БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке арналған тариф (бұдан әрі – авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет) Қызметтер тізбесіне сәйкес операциялар бойынша шығындардың есебін қамтиды.
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің өлшем бірлігі:
1) жолаушыларды тасымалдайтын әуе кемелері үшін – 1 (бір) ұшатын жолаушы және (немесе) әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 (бір) тоннасы;
2) жүктерді және поштаны тасымалдайтын, сондай – ақ коммерциялық жүктері жоқ әуе кемелері үшін (техникалық қону) - әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 (бір) тоннасы болып табылады.
Тарифтер мөлшерін анықтау кезінде әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы тоннада бүтін болғанға дейін дөңгелектеледі: 500 килограммға дейін – азаю жағына, 500 килограмм – және одан жоғары ұлғаю жағына.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне арналған экономикалық жағынан негізделген тарифті есептеу мыналардан:
1) тарифтің шығынды бөлігін есептеуден;
2) тарифтің кіріс бөлігін есептеуден тұрады және мынадай формула бойынша есептеледі:
Т = Тш + Р, мұндағы:
Д – тарифтің кіріс бөлігі;
Тш – тарифтің шығынды бөлігі;
Р – пайданың жол берілген деңгейі.";
39-1 және 39-2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"39-1. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлар қызметтеріне тариф мына формула бойынша айқындалады:
Д – Осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес айқындалатын тарифтің кіріс бөлігі;
V – реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі.
39-2. Осы Қағидалардың 29-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарифті бекіту кезінде жолаушыларды тасымалдайтын әуе кемелері үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарифтердің деңгейлері олардың қолданылу кезеңінің әрбір жылына арналған формулалар бойынша айқындалады:
Tжолауш. – 1 ұшатын жолаушы үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тариф;
Zжолауш.инвест. – жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты инвестициялар үшін бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының жылдық сомасы;
Zжолауш.шығ. – жолаушылардың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде іске қосылған құрылымдық бөлімшелердің жоспарланатын жылдық өндірістік шығыстары;
ZКШжолауш. – жолаушылардың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған персонал санына байланысты бөлу үлесі бойынша ескерілетін кезеңнің жоспарланатын жылдық шығыстары;
Qжолауш. – тексеруден өтетін ұшатын жолаушылардың жылдық жоспарланған саны;
Ттонн – әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке арналған тариф;
Д – осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес айқындалатын реттеліп көрсетілетін қызмет тарифінің кіріс бөлігі;
V – реттелетін қызметтің жоспарланған жылдық көлемі.
Әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарифті бекіту кезінде, сондай-ақ осы Қағидалардың 29-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, оның қолданылу кезеңінің әрбір жылына авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарифтің деңгейі осы Қағидалардың 39-1-тармағына сәйкес формула бойынша айқындалады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Табиғи монополиялар субъектілерінің әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін болжамды тарифтік кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТКәк = Шәкбақыланатын + Шәкбақыланбайтын + РПДәкинвест + РПДәксапа, мұндағы:
ТКәк – табиғи монополия субъектісінің әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін болжамды тарифтік кірісі, теңге;
Шәкбақыланатын – табиғи монополия субъектісінің әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түскен қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланатын шығындары, теңге;
Шәкбақыланбайтын – қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген табиғи монополия субъектісінің әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түскен жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланбайтын шығындары, теңге;
РПДәкинвест – инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталатын әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңге;
РПДәксапа – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын, сенімділігін және субъект қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған әуе кеңістігінде аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңге.";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Әуеайлақтар маңында аэронавигация қызметтерін көрсетуден табиғи монополия субъектісінің болжанатын тарифтік кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТКәа = Шәабақыланатын + Шәабақыланбайтын + РПДәаинвест + РПДәасапа, мұндағы:
ТКәа – табиғи монополия субъектісінің әуеайлағында аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін болжамды тарифтік кірісі, теңге;
Шәабақыланатын – табиғи монополия субъектісінің әуеайлағында аэронавигация қызметтерін көрсетуден түскен қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланатын шығындары, теңге;
Шәабақыланбайтын – қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген табиғи монополия субъектісінің әуеайлағында аэронавигация қызметтерін көрсетуден түскен жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланбайтын шығындары, теңге;
РПДәаинвест – инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталатын әуеайлағында аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңге;
РПДәасапа – реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын, сенімділігін және субъект қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған әуеайлағында аэронавигация қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңге.";
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"67. Әуежайдың қызметтерін көрсетуге арналған табиғи монополиялар субъектілерінің болжамды тарифтік кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
ТКәқ = Шәқбақыланатын + Шәқбақыланбайтын + РПДәқинвест + РПДәқсапа, мұндағы:
ТКәқ – табиғи монополия субъектісінің әуежай қызметін көрсетуге болжамды тарифтік кірісі, теңге;
Шәқбақыланатын – табиғи монополия субъектісінің әуежай қызметтерін көрсетуден түскен қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланатын шығындары, теңге;
Шәқбақыланбайтын – табиғи монополия субъектісінің әуежай қызметтерін көрсетуден түскен қызметтердің жоспарлы көлеміне есептелген жиынтық экономикалық негізделген жоспарлы бақыланбайтын жоспарлы шығындары, теңге;
РПДәқинвест – инвестициялық бағдарламаны іске асыруға бағытталатын әуежай қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілген деңгейі, теңге;
РПДәқсапа – табиғи монополия субъектісі қызметінің сапасын, сенімділігін және тиімділігін арттыруға бағытталатын әуежай қызметтерін көрсетуден түсетін пайданың рұқсат етілетін деңгейі, теңге.";
73-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73-2. Тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке:
1) орындалмау себептері түсіндіріле отырып, тарифтік сметаның орындалуы туралы түсіндірме жазба;
2) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы)" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15384 болып тіркелген) нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің пайдасы мен шығындары туралы есебі;
3) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін, жөндеуге бағытталған шығындар сметаларының іске асырылуы туралы мәліметтер;
4) тарифтік смета бойынша табиғи монополия субъектісінің нақты шығындарын растайтын материалдар (шарттардың, орындалған жұмыстар/қабылдау-тапсыру актілерінің, жүкқұжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, баланстық және қалдық құнын, қызмет мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі, есептеулер);
5) көрсетілген үнемдеудің іс-жүзінде пайдаланылған және (немесе) көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерінің қысқарғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындарды баптар бойынша үнемдеуді растайтын материалдар:
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларын енгізуі, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі материалдар;
конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;
тұтынушылармен ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемін салыстыру актілері, төлеуге берілген шот-фактуралар, көрсетілетін қызметтер көлемдерінің тізілімі.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, сондай-ақ бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерге қоса берілетін есептердің, құжаттардың, ақпараттың және басқа материалдардың толықтығын, негізділігін және дұрыстығын қамтамасыз етуді табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Инвестициялық бағдарламаны бекіту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына еркін нысанда өтінішті қоса бере отырып ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісі жоспарланатын табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасы;
2) іске асырылатын технологиялық және техникалық іс-шаралардың, оның ішінде технологиялық процесті басқарудың және коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің тізбесін көрсете отырып (бар болған кезде), табиғи монополия субъектісі жоспарлайтын инвестициялық бағдарламаның тиімділігін есептеуді көздейтін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының табиғи монополиялар субъектісі жоспарлайтын тиімділік көрсеткіштерін;
3) сатып алынатын негізгі құралдардың құнын көрсете отырып, инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған инвестициялық шығындар, баға деңгейінің салыстырмалы талдауын қоса бере отырып, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы ақпаратты, оның ішінде негізгі құралдарды сатып алу және жұмыстарды жүргізу қажеттілігін құжаттамалық техникалық растауды, жиынтық сметалық есептерді, әрбір объект бойынша жеке объектілік, жергілікті және ресурстық сметаларды, бизнес-жоспарды, прайс-парақтарды, шарттардың көшірмелерін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы;
4) егер табиғи монополия субъектісі табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қарыз қаражатын тартуды жоспарланбаған жағдайда, қаржыландырудың болжамды мөлшері мен алдын ала шарттарын, оның ішінде қарыз ресурстарын (қарыз қаражаты бойынша сыйақы, қаржыландыру кезеңі, комиссиялық төлемдер, қарыз қаражатын қайтару мерзімдері мен шарттарын) немесе қарыз қаражатын пайдаланбаудың экономикалық орындылығын (оның ішінде шығындарды, нормативтік ысыраптарды одан әрі төмендету мүмкін еместігін растай отырып) растайтын құжаттарды;
5) егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін республикалық, жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылған жағдайда, инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттарды;
6) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметінің болжамды тарифі және тарифтік сметасын қоса бере отырып, табиғи монополия субъектісі жоспарлаған инвестициялық бағдарламаның оны іске асыру кезеңінде оның тарифтеріне әсер ету болжамы.";
мынадай мазмұндағы 125-1-тармағымен толықтырылсын:
"125-1. Инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтінімге қоса берілетін есептердің, құжаттардың, ақпараттың және басқа да материалдардың толықтығын, негізділігін және дұрыстығын қамтамасыз етуді табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 127-1-тармағымен толықтырылсын:
"127-1. Инвестициялық бағдарламаны бекітуге немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтінішті алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісін өтінішті қарауға қабылдағаны туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, оны қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша (қағаз немесе электрондық) хабардар етеді.
Инвестициялық бағдарламаны бекітуге немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартылады:
1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісінің осы Қағидалардың 125-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтініш берген кезде табиғи монополия субъектісінің осы Қағидалардың 141-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
2) инвестициялық бағдарлама жобасының немесе инвестициялық бағдарламаға енгізілген өзгерістердің осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетілген өлшем шарттардың біріне сәйкес келмеуі;
3) егер жаңа инвестициялық бағдарламаны іске асыру немесе бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту (мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қоспағанда) бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асырудың қалған мерзіміне тарифті арттыруды талап еткен жағдайда.";
мынадай мазмұндағы 129-1-тармағымен толықтырылсын:
"129-1. Инвестициялық бағдарламаның жобасына инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш беру сәтінде орындалған іс-шаралар енгізілмейді.";
141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"141. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішке қоса беріледі:
1) инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізуді негіздейтін материалдарды (жоспарланған іс-шаралардың техникалық қажеттілікті негіздейтін материалдар, прайс-парақтар, шарттардың көшірмелері, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама) қоса бере отырып, өзгерістерді ескере отырып, инвестициялық бағдарламаның жобасы;
2) негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы табиғи монополия субъектісін бағалау;
3) қарыз қаражатын қаржыландырудың және қайтарудың ықтимал шарттары;
4) егер инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінсе немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен кредиттер (инвестициялар) тартылса, онда қаржыландырудың мөлшері мен шарттарын растайтын құжаттар ұсынылады.
Қоса беріліп отырған құжаттар тігіледі, нөмірленеді және табиғи монополия субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның қолымен расталады. Бұл талап өтінішті электрондық нысанда ұсынуға қолданылмайды. Қаржылық құжаттарға табиғи монополия субъектісінің басшысы мен бас бухгалтері не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды.";
143-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"143-2. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепке мыналар қоса беріледі:
1) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпарат;
2) "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген) нысан бойынша пайда мен шығындар туралы есеп;
3) инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшерлері туралы ақпарат;
4) инвестициялық бағдарламаны орындаудың нақты көрсеткіштерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысаналы көрсеткіштердің тізбесіне сәйкес инвестициялық бағдарламада бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпарат;
5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламадағы көрсеткіштерден ауытқу себептерін түсіндіру;
6) инвестициялық бағдарлама іс-шараларының нақты орындалғанын растайтын материалдар (шарттардың, атқарылған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың көшірмелері, жүкқұжаттардың, баланстық және қалдық құнын, қызмет мерзімін, жылдық амортизациясын көрсете отырып, негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің объектілер бойынша тізбесі).
7) конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың анағұрлым тиімді әдістер мен технологияларын енгізуі жөніндегі материалдар.";
158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"158. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісі, оның ішінде концессия субъектісі тарифтер қолданысқа енгізілгенге дейін 90 (тоқсан) күнтізбелік күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына тарифті анықтауға арналған өтінімді электрондық нысанда ұсынады.";
179 және 180-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"179. Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша төмендету коэффициенттері мынадай өлшемдердің біреуіне сәйкес келген жағдайда белгіленеді:
1) белгілі бір кезеңге арналған өтінімде көрсетілген әуе кемелеріне жоспарланған тұтыну көлемі өткен жылдың осы кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді нақты тұтыну көлемінен асады;
2) әуежайдың іске қосылмаған немесе шамалы іске қосылған қуатын пайдалану мүмкіндігі.
180. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттері мынадай өлшемдердің біреуіне сәйкес келген жағдайда бекітіледі:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе кемелерінің ұшу жиілігінің өсуі және (немесе) жаңа бағыттарды тарту;
2) іске қосылмаған немесе шамалы іске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкіндігі;
3) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі шегінде ішкі тұрақты авиарейстерді орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызметтер әуе тасымалдаудың республикалық нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.";
195-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"195. Осы Қағидалардың 194-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда әуежай мен аэронавигациялық ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы ақпаратты уәкілетті органның ведомствосына ұсынады.";
204-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"204-1. Табиғи монополия субъектісі Заңның 26-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу мақсаттары үшін уәкілетті органның ведомствосымен реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша және тұтастай алғанда реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізудің әзірленген және бекітілген әдістемесін Қағидалармен келіседі.";
223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"223. "Әуе қозғалысын жоспарлау және басқару" ӨПТ мынадай өндірістік процестерді қамтиды:
әуе қозғалысын жоспарлау және басқару;
аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету (аэронавигациялық (бұдан әрі – АІР) ақпарат жинақтарын, пилоттарға арналған (бұдан әрі – NOTAM) хабарларды, аэронавигациялық (бұдан әрі – АІС) ақпарат нұсқауларын әзірлеу және ұшар алдында ақпарат бюллетеньдерін ұсыну);
авариялық хабарландыру;
әуе қозғалысына консультативтік қызмет көрсету;
аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;
ұшып келуге диспетчерлік қызмет көрсету;
әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету;
радиолокациялық жүйелер мен навигациялық жүйелерді құру және пайдалану;
әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру және пайдалану;
телефон желілерін, радиобайланыс желілерін, авиациялық тіркелген электрбайланыс (бұдан әрі – AFTN) желілерімен қызмет көрсету, оларды ұстау, жоспарлау және дамыту;
электрмен қоректендірілетін резервтік көздерді ұстау;
қызметтерді тұтынушылармен жұмыс (шарттарды ресімдеу мен жасасу, шоттар мен өзара есеп айырысуды ұсыну).
"Әуе қозғалысын жоспарлау және басқару" ӨПТ сыртқы және ішкі қызметтерді көрсетеді.
Сыртқы қызметтер қызметтерді сыртқы пайдаланушыларға көрсетіледі. Ішкі қызметтер "Өзге қызмет" өндірістік процестері тобына көрсетіледі.
Сыртқы қызметтерге аэронавигацияның мынадай:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде аэронавигациялық қызмет көрсету;
әуеайлақтар маңайында аэронавигациялық қызмет көрсету қызметтері жатады.
Сыртқы қызметтер аэронавигациялық реттеліп және реттеліп көрсетілмейтін қызметтері болып бөлінеді. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілмейтін қызметтеріне халықаралық және транзиттік ұшуларды әуе кеңістігінде және әуеайлақтар маңында аэронавигациялық қызметтер жатады.
Ішкі қызметтерге сыртқы пайдаланушыларға оларды одан әрі сату мақсатында көрсетілетін мынадай қызметтер жатады:
телефон, радио және электр байланыс;
резервтік электрмен қоректендіру көздері өндірген электр энергиясымен қамтамасыз ету;
үй-жайларды, жабдықтар мен басқа да мүліктерді одан әрі жалға беру мақсатында оларды ұстау және оларға қызмет көрсету;
регламенттен тыс жұмыс істеу кезінде аэронавигациялық қызмет көрсету. "Әуе қозғалысын жоспарлау және басқару" ӨПТ-ның кірістері сыртқы қызметтер көрсеткені үшін түскен кірістерден және "Өзге қызмет" ӨПТ көрсеткен ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдерден жинақталады. Сыртқы қызметтер көрсеткені үшін түскен кірістер жоғарыда аталған қызметтердің көрсетілуі бойынша тиісті қызметтер мен бағалардың көлеміне қарай айқындалады. Ішкі қызметтер үшін трансферттік төлемдер осындай қызметтердің көрсетілуі бойынша көрсетілген қызметтер мен трансферттік такса көлеміне қарай айқындалады.
"Әуе қозғалысын жоспарлау және басқару" ӨПТ-ның шығындары осы ӨПТ өндірістік процестерін орындауды қамтамасыз етуге байланысты шығындардан жинақталады.
"Әуе қозғалысын жоспарлау және басқару" ӨПТ-ның қолданысқа енгізілген активтеріне осы ӨПТ-ның элементтері (машиналар, жабдықтар, үй-жайлар, ғимараттар, көлік құралдары, өзге де негізгі құралдар, сондай-ақ ӨПТ-ның тиісті элементтерімен байланысты материалдық емес активтер) бойынша бөлінген барлық активтер жатады.";
253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"253. Осы Қағидалардың 252-тармағының 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Осы Қағидалардың 252-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру Қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.";
255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"255. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті өзгерту үшін оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органның ведомствосына негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, өтінім ұсынады.
Уәкілетті орган ведомствосының тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
1) осы Қағидалардың 252-тармағының 1), 2), және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
2) осы Қағидалардың 252-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді.
Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тариф өзгерген жағдайда табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептер мен материалдарды ұсынады.";
7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 10 қазандағы № 335 Бұйрыққа қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 7-қосымша |
|
нысан |
Табиғи монополия субъектісі жоспарланған инвестициялық бағдарламасы тиімділігінің көрсеткіштері
________________________________________________________________________________
(субъектінің атауы, қызмет түрі)
Инвестициялық бағдарламаның кезеңі: 20___ - 20___жж __________
Р/с | Жаңа жабдықтың (ЖЖ) сипаттамалары | Ауыстырылатын жабдықтың сипаттамалары | Іске асырылатын кезеңде инвестициялық бағдарламаның экономикалық тиімділігін есептеу, жыл | ||||||||||||
Шығындар бабы бойынша сомманы азайту, мың теңге | Шикізат, материалдар, сұйық отын және қуаттың табиғи түріндегі шығындар нормасын азайту | ||||||||||||||
Жабдықтың атауы (сорғыш, құбыр диаметрі және т.б.) | Саны, дана, м | Бір бірлігі үшін бағасы, мың теңге | Жабдықты жеткізу орны көрсетілген жабдықтың қысқаша сипатамасы | Жабдықтың атауы (сорғыш, құбыр диаметрі және т.б.) | Саны, дана, м | Құны, мың теңге | Іске асырудың 1-жылы | Іске асырудың 2-жылы | Іске асырудың --- жылы | Іске асырудың 1-жылы | Іске асырудың 2-жылы | Іске асырудың --- жылы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | ||
1. | |||||||||||||||
2. | |||||||||||||||
20____ | |||||||||||||||
1. | |||||||||||||||
2 | |||||||||||||||
Іске асырылатын кезеңде инвестициялық бағдарламаның экономикалық тиімділігін есептеу, жыл | |||||||||||||||
Негізгі құралдардың тозуын азайту, % | |||||||||||||||
Іске асырудың 1-жылы | Іске асырудың 2-жылы | Іске асырудың -жылы | |||||||||||||
15 | 16 | 17 | |||||||||||||
Ұйымның басшысы _______________________________
(Т.А.Ә., (болған жағдайда) қолы, күні)
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру кезеңінде оның экономикалық тиімділігінің есебі саланың ерекшелігі ескеріле отырып өзге де көрсеткіштермен толықтырылады.