарылуын барабар бақылауды қамтамасыз етуді болжайды.";
125-1-тармақтың бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клиент туралы мәліметтерді, кіріс және шығыс төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша (төлем карточкасын пайдалану арқылы жүргізілетін операциялар бойынша оның ішінде бенефициар банкінің операцияны сәйкестендіруі мақсатында операцияны іске қосқан кезде берілген бірегей сәйкестендіруші көрсетіледі) төлем деректемелерін, ақшаның шығу көзін, клиенттің геолокациясын, IP-мекенжайын, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін, электрондық банк қызметтері көрсетілген жағдайда, олардың көмегімен банктік шот бойынша операциялар жүргізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының өлшемін (сәйкестендіргіш, тілі, уақыт белдеуі), сондай-ақ клиенттің қолданыстағы және жабық төлем карточкалары, ұялы байланыстың абоненттік нөмірлері және клиент бұрын пайдаланған абоненттік ұялы байланыс құрылғысының өлшемдері туралы мәліметтерді көрсете отырып, ҚРҰБ антифрод-орталығының ішкі құжаттарында белгіленген нысандар бойынша ҚРҰБ-ның антифрод-орталығына және қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға ақпарат жібереді. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға мәліметтер жіберу қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;".
15. "Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиентті Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына және ішкі құжаттарға сәйкес тиісінше тексеруді жүзеге асырады;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Заңда көзделген негіздер бойынша клиентке микрокредит беруден бас тартады.".
16. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына, "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторына (бұдан әрі – банк) қолданылады.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, банк дербес әзірлеген күдікті операцияны және қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Банк КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асырған кезде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау бойынша жарияланған ақпаратты ескереді.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында банк клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру банктің клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын немесе біржолғы операцияны (мәмілені) белгілеу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен, жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиент және оның өкілдері туралы өзге де мәліметтерді алуды және тіркеуді қоса алғанда, іскерлік қатынастарды тексеруді және банк арқылы клиент жүзеге асыратын операцияларды зерделеуді тұрақты негізде жүргізуден тұрады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді банк клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмән үшін негіздер болған кезде, басқа түрде не оның мүддесінде клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын клиент-заңды тұлғаға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер шаралар қолдану нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке дара атқарушы органның не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысының, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі бенефициарлық меншік иесінің жеке-дара атқарушы органды не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысын, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды тануына жол беріледі.";
22-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде, клиент ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін не электрондық банк қызметтеріне қол жеткізу үшін пайдаланылатын ұялы байланыс абоненттік құрылғысын ауыстырған кезде банк клиентті биометриялық сәйкестендіруді (аутентификаттауды) міндетті түрде жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіру қолданады. Клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізу үшін Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының қызметтерін қолдануға жол беріледі (клиенттердің сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді дереккөздерден клиенттің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығы). Клиентті сәйкестендірудің (аутентификаттаудың) екінші тәсілін банк Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес дербес айқындайды. Банк клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүргізу кезінде қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын немесе клиенттің ағымдағы алынған суретін клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл бойы, оның ішінде аутсорсинг негізінде сақтауды қамтамасыз етеді.";
24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) клиент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны (мәмілені) жасаған;";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру барысында банк мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.
Банк клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Банктер КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асыруға;
2) банктің басшы қызметкерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алуға;
3) мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесі қаражатының және (немесе) өзге мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдауға;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдауға міндетті.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, банк қосымша осы тармақтың үшінші бөлігінің
1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу талап етілмейді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Банк жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларды (қатысушыларды) бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы;
туған күні және жері;
заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;
қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Банк заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға клиентінің, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшыларын (қатысушыларын) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы, ұйымның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);
тіркелген немесе орналасқан жерінің мекенжайы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);
қызмет түрі;
басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;
бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.
Банк клиентті-заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды идентификаттау кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса);
негізгі қызметті жүргізу орны;
қызмет сипаты;
басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (құрылымы немесе функциясы ұқсас трасттар мен заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган анықтаған, сондай-ақ банк дербес түрде әзірлеген күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Операцияны шекті ретінде жіктеудің заңды болуы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттен тыс, күдікті операцияны немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың үлгілеріне, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды анықтаған кезде, аталған операцияны анықтаған банк қызметкері мұндай операция туралы жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде хабарлама жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаларды, сондай-ақ оларды зерттеу нәтижелерін банк операция жасалғаннан кейін кемінде бес жыл сақтайды.".
17. "Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 7-тармағына, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 4-1-бабына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сақтандыру қызметі туралы заң 34-бабының 3-тармағы 3) тармақшасының және Қор туралы заңның 4-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшаларының мақсаты үшін кепілдік беру мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы, қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылуы;
2) кандидаттың қаржы ұйымының, банк конгломератының, сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қабылдаған міндеттемелерін не талаптарын орындамаған қаржы ұйымының ірі қатысушысы (тікелей немесе жанама) екендігі туралы мәліметтердің болуы;
3) кандидат қаржы ұйымының басшы қызметкері бола отырып, қаржы ұйымына қатысты уәкілетті орган қолданған қадағалау ден қою шараларының талаптарын бірнеше рет (қатарынан соңғы он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамағаны туралы мәліметтердің болуы;
4) кандидаттың төлемге қабілетсіз деп танылған қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымында акционер (қатысушы), лауазымды тұлға, басқарушылық функцияларды орындайтын тұлға болып табылғандығы туралы мәліметтердің болуы;
5) тұлғаның террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын) төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген оларды лицензиядан айыру, не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енуі, не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылған оның әрекеттері (әрекетсіздігі) заңнама талаптарын бұзуға алып келген қаржы ұйымының, банк немесе сақтандыру холдингінің басшы қызметкері болып табылғаны жөніндегі мәліметтердің болуы;
7) кандидаттың уәкілетті орган қолданған қадағалау ден қою шаралары негізінде қаржы ұйымының басшы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілгені туралы мәліметтердің болуы;
8) кандидаттың қызметінде уәкілетті орган мынадай бұзушылықтарды анықтаған қаржы ұйымы бөлімшелерін бақылауды (жетекшілік етуді) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы:
уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) бұзған;
уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді сақтау туралы мәліметтердің бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасаған қаржы ұйымының бөлімшелерін бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асырғаны туралы мәліметтердің болуы;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17460 болып тіркелген, "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысымен (бұдан әрі – № 203 қаулы) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда қайта сақтандыру шарттарын жасасуы;
сақтандыру сыйлықақысының негізсіз мөлшерін қолдану, сақтандырудың міндетті түрлерін жүргізу талаптары мен тәртібінен туындайтын міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау;
қатарынан соңғы он екі ай ішінде жүйелі түрде (екі және одан да көп рет) сақтандыру төлемін жүзеге асырмау, уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау;
№ 203 қаулыда көзделген, оның ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында көзделген қайта сақтандырушыдан растаудың болмауы бөлігінде көзделген қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларын беру рәсімін бұзуы;
9) сот шешімімен көрінеу жалған деп танылған кандидаттың аудиторлық қорытындыға қол қою фактісінің болуы;
10) кандидат актуарий бола отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру бойынша талаптарды сақтамау фактілері туралы уәкілетті органға жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі айда екі немесе одан да көп рет) хабарламағаны туралы мәліметтердің болуы;
11) кандидаттың сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, актуарлық есеп айырысуларды жүргізу және (немесе) тәуелсіз актуарий ретінде қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді заңсыз жариялауы немесе үшінші адамдарға беруі туралы мәліметтердің болуы;
12) қаржы ұйымдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттің қадағалау органынан не "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің жоқтығы туралы ақпараттың болуы;
13) кандидаттың біліктілік талаптарына және (немесе) іскерлік беделге қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті органның шешіміне әсер ететін көрінеу дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісінің болуы;
14) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 52-бабының 1-тармағының 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 25) тармақшаларда көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша кандидатпен еңбек шартын бұзу фактісінің болуы;
15) кандидаттың Қазақстан Республикасының Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін борышкерлердің бірыңғай тізілімде болуы, заңды тұлғаның лауазымды адамдарының болуы (берешегі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 (мың) айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда);
16) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 13-5-бабына сәйкес қалыптастырылған уәжді пайымдау негізінде анықталған кандидаттың мінсіз іскерлік беделінің болмауы;
17) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның мәліметтері негізінде іс-әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен (бақылау және үшінші тұлғалардың ықпалы) қатынастардың болуы.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттары қолданылатын мерзімдерді қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына кандидаттардың сәйкестігін айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілейді және кемінде бір жылды құрайды.".
18. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21434 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаппай қырып-жою қаруының таралуын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32826 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, банк дербес әзірлеген күдікті операцияны және қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау бойынша жарияланған ақпаратты ескереді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қордың зейнетақы жарналары салымшысы (оның өкілі), зейнетақы төлемдерін алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ зейнетақы жарналары салымшысы, зейнетақы төлемдерін алушы және олардың өкілдері туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды қор зейнетақы жарналарының салымшысына қатысты, ал ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде осындай зейнетақы төлемдерін алушыға да қатысты жүргізеді.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді қор клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Заңды тұлға-клиенттің жарғылық капиталына қатысу үлесінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды есептемегенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмән келтіру үшін негіздер болған жағдайда, заңды тұлға-клиентке өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесіне клиент-заңды тұлға ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайды жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.
Егер шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің бенефициарлық меншік иесі анықталмаған жағдайда, бенефициарлық меншік иесі ретінде жеке дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органының басшысын тануға рұқсат етіледі.
КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес қор тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор Тізбеде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Қор клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің лауазымды тұлғаларға және олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) қордың басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде күшейтілген шараларды тұрақты негізде қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қосымша қолданады.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.
Қор жеке тұлғаны (заңды тұлғаның басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы;
туған күні мен жері;
бенефициарлық меншік иесінің мекенжайын қоспағанда, заңды мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);
қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).
Қор заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы;
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);
орналасқан және тіркелген жері;
бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;
басшы (заңды тұлға-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер
қызмет сипаты;
бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.";
27-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелдік қаржы ұйымы шартының негізінде КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған қор КЖ/ТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.";
32-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияларды анықтау белгілерінің негізінде жасалған, сондай-ақ қор дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;".
19. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 96 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң), "Орталық депозитарийге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 318 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18180 болып тіркелген), "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 болып тіркелген), сондай-ақ "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Талаптар екінші деңгейдегі банктерді, Ұлттық пошта операторын және қор биржасын қоспағанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына және орталық депозитарийге (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйымдар дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Ұйым КЖ/ТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру кезінде КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйымдар клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиенті (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және олардың анықтығын тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) туралы Талаптарда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуінен тұрады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйымдар клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндану үшін негіздер болған кезде клиент-заңды тұлғаға өзге түрде заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды жүзеге асыратын не клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым мүддесіне орай ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер тиісті тексеру бойынша шаралар қабылдау нәтижесінде заңды тұлға-клиенттің заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, заңды тұлға құрмай-ақ жеке-дара атқарушы органның не клиент-заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы басшысының не шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі болып танылуына жол беріледі.
КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес ұйым тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиентке қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйымдар мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Ұйымдар клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Ұйымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) ұйымның басшы қызметкерлерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақша және (немесе) өзге де мүліктің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты алу талап етілмейді.
Ұйымдар жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын) бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы;
туған күні және жері;
заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;
жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда);
қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін).
Ұйымдар заңды тұлға-клиентті (клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары)) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы;
заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);
орналасқан немесе тіркелген мекенжайы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;
басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға) қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;
қызмет сипаты;
бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.
Ұйымдар клиентті-заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),
орналасқан мекенжайы;
негізгі қызметті жүргізу орны;
қызмет сипаты;
басқаруындағы (меншігіндегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар трасттар мен заңды тұлға құрмай өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).";
29-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымы клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған ұйымдар КЖ/ТҚ-ға қатысты ықтимал тәуекелдерді ескереді.";
34-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйымдар дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;".
20. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) 11-бабы 3-2-тармағының екінші абзацына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігіне және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына (бұдан әрі – ұйым), сақтандыру брокерлеріне және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына (бұдан әрі – сақтандыру брокері) қолданылады.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйым және сақтандыру брокері дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген шараларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, өзара сақтандыру қоғамы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары сақтандыру сыйлықақысы төленгенге және (немесе) сақтандыру төлемі жүзеге асырылғанға дейін жүзеге асырады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйым және сақтандыру брокері клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер тиісті тексеру бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сақтанушыға қатысты, ал ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде өмірді сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыға қатысты да жүргізеді.
Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Клиент тәуекелінің деңгейіне байланысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған не күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.";
26-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымы клиенттерге (олардың өкілдеріне) және бенефициарлық меншік иелеріне КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген тиісінше тексеру шараларын қолдануды тапсырған ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері КЖ/ТҚ-ға қатысты ықтимал тәуекелдерді ескереді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, немесе бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты миграциялық карточкалар туралы мәліметтер алу талап етілмейді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне қарай (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) жүзеге асырылады.
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ақшасының және (немесе) өзге мүлкінің шығу көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі күшейтілген шараларын тұрақты негізде қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жеке тұлғаны (заңды тұлға құрылтайшыларының (қатысушыларының) немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); азаматтығы; туған күні және жері; заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері, қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға клиентінің құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы;
заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса); орналасқан және тіркелген жерінің мекенжайы; бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір; қызмет түрі; басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің немесе заңды тұлға құрмай клиент-шетелдік құрылым атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер; бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлері заңды тұлға құрмаған клиент-шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса),
орналасқан жерінің мекенжайы,
негізгі қызметті жүргізу орны,
қызмет сипаты,
басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).";
32, 33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы:
1) қаржы мониторингіне жататын клиенттің күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілерінің негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;
2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар клиенттің операцияларын анықтау рәсімін;
3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;
4) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында беру жөніндегі міндеттерді бөлу;
5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;
6) күрделі, ерекше емес операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;
7) клиент ерекше, күдікті операцияларды немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентке және оның операцияларына қатысты қабылдайтын шараларды қабылдау және сипаттау рәсімін;
8) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін;
9) басқару органын, атқарушы органды және ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерлерінің лауазымды тұлғаларын (қажеттілігіне қарай) шекті және (немесе) күдікті операцияның анықталғаны туралы хабардар ету тәртібін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.
33. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері барлық шекті, әдеттегіден тыс, күдікті операциялар мен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операциялардың мақсаттары мен негіздерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда қаржыландыру көзін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу нәтижелерін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекел деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.
Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 28-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не біржолғы операцияларды (мәмілелерді) жасағаннан кейін кемінде бес жыл бойы сақталады.
34. Клиент операцияларын зерделеудің жиілігі ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі, клиенттің қаржылық мониторингке жататын операцияны (операцияларды) жасауы (жасауға әрекет жасауы), сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде бар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологиялары, схемалары мен тәсілдерін ескере отырып анықталады.
Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокері клиент белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операцияларды зерделейді.
35. Операцияны шекті ретінде саралаудың заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс, күдікті операция немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың), терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар операция анықталған кезде ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкері, көрсетілген операцияны анықтаған адам осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ бойынша бөлімшеге) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімдерде жібереді.
Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.
Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерделеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.".
21. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21424 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы үшін қойылатын талаптарда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қор биржасы және қаржы құралдармен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – қор биржасы) (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) және "Қор биржасы үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы №252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12999 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, қор дербес әзірлеген, күдікті операциялар мен клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс клиенттің операциясы (мәмілесі);";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында қор биржасы клиенттерді (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру қор биржасының клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы Талаптарда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді қор биржасы клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі - Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялар шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болған жағдайда, клиент – заңды тұлғаны, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын не оның мүддесінде клиент – заңды тұлға, заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер тиісті тексеру бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, клиент – заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жеке-дара атқарушы органын не алқалы атқарушы органының басшысын бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.
Қор биржасы:
1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдерді әзірлеуге және жаңа іскерлік практикаға;
2) жаңа және қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды қолдануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтайды және бағалайды.
КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға немесе жаңа немесе дамып келе жатқан технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде қор биржасы Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады. Қор биржасы клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Қор биржасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) қор биржасының басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдауға міндетті.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты қор биржасы, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, қосымша осы тармақтың үшінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Қор биржасы басшыны (құрылтайшыларды (қатысушыларды), құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлғаны), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаны және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы; туған күні және жері;
заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері;
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Қор биржасы заңды тұлға-клиентті (заңды тұлға-клиенттің, заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиенттің құрылтайшыларын (қатысушыларын)) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы;
қор биржасының тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса);
тірклеген және орналасқан мекенжайы;
қызмет сипаты;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Қор биржасы заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым-клиентті сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым шет мемлекетте (аумақта) тіркелген атауын, нөмірін (болған кезде);
орналасқан жерінің мекенжайын;
негізгі қызмет жүргізілетін орнын;
қызметінің сипатын;
басқаруындағы (меншігіндегі) мүлік құрамын (трасттарға және ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмаған өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).";
31-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, ұйым дербес әзірлеген, күдікті операцияны айқындау белгілері негізінде жасалған күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;".
22. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21577 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына банкаралық ақша аудару жүйесінің операторын немесе операциялық орталығын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) сәйкес әзірленді және ипотекалық ұйымдарға, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы тура немесе жанама түрде ұлттық басқару холдингіне тиесілі болатын агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне кредит беретін ұйымдарға, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйым) қатысты қолданылады.";
2-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметінің белгілерін қоспағанда, клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операцияны және клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметін (бұдан әрі бірге – күдікті операция) айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәміле);";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру кезінде ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-1-бабының 7-тармағына сәйкес ұлттық бағалау бойынша КЖ/ТҚ тәуекелдерінің есебінен жарияланған ақпаратты ескереді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті (оның өкілін) тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.
Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе біржолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген мәліметтерді алу және тіркеу болып табылады.
Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді және тиісінше тексеруді ұйым клиент (оның өкілі) ұсынатын не өзге дереккөздерден, оның ішінде скорингтік модульдегі тексеру қорытындылары бойынша алынған ақпарат және (немесе) құжаттар негізінде жүзеге асырады.
Бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі ұсынған мәліметтер заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімінде (бұдан әрі – Тізілім) көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексеріледі. Тізілімде мұндай тұлғалар бойынша мәліметтер болмаған кезде ұсынылған мәліметтер басқа дереккөздерден алынған мәліметтермен салыстырып тексеріледі.
Клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын жеке тұлғаның бенефициарлық меншік иесі болып табылатынына күмәндануға негіздер болатын жағдайда, клиент-заңды тұлғаға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымға бақылауды өзге түрде жүзеге асыратын не оның мүддесі үшін клиент-заңды тұлға, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлғаны бенефициарлық меншік иесі деп тануға жол беріледі.
Егер шараларды қабылдау нәтижесінде клиент-заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иесі анықталмаса, жеке-дара атқарушы органды не заңды тұлға-клиенттің алқалы атқарушы органы басшысын, заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды бенефициарлық меншік иесі ретінде тануға жол беріледі.
Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді дереккөздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес тәуекелдің жоғары деңгейі берілген клиенттерге қатысты клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады не оларға қатысты тәуекелдің төмен деңгейі берілген клиенттерді тиісінше тексерудің жеңілдетілген шараларын қолданады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру процесінде ұйым Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуына тексеру жүргізеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты көші-қон карточкалары туралы мәліметтер талап етілмейді.
Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.
Ұйым клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына (зайыптарына) және жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.
Ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты:
1) жария лауазымды тұлғаның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;
2) ұйымның басшы қызметкерлерінің осындай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға жазбаша рұқсатын алады;
3) осындай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін және (немесе) өзге де мүлкін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;
4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру бойынша тұрақты негізде күшейтілген шаралар қабылдайды.
Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген КЖ/ТҚҚ туралы заңның 1-бабы 3-3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген жария лауазымды тұлғаларға, олардың жұбайларына және жақын туыстарына қатысты ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан бөлек, қосымша осы тармақтың бесінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.
Ұйым жеке тұлғаны (заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым басшысын, құрылтайшыларын (қатысушыларын), бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтығы, туған күні мен жері;
заңды мекенжайы (заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның құрылтайшылары (қатысушылары), бенефициарлық меншік иелері үшін (бар болса) тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы;
жеке басын куәландыратын құжаттың және (немесе) негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге құжаттың деректемелері,
қызмет түрі (дара кәсіпкерлер үшін);
жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).
Ұйым клиент-заңды тұлғаны (клиент-заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын), заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды) сәйкестендірген кезде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
атауы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар болған кезде);
орналасқан және тіркелген жері;
бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір;
қызмет түрі;
басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым-клиенттің атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер;
бенефициарлық меншік иесі туралы деректер.
Ұйым клиент-заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:
заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның шет мемлекетте (аумағында) тіркелген атауы, нөмірі (бар болса);
орналасқан жерінің мекенжайы;
негізгі қызметті жүргізу орны;
қызмет сипаты;
басқарудағы (меншіктегі) мүліктің құрамы (ұқсас құрылымы немесе функциясы бар заңды тұлға құрмай трасттар мен өзге де шетелдік құрылымдарға қатысты).";
25-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шарттың негізінде шетелдік қаржы ұйымына клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісті түрде тексерудің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларын тапсырған ұйым КЖ/ТҚ ықтимал тәуекелдерін ескереді.";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиенттің қаржы мониторингіне жататын күдікті қызметі белгілерін қоспағанда, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, күдікті операцияны анықтау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;".
23. "Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 23 қарашадағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 4-4) тармақшасына, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 1) тармақшасына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) жүзеге асыратын микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.";
2-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма
__________________________________________________________ иә (жоқ)";
2-2-қосымшаның 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Осы арқылы Террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде өзімнің және жұбайымның (зайыбымның), жақын туыстарымның (ата-анамның, аға-інілерімнің, әпке-сіңлілерімнің, балаларымның және жекжаттарымның (жұбайымның) зайыбымның ата-анасының, аға-інілерінің, әпке-сіңлілерінің, балаларының) болмауын растаймын
_____________________________________________________________ иә (жоқ)";
4-1-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылу туралы талап орындалды ма
_____________________________________________________________ иә (жоқ)";
көрсетілген қаулымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
" | 12. | Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою құралын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйеге қосу туралы талаптарды орындау |
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініште көрсетілген мәліметтер. |
|
24. "Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30383 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, өтініш берушінің (лицензиаттың), бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісім беру қағидалары мен келісім алу үшін қажетті құжаттарда:
7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы;".
25. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын, Халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 81 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30377 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне, 7-тармағының бірінші бөлігіне және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларында:
4-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) кандидат, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерінің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 және 12-1-баптарына сәйкес жасалатын, террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде болуы;".
26. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32826 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
15-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қызметтерді қылмыстық мақсаттарда, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсаттарында пайдалануды болдырмау кіреді.".
Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Банктің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының және (немесе) банк және (немесе) сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру | |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы |
Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру; | |
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган). |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Порталға өтініш берген күннен бастап 50 (елу) жұмыс күні ішінде. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса берумен қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алым жинау мөлшерлемесі: |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар және мәліметтер тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін өтініш берген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қаржы ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру бойынша: |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар. |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған. |
Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша нақты берешегі туралы ақпарат
1. Тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Есепті кезең
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің кірістері мен мүлкі, сондай-ақ оның барлық міндеттемелері бойынша бар берешегі туралы ақпарат:
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Өткен есепті кезең үшін | |
Саны | Кірістер (берешек) сомасы Актив құны (теңге) | |||
1. | Есепті кезеңде алынған кірістер: | X | ||
1.1 | Еңбекақы | X | ||
1.2 | Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінен (акцияларынан) түскен дивидендтер мен кіріс | X | ||
1.3 | Салымдар бойынша сыйақы | X | ||
1.4 | Мүлікті жалға беруден түскен кіріс | X | ||
1.5 | Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс | X | ||
1.6 | Мүлікті өткізуден түскен кіріс | X | ||
1.7 | Кірістің басқа түрлері (ашып жазумен) | X | ||
2. | Мүлік: | |||
2.1 | Ақша: | X | ||
ұлттық валютамен, | X | |||
банктік шоттардағы | X | |||
шетел валютасымен, | X | |||
банктік шоттардағы | X | |||
2.2 | Бағалы қағаздар (эмитенттің атауын көрсете отырып), оның ішінде жай акциялар, артықшылықты акциялар, облигациялар | |||
2.3 | Қаржы ұйымының ірі қатысушысына тиесілі акциялар санының ұйымның (атауын көрсете отырып) дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы немесе олардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің жарғылық капиталына қатысу үлестері (пайызбен) | X | ||
2.4 | Жылжымайтын мүлік (атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып) | |||
2.5 | Басқа да мүлік (ашып жазумен) | |||
2n | X | |||
3. | Барлық міндеттемелер бойынша берешек | X | ||
3.1 | Өтелмеген қарыздар | X | ||
3.2 | Қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек | X | ||
3.3 | Міндеттемелер бойынша өзге берешек (талдамасымен) | X | ||
3n | X | |||
кестенің жалғасы
Есепті кезең үшін | Есепті кезеңдегі өзгерістер | ||
Саны |
Кіріс (берешек) сомасы | Саны |
Кіріс (берешек) сомасы |
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
X | X | ||
Ескертпе: Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену үшін "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын айдың 1 (бірінші) күнінің алдындағы 12 (он екі) айға тең кезең есепті кезең болып табылады.
Осы ақпарат тексерілгенін және дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Өтініш беруші
____________________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
______________________
(қолы)
Комплаенс-тәуекелді басқаруға қойылатын талаптар
1. Директорлар кеңесі комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:
1) ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқаруға жалпы бақылауды жүзеге асырады;
2) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты бекітеді;
3) комплаенс-тәуекелді басқаруды ұйымдастыруға және үйлестіруге жауапты комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындайды;
4) жылына бір реттен сирек емес ұйымдағы комплаенс-тәуекелді басқарудың тиімділігін бағалайды;
5) комплаенс-тәуекелдерді басқару мәселелерін тиімді және шұғыл шешуді қамтамасыз етуді қоса алғанда комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Ұйымның комплаенс-тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты комплаенс-бақылаушы әзірлейді және онда мыналар белгіленеді:
1) комплаенс-тәуекелді басқарудың мақсаты мен міндеттері;
2) комплаенс-тәуекелді басқару қағидаттары, оның ішінде ұйымда комплаенс-мәдениетін (ұйым мен оның қызметкерлерінің сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, ұйым қызметіне ықпалын тигізетін шет мемлекеттер заңнамасының және ұйым қызметін реттейтін ішкі құжаттардың талаптарын сақтау мәдениетін) қалыптастыру қағидаттары;
3) комплаенс-тәуекелді басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл процестеріне, басқа қылмыстық істерге ұйымды қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдерін басқару тәртібі, тәсілдері мен рәсімдері;
5) комплаенс- бақылаушының өкілеттіктері және жауапкершілігі;
6) комплаенс-тәуекелді басқару шеңберінде құрылымдық бөлімшелер арасында өзара әрекеттесу және ақпарат алмасу тәртібі.
3. Басқарма комплаенс-тәуекелді тиімді басқару мақсатында:
1) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты қабылдауды және қызметкерлерге жіберуді;
2) комплаенс-тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты сақтауды; және директорлар кеңесіне тоқсан сайынғы есептілікті беруді;
3) ұйым қызметкерлері үшін комплаенс-тәуекелдерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеуді;
4) комплаенс-тәуекелге әкелетін бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті түзету немесе тәртіптік шаралар қабылдауды;
5) міндетті ішкі бақылауға жататын операцияларды және күмәнді операцияларды уақтылы автоматандырылған түрде анықтау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіруді;
6) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға берілетін өтініштің нысанында ұйымға жалған мәліметтерді беру салдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында, ұйымның жарғысында, сақтандыру қағидаларында көзделген сілтеменің болуын.
7) сақтандыру төлемдері жөніндегі бөлімше қызметкерлерін, алаяқтық индикаторлары мен белгілері бойынша оқытуды;
8) шағым талаптарды уақтылы реттеу бойынша қызметін қадағалауға, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің үрдістерін анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер базасын жүргізе отырып, клиенттердің жолданымдарын қараудың ішкі тәртібін бекітуді қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың ережелерін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданған кезде осы тармақтың 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органына қолданылады.
4. Комплаенс-бақылаушы:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес комплаенс-тәуекелдерді бақылау бойынша және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша комплаенс шараларды әзірлейді;
2) өзінің бастамасы бойынша кез келген қызметкермен байланыс жасайды және құжаттарға және мұрағатқа рұқсат алады;
3) комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатты ықтимал бұзушылықтарға тергеу жүргізеді және кеңес алу үшін ұйым қызметкерлеріне өтініш білдіреді;
4) бекітілген корпоративтік стратегияға және комплаенс-тәуекелді басқару жөніндегі саясатқа сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың артықшылықтарын белгілейді;
5) сәйкес келмеу себептерін анықтай отырып, ішкі және сыртқы реттеуші құжаттарға, оның ішінде корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келуіне байланысты комплаенс-функцияларын және комплаенс-тәуекелдерді жүйелі бақылауды және мониторингті жүзеге асырады;
6) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне анықталған кемшіліктері, жөнсіздіктері, бұзушылықтары туралы ақпарат қамтылған комплаенс-тәуекелдерге немесе бұзушылықтарға және оларды жоюдың ықтимал жолдарына жасалған мониторингтің қорытындысы бойынша тоқсан сайынғы есепті, сондай-ақ комплаенс-бақылауды жүзеге асыруды және корпоративтік басқару процестерін жетілдіру бойынша ұсынымдарды береді;
7) сыртқы және ішкі дереккөздерден алынған ресми емес ақпаратқа мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда қызметтік тергеуді ұйымдастырады;
8) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруды болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар
Өзге ақпарат аудитіне өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын кезеңде аудиттелетін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (бұдан әрі - қаржы ұйымы) қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырмаған және өзге ақпарат аудитін жүргізу кезеңінде қаржылық есептілік аудитін (бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік) жүргізу үшін аудиттелетін қаржы ұйымы айқындаған ұйым болып табылмайтын немесе тексеруге жататын салаларда консультациялық қызметтер ұсыну үшін аудиттелетін қаржы ұйымы тартқан ұйым болып табылмайтын, сондай-ақ тексерілетін мәселелерге байланысты мынадай талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымның қатысушылары болып табылатын аудиторлар тартылады:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 1-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін АССА (Association of Chartered Certified Accountants), СРА (Certified Public Accountant), CIA (Certified Internal Auditor), FRM (Financial Risk Manager), PRM (Professional Risk Manager), CRMA (Certification in Risk Management Assurance), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), COSO Internal Control Certificate, APRM (Associate Professional Risk Manager), MLARM (Market, Liquidity and Asset Liability Management Risk Manager), ORM (Operational Risk Manager), СFA (Chartered Financial Analyst), CIIA (Certified International Investment Analyst), CIRM (Chartered Insurance Risk Manager), PECB Certified ISO 31000 Risk Manager толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор, оның ішінде осы тармақшада көрсетілген тәуекелдерді басқару мәселелерінде толық біліктілігінің біреуі бар кемінде бір аудитор;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 2-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін АССА (Association of Chartered Certified Accountants), СРА (Certified Public Accountant), CIA (Certified Internal Auditor), CFSA (Certified Financial Services Auditor), CCSA (Certification in Control Self-Assessment), COSO Internal Control Certificate, APRM (Associate Professional Risk Manager), MLARM (Market, Liquidity and Asset Liability Management Risk Manager), СFA (Chartered Financial Analyst), CIIA (Certified International Investment Analyst), CRMA (Certification in Risk Management Assurance) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы, оның ішінде осы тармақшада көрсетілген корпоративтік басқару мәселелерінде толық біліктілігінің біреуі бар кемінде бір аудитор;
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 3-тармағында көрсетілген мәселелерді тексеру үшін ITIL (Information Technology Infrastructure Library), COBIT (Control Objectives for Information and Related Technologies), ISO 27001 LA (ISO 27001 Lead Auditor), CISA (Certified Information Systems Auditor), CISM (Certified Information Security Manager), CRISC (Certified in Risk and Information Systems Control), TOGAF (The Open Group Architecture Framework), CISSP (Certified Information Systems Security Professional) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
4) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелер тізбесінің 4-тармағында көрсетілген мәселереді тексеру үшін ACAMS (Association of Certified Anti-Money Laundering Specialists), CAMS Audit (Advanced AML Audit Certification) толық біліктілігінің біреуі бар кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
5) тексерілуге жататын тиісті мәселелерді бағалау бойынша кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылмайтын кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
6) экономика, және (немесе) қаржы, және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) тәуекел-менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында, және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау саласында кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылмайтын кемінде екі аудитор және өзге ақпарат аудитінің басшысы;
7) өзге ақпарат аудитінің басшысында экономика, және (немесе) қаржы, және (немесе) ішкі аудит, және (немесе) тәуекел-менеджмент, және (немесе) ақпараттық технологиялар саласында, және (немесе) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар және соңғы 3 (үш) жыл бойы оған қатысты өзге ақпарат аудиті жүргізілетін қаржы ұйымының қызметкері болып табылған жоқ.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің ішкі құжаттарына қойылатын талаптар
1. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі мына ішкі құжаттардың болуын көздейді, бірақ олармен шектелмейді:
1) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты;
2) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі;
3) ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдері;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытталған рәсімдерді;
5) орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдде қайшылықтарын басқару рәсімі;
6) орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың өз мүдделері үшін оларды пайдалануларын болдырмауға бағытталған коммерциялық және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мәліметтерді (бұдан әрі – конфиденциалды ақпарат) сақтауды қамтамасыз ету рәсімдері;
7) қаржылық құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері;
8) эмитенттер мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысы жөніндегі олардың қызметінің тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан мониторинг жүргізу және бақылау рәсімдері;
9) орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты;
10) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық;
11) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама;
12) клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды, сондай-ақ деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің тізілімі жүйесіне қате енгізуді болдырмауға бағытталған рәсімдер;
13) орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру бойынша рәсімдер;
14) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру процесінде ақпаратты жасау және жария ету рәсімдері;
15) резервтік техникалық орталыққа қойылатын талаптар;
16) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің архивтік құжаттарын сақтауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар;
17) басқарушылық ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі;
18) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі белгілеген өзге құжаттар.
2. Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаты мыналарды:
1) тәуекелдерді басқару саласында директорлар кеңесінің, басқарманың, тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің және басқа бөлімшелердің өкілеттері мен функционалдық міндеттерін, сондай-ақ көрсетілген бөлімшелер арасында ақпаратпен алмасу тәртібін;
2) орталық депозитарийдің қызметімен және оның есепке алу және тізілім жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдер көрсеткіштерінің сандық мәндерін анықтау тәртібін қоса алғанда, тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау бойынша рәсімдерді, сондай-ақ ішкі құжаттарға сәйкес тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін анықтау бойынша рәсімдерді;
3) орталық депозитарий қызметінің және оның есепке алу және тізілім жүйелерінің жұмысы процесінде туындайтын тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды;
4) стресс-тестинг әдіснамасын қоса алғанда, тәуекелдердің әрбір түрлері бойынша стресс-тестингті жүзеге асыру тәртібін;
5) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдердің тиімділігі мониторингінің, тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері және тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды бағалаудың барабарлығы тетігін;
6) осы тармақтың 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерге және осы тармақтың 3) тармақшасында белгіленген шараларға сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын шаралардың тиімділігі мониторингінің тетігін;
7) сәйкестендірілген (анықталған) тәуекелдердің мониторингін, оларды бағалау және бақылау бойынша рәсімдерді, оның ішінде:
тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің орталық депозитарийдің басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып тәуекелдердің мониторингі мен идентификаттау бойынша қабылдайтын шараларды;
тәуекелдердің туындау жиілігін бағалауды, осы тәуекелдер әсер еткен ықпалды әрі қарай бөлуді және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндерін белгіліпеуді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүзеге асыратын тәуекелдерді бағалауды;
тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері және тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндері өзгеруінің мониторингін қамтитын, тәуекелдерді басқару бөлімшесі жүргізетін тәуекелдердің, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің барынша рұқсат етілген мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда, тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында қолданылатын шаралардың мониторингін;
тәуекелдерді басқару бөлімшесінің орталық депозитарийдің беделіне зиян келтіретін және (немесе) құқықтық тәуекеліне ықпал ететін кез келген маңызды жағдайлар туралы есептілікті директорлар кеңесіне дереу ұсыну тетігін айқындайды.
3. Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін, меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру процесінде қолданылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгілейді және мыналар:
1) орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын әзірлеу;
2) орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін мыналарды көздейтін ұсынымдар дайындау:
ұсынымдар беруге уәкілетті тұлғалар лауазымдарының тізбесін;
инвестициялық портфельдің жай-күйін талдау тәртібін;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарының болуын, айналымы мен кірістілігінің талаптарын талдау тәртібін;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдау тәртібін;
ұсынымдар беру үшін маңызды факторлардың талдауын жүзеге асыру тәртібін;
3) инвестициялаудың мынадай лимиттерін айқындау:
қаржы құралдарының түрлері бойынша;
қызметінің негізгі түрі экономиканың белгілі бір секторымен байланысты эмитентің қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері;
қаржы құралдары үшін "stop-loss" лимиттері;
қаржы құралдары үшін "take-profit" лимиттері;
4) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасын, отырыстар өткізу мен нәтижелерін ресімдеу кезеңділігін қамтитын орталық депозитарийдің меншікті активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау;
5) инвестициялық шешімдерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелерінің өзара іс-қимылдары;
6) делдалмен (брокермен) өзара іс-қимыл жасау (ол болған кезде), мәмілелер жасауды бақылау, активтердің құрамы мен қозғалысын салыстырып тексеруді жүзеге асыру, жасалған мәмілелердің ішкі есебін және құжат айналымын жүргізу жөніндегі процестердің сипаттамасын, сондай-ақ орталық депозитарийдің меншікті активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасауды бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың тізбесін қамтитын өз активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
7) орталық депозитарий Басқармасының уәкілетті орган алдында меншікті активтер есебінен жасалған қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызметтің нәтижелері туралы есептілікті дайындауы бойынша рәсімдердің сипаттамасын қамтиды.
Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау тәртібі сондай-ақ, орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басқаруына берген жағдайда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі тиісті шартта осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау лимиттері көзделетіні жөніндегі талапты белгілейді.
4. Меншікті активтерді инвестициялау саясаты мыналарды:
1) меншікті активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясын;
2) инвестициялау объектілерінің сипаттамасы мен тізбесін;
3) қаржы құралдарының түрлері бойынша меншікті активтерді инвестициялау лимиттерін;
4) меншікті активтер есебінен жасалатын қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
5) хеджирлеу құралдарының тізбесін және сипаттамасын көрсете отырып, меншікті активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
6) меншікті активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді айқындайды.
5. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау саясатын және оған енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді.
6. Орталық депозитарийдің директорлар кеңесі ішкі бақылаудың барабар жүйесінің болуын, ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийдің қызметкерлері ішкі бақылау саласында өз міндеттерін, ішкі аудит қызметі ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасайды.
7. Ішкі бақылау мен ішкі аудитті жүзеге асыру рәсімдерінде:
1) ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
2) ішкі аудитті және ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
3) ішкі аудит пен ішкі бақылаудың мәні мен объектісі;
4) ішкі аудит қызметінің тексерулер жүргізу ауқымы мен жиілігі;
5) ішкі аудитті жүргізу кезінде міндетті түрде пайдаланылатын тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау жүйесін;
6) ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
7) ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері туралы есептерді орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну мерзімдері мен нысаны айқындалады.
8. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдарда бағытталған рәсімдерде:
1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заң) сәйкес клиенттерді сәйкестендіру және олардың операцияларын мониторингтеу тәртібі;
2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚІ туралы заңға сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы, оның ішінде күдікті операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру айқындалады.
9. Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру барысында оның органдары мен (немесе) бөлімшелері арасында туындайтын орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын басқару рәсімдері мыналарды айқындайды:
1) мыналарды қамтамасыз етуге бағытталған орталық депозитарий органдарының шешімдерді қабылдау тәртібін:
орталық депозитарий органдарының мүшелері қабылдайтын шешімдердің тәуелсіздігін;
орталық депозитарий органдары мүшелерінің қабылдайтын шешімдерге мүдделі болмауын;
орталық депозитарийдің органдары мүшелерінің және қызметкерлерінің орталық депозитарийдің органдарының отырыстарын өткізу барысында алынған ақпаратты барша адамға арасында осы ақпаратты ресми жария еткенге дейін оны өзінің жеке мақсатында не үшінші тұлғалардың мүддесіне қолдануларын шектеулерді;
2) орталық депозитарий органдарының отырыстарын өткізу қорытындысы бойынша хаттамаларды міндетті жасау мен сақтау бойынша талаптарды;
3) орталық депозитарийдің бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары мен бөлімшелері арасында, орталық депозитарийдің органдары арасында орын алған және әлеуетті мүдделер қақтығысын сипаттау;
4) орын алған мүдделер қақтығысын реттеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын реттеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдау мақсатында іс-шаралар жүргізу тәртібі.
10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында органдар мен (немесе) бөлімшелер арасында туындайтын орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару мақсатында орталық депозитарий мынадай шаралар қабылдайды:
1) мүдделер қайшылығы бар немесе туындауы мүмкін бөлімшелердің орталық депозитарийдің түрлі басшы қызметкерлеріне есеп беруі қамтамасыз етіледі;
2) орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын ескере отырып орталық депозитарийдің бөлімшелері мен органдары арасында ақпаратпен алмасу тәртібі әзірленуде және енгізілуде;
3) орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес ішкі аудит қызметі орталық депозитарийдің бөлімшелерінің қызметін және қызметкерлердің орталық депозитарий қабылдаған орталық депозитарийде орын алған және әлеуетті мүдделер қайшылығын басқару рәсімдеріне сәйкестігін үнемі тексереді.
11. Конфиденциалды ақпаратты құрайтын мәліметтерді орталық депозитарийдің, оның қызметкерлерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделері үшін пайдаланудың алдын алуға бағытталған олардың сақталуын қамтамасыз ету рәсімдеріне мына шаралар кіреді:
1) инсайдерлермен, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларымен өз мүддесі немесе үшінші тұлғалардың мүдделері үшін инсайдерлік ақпаратты қолдана отырып бағалы қағаздармен мәмілелер жасаудың алдын алу;
2) инсайдерлік немесе соған негізделген ақпаратты инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының үшінші тұлғаларға ашуының алдын алу;
3) инсайдерлік ақпаратты немесе инсайдерлік ақпаратқа негізделген ақпаратты, оның ішінде инсайдерлердің, сондай-ақ олардың үлестес тұлғаларының бағалы қағаздармен мәмілелер жасау бойынша ұсыныстарында пайдалануын алдын алу;
4) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды немесе соған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға берудің немесе барша адамға таратудың алдын алу;
5) орталық депозитарий қызметкерлерінің үшінші тұлғаларға инсайдерлік және өзге де конфиденциалды ақпаратқа негізделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы үшінші тұлғаларға ұсыныстар беру мүмкіндігін шектеу;
6) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 56-1-бабында көзделген шараларды орталық депозитарийдің инсайдерлік ақпараттық басқаруды және пайдалануды бақылау бөлігінде жүзеге асыру.
12. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру рәсімдері мыналарды айқындайды:
1) есеп айырысуларды жинау, салыстырып тексеру және растау бөлігінде қателер туындауының алдын алуға, сондай-ақ оларды өзара есепке алуды жүргізуге бағытталған іс-шаралар;
2) егер клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асырған немесе орталық депозитарийде клиринг операцияларын автоматты түрде жүзеге асыру көзделмеген жағдайда клиринг операцияларының дұрыс жүзеге асырылуын және клиринг операцияларын жүзеге асыруға тікелей жауап беретін қызметкерлердің біліктілігін тұрақты түрде арттыруды басқарма тарапынан бақылауды қамтамасыз еткен жағдайда орталық депозитарийдің бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуіне есеп айырысуды жүргізу жүйесінде қателер және техникалық іркілістердің болуын мониторингтеу және тестілеу тәртібі;
3) клиринг операцияларын жүзеге асыру процесінде қателіктер туындаған кезде депоненттер мен орталық депозитарий арасындағы мәселелерді шешу тәртібі.
13. Эмитенттердің және бағалы қағаздарды ұстаушылардың бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және айналысқа шығару бойынша тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келу мәнін мониторингтеу мен бақылау рәсімдері мыналарды айқындайды:
1) эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың ұсынатын бұйрықтарын Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 80-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті органның бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда оларды орындаудан бас тарту үшін негіздемелердің болуына тексеру жүргізу тәртібі;
2) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста тұрған бағалы қағаздардың саны уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздардың санына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
14. Орталық депозитарийдің ақпараттық саясаты мыналарды айқындайды:
1) орталық депозитарийдің қор биржасымен, эмитенттермен, бағалы қағаздарды ұстаушылармен, депоненттермен, депоненттердің клиенттерімен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен ақпараттық өзара қарым-қатынас жасау тәртібі;
2) орталық депозитарийдің беделіне әсер етуі ықтимал ақпаратқа тұрақты мониторинг бойынша талаптар;
3) орталық депозитарийдің беделіне зиян әкелетін ақпарат пайда болған және таратылған жағдайда қажетті шараларды уақтылы қабылдау бойынша талаптар.
15. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықта мыналар айқындалады:
1) өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар;
2) форс-мажорлық және (немесе) күтпеген жағдайлар туындаса орталық депозитарий қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің сипаты бар, төтенше және (немесе) күтпеген жағдайлар туындау жағдайындағы іс-әрекеттер жоспары;
3) орталық депозитарий қызметкерлерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін және өзге жабдықты пайдалану тәртібі;
4) орталық депозитарийдің үй-жайлары жабылу алдында қараудың жүйелілігі.
16. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама мыналарды:
1) орталық депозитарийдің ақпараттық қауіпсіздік саясатын;
2) қорғалуға жататын және оның ішінде қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитын ақпарат тізбесін (бұдан әрі – қорғалатын ақпарат);
3) қорғалатын ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін;
4) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелердің тізбесін;
5) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерді таңдау, енгізу, әзірлеу және тестілеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды;
6) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті басқару тәртібін;
7) қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелердің резервтік көшірмелерінің резервтік көшірмелерін жасау, сақтау, қалпына келтіру, жұмысқа қабілеттілігін тестілеу тәртібін;
8) орталық депозитарийдің ақпараттық инфрақұрылымын вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету тәртібін;
9) орталық депозитарийде пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізбесін;
10) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қабылданған шараларының бұзылғаны туралы не ақпараттық қауіпсіздікке қатысы болуы мүмкін бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жеке немесе сериялы түрде туындайтын оқиғаларды (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары) мониторингтеудің кезеңділігі мен қағидаларын;
11) мониторингтелуге тиіс ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының тізбесін;
12) ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерінің тізбесін;
13) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелеген немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қатер төндіретін және (немесе) қорғалатын ақпаратты заңсыз алу, көшірмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдайлар жасайтын іркілістерді (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары) өңдеу тәртібін;
14) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына жатқызу тәртібін;
15) орталық депозитарийдің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың қорғалатын ақпаратты өңдейтін ақпараттық жүйелерге қол жеткізу тәртібін;
16) Интернетті және электрондық поштаны пайдалану кезінде ақпаратты қорғау тәртібін;
17) ақпараттық жүйелердің жаңартуларын басқару тәртібін айқындайды.
17. Клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды, сондай-ақ деректерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне қате енгізуді болдырмауға бағытталған рәсімдер мыналарды айқындайды:
1) орталық депозитарийдің депоненттерінің, эмитенттерінің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларының бұйрықтарын уақтылы орындамауды және (немесе) орындамауды болдырмауға бағытталған шаралар;
2) есепке алу және тізілімдер жүйелеріне деректер, оның ішінде түрлі қызметкерлердің бір бұйрықтың деректерін екі рет енгізу арқылы қате енгізудің алдын алу шаралары;
3) орталық депозитарийдің ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі мәліметтерді өзгерту өкілеттігіне ие пайдаланушылар үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне кіру парольдерін орнату құқықтарын беру тәртібі;
4) бұйрықтарды және олардың орындалуын, сондай-ақ клиенттердің, эмитенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың шағымдарын және оларды қанағаттандыру бойынша шараларды есепке алу электрондық журналының нысаны;
5) өңделген бұйрықтарды бастапқы құжаттармен салыстырып тексеру тәртібі;
6) операцияларды жасауға берілген бұйрықтың мәртебесі туралы клиенттерді, эмитенттерді және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушыларды хабардар ету тәртібі.
18. Орталық депозитарийдің операциялық процестерін қолданыстағы бақылаудың тиімділігін оңтайландыру рәсімдері мыналарды айқындайды:
1) бастапқы құжаттар негізінде іс-әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты тәуекелдер:
бастапқы құжаттарды уәкілетті емес тұлғаның ұсынуы;
бастапқы құжаттардың ұрлануы, айырбасталуы немесе жоғалуы;
қолданыста жоқ бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізу;
бір бұйрықтың деректерін түрлі қызметкерлердің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне екі рет енгізуі;
бұйрық деректерінің ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне дұрыс енгізілмеуі;
бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне енгізуді орындамау;
бұйрықты ақпараттық жүйеге, есепке алу және тізілімдер жүйелеріне уақтылы енгізбеу;
бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі дұрыс емес мәртебесін таңдау;
бұйрықтың ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі мәртебесіне өзгеріс енгізбеу;
бұйрықтың ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын мәртебесін өзгерту;
ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі өзгертуге жатпайтын анықтамалықтар деректерін өзгерту;
ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректерінің дұрыс өзгертілмеуі;
ақпараттық жүйедегі, есепке алу және тізілімдер жүйелеріндегі анықтамалықтар деректеріне өзгерістер енгізбеу;
тиісті құжатсыз ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін өзгерту;
ақпараттық жүйеде, есепке алу және тізілімдер жүйелерінде анықтамалықтар деректерін уақтылы өзгертпеу;
2) бастапқы құжаттар негізінде есептік және өзге құжаттарды берумен байланысты тәуекелдер:
есептік құжатты қалыптастыруды орындамау;
есептік құжатты уақтылы қалыптастырмау;
есептік құжаттағы дұрыс емес деректер;
бұйрықтың қате мәртебесін көрсете отырып орындау туралы есепті қалыптастыру;
есептік құжатты уәкілетті емес тұлғаға беру;
есептік құжаттарды ұрлау, айырбастау және жоғалту;
3) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:
операциялық күнді ашу (жабу) рәсімдерін орындамау;
қор биржасының терминалын қосуды орындамау;
кіріс файлының дұрыс емес форматы;
кіріс файлының дұрыс емес мазмұны;
түрлі қызметкерлердің дерекқорда жазбаны қалыптастыру үшін деректерді екі рет енгізуі;
дерекқорда жазбаны қалыптастыруды орындамау;
ақпараттық жүйеде жөнелтушіден келген құжаттардың қайталануы (операциялық күн ішінде);
есептеулерді кейінге қалдыру күнімен бұйрықты кезекке қою;
ақпараттық жүйеде транзакцияларды жүргізу кезіндегі қателер;
бұйрықты қарсы бұйрықсыз орындау (екі қарсы бұйрықтар негізінде тіркелетін мәмілелер бойынша);
айналыста болмаған бағалы қағаздар бойынша бұйрықты орындау;
регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты орындау;
регламентке кірмейтін уақытта бұйрықты қабылдау;
ашылмаған операциялық күн кезінде бұйрықты орындау;
бағалы қағаздармен операцияларды тоқтата тұру кезінде бұйрықты орындау;
рұқсат етілмеген операциялар бойынша бұйрықты орындау;
4) ақпараттық жүйелерді пайдалануға байланысты тәуекелдер:
компьютерлік вирустардың енуі;
лицензиялық емес бағдарламаларды пайдалану;
ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз кіру;
серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету кезіндегі қателер;
электрлік қоректендіру жүйесіндегі іркілістер;
серверлерді кондиционирлеу жүйелерінің іркілістері;
серверлік жабдықтың техникалық іркілісі;
желілік жабдықтың техникалық іркілісі;
деректерді тасымалдағыштарды (қатты дискілерді және өзге тасымалдағыштарды) ұрлау, әдейі бүлдіру;
деректерді тасымалдағыштарға (қатты дискілердегі және өзге тасымалдағыштар) рұқсатсыз қол жеткізу;
табиғи сипаттағы төтенше жағдай;
серверлік бөлмедегі өрт;
серверлік бөлмені судың басып қалуы;
ақпараттық жүйедегі бағдарламалық іркіліс;
тапсырыс берушінің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша қалыпқа келтірілген талаптарының болмауы;
бағдарламалық қамтамасыз етудің кодын белгілеушілер үшін техникалық тапсырманы дұрыс жасамау;
бағдарламалық қамтамасыз ету кодын жазу кезіндегі қате;
әзірленген бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу кезіндегі қате;
бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) енгізу кезіндегі қате.
19. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру барысында жасау және ақпаратты жариялау рәсімі мыналарды:
1) бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитент акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеуі туралы, сондай-ақ эмитенттің бағалы қағаздарының шығарылымы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда жасау және жариялау тәртібін;
2) депоненттердің, депоненттер клиенттерінің, эмитенттердің және өзге де жеке және заңды тұлғалардың сұратулары негізінде оларға есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты ұсыну рәсімін;
3) Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабына сәйкес орталық депозитарийді есепке алу жүйесін және жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының тізілімдері жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну рәсімін айқындайды.
20. Орталық депозитарийдің резервтік техникалық орталығы бар және жедел іске қосу үшін оның тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) есепке алу және тізілімдер жүйесін құрайтын, есепке алудың және тізілімдердің негізгі жүйелеріне ұқсас электрондық деректердің көшірмесі бар;
2) орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан орны бойынша тұрған резервтік жүйелерге ұқсас резервтік жүйелердің өзекті көшірмесі бар;
3) барлық дереккөздер мен ақпараттық жүйелердің өзекті көшірмелерін қамтиды, олардың жұмысындағы іркілістер негізгі қызметтің тоқтауына және клиенттерге қызмет көрсетудің мүмкін болмауына әкеп соғады;
4) техникалық резервтік орталықтың қауіпсіздігі мен үзіліссіз жұмысына әсер ететін техногендік және табиғи сипаттарды ескере отырып орталық депозитарийдің негізгі жүйелерінің орналасқан жерінен қауіпсіз арақашықтықта орналасады;
5) орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті барлық коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;
6) орталық депозитарийдің есепке алу және тізілімдер жүйесінің орналасқан орны бойынша штаттан тыс жағдай туындаған кезде келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.
21. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау үшін пайдаланылатын үй-жайлар мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) архив құжаттарын сақтауға бейімделген жеке үй-жай;
2) құжаттарды сақтауға арналған архив сақтау орнында құжаттарды сақтаудың талаптары мен өлшемшарттарын: сақтаудың температуралық-ылғалдылық, жарық, санитарлық-гигиеналық, күзет режимдерінің жасалуы және сақталуы қамтамасыз етіледі;
3) архив қызметкерлерінің жұмыс бөлмелері, сондай-ақ орталық депозитарий және (немесе) орталық депозитарийдің архив құжаттарын сақтау қызметін көрсететін ұйым қызметкерлерінің үй-жайлары архив сақтау орнынан оқшауланған;
4) архив сақтау орны химиялық заттарды, тағам өнімдерін сақтауға және қолдануға байланысты зертханалық, өндірістік және қойма үй-жайларынан алшақ орналасады және олармен ортақ желдеткіш арналары болмайды;
5) архив сақтау орны өрт шығу қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі, өрт сөндіру дабылымен жабдықталады және су баспауына кепілдік берiледi. Жалпы және әр қабаттағы ажыратқыштар архив сақтау орнынан тыс орналастырылады. Архив сақтау орнында газ, су жүргізетін, канализациялық және өзге де магистралды құбырлар орналастырылмайды;
6) архив сақтау орны күзет дабылымен жабдықталады;
7) архив сақтау орны стационарлық немесе жылжымалы металл стеллаждармен жабдықталады.
22. Басқару ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі директорлар кеңесінің міндеттерін тиімді орындау мақсатында орталық депозитарий қызметінің барлық бағыттары бойынша толық, дәйекті және уақтылы ақпаратты директорлар кеңесіне тұрақты негізде беруін қамтамасыз етеді.
Басқарушылық ақпарат жүйесінің жұмыс істеу тәртібі ақпаратты уақтылы және толық көлемде дайындауға және орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне беруге жауапты орталық депозитарийдің тұлғаларын, құрылымдық бөлімшелерін, органдарын көрсете отырып, орталық депозитарийдің қызметі туралы басқарушылық ақпаратты орталық депозитарийдің директорлар кеңесіне ұсыну өлшемшарттарын, құрамын, қалыптастыру жиілігін және нысандарын қамтиды.