ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасының | |
| Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығына 1-қосымша |
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегі конкурсты (бұдан әрі – конкурс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы баға – конкурстың екінші кезеңі барысында қалыптасатын конкурс нысанасының бағасы;
2) аукцион залы – конкурстың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін веб-порталдың бөлімі;
3) басталатын баға – конкурстың әрбір нысанасы бойынша аукцион басталатын баға;
4) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;
6) бастапқы баға – осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес конкурс ұйымдастырушылары айқындайтын және белгілейтін баға;
7) геоақпараттық сервис – жүргізілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау бойынша электрондық картада графикалық және мәтіндік түрде ақпарат орналастыруға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің сервисі;
8) жеңімпаз – конкурс нысанасы үшін ең жоғары баға ұсынған конкурсқа қатысушы;
9) кепілдік жарна – қатысушы конкурсқа қатысу үшін енгізетін ақшалай сома;
10) конкурсқа қатысушының нөмірі – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде конкурсқа қатысу үшін қатысушыға веб-портал беретін бірегей нөмір;
11) қатысушы – конкурсқа қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және веб-портал арқылы өтінім берген Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы;
12) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
13) объект – балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі;
14) объектінің электрондық паспорты (бұдан әрі – электрондық паспорт) – объект туралы толық ақпаратты қамтитын электрондық құжат;
15) түпкілікті баға – конкурстың екінші кезеңін аяқтау нәтижесінде белгіленген конкурс нысанасының бағасы;
16) тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде www.e-Qazyna.kz электрондық мекенжайы бойынша орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) шешімімен бассейндік қағидат ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) шешімімен бассейндік қағидат ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Конкурсқа резервтік қордағы балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қойылады, олар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негiзiнде балық шаруашылықтарын жүргізудің мынадай түрлері үшін перспективалы деп танылады:
1) кәсіпшілік балық аулау;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау.
5. Уәкілетті орган балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады, ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 258 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36684 болып тіркелген) бекітілген Балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес су ресурстарын пайдалануды қорғау және реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен келісілгеннен кейін уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу тәртібі
6. Конкурсты ведомство немесе аумақтық бөлімше электрондық нысанда веб-порталды пайдалана отырып өткізеді.
7. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде ведомство немесе аумақтық бөлімше:
1) конкурсты өткізу мерзімдерін және оның шарттарын айқындайды;
2) конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды;
3) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен (бұдан әрі – № 310 ҚРҮҚ) бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-84) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысан бойынша балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын әзірлейді;
4) конкурс нысанасының бастапқы бағасын айқындайды;
5) паспорттау негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мерзімдерін айқындайды;
6) осы Қағидаларда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8. Ведомство немесе аумақтық бөлімше конкурс өткізілгенге дейін геоақпараттық сервисте балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде толық ақпаратты, оның ішінде:
барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір учаскенің шекараларының координаттары мен сызбаларын жеке жеке;
барлық балық шаруашылығы су айдынының және әрбір учаскенің электрондық паспортын жеке-жеке орналастырады.
9. Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің электрондық паспорты балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің бірегей сәйкестендіру нөмірін және паспорттау негізінде айқындалған толық ақпаратты қамтиды.
10. Балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға мынадай формула бойынша айқындалады:
1) кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
N= 100 АЕК * К1*К2,
мұндағы:
N – балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК – ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1 – су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
К2 – бекітіп беру жылдарының санын ескеретін коэффициент.
ауданы 100 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 100 гектардан және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.
5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітіліп берілетін су айдындары үшін К2 =1;
10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітіліп берілген су айдындары үшін K2=4,9.
2) кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында халықаралық, республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелер үшін:
N= 100 АЕК * К1 * К2,
мұндағы:
N – балық шаруашылығын жүргізу құқығына бастапқы баға;
АЕК – ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
К1 – су айдынының ауданын ескеретін коэффициент;
К2 – бекіту жылдарының санын ескеретін коэффициент.
ауданы 10000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=1;
ауданы 10000-нан 20000 гектарға дейінгі су айдындары үшін К1=2,0;
ауданы 20000 және одан жоғары су айдындары үшін К1=3,0.
5 жылдан 10 жыл мерзімге бекітіліп берілетін су айдындары үшін К2 =1;
10 жылдан 49 жыл мерзімге бекітіліп берілетін су айдындары үшін K2=4,9.
11. Конкурсты ведомство немесе аумақтық бөлімше веб-порталда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін белгілейді және тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
12. Ведомство немесе аумақтық бөлімше конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей конкурс өткізу туралы хабарламаны веб-порталда мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурсты өткізу күні мен уақыты;
2) объект туралы мәліметтер;
3) конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау мерзімдері;
4) конкурсты өткізу тәртібі, конкурстың нысанасы;
5) объект бойынша кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізу үшін банк деректемелері;
6) конкурс нысанасының бастапқы бағасы.
13. Хабарлама жарияланғаннан кейін ведомство немесе аумақтық бөлімше конкурстың барлық әлеуетті қатысушыларына объектіге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
14. Конкурстың әлеуетті қатысушылары ол басталғанға дейін ведомстводан немесе аумақтық бөлімшеден объект бойынша қосымша мәліметтер мен нақтылаулар алады.
15. Егер балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру артемия цисталарын қайта өңдеуді көздейтін болса, онда конкурс басталғанға дейін ведомство немесе аумақтық бөлімше ведомствоның немесе аумақтық бөлімшенің, жергілікті атқарушы органның, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың, сондай-ақ балық аулаушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлері қатарынан комиссия құрады.
Конкурстың әлеуетті қатысушылары ол басталғанға дейін ведомствоға немесе аумақтық бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттарға қарап-тексеру жүргізуге өтінім береді.
Қарап-тексеру өткізу үшін конкурстың әрбір әлеуетті қатысушысына комиссия айқындайтын кемінде 3 (үш) маман жіберіледі.
Комиссия мамандары конкурсқа әлеуетті қатысушының өтінімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттарға қарап-тексеру жүргізеді.
Қарап-тексеру конкурсқа әлеуетті қатысушының немесе оның өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Қарап-тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артемия цисталарын тереңдете өңдеу бойынша технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы немесе болмауы туралы комиссияның қорытындысы (бұдан әрі – комиссия қорытындысы) жасалады.
16. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті қатысушылар веб-порталда мыналарды көрсете отырып, алдын ала тіркеледі:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
байланыс деректері (тіркеу мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.
17. Қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады.
18. Бірыңғай оператор веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды.
19. Конкурсқа қатысушылар веб-портал арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім береді.
Өтінімге қосымша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу бойынша негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама қоса беріледі.
Конкурсқа қатысушыларға бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жағдайда, өтінімге қосымша балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелер туралы аумақтық бөлімшелерден алынатын мәліметтер қоса беріледі.
Егер балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру артемия цисталарын қайта өңдеуді көздесе, онда комиссияның қорытындысы да қоса беріледі.
20. Өтінімдер веб-порталдың дерекқорында сақталады және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақыт пен күнге дейін қарауды жүктеу және көру үшін қолжетімді болмайды.
21. Өтінімді тіркелгеннен кейін веб-портал үш минут ішінде мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында өтінім берілген объект бойынша кепілдік жарнаның келіп түскені туралы мәліметтердің болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
22. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде және мерзімдерде бірыңғай оператордың шотына енгізеді.
23. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды.
24. Веб-порталдың дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның келіп түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, веб-портал өтінімді қабылдауды және конкурс нәтижелері анықталғанға дейін кепілдік жарнаның сомасын бұғаттауды жүзеге асырады. Веб-порталдың дерекқорында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның келіп түскені туралы мәліметтер болмаған кезде веб-портал қатысушының өтінімін қабылдамайды.
25. Конкурс нәтижелері бойынша жеңіске жеткен және шарт жасасқан қатысушының кепілдік жарнасы конкурс нәтижелері бойынша белгіленген және шартта көрсетілген түпкілікті баға есебіне жатқызылады және ведомство немесе аумақтық бөлімше кепілдік жарнаны аударуға арналған өтінішке веб-порталда қол қойғаннан кейін бірыңғай оператор тиісті бюджетке жібереді.
26. Егер конкурс өтпесе, кепілдік жарна қайтарылуға тиіс. Кепілдік жарна сондай-ақ өтінім берген, бірақ конкурсқа қатыспаған, конкурсқа қатысқан, бірақ оны жеңіп алмаған адамдарға және конкурсқа қатысудан үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде бас тартқан адамдарға қайтарылады.
Кепілдік жарналар конкурсқа қатысушы веб-порталда ЭЦҚ пайдалана отырып, сол қатысушының деректемелерін көрсете отырып, берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініштің негізінде қайтарылады
27. Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа жеңімпаз тарапынан қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. Бұл жағдайда конкурс жеңімпазының кепілдік жарнасын бірыңғай оператор ведомство немесе аумақтық бөлімше веб-порталда конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қойғаннан кейін тиісті бюджетке жібереді.
28. Автоматты түрдегі тексеру нәтижелері бойынша веб-портал қатысушының веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қабылданғаны туралы электрондық хабарламаны не өтінімді қабылдаудан уәжді бас тартуды жібереді.
29. Веб-порталдың өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін бірыңғай оператордың шотына конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның келіп түспеуі негіз болып табылады.
30. Өтініштерді ашу конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты басталған кезде веб-портал арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
31. Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәтте осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сай кемінде бір тіркелген өтініш болған кезде конкурс өтті деп танылады.
Екінші және одан кейінгі конкурстарды өткізу кезінде, конкурстың екінші кезеңіне жалғыз қатысушы жіберілген жағдайда, мұндай қатысушы объектінің бастапқы бағасын төлеген және шарт жасасқан жағдайда конкурстың жеңімпазы болып танылады.
32. Егер конкурс өтпеді деп жарияланса, өтініштер ашылмайды және конкурс өткізілетін күні ведомство/аумақтық бөлімше ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, веб-порталда қалыптастырылатын өткізілмеген конкурс туралы актіге қол қояды.
33. Конкурс екі кезеңмен өткізіледі.
Бірінші кезеңде ведомство немесе аумақтық бөлімше екі жұмыс күні ішінде конкурстың біліктілік талаптары мен шарттарына сәйкес келетін және конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында веб-порталда қатысушылардың өтініштерін қарайды.
34. Ведомство немесе аумақтық бөлімше өтініштер ашылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде веб-порталда ведомство немесе аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ пайдалана отырып қол қоюы үшін конкурсқа қатысушыларды конкурстың екінші кезеңіне рұқсат беру хаттамасын (бұдан әрі – рұқсат беру хаттамасы) қалыптастырады.
35. Рұқсат беру хаттамасы оған ведомство немесе аумақтық бөлімше басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып оған қол қойған сәттен бастап, өтініш берген барлық қатысушыларды электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады.
36. Рұқсат беру хаттамасында мынадай ақпарат қамтылады:
1) себебін көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмеген қатысушылардың нөмірлерінің тізімі;
2) конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылар нөмірлерінің тізімі.
37. Конкурстың екінші кезеңін өткізу күні мен уақытын веб-портал рұқсат беру хаттамасы веб-порталда жарияланған күннен бастап бірінші жұмыс күніне автоматты түрде тағайындайды.
38. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар ол басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және веб-портал беретін аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукцион залына кіреді.
39. Конкурстың екінші кезеңі веб-портал белгілеген уақытта басталады және былайша өткізіледі:
1) екінші кезең басталған сәтте аукцион залында конкурсқа қатысушылардың конкурс нысанасы үшін баға ұсыныстары көрсетіледі, олар конкурс нысанасын шарттарды сақтай отырып сатып алуға келісімін білдіру нысаны болып табылады және бастапқы баға қалыптастырылады;
2) конкурстың екінші кезеңі басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі;
3) егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ең жоғары ағымдағы бағаны арттырмаса, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өтті деп танылады;
4) егер конкурстың екінші кезеңі басталғаннан бастап он минут ішінде аукцион залында қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес белгіленген қадамға басқа қатысушының ең жоғары ағымдағы бағасын ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алуға өзінің ниетін растайтын болса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғаяды;
5) егер ағымдағы баға өскеннен кейін он минут ішінде қатысушылардың ешқайсысы ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен конкурс нысанасын сатып алуға өзінің ниетін растамаса, онда конкурс нысанасын сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурс өтті деп танылады;
6) егер конкурстың екінші кезеңі аяқталған сәтте сағат 17:00-де жеңімпаз анықталмаса, онда конкурстың нысанасын сатып алуға өзінің ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал конкурстың осы нысанасы бойынша конкурс өткізілді деп танылады.
40. Егер конкурстың екінші кезеңі басталған сәтте екі және одан да көп қатысушылардың баға ұсыныстары конкурстың мәні үшін бірдей ең жоғары бағаны қамтыса және осы ағымдағы баға он минут ішінде ұлғайтылмаса, онда осы қатысушылар арасында өтініші ұсыныстары бірдей ең жоғары бағаны қамтитын қатысушылардың басқа өтініштерінен бұрын қабылданған қатысушы конкурстың жеңімпазы болып танылады.
41. Конкурстың екінші кезеңі кезінде бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді:
1) айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенген мөлшеріне дейінгі мөлшердегі ағымдағы баға кезінде өзгерту қадамы 20 пайыз мөлшерінде белгіленеді;
2) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 20 еселенгеннен 100 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 30 процент мөлшерінде белгіленеді;
3) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенгеннен 250 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 15 процент мөлшерінде белгіленеді;
4) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 250 еселенгеннен 500 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 процент мөлшерінде белгіленеді;
5) ағымдағы баға айлық есептік көрсеткіштің 500 еселенген мөлшерінен және одан жоғары мөлшерде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді
42. Конкурс нәтижелері туралы хаттаманы веб-портал қалыптастырады және оны өткізген күні ведомство немесе аумақтық бөлімше басшысы мен жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
43. Конкурс нәтижелері туралы хаттамада мынадай деректер қамтылады:
1) конкурс шарттары;
2) объект туралы мәліметтер;
3) конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер;
4) шартқа қол қою бойынша тараптардың міндеттемелері.
44. Ведомство немесе аумақтық бөлімше түпкілікті баға төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде объектілерді бекітіп беру туралы шешім қабылдайды.
45. Объектілерді бекітіп беру туралы ведомствоның немесе аумақтық бөлімшенің шешімі негізінде ол қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде № 310 ҚРҮК-мен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-83) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысан бойынша балық шаруашылығын жүргізуге шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.
Шартты веб-порталда ведомство немесе аумақтық бөлімше және ЭЦҚ пайдалана отырып жеңімпаз қалыптастырады және қол қояды. Шартта конкурс нәтижелері туралы хаттамаға және оны жасасу үшін негіз ретінде объектілерді бекіту туралы шешімге сілтемелер көрсетіледі.
46. Түпкілікті баға бірыңғай оператордың есеп шотына конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі.
Түпкілікті бағаны бірыңғай оператор ведомство немесе аумақтық бөлімше веб-порталда жеңімпаздың түпкілікті бағаны:
халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша республикалық бюджеттің кірісіне;
жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша жергілікті бюджеттің кірісіне төлегені туралы мәліметтерді енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударады.
47. Жеңімпаз белгіленген мерзімде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға, шартқа қол қоймаған немесе түпкілікті бағаны төлеу мерзімін бұзған жағдайда, ведомство немесе аумақтық бөлімше веб-порталда қалыптастырылатын конкурс нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және конкурстың осы мәні бойынша күшін жойған конкурс шарттарымен қайтадан конкурс өткізеді.
48. Осы Қағидалардың 33 және 34-тармақтарында көзделген негіздер бойынша ведомство немесе аумақтық бөлімше адамды Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ жеңімпазға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама рұқсат беру хаттамасы қалыптастырылғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша ведомство немесе аумақтық бөлімше тыңдау нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды.
49. Ведомствоның немесе аумақтық бөлімшенің балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР ӘРПК 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
| Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
| Нысан |
Артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттарды қарап-тексеруді жүргізуге арналған өтінім
20____жылғы "____" _________
__________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(орналасқан жері) мекенжайы бойынша орналасқан қолданыстағы (жұмыс істемейтін)
Өндіріс
1. Мынадай құжаттамамен расталған, меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологияның бар-жоғын көрсету (төменде көрсетілген растау нұсқаларының бірін не екеуін де көрсету қажет):
1) ________ жасалған 20__ жылғы "__" ______ артемия цисталарын тереңдете өңдеу технологиясын өтінім берушіге беру (сату) туралы мәліметті қамтитын шарт (келісім) (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);
2) өтініш берушінің артемия цисталарын тереңдете өңдеу және құрғақ кисталарды өндіру жөніндегі қорғау құжаты (2025 жылғы "_____" _____________ патент, пайдалы модель) (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі).
2. Артемия цисталарын тереңдете өңдейтін өндірістің болуы.
Өндірістік жабдықтар мен цехтар, олар мыналардан тұрады:
1) өндіріс алаңы (шаршы метр) _____________________;
2) жабдықтардың атауы / тізбесі және сипаттамасы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы
Қолы _________________________
Мөрдің орны (бар болса)
| Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы немесе болмауы туралы комиссия қорытындысы
20____жылғы "____" _________
Артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік
қуаттарға тексеру жүргізуге өтінім негізінде _____________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі не заңды тұлғаның атауы)
20___жылғы "____"__________ __________________________мекенжайындағы
(өтініш берушінің мекенжайы)
қолданыстағы (жұмыс істемейтін) өндіріске барды.
1. Мынадай құжаттамамен расталған, меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологияның болуын немесе болмауын көрсету (төменде көрсетілген растау нұсқаларының бірін не екеуін де көрсету қажет):
1) ____________ жасалған 20____ жылғы "____" _________ артемия цисталарын тереңдете өңдеу технологиясын өтінім берушіге беру (сату) туралы мәліметті қамтитын шарт (келісім) (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі);
2) өтініш берушінің артемия цисталарын тереңдете өңдеу және құрғақ кисталарды өндіру жөніндегі қорғау құжаты (2025 жылғы "_____" _____________ патент, пайдалы модель) (растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі).
Артемия цисталарын тереңдете өңдеу технологиясының болуы туралы растайтын құжаттар болмаған жағдайда, расталған технологиялардың жоқ екендігі көрсетіледі.
2. Артемия цисталарын тереңдете өңдейтін қолданыстағы немесе жұмыс істемей тұрған өндірістің болуы көрсетіледі.
Өтініш беруші өндірістік жабдықтар мен цехтарға рұқсат берді:
1) өндіріс алаңы (шаршы метр) _____________________;
2) жабдықтардың атауы/тізбесі және сипаттамасы: ___________________
_______________________________________________________________
Өндірістік жабдық артемия цисталарын тереңдете өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар мен енгізілген технологияның болуын растайды немесе растамайды.
3. Өтініш берушінің (өтініш беруші өкілі(дер)нің) қатысуымен тиісті талдау үшін артемия цисталарын тереңдете өңдейтін қолданыстағы өндірістің жұмысы процесінде дайын өнімнің сынамаларын іріктеу жүзеге асырылады (егер зерттеп-қарау кезінде өндіріс тоқтап тұрса/болмаса, онда тиісті қорытынды жасалады және сынамалар алынбайды).
Құрғақ артемия цисталарының іріктелген сынамаларының нәтижелері
____________________ (саны граммен көрсетілсін) растау сәтінде 24 сағат ішінде
(Цельсий градусы, тұздылығы кезінде) ____ % жұмыртқадан шыққанын,
ылғалдылығы____%, науплиилер санының 1 грамға __________дана екенін көрсетті.
Растау сәтінде іріктелген сынамалар құрғақ кисталар үшін біліктілік талаптарына сәйкес келеді/сәйкес келмейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде__________________
(өтінім берушінің толық атауы)
технологияның, артемия цисталарын тереңдете өңдейтін өндірістік қуаттардың болуын растады/растамады, дайын өнім сынамаларының сапасы конкурстың біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Жоғарыда баяндалған бір немесе бірнеше тармақ бойынша растау (оң нәтижелер) болмаған жағдайда, қорытындыда артемия цисталарын тереңдете өңдейтін қолданыстағы технология мен өндірістік қуаттардың болмауы немесе болуы не қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні немесе сәйкес келмейтіні көрсетіледі.
Қорытынды жасалған күннен бастап бір ай ішінде жарамды.
Комиссия мүшелері:
_____________________________________ _________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі қолы
Мөрдің орны (бар болса)
| Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Форма
Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінім
1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру жөніндегі
конкурсты өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап:
____________________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің атауы)
_______________________________________________________________
(балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің сәйкестендіру нөмірі,
аудан, облыс) және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалдану
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес
балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін балық шаруашылығын
жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп
беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларымен танысып, мен, төменде қол қойған
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдауды және
____________________________________________________________________
(кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау)
мақсатында жүзеге асырылатын 20___жылғы "___" _______веб-порталда конкурсқа
қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.
2. Мен конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай
оператордың (бұдан әрі – бірыңғай оператор) хабарламада көрсетілген
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды, банктік сәйкестендіру коды, төлем тағайындау
коды, бенефициар коды) ____________________________________ шотына
(төлем құжатының нөмірі мен күні)
______________________________________________________________
(сомасы теңгемен көрсетіледі, оның ішінде жазбаша)
сомада кепілдік жарнаны енгіздім(дік), ол конкурс нәтижелері анықталғанға дейін веб-порталда бұғатталады.
3. Қатысушыға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігімізбен және (немесе) осы өтінімде мәлімделген ақпараттың анық дұрыс еместігі анықталған жағдайда, конкурста жеңіске жеткен жағдайда, қол қойған конкурс нәтижелері туралы хаттама балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жарамсыз деп танылатындығымен, кепілдік жарнаның қайтарылмайтындығымен келісеміз(мін).
4. Біз (мен) конкурстың жеңімпазы болған жағдайда, конкурс өткізілетін күні және объектілерді бекітіп беру туралы шешім негізінде конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоямыз(мын) және ол қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген және біз(мен) ұсынған конкурс талаптарында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасамыз(мын).
5. Мен (біз) жеңімпаз деп анықталған жағдайда, мен (біз) енгізген кепілдік жарнаның сомасы менің (біздің) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан, түпкілікті бағаны төлеуден не балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасудан бас тартқан жағдайларда қайтарылмайтындығымен келісемін(міз).
6. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарымен таныстым.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, менде(бізде) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің жоқ екенін мәлімдеймін.
8. Өткен жылдардағы балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша (қолданыстағы шарттар бойынша) менің(біздің) берешегімнің жоқтығын мәлімдеймін.
9. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
10. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
11. Өзім(із) туралы мәліметтерді ұсынамын(мыз):
заңды тұлға үшін:
атауы__________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
мекенжайы: ____________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер:
жеке сәйкестендіру коды __________________________
банктік сәйкестендіру коды _______________________________
банктің атауы _____________________________________________
бенефициар коды ________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_______________________________________________________________
жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _______________________________________________
хабарлама күні _______________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні __________________________________________________
мекенжайы: ___________________________________________________
телефон нөмірі (факс): _________________________________________
кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік деректемелер: ______________
жеке сәйкестендіру коды __________________________
банктік сәйкестендіру коды _______________________________
банктің атауы _____________________________________________
бенефициар коды ________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
кепілдік жарнаны төлеген тұлғаның нөмірі _________________________
_______________________________________________________________
Өтініш беруші 20__ жылғы "__" ______сағат 00:00-де қол қойып, жіберді
электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ға қол қою күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы немесе балық
шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі
20__ жылғы "__" ______сағат 00:00-де қабылдады
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-ға қол қою күні және уақыты
| Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтардың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында | |||
1 |
Балық және балық өнімдерін өңдеуге арналған цехтар | тонна/тәулік | |
2 | Балық аулау флоты, оның ішінде: | ||
1) қуаты 40 ат күші және одан жоғары өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар) | бірлік | ||
шағын өлшемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар | бірлік | ||
3 | Басқасы (көрсету) | ||
Ескертпе:* Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық және балық өнімінің G-2 қызмет түрінің коды бар өндіріс объектісін есепке алу нөмірінің болуын растау (электрондық көшірме);
** қатысушының атына тіркелгендер туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан үзінді (электрондық көшірме).
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Конкурсқа қатысушы
_________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
Толтырылған күні __________
| Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Конкурсқа қатысуға жібермеу туралы алдын ала шешім туралы хабарлама
Құрметті _________________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге балық шаруашылығы су айдындырын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысудан бас тартылатынын хабарлаймыз, өйткені:
_______________________________________________________________
(бас тарту себептерін санамалау)
Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):
_______________________________________________________________
(тыңдау өткізу күні мен уақыты, тыңдау өткізу орны (тәсілі): мекенжай бойынша ғимаратта немесе бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы)
Ұымдастырушы __________________________________________________
(басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 22 қазандағы № 393 бұйрығына 2- қосымша |
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары
Балық шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
кәсіпшілік балық аулауды және (немесе) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 29) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өндіру және қайта өңдеу жөніндегі негізгі құралдардың, технологиялық жабдықтың және басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама* (әуесқойлық (спорттық) балық аулауға арналған балық шаруашылығы су айдындарын қоспағанда);
3) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген конкурсқа қатысушылар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме).
ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:
1) алынған құжаттарды қарау күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
2) аумақтық бөлімшелерден (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке немесе заңды тұлғалар үшін) алынатын балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер (электрондық көшірме);
3) өтініш берушіде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығындағы артемия цисталарын тереңдете өңдеу жөніндегі технологиялар мен өндірістік қуаттардың болуы немесе болмауы туралы комиссияның қорытындысымен расталған, осы бұйрықпен бекітілетін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган құрған көшпелі комиссияның қорытындысымен расталған меншік құқығындағы асшаяндардың кисталарын терең өңдеу жөніндегі қолданыстағы лимиттің жалпы көлемінен аспайтын технологиялары мен өндірістік қуаттарының болуы.
Ескертпе:
* қайта өңдеу деп балық шикізатын өңдеу түсініледі, ол мына процестерден не олардың бір бөлігінен тұрады: бөлшектеу (қабыршағынан аршу, бөлшектеп бөлу, сүбе етін алу, басын кесіп алу, терісін сыпыру, етін тарту, ішек-ішек-қарнынан тазарту), қақтау, суықтай және ыстықтай ыстау, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіру.