БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20270 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) арнаулы мемлекеттік архив – "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";
"8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) портал арқылы өтініш береді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратылған ақпаратты архивтік қорлар (қағаз түрінде) бойынша іздеуді 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші сұратылған мәліметтер анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышта архивтік анықтаманы және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін дайындайды, оған басшы қол қояды. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы немесе почталық байланыс арқылы, Тізбемен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мұрағаттық сақтауда жоқ екендігі туралы жауап дайындайды.
Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.
Архивте сақталатын архивтік құжаттардың құрамына жатпайтын сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиесілігі бойынша қажетті архивтік құжаттар сақталатын басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберіледі және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы хабарланады.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күн ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.";
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.";
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасымалдағышта не портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, апостиль мөртабанын қояды, апостиль мөртабанына елтаңбалық мөр басып, Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабын толтырады. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Тізбеде белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды.
Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.";
15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күн ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.";
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"

";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

