Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 2-тармағы 12) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 382) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. "Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 546 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген |
Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексі 25-бабының 2-тармағы 12) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15- тармағы 382) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне (бұдан әрі - су бұру жүйесі) сарқынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды.
Қағидалардың талаптары елді мекендердің су бұру жүйелерінің жобаларын әзірлеу кезінде ескеріледі.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе ластанған аумақта түзілетін сулар:
өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте судың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен ластағыш заттардың қоспалары қосымша қосылған сулар;
елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суы, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық сулар;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ілеспе алынған жерасты сулары (карьерлік, шахталық, кеніш сулары, көмірсутектерімен ілеспе алынған қабаттық сулар);
2) бақылау құдығы - тұтынушының сарқынды суларының сынамаларын іріктеп алуға және олардың көлемін есепке алуға арналған су бұру жүйесіне қосу алдындағы тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдығы;
3) бақылау сынамасы - су бұру жүйесіне бұрылатын сарқынды сулардың құрамын (зиянды заттардың болуы және олардың шоғырлануы)анықтау мақсатында бақылау құдығынан іріктеп алынған сарқынды сулардың сынамасы;
4) елді мекеннің су бұру жүйесі - елді мекеннің сарқынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
5) жер үсті сарқынды сулары –су бұру жүйесіне қабылданатын жаңбыр, еріген, суару-жуу сарқынды сулары;
6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы (бұдан әрі - ЗЗЖБК) - тұтынушының су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды суларының құрамындағы зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
7) қосалқы тұтынушы – меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тұтынушының су бұру жүйесіне қосылған су бұру жүйесі бар және оның жүйесін келісімшарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
8) май сүзгіш - құрамында май бар сарқынды суларды су бұру желісіне ағызар алдында оларды жергілікті тазалауға арналған құрылғы;
9) жергілікті тазарту құрылыстары - елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызу алдында өз сарқынды суларын тазартуға арналған тұтынушының құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
10) өндірістік сарқынды сулар – суды өндірістік мақсаттарда пайдаланғаннан кейін жеке немесе заңды тұлғалар төгетін сарқынды сулар.
Өндірістік сарқынды суларға сондай-ақ автомойкаларда, тамақтану кәсіпорындарында, сауда орталықтарында, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарда (кір жуу, химиялық тазалау, автомобильге май құю станциялары, емдеу және фармацевтикалық орталықтар) пайдаланылғаннан кейін төгілетін сарқынды сулар жатады;
11) регламенттелмеген төгінді - белгіленген нормативтерді, техникалық талаптарды немесе рұқсаттарды сақтамай сарқынды суларды ағызу (төгу);
12) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, Қазақстан Республикасының Заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін қалпына келтіретін және сақтайтын, , судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
13) су бұру желілері – су бұруға арналған құбырлар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйес;
14) су бұру жүйесіне шығару – ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі құбыр;
15) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым (бұдан әрі – жеткізуші) – елді мекендердегі оның теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін технологиялық және техникалық пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
16) сарқынды суларды бірдүркін төгу - зиянды заттардың кез келген түрінің шығыны және (немесе) шоғырлануы ұлғайған сарқынды суларды су бұру жүйесіне қысқа мерзімді төгу;
17) су тұтынушы - су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың су беру жөніндегі қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен суды тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
18) тазарту құрылыстары - биологиялық тоғандарды, сүзу алаңдарын, буландырғыш тоғандарды, жинауыш тоғандарды, сарқынды сулардың тұнбаларын өңдеу және кәдеге жарату құрылыстарын қоса алғанда, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық, биологиялық, химиялық тазарту құрылыстары кешені;
19) тұтынушының су бұру жүйесі - тұтынушының меншігіндегі немесе өзге де заңды негіздердегі және тазартуды қоса алғанда немесе онсыз тұтынушының сарқынды суларын жинауға, тасымалдауға, бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
20) шартты түрде таза сарқынды сулар - сапасы оларды сумен жабдықтаудың өндірістік жүйелерінде пайдалануға немесе су объектілеріне қосымша тазартусыз төгуге мүмкіндік беретін сарқынды сулар;
21) өндірістік бақылау - адам мен тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздікті және (немесе) зиянсыздықты қамтамасыз етуге бағытталған су тұтынушы (заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлға) орындайтын іс-шаралар кешені, оның ішінде өндірілетін өнімді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді зертханалық зерттеу мен сынау;
22) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар - суды тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын тұрғын үйлерден, ұйымдар мен кәсіпорындардан келетін зәрнәжістік, тұрмыстық сарқынды сулар..
2-тарау. Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау тәртібі
1-параграф. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдауға қойылатын талаптар
3. Елді мекендердің су бұру жүйелері өзінің мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) халықтың шаруашылық-тұрмыстық қызметі және су бұру жүйелері елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болған шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды сулардың қоспасын қабылдауға, тасымалдауға және тазартуға арналған, толық емес бөлек су бұру жүйесі қағидаты бойынша құрылған шаруашылық-тұрмыстық су бұру жүйесі;
2) жер үсті сарқынды суларын қабылдауға, тасымалдауға және тазартуға арналған жаңбыр су бұру жүйесі;
3) шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және жер үсті сарқынды суларын қабылдауға, тасымалдауға және тазартуға арналған жалпы сарқынды су бұру жүйесі;
4) елді мекеннің жекелеген бөлігінде жеке шаруашылық-тұрмыстық және нөсер су бұру жүйелері, ал бір бөлігінде – жалпы қорытпа су бұру жүйесі болатын шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды және жер үсті сарқынды суларын қабылдауға, тасымалдауға және тазартуға арналған аралас су бұру жүйесі
4. Сарқынды суларды қабылдау "Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 340 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36783 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары) қағидаларына сәйкес жасалған өнім беруші мен су тұтынушы арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Тұтынушылардың қабылданған сарқынды суларының көлемін есептеу Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен Елді мекендерді сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің көлемін есептеу әдістемесіне және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 340 бұйрығымен бекітілген Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36783 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
6. Суды есепке алу аспаптары болмаған кезде ағызылатын өндірістік сарқынды сулардың шарттық көлемі өзгерген жағдайда, су тұтынушы өнім берушіге өнім бірлігіне жұмсалған судың қайтарымсыз ысырабы көлемінің есебін көлемі өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұсынады.
7. Су бұру жүйесіне тазарту құрылыстарында қолданылатын тазалау технологиясына сәйкес, Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптары негізінде тазартуға жататын сарқынды суларды қабылдауға жол беріледі.
8. Су бұру жүйесіне құрамында қатты қалдықтар мен су бұру жүйелерін пайдалануды бұзуға әкеп соғатын заттар бар сарқынды суларды қабылдауға жол берілмейді, оның ішінде:
1) құрылыс қоқысы, құм, топырақ, мұз және қар;
2) май, тамақ қалдықтары, май ұстағыштардан және жергілікті тазарту құрылыстарының шөгінділерінен қалған қалдықтар;
3) ірі көлемді және ерімейтін тұрмыстық қалдықтар;
4) радионуклидтер, қауіпті заттар, уытты реагенттер және агрессивті орталар;
5) мұнай өнімдері, мазуттар, эмульсиялар, ерімейтін майлар.
9. Су бұру жүйелеріне құрамында заттар (материалдар) бар сарқынды сулар қабылдауға жатпайды, олар су бұру жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне қауіп төндіретін мынадай теріс салдарларға әкеледі:
1) мынадай себептерге байланысты су бұру жүйелері объектілерінің зақымдануы және олардың жұмыс режимінің бұзылуы:
су бұру желілеріне, өзге де құрылыстар мен жабдықтарға коррозиялық, абразивтік немесе механикалық әсер етуді бұзатын;
су бұру желілерінде және тазарту құрылыстарында өрт қауіпті, жарылыс қауіпті және уытты газ-ауа қоспаларының пайда болуы;
су бұру жүйесінің тазарту құрылыстарында сарқынды суларды биологиялық тазарту процестерінің, оның ішінде сарқынды суларда тазартуға келмейтін тұрақты, уытты, биоаккумуляциялайтын заттардың болуы себебінен бұзылуы;
2) су бұру жүйесі жұмысының сенімділігі мен үздіксіздігінің, оның ішінде желілердің жұмыс қимасының азаюы және су тогы үшін кедергілердің туындауы себебінен бұзылуы;
3) су бұру жүйесіне қызмет көрсететін персоналдың денсаулығына зиян келтіру үшін жағдайлар жасау;
4) қоршаған орта үшін қауіпсіз әдістерді қолдана отырып, сарқынды сулардың тұнбаларын кәдеге жаратудың мүмкін еместігі.
10. Шаруашылық-тұрмыстық тұтыну үшін суды пайдаланатын су тұтынушылардан (жеке тұлғалардан) сарқынды суларды қабылдау шектеусіз жүргізіледі.
11. Өндірістік сарқынды суларды ағызатын су тұтынушылардың су бұру желілері немесе жүйелері елді мекеннің су бұру желілеріне қосылғанға дейін сарқынды сулардың ерекшелігіне қарай жергілікті тазарту құрылыстарымен жабдықталады:
асханалар мен өзге де қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары - май ұстаушылар;
автокөлік жуу-құм және мұнай ұстағыштармен, механикалық тазалауға арналған сүзгілермен;
денсаулық сақтау объектілері - биологиялық қауіпті заттарды алдын ала дезинфекциялау және жою қондырғыларымен.
12. Су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың әкетілетін шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларын қабылдау жеткізушімен шарт бойынша жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі.
13. Шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суларды бірлесіп бұруды және тазартуды жеткізуші қолда бар қуаттарды, қолданыстағы тазарту құрылыстарының технологиялық мүмкіндіктерін және өндірістік сарқынды сулардың құрамын ескере отырып жеткізуші айқындайды.
14. Су бұру жүйелері желілерінің, элементтерінің, құрылыстарының материалдары мен жұмысына теріс және бұзатын әсер ететін, сондай-ақ температурасы 40°С асатын және мыналарды қамтитын елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларымен өндірістік сарқынды суларды бірлесіп бұруға және тазартуға жол берілмейді:
1) жанғыш қоспалар, қышқылдар мен сілтілер, су бұру жүйелерінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қаупі бар және уытты газдар мен қоспалар түзуге қабілетті уытты және ерітілген газ тәріздес заттар;
2) су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға қалдырылатын заттар мен нәрселер;
3) ЗЗЖБК мәнінен асатын және сарқынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар;
4) пайдаланудың тиісті түріндегі су айдындарының суында рұқсат етілген шекті шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар;
5) минералдық ластанулар;
6) өлшенген және қалқып шығатын заттар 500 мг/л астам;
7) ерімеген майлар, сондай-ақ шайырлар мен мазут және мұнай өнімдері;
8) оттегіні химиялық тұтыну оттегіні биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі - БКК) (толық) 1,5 еседен асатын заттар;
9) 6,5-9,0 шегінен тыс pH қышқылдарының ерітінділері;
10) өндірістік үй-жайлардағы және тазарту құрылыстарының аумағындағы жұмыс аймағы атмосферасының ластануына әкелетін мөлшердегі иісі жаман және ұшпа заттар;
11) қауіпті бактериялық және вирустық ластанулар (төгінділері санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен рұқсат етілген заттарды қоспағанда);
12) ауаны тазалау қалдықтары (шаң-газ тазалау жабдығы), техникалық су дайындау станцияларының, оның ішінде қазандықтардың, жылу электр станцияларының тұнбалары, ион алмастыратын шайырлар, активтендірілген көмір, су дайындау жүйелерін қалпына келтірудің концентрацияланған ерітінділері, химиялық реактивтер мен реагенттер;
13) мал союдың және етті қайта өңдеудің кез келген қатты қалдықтары, нәжістерін қоса алғанда, қанның, жаңа алынған қанның, тері мен теріні өңдеудің қалдықтары, мал шаруашылығының, аң шаруашылығының және құс шаруашылығының қалдықтары;
14) қоршаған ортадағы қауіпсіз құрамның рұқсат етілген шекті деңгейінен жоғары радиоактивті заттар;
15) жергілікті тазарту құрылыстарының тұнбалары (шламдары), тұндырғыштардың, ұстағыштардың, сүзгілердің тұнбалары.
2-параграф. Елді мекендердің орталықтандырылған су бұру жүйелеріне өндірістік сарқынды суларды қабылдауға қойылатын талаптар
15. Елді мекеннің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды қабылдауға мынадай жағдайларда жол беріледі:
1) өндірістік сарқынды суларды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаты;
2) өндірістік сарқынды суларды тазарту технологиясымен қамтамасыз ету, түсетін ластануларды шекті жол берілетін төгінділердің нормативтік талаптарына дейін жою;
3) Өнім берушінің техникалық шарттарының талаптарын орындау;
4) су тұтынушының өндірістік сарқынды суларының құрамының олардағы ЗЗЖБК құрамына қойылатын талаптарға сәйкестігі.
16. Жалпы жергілікті тазарту құрылыстарында біртекті ластануы бар бірнеше кәсіпорынның өндірістік сарқынды суларын тазартуға жол беріледі.
17. Су тұтынушылардың су бұру жүйесінде өзара іс-қимылы эмульсиялардың, улы немесе жарылыс қаупі бар газдардың, сондай-ақ көп мөлшерде ерімейтін заттардың (құрамында кальций тұздары немесе магний және сілтілі ерітінділер, сода және қышқыл сулар, натрий сульфиді және су бар өндірістік сарқынды сулар) пайда болуына әкелетін өндірістік сарқынды суларды біріктіруге жол берілмейді құрамында сілтілер, хлор, фенолдар бар)
18. Қышқыл және сілтілі өндірістік сарқынды сулар су бұру жүйелеріне ағызылғанға дейін бейтараптандыруға немесе орташаландыруға жатады.
19. Су тұтынушы өнім берушінің жазбаша талабы бойынша әрбір шығарылым бойынша бұрылатын өндірістік сарқынды сулардың көлемі, сапалық құрамы және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызу режимі туралы мәліметтерді ұсынады.
20. Өнеркәсіптік сарқынды суларды су бұру жүйелеріне қабылдау бақылау құдығы арқылы жеке шығарулармен жүзеге асырылады. Көрсетілген шығарулар өнеркәсіптік сарқынды сулардың шығыны және сапасын бақылау үшін құрылғылармен жабдықталады. Көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі сарқынды суларды есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.
21. Бақылау құдықтары және оларға орнатылған өндірістік сарқынды сулардың шығыны мен құрамын бақылауға арналған құрылғылар олардың сақталуы мен қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін су тұтынушының теңгерімінде есептеледі.
22. Су бұру жүйесінің құрамында жергілікті тазарту құрылыстары бар су тұтынушы оларды пайдалану кезеңінде жарамды күйде ұстайды, ағызылатын өндірістік сарқынды сулардың мөлшері мен сапасына бақылау жүргізеді, сондай-ақ өнім берушіге сынамаларды іріктеу және олардың көлемін есепке алу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
23. Өндірістік бақылауды жүзеге асыру мақсатында өнім беруші немесе су тұтынушы жергілікті тазарту құрылыстары кешеніне дейін және одан кейін, ал олар болмаған кезде бақылау құдықтарында олардағы ластанулардың сапалық және сандық құрамына талдау жүргізу үшін өндірістік сарқынды сулардың сынамаларын алады.
Қосалқы тұтынушы сынамаларды қосалқы тұтынушының шығарылымдарынан немесе шығарылым орындарынан алады.
24. Өнім беруші су тұтынушылардың су бұру жүйелерінде өндірістік сарқынды сулардың сынамаларын іріктеп алуды оның өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады. Егер тұтынушы оны хабардар еткен уақыттан бастап бір сағат ішінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етпесе, онда өнім беруші сынамаларды іріктеуді жүргізеді және осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес кемінде үш адам қол қоятын сарқынды сулардың сынамаларын іріктеп алу актісін (бұдан әрі - сынамаларды іріктеп алу актісі) жасайды.
Өнім беруші тоқсанына кемінде бір рет кезеңділікпен су тұтынушының өндірістік сарқынды суларының сынамаларын алу кестесін белгілейді.
25. Өндірістік сарқынды сулардың сынамалары мен талдауларын жоспарлы іріктеуді жүргізу өнім берушінің есебінен, ал су тұтынушының өтінімі бойынша - оның есебінен жүзеге асырылады.
26. Осы Қағидалардың 14-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын су тұтынушының (қосалқы тұтынушының) өндірістік сарқынды сулары ЗЗЖБК жеткенге дейін жергілікті тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылуға жатады.
27. Өндірістік сарқынды суларда ЗЗЖБК ауыз сумен сұйылту арқылы қол жеткізуге жол берілмейді.
28. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерде қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын өндірістік сарқынды сулардың саны мен құрамына тұрақты өндірістік бақылауды жүзеге асырады.
29. Өндірістік бақылау бағдарламасын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылатын су тұтынушы дербес немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып әзірлейді және өнім берушімен келісіледі.
30. Өнім беруші су бұру жүйесіне ағызуға рұқсат етілген сарқынды сулардағы зиянды заттардың тізбесін айқындайды және "Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын өндірістік сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануын есептеу және олар асып кеткен кезде қосымша тазарту үшін төлемді есептеу" (бұдан әрі - Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын өндірістік сарқынды сулардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануын есептеу және олар асып кеткен кезде қосымша тазарту үшін төлемді есептеу әдістемесі) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 606 бұйрығына сәйкес қолданыстағы технология мен құрамды негізге ала отырып,олардың жол берілетін шоғырлануын есептейді.
31. Елді мекеннің су бұру жүйесіне өндірістік сарқынды суларды, сондай-ақ ЗЗЖБК-дан асатын жерүсті сарқынды суларды қабылдауды жеткізуші жүйесінің техникалық және технологиялық мүмкіндігі кезінде және мұндай тастауды жүзеге асыратын су тұтынушымен шарт негізінде ЗЗЖБК-дан асатын ластанулары бар сарқынды сулардың көлемін регламенттелмеген төгу шығындарын өтеу шартымен жүргізуге жол беріледі.
32. Өндірістік сарқынды суларды жаппай ағызуға жол берілмейді
33. Өндірістік сарқынды суларды жаппай немесе авариялық ағызуға жол берген су тұтынушы бұл туралы өнім берушіге жазбаша түрде немесе телефонограммамен дереу хабарлайды және өндірістік сарқынды суларды жаппай немесе авариялық ағызу салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
34. Елді мекеннің су бұру жүйелеріне келіп түсетін өндірістік сарқынды сулардың құрамында сондай-ақ өндірістік сарқынды суларды жаппай немесе авариялық ағызу кезінде, тазарту құрылыстарының жұмысы үшін жол берілмейтін зиянды заттардың шоғырлануы анықталған күні өнім беруші сынамаларды іріктеу актісі мен сынақ хаттамасын жібере отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде жеткізуші бақылау талдауларын жүргізеді және осы төгінділерге жол берген су тұтынушыларды белгілейді.
35. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды суларда ЗЗЖБК есептеу Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағызылатын өндірістік сарқынды суларда зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануын есептеу және олар асып кеткен кезде қосымша тазарту үшін төлемді есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
36. ЗЗЖБК асып кеткен сарқынды суларды ағызуға жол берген су тұтынушыны айқындау кезінде жеткізуші ластануды ЗЗЖБК нормаларына дейін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін оған елді мекеннің су бұру жүйесіне сарқынды суларды қабылдауды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
37. Орталықтандырылмаған су бұру жүйелерінен сарқынды суларды қабылдау өнім берушінің заңды тұлғамен және (немесе) заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын ассенизациялық көлігі бар жеке тұлғамен шарт жасасқан кезде жүзеге асырылады.
38. Тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) орталықтандырылмаған су бұру жүйелеріне ағызылатын сарқынды сулар (сұйық тұрмыстық қалдықтар) арнайы автокөлікпен шығарылатын және ағызу станцияларына ағызылатын су өткізбейтін сыйымдылықтар-шұңқырларда.
39. Тұтынушылар ассенизациялық көлiгi бар заңды тұлғамен және (немесе) заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғамен оларды су бұру желiлерi арқылы тасымалдау және жеткiзушiнiң тазарту құрылыстарында тазарту құнын ескере отырып, ағызу станциясында тұрмыстық және (немесе) өндiрiстiк сарқынды суларды сору, әкету, төгу шартын жасасады.
40. Ассенизациялық көлікпен тұрмыстық сұйық сарқынды суларды және (немесе) өндірістік сарқынды суларды әкетуді және ағызуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғалар өнім берушімен ағызу станциясында тұрмыстық және (немесе) өндірістік сарқынды суларды қабылдауға және ағызуға шарт жасасады.
41. Тұтынушыда ассенизациялық көлікпен сұйық тұрмыстық және (немесе) өндірістік сарқынды суларды әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғамен және (немесе) заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғамен жасалған шарт болмаған кезде тұтынушы жеткізушімен ассенизациялық көлікпен сұйық тұрмыстық қалдықтарды ағызуға, әкетуге, төгуге шарт жасасады, бұл ретте сарқынды судың көлемі сумен жабдықтау көзінің тиесілігіне қарамастан, қайтарымсыз жоғалған суды шегере отырып, тұтынылған судың (ауыз, техникалық, ыстық) мөлшерін ескере отырып есептеледі.
42. Су бұру жүйелерінде ағызу станциялары диаметрі кемінде 400 мм коллекторға жақын орналастырылады, бұл ретте ағызу станциясынан түсетін сарқынды сулардың көлемі коллектор бойынша жалпы есептік шығынның 20% -ынан аспайды.
Кәріздік тазарту құрылыстарының аумағында ластануды болдырмау үшін ағызу станцияларын орналастыруға тыйым салынады.
43. Осы Қағидалардың 48-тармағында көрсетілген жағдайлар болмаған кезде ағызу станциялары тазарту құрылыстарының (арнайы бөлінген қоршалған аумақ) ластануына жол бермеуді қамтамасыз ететін жеткілікті шаралар қабылданған және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органымен келісілген жағдайда сарқынды суларды тазарту құрылыстарының аумағында орналастырылады .
44. Құю станциясында ассенизациялық көлікті қабылдауды (түсіруді), оны жууды, сұйық қалдықтарды су бұру желісіне және одан әрі тазарту құрылыстарына төгуге мүмкіндік беретін дәрежеге дейін араластыруды, сондай-ақ ірі механикалық қоспаларды ұстауды қамтамасыз етеді.
45. Ассенизациялық көлікпен ағызу станцияларына жеткізілетін сарқынды сулар тазартылған сарқынды сулармен, су объектілерінен, техникалық сумен жабдықтаудың жабық (ашық) жүйелерінен, дренаж жүйелерінен алынған сумен 1:1 арақатынаста араластырылады. Тазартылған сарқынды суларға, су объектілерінен, техникалық сумен жабдықтаудың жабық (ашық) жүйелерінен, дренаж жүйелерінен алынған суға қолжетімділік болмаған кезде талаптарды қамтамасыз ете отырып, ауыз суды пайдалануға жол беріледі.
46. Су ассенизациялық көлікті жууға, түсіру кезінде құю станциясының қабылдау бөлімшесіне, каналдарда және қабылдау шұңқырларында сұйылтуға, торлар бөлімшелеріне және су бүркемесін жасау кезінде беріледі. Брандспойттар арқылы берілетін су сумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін техникалық суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келеді.
| Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына қосымша |
|
| Пішін |
Сарқынды сулардың сынамаларын алу актісі
Елді мекеннің атауы "___" _____________202_ ж.
Біз, жеткізушінің өкілдері ______________________________________
лауазымы ___________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) бір жағынан, су бұру желісіне тексеру жүргізілді
_________________________________________________________
________________________________________________________
және суды есепке алу аспаптары
№__________________________________________________
мекен-жайы бойынша ____________________________________________
екінші жағынан тұтынушы өкілінің қатысуымен
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) әкімшілік ұсынған
______________________________________________
______________________________________________________________
сарқынды сулардың сынамаларын алудың дұрыстығын бақылау және актіге қол
қою үшін мыналар
табылды:___________________________________________________________
Сынамалар алынды:_________________________________________________
________________________________________________________________
Сарқынды сулардың сынамасы ГОСТ 31861-2012 сәйкес елді мекеннің су бұру
жүйесіне енгізер алдында тұтынушының аумағынан шығатын су бұру желісінің
бақылау құдығынан алынады. Сынама алуға қойылатын жалпы талаптар.
Банк нөмірі _______________________________________________________
Сарқынды сулардың атауы _________________________________________
Сынама алу орны ____________________________________________
Үлгі түрі ____________________________________________________
Сынама алу уақыты ______________________________________________
Мұнай өнімдеріне сынама сыйымдылығы 1,0 л шыны банкаға №___________
астында алынды
Өнім беруші мен тұтынушы арасында жасалған шартқа сәйкес тұтынушыға мыналар
ұсынылады: параллель сынама алу, тәуелсіз зертханада талдау жүргізу, сумен
жабдықтау және сарқынды суларды бұру қызметтерін ұсыну:
Ұсынылған ________ өткізілді _____________________________________
Тұтынушыға ұсынылды: сүйемелдеу зертханаға ___________________ және
қатысуына талдау жүргізу кезінде:
Ұсынылды _________________________________________________________
Сынамалар мөрленген ______________________________________________
Тұтынушының кепілдігі немесе оны түсіндіру:__________________________
Жеткізушінің өкілі ______________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) түсінікті, қолы)
Тұтынушы өкілі ________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) түсінікті, қолы)
_______________________________________________________________
шекті рұқсат етілген концентрациядан жоғары ластануды тұтынушы сарқынды
сулардың ластануын тудыратын себептерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Себептер жойылғаннан кейін тұтынушы өнім берушінің өкілдерін жазбаша түрде
іріктеуге қайта шақырады. Өнім берушінің актісі бойынша шешім
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________