Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қарашадағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 қарашада № 37482 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне орындау туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
М. Мелдебекова

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 264 бұйрығымен
бекітілген

Психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы психологиялық қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және Психологиялық қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Психологиялық қолдау орталықтары (бұдан әрі – Орталық) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мекемелер ретінде құрады.

      3. Орталықтар психотерапия және медициналық психология саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін қоспағанда, психологиялық, консультациялық және әдістемелік қызметтер көрсетеді.

      4. Орталықтар Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      5. Орталықтардың қызметін үйлестіруді Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ведомствосы: орталықтар арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру, Орталықтардың қызметін мониторингілеу және зерделеу бағыттары бойынша жүзеге асырады.

      6. Орталықтардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Орталықтар қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады, штат кестесін, даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды және бекітеді, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді және мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы арттыру үшін жағдайлар жасайды.

2-тарау. Орталықтың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

      7. Орталықтар қызметінің мақсаты әдістемелік басшылықты, мобильді әрекет етуді жүзеге асыру арқылы өңірдің білім беру ортасында балаларды кешенді психологиялық қолдау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін органдар мен ұйымдардың қатысуымен балаларды сүйемелдеу жүйесіне қатысу, сондай-ақ арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша қызметтер көрсетуді қоспағанда, психологиялық – педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің (бұдан әрі – ППСҚ) жұмысын үйлестіру болып табылады.

      8. Орталықтардың міндеттері:

      1) білім беру ұйымдарындағы ППСҚ жұмыстарын үйлестіру;

      2) балаларға психологиялық көмек көрсету;

      3) ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге және педагогтерге балаларды тәрбиелеу, дамыту және олардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультация беру және әдістемелік сүйемелдеу;

      4) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде девиантты (аутодеструктивті, аддиктивті және асоциалды) мінез-құлықтың, оның ішінде жәбірлеудің (буллингтің), зорлық-зомбылықтың, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу;

      5) баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген кезде ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу.

      9. Орталықтардың қызметінің қағидаттары: заңдылық, құпиялылық, көмек алудың еріктілігі, баланың ең жақсы мүдделерінің басымдығы, теңдік.

3-тарау. Орталықтар қызметінің тәртібі

      10. Орталықтар өз қызметін келесі қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырады:

      1) консультациялық-дамытушы;

      2) әдістемелік;

      3) психологиялық-педагогикалық ағарту;

      4) мобильді әрекет ету.

      11. Негізгі қызмет түрлері:

      1) консультациялық-дамытушылық бағыт шеңберінде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге және баланың заңды өкілдеріне жеке тұлғаның қалыптасуына саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыруға, психологиялық салауаттылықты арттыруға, психоэмоционалды, мінез-құлық және психоәлеуметтік, дағдарыстық жағдайларды, оның ішінде аутодеструктивті мәселелермен байланысты мінез-құлық, зорлық - зомбылық, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін шешуге бағытталған диагностика, консультациялар және тренингтер өткізуді қоса алғанда, оның ішінде демалыс кезеңдерінде де психологиялық көмек көрсету;

      2) әдістемелік бағыт шеңберінде білім беру ұйымдарында ППСҚ жұмысын жүйелендіруді және үйлестіруді қамтамасыз ету, оның ішінде: кәсіби психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру, инновациялық психологиялық-педагогикалық тәжірибені, оның ішінде халықаралық және отандық тәжірибені жинақтау және тарату, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды іске асыру;

      3) психологиялық талдау сабақтарын өткізу, құжаттаманы жүргізуді және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің басқа да мәселелерін әдістемелік сүйемелдеу арқылы Орталықтардың және ППСҚ мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (интервизия);

      4) диагностикалық, түзету және психологиялық-педагогикалық қызмет процесінде туындайтын күрделі және даулы жағдайларды талдауға бағытталған консультацияларды жүзеге асыру (супервизия);

      5) кәмелетке толмағандардың психологиялық сауаттылығын, саламаттығы және қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды өткізу арқылы психологиялық-педагогикалық ағарту;

      6) білім беру процесіне қатысушылардың сұранысы бойынша психологиялық көмекке деген проблемалары мен қажеттіліктерін талдауды, мамандарды жедел қосуды, алғашқы консультациялар өткізуді, ал қажет болған жағдайда — одан әрі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге жіберуді қамтитын мобильді ден қоюды жүзеге асыру.

      12. Электрондық поштаны, телефон қоңырауларын, мессенджерлердің хабарламаларын қоса алғанда, қолжетімді байланыс құралдары, сондай-ақ ресми платформалар арқылы келіп түскен жазбаша және/немесе ауызша онлайн және/немесе офлайн сұраулар көмек көрсету үшін негіз болып табылады:

      1) 16 жастан асқан кәмелетке толмағанның өзінің, 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанның заңды өкілдерінің, педагогтердің, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің жеке өтініші;

      2) білім беру ұйымдары;

      3) "111" байланыс-орталығы, сенім қызметтері;

      4) мемлекеттік органдардың хабарламалары.

      Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпарат психологиялық көмек көрсету үшін негіз болып табылады.

      13. Барлық сұраулар есепке алу журналдарында және (немесе) Орталықтардың ақпараттық жүйелерінде тіркеледі.

      14. Орталықтар заңнамаға сәйкес дербес деректер мен қолжетімділігі шектеулі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      15. 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға психологиялық қызметтер баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайларды қоспағанда, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің жазбаша немесе ақпараттандырылған келісімі болған жағдайда ата-аналары мен құзыретті органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып, дереу көмек беретін кезде көрсетіледі.

      16. Сұрау 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда хабарлама келіп түскен күні дереу қаралады.

      17. Сұрау түскен кезде Орталықтар өз мамандарының арасынан мобильді әрекет ету топтарын құрады.

      Мобильді әрекет ету топтары "Білім беру ұйымдарында мектепішілік есепке алуды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 61 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көмектің түрлерін, нысандары мен мерзімдерін айқындай отырып, проблеманы талдау және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету іс-қимылдарының алгоритмін әзірлеу үшін білім беру ұйымдарына кедергісіз барады.

      Қажет болған жағдайда құзыреті шегінде бірлескен іс-қимыл жасау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандары тартылады.

      18. Кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнуі туралы сұрау келіп түскен кезде Орталықтардың басшылығы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау, ішкі істер органдарына және басқа да уәкілетті органдарға одан әрі бірлесіп жұмыс істеу үшін дереу хабарлайды.

      19. Мобильді әрекет ету топтарының мамандары кәмелетке толмағандарға, педагогтерге, ата-аналарға және/немесе заңды өкілдерге психоэмоционалдық, мінез-құлық, психоәлеуметтік проблемаларды, дағдарыстық жағдайларды (ата-аналары мен заңды өкілдерінің ажырасуы, жақындарының қайтыс болуы, жіті стресстік бұзылулар, жарақаттан кейінгі стресстік бұзылулар, паникалық шабуыл, поственция) шешу бойынша, оның ішінде аутодеструктивті, суицидтік мінез-құлық, зорлық-зомбылық, жәбірлеу (буллинг), кибербуллинг мәселелеріне байланысты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі "Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" № 92 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы" № 506 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 419 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 4 шілдедегі № 170 "Суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтаудың және олармен әрі қарай жұмыс істеудің бірыңғай алгоритмін, сондай-ақ суицидке әрекет жасаған балаға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы" бірлескен бұйрығына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 742, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 531-нқ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 917, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 515 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 386 "Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе оған куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесін бекіту туралы" бірлескен бұйрығына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 31 "Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары жанындағы психологиялық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Орталықтар білім беру ұйымдарының ППСҚ жұмысын үйлестіреді: есептілік жинайды, талдау жүргізеді және өмірлік қиын жағдайға тап болған, жәбірлеуге (буллингке), зорлық-зомбылыққа ұшыраған, аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықты балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша ППСҚ жұмысына мониторинг жүргізуді жүзеге асырады

      Орталықтар білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдаудың сапасын жүйелеу және арттыру бойынша ұсынымдарды жазбаша нысанда ұсынады, олар танысу және тиісті шаралар қабылдау үшін білім беруді басқару органдарына және білім беру ұйымдарына жолданады.

      21. Орталықтардың мамандары әдістемелік сүйемелдеу шеңберінде тоқсанына 1 (бір) реттен кем емес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге мұқтаж кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсету үшін ұсынымдар жасау бойынша ППСҚ жұмысына зерделеу жүргізеді, қажет болған жағдайда білім беру ұйымдарына барады.

      Зерделеу нәтижелері бойынша Орталықтардың мамандары балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын жақсарту бойынша ұсынымдармен талдамалық анықтама жасайды, олар танысу және тиісті шаралар қабылдау үшін білім беруді басқару органдарына және білім беру ұйымына жолданады.

      22. Орталықтар ай сайын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының ведомствосымен өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнгені туралы сұраулар келіп түскен жағдайлар туралы ақпарат дереу жолданады.

      23. Оқу жылының басына дейін бір рет Орталықтар жылдық жұмыс жоспарларын жасайды, оларды бірінші басшылары бекітеді. Талдамалық есеп белгіленген мерзімдер мен нысандарға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру саласындағы атқарушы органға ұсынылады.

      24. Орталықтардың тиімді қызметін қамтамасыз ету мақсатында персоналдың мынадай санаттары бойынша бөлінген саны кемінде 55 штат бірлігі бар ең төменгі штат нормативі белгіленеді:

      1) әкімшілік-басқарушылық персонал (орталықтардың қызметіне жалпы басшылықты, әкімшілік-басқарушылық, құқықтық, кадрлық, бухгалтерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді қамтитын кемінде 10 штат бірлігі);

      2) негізгі персонал (орталықтар қызметінің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік, ақпараттық-коммуникациялық, медиа қолдауды және орталықтар қызметін ұйымдастырушылық-үйлестіру сүйемелдеуін қоса алғанда, орталықтар қызметінің негізгі бағыттарын тікелей іске асыратын мамандарды қамтитын кемінде 30 штаттық бірлік);

      3) қосалқы персонал (орталықтардың инфрақұрылымына шаруашылық, техникалық, көліктік және санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін қызметкерлерді қамтитын 15 штаттық бірліктен аспайтын).

      25. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталады.

      26. Орталықтар қызметтердің қолжетімділігін, оның ішінде қашықтық нысандары және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жағдайлар арқылы қамтамасыз етеді.

      27. Орталықтарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру саласындағы атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 13 ақпандағы "Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары жанындағы педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы" № 31 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Орталықтарды қаржыландыру жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил деятельности центров психологической поддержки

Приказ и.о. Министра просвещения Республики Казахстан от 24 ноября 2025 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 ноября 2025 года № 37482

      В соответствии с подпунктом 69) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности центров психологической поддержки.

      2. Департаменту воспитательной работы и дополнительного образования Министерства просвещения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства просвещения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение пяти рабочих дней после исполнения подпунктов 1) и 2) пункта 2 настоящего приказа, представление в Юридический департамент Министерства просвещения Республики Казахстан информации об исполнении.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра просвещения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
М. Мелдебекова

  Утверждены приказом
Исполняющий обязанности
Министра просвещения
Республики Казахстан
от 24 ноября 2025 года № 264

Правила деятельности центров психологической поддержки

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности центров психологической поддержки (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 69) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок организации и осуществления деятельности центров психологической поддержки.

      2. Центры психологической поддержки (далее – Центр) создаются местными исполнительными органами областей, городов республиканского значения и столицы в форме государственного учреждения.

      3. Центры оказывают психологические, консультационные и методические услуги, за исключением лицензируемых видов деятельности в области психотерапии и медицинской психологии.

      4. Центры в своей деятельности руководствуются Конституцией Республики Казахстан, законами "Об образовании", "О правах ребенка в Республике Казахстан", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящими Правилами.

      5. Координация деятельности Центров осуществляется ведомством уполномоченного органа в области защиты прав детей Республики Казахстан по направлениям: организация взаимодействия между центрами, мониторинг и изучение деятельности центров.

      6. Первые руководители Центров осуществляют общее руководство всеми направлениями деятельности Центров в соответствии с нормативными правовыми актами Республики Казахстан, определяют и утверждают штатное расписание, стратегию, цель и задачи развития, обеспечивают безопасные условия труда и создают условия для регулярного повышения профессионального уровня специалистов.

Глава 2. Цели, задачи и принципы деятельности Центра

      7. Целью деятельности Центров является обеспечение комплексной психологической поддержки и безопасности детей в образовательной среде региона, через осуществление методического руководства, мобильного реагирования, участие в системе сопровождения детей с участием органов и организаций, обеспечивающих защиту прав и законных интересов детей, а также координация деятельности служб психолого-педагогического сопровождения (далее – СППС), за исключением услуг по специальной психолого-педагогической поддержке.

      8. Задачи Центров:

      1) координация деятельности СППС организаций образования;

      2) оказание психологической помощи детям;

      3) консультирование и методическое сопровождение родителей или иных законных представителей и педагогов по вопросам воспитания, развития и безопасности детей;

      4) профилактика девиантного (аутодеструктивного, аддиктивного и асоциального) поведения, в том числе травли (буллинга), насилия, суицидального поведения в рамках психолого-педагогического сопровождения;

      5) участие в межведомственном взаимодействии при угрозах жизни и здоровью ребенка.

      9. Принципы деятельности Центров: законность, конфиденциальность, добровольность получения помощи, приоритет наилучших интересов ребенка, равенства.

Глава 3. Порядок деятельности Центров

      10. Центры осуществляют свою деятельность по следующим направлениям деятельности:

      1) консультационно-развивающее;

      2) методическое;

      3) психолого-педагогическое просвещение;

      4) мобильное реагирование.

      11. Основные виды деятельности:

      1) оказание психологической помощи в рамках консультационно-развивающего направления, включая проведение диагностики, консультаций и тренингов для обучающихся, воспитанников и законным представителям ребенка, направленных на повышение осознанного и ответственного отношения к становлению личности, психологического благополучия, на решение психоэмоциональных, поведенческих и психосоциальных проблем, кризисных ситуаций, в том числе связанных с аутодеструктивным поведением, насилием, травлей (буллингом), проблем, в том числе и в каникулярный период;

      2) обеспечение систематизации и координации деятельности СППС в организациях образования в рамках методического направления, включая: повышение профессиональных психолого-педагогических компетенции, обобщение и трансляцию инновационного психолого-педагогического опыта, в том числе международного и отечественного, реализацию мероприятий в соответствии с годовым планом работы;

      3) организация и проведение мероприятий по повышению профессиональной квалификации специалистов Центров, СППС путем проведения занятий психологических разборов, методического сопровождения ведения документации и другим вопросам психолого-педагогического сопровождения (интервизии);

      4) осуществление консультации, направленных на разбор сложных и спорных случаев, возникающих в процессе диагностической, коррекционной и психолого-педагогической деятельности (супервизии);

      5) психолого-педагогическое просвещение через проведение информационных кампаний по повышению психологической грамотности, благополучия и безопасности несовершеннолетних;

      6) осуществление мобильного реагирования, включающего анализ проблем и потребностей участников образовательного процесса в психологической помощи по запросу, оперативное подключение специалистов, проведение первичных консультаций, а при необходимости — направление на дальнейшее психолого-педагогическое сопровождение.

      12. Основаниями для оказания помощи являются письменные и/или устные онлайн и/или оффлайн запросы, поступившие посредством доступных средств связи, включая электронной почты, телефонных звонков, сообщений мессенджеров, а также через официальные платформы:

      1) несовершеннолетних с согласия законных представителей, педагогов, законных представителей несовершеннолетних, и несовершеннолетних, достигших 16 лет;

      2) организаций образования;

      3) контакт-центра "111", службы доверия;

      4) государственных органов.

      Основаниями для оказания помощи являются информация в масс-медиа об угрозе жизни и здоровью несовершеннолетних.

      13. Все запросы фиксируются в журналах учета и (или) информационных системах Центров.

      14. Центры обеспечивают конфиденциальность персональных данных и информации ограниченного доступа в соответствии с законодательством.

      15. Психологические услуги несовершеннолетним до 16 лет оказываются при наличии письменного или информированного согласия родителей или иных законных представителей, согласно Кодексу Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", за исключением случаев непосредственной угрозы жизни и здоровью ребенка, когда помощь оказывается незамедлительно с одновременным информированием родителей и компетентных органов.

      16. Запрос рассматривается в срок не позднее 2 (двух) рабочих дней, а при непосредственной угрозе жизни и здоровью несовершеннолетнего – незамедлительно, в день поступления обращения.

      17. При поступлении запроса Центрами создаются группы мобильного реагирования из числа специалистов Центров.

      Группа мобильного реагирования беспрепятственно посещают организаций образования для анализа проблемы и выработки алгоритма действий психолого-педагогической поддержки, с определением видов, форм и сроков помощи, по форме согласно приложению 1 приказу Министра просвещения Республики Казахстан от 3 марта 2023 года № 61 "Об утверждении Методических рекомендаций по ведению внутришкольного учета в организациях образования".

      При необходимости привлекаются специалисты заинтересованных государственных органов и иных организаций, для совместных действий в пределах компетенции.

      18. При поступлении запроса о непосредственной угрозе жизни и здоровью несовершеннолетнего группа мобильного реагирования, руководство Центров незамедлительно сообщает в органы здравоохранения, внутренних дел и других уполномоченных органов для их дальнейшей совместной работы в пределах своих компетенций под координацией местных исполнительных органов по вопросам защиты прав детей.

      19. Специалистами группы мобильного реагирования оказывается психолого-педагогическая помощь несовершеннолетним, педагогам, родителям и/или законным представителям по решению психоэмоцональных, поведенческих, психосоциальных проблем, кризисных ситуаций (развод родителей и законных представителей, смерть близких, острые стрессовые расстройства, посттравматические стрессовые расстройства, паническая атака, поственция), в том числе связанных с аутодеструктивным, суицидальным поведением, насилием, травлей (буллингом), кибербуллингом, согласно приказу Министра просвещения Республики Казахстан от 29 апреля 2025 года № 92 "Об утверждении Правил деятельности службы психолого-педагогического сопровождения в организациях образования", приказу Министра просвещения Республики Казахстан от 21 декабря 2022 года № 506 "Об утверждении Правил профилактики травли (буллинга) ребенка", совместному приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 июля 2024 года № 419 и Министра просвещения Республики Казахстан от 4 июля 2024 года № 170 "Об утверждении единого алгоритма выявления несовершеннолетних с признаками суицидального поведения и дальнейшей работы с ними, а также алгоритма действия государственных органов по оказанию помощи ребенку, совершившему попытку суицида", приказу Министра просвещения Республики Казахстан от 3 марта 2023 года № 61 "Об утверждении Методических рекомендаций по ведению внутришкольного учета в организациях образования", совместному приказу Министра здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2023 года № 742, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 декабря 2023 года № 515, Министра культуры и информации Республики Казахстан от 21 декабря 2023 года № 531-НҚ, Министра просвещения Республики Казахстан от 21 декабря 2023 года № 386, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 21 декабря 2023 года № 917 "Методика по раннему выявлению и оказанию помощи несовершеннолетним, подвергшимся или ставшим свидетелями насилия, травли (буллинга), кибербуллинга", приказу Министра просвещения Республики Казахстан от 13 февраля 2024 года № 31 "Об утверждении методических рекомендаций по организации деятельности Центров педагогической поддержки при управлениях образования областей, городов Астана, Алматы и Шымкент".

      20. Центры координируют деятельность СППС организаций образования: собирают отчетность, проводят анализ, осуществляют мониторинг деятельности СППС по психолого-педагогическому сопровождению детей, находящихся в трудной жизненной ситуации, подвергшихся травле (буллингу), насилию, аутодеструктивного и девиантного поведения.

      Центры предоставляют в письменной форме рекомендации по систематизации и повышению качества психолого-педагогической поддержки в организациях образования, которые направляются в органы управления образованием и организаций образования для ознакомления и принятия соответствующих мер.

      21. Специалистами Центров в рамках методического сопровождения не реже одного раза в полугодие осуществляется мониторинг при необходимости с выездом в организации образования с целью изучения деятельности служб психолого-педагогического сопровождения, по проведению психолого-педагогической диагностики состояния обучающихся и воспитанников, по составлению психолого-педагогических заключений и рекомендации для оказания психологической помощи несовершеннолетним, нуждающимся в психолого-педагогическом сопровождении.

      По результатам изучения специалисты Центра составляют аналитическую справку с рекомендациями по улучшению работы психолого-педагогического сопровождения детей, которая направляется в органы управления образованием и организацию образования для ознакомления и принятия соответствующих мер.

      22. Центры ежемесячно осуществляют взаимодействие и обмен информацией с ведомством уполномоченного органа в области защиты прав детей Республики Казахстан. Информация о случаях поступления запросов о непосредственной угрозе жизни и здоровью несовершеннолетних направляется незамедлительно.

      23. Один раз до начало учебного года центрами составляются годовые планы работы, которые утверждаются их первыми руководителями. Аналитический отчет предоставляется в исполнительный орган в области образования, финансируемые из местного бюджета в соответствии с установленными сроками и формами.

      24. В целях обеспечения эффективной деятельности Центров устанавливается минимальный штатный норматив численностью не менее 55 штатных единиц, распределенных по следующим категориям персонала:

      1) административно-управленческий персонал (не менее 10 штатных единиц, который включает работников, осуществляющих общее руководство, административно-управленческое, правовое, кадровое, бухгалтерское сопровождение деятельности Центров);

      2) основной персонал (не менее 30 штатных единиц, который включает специалистов, непосредственно реализующих основные направления деятельности Центров, включая психолого-педагогическую, методическую, социальную, информационно-коммуникационную, медиа поддержку и организационно-координационное сопровождение деятельности Центров);

      3) вспомогательный персонал (не более 15 штатных единиц, который включает работников, обеспечивающих хозяйственное, техническое, транспортное и санитарно-бытовое обслуживание инфраструктуры Центров).

      25. Квалификационные требования к специалистам предъявляются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      26. Центр обеспечивает доступность услуг, в том числе посредством дистанционных форм, и условий для лиц (детей) с особыми образовательными потребностями.

      27. Материально-техническое обеспечение Центров осуществляется исполнительными органами в области образования, финансируемые из местного бюджета в соответствии с приказом Министра просвещения Республики Казахстан от 13 февраля 2024 года № 31 "Об утверждении методических рекомендаций по организации деятельности Центров педагогической поддержки при управлениях образования областей, городов Астана, Алматы и Шымкент".

      28. Финансирование Центров осуществляется за счет средств местных бюджетов.